Бейсаналық – адамның жүріс-тұрысында өзінен-өзі сананың қатысуынсыз, ойланбай, дағды бойынша іс-қимылдар жасау қасиетінің барлығы - Бейсаналық – адамның жүріс-тұрысында өзінен-өзі сананың қатысуынсыз, ойланбай, дағды бойынша іс-қимылдар жасау қасиетінің барлығы
- индивидтің өзінің білуінсіз өтетін, іске асатын психикалық қызметінің әртүрлі формаларының жиынтығы.
- Бейсаналық мәселесі философия тарихында өзіне көп назар аударған. Антикалық дәуірде (Платон), ортағасырлықта, Жаңа заманда (Кант, Шеллинг, т.б.) ол туралы әр алуан пікірлер айтылды.
- Бейсаналықты жаңа зерттеу деңгейі З.Фрейд және оның шәкірттерінен басталды. Психоанализдің негізін қалаушы австриялық невропатолог және психиатр З.Фрейд бейсаналықты санадан тәуелсіз адам жанының, психикасының құрамдас бөлігі, тұлға құрылымының маңызды элементі – "Ол" ретінде қарастырады.
З.Фрейдтің айтуынша, бейсаналық процестер индивидтің жүріс-тұрысына әсер ете алады, тіпті оның өзі олар туралы ештеңе хабарлай алмаса да. Фрейд бойынша, - З.Фрейдтің айтуынша, бейсаналық процестер индивидтің жүріс-тұрысына әсер ете алады, тіпті оның өзі олар туралы ештеңе хабарлай алмаса да. Фрейд бойынша,
- 1) бейсаналық – бұл "белсенді байқалатын және сонымен бірге сол адамның санасына жетпейтін" психикалық процестер;
- 2) бейсаналық – адам психикасының негізгі және ең мазмұнды жүйесі бұл жүйе рахаттану принципімен реттеледі және өзіне танымсыздығымен, сексуалдылығымен, әлеуметсіздігімен және т.с.с. сипатталатын әртүрлі туа біткен және ығыстырылған элементтерді, құштарлықтарды, импульстерді, тілектерді, мотивтерді, ұстанымдарды, ұмтылыстарды, кешендерді және басқаларды кірістіреді.
К.Г.Юнг (щвейцарлық психолог және психиатр, аналитикалық психологияның негізін қалаушы) бойынша бейсаналық 3 қабаттан тұрады: - К.Г.Юнг (щвейцарлық психолог және психиатр, аналитикалық психологияның негізін қалаушы) бойынша бейсаналық 3 қабаттан тұрады:
- 1) "тұлғалық бейсаналық" – тұлғаның ашыналық, сырластық жан өмірін құрайтын көбінесе эмоционалды боялған елестер мен кешендерді (комплексы) өзіне кірістіретін, қосатын бейсаналықтың үстіңгі қабаты;
- 2) "ұжымдық бейсаналық" – бейсаналықтың туа біткен терең қабаты; ол адамдардың өткен ұрпақтарының тәжірибесін өкілдік ететін және өзіне тұлғадан тыс әмбебап мазмұн мен жандық өмірдің жалпылама негізі ретінде болатын үлгілерді қосатын индивидуалды (жеке емес, жалпылама табиғаты бар психиканың жалпы орталығы мен өзегі
- "ұжымдық бейсаналықтың мазмұны" негізінен архетиптер – психикалық қызмет пен жүріс-тұрыстың мұралық етілетін жалпылама үлгілері, рәміздері және стереотиптері болады;
Достарыңызбен бөлісу: |