Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Ғылым комитеті


Ізбасарларынан Алауддин әс-Самарқанди оның фиқһ әдіснамасы және тарихы тұрғысынан орны мен маңызын өте жақсы көрсете алған



бет4/5
Дата05.02.2024
өлшемі288 Kb.
#490916
түріРеферат
1   2   3   4   5
МАТУРИДИЛІК СЕНІМ ЖҮЙЕСІНІҢ РӨЛІ

Ізбасарларынан Алауддин әс-Самарқанди оның фиқһ әдіснамасы және тарихы тұрғысынан орны мен маңызын өте жақсы көрсете алған. Оның осы қырын танытқан Алауддин әс-Самарқанди (қ. 539/1144 ж.) «Мизан әл-усул фи нәтәиж әл-уқул» деген еңбегінде Матуридидің көзқарастарын келтірсе, кейінгі ғалымдар көбіне Самарқандидің осы еңбегіне сүйенген. Имам әл-Матуридидің фиқһқа қатысты көзқарастарын тілге тиек еткен дереккөздер негізінен оның «Шәрху Жамиғ әс-сағир» және «Тәуилат әл-Қуран» атты кітаптарына сүйенеді. Алауиддин әс-Самарқанди секілді ғалымдардың айтқанындай әл-Матуридидің «Тәуилаты» – Әбу Ханифаның кәләмдық және фиқһтық көзқарастарының Құранға сай екендігін көрсетудің бір ұмтылысы. Мұны әрбір аяттың тәпсірінен анық көруге болады. Сонымен қатар оның «Шәрху Жамиғ әс-сағир» атты кітабының Имам Мұхаммедтің «әл-Жамиғ ас-сағир» атты кітабының алғашқы шархтарынан екендігін ескерсек, Матуридидің ханафи мәзһабын түсіну және түсіндіру бағытындағы еңбегінің қаншалықты маңызды екендігі байқалады.
Матуриди фиқһқа қатысты бір мәселені талдау барысында «Құран дәлелі – оның (Әбу Ханифаның) мәзһабын көрсететін мәселелердің бірі. Кейбір ғалымдар оған бұл мәселеде қарсы шыққан» деу арқылы да өзінің «тәуилат» атты еңбегінде осы әдістен ауытқымағанын көрсетеді [57, 36-б.].
Имам Матуриди ақида әрі фиқһ саласында ұстазы Әбу Ханифаның көзқарастарын қайталаумен шектелмеген. Оның түсінуге қиын келетін көзқарастарын түсіндіріп, жаңаша дәлелдер келтіру арқылы қуаттап отырған.
Кейінгі ғасырлардағы ғалымдардың имам Матуридидің көзқарастарын келтірулері оның көзқарастарының қаншалықты қуатты екендігін және мәзһабтың ішіндегі салмағын көрсетеді. Оның фиқһ негіздеріне қатысты ғылыми мұрасын жандандыруға алғаш әрекет жасаған – Алауддин әс-Самарқанди. Кейін ол дәстүрді Әбус-Сәнә әл-Ләмиши (VI ғ.), Жәлалуддин әл-Хаббази (691/1292 ж.), Әбул-Бәрәкәт ән-Насафи (710/1310), Абдулазиз әл-Бухари (730/1330), Сағдуддин әт-Тафтазани (790/1390), Молла Фәнәри (834/1431), Молла Хұсреу (885/1480) секілді ғалымдар жалғастырған [57, 65-69-бб.].
Осы салада доценттік диссертация жазған түрік ғалымы Ш. Өзен әл-Матуридидің мәзһаб ішіндегі орнын былайша көрсетеді:
1. Матуриди мәзһаб имамдарының берген фиқһтық үкімдерінің шариғи (діни) негіздерін анықтап көрсеткен. Мысалы, Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммедтің көзқарастарын қуаттайтын бір хадисті тізбегімен қоса келтірген.
2. Мәзһаб имамдарының көзқарастарының негізгі себептерін анықтаған. Матуридидің мәзһаб ішіндегі фиқһтық еңбектерінің көбіне осы мақсатта өрбігені нақты байқалады. Бұл өз кезегінде оның ханафи мәзһабының фиқһтық тәжірибелерін жүйелеп, фиқһ мектебі ретінде орнығуындағы маңызды ролін көрсетеді.
3. Мәзһаб имамдарының мутлақ (шегі нақты белгіленбеген) пәтуаларының баламаларын көрсете отырып, ерекше жағдайларда орындалуының жолдарын көрсеткен. Олардың шегі нақты белгіленбеген үкімдерінің шарттары мен жағдайларын түсіндіріп берген.
4. Мәзһаб имамдарының түсіндірмелері кездеспеген мәселерді түсіндіріп беріп отырған.
5. Мәзһаб имамдарының арасындағы көзқарас айырмашылықтарын риуаят және ақыл тұрғысынан таңдаған. Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммедтің арасындағы пікірталасты мәселеде синтездеуші үшінші бір көзқарас алға тартқан.
6. Мәзһаб имамдарының бір-бірінен бөлек секілді көрінген кейбір мәселелердің негізінде бөлек емес, әрқайсысының түрлі жағдайларға қатысты айтылған жайттар екенін түсіндіруге тырысқан.
7. Ұқсас секілді көрінген кейбір мәселелердің арасындағы айырмашылықтарды көрсету арқылы имамдардың көқарастарының арасында қайшылықтың жоқ екендігін көрсеткен.
8. Мәзһаб имамдарының діни дәлелдерге қайшы секілді көрінген көзқарастырының негізінде қайшы емесекендігін оның астарындағы себепке үңіле отырып түсіндіруге тырысқан. Мәселен, көптеген хадис кітаптарында қажылық кезінде құрбандыққа шалынатын түйелердің өркештеріне Пайғамбарымыздың пышақпен белгі қойғандығы риуаят етілгеніне қарамастан, Әбу Ханифа белгі қоюдың малды қинауға жататынын айтып, оны мәкрух санаған көрінеді. Имам Матуриди негізінде Имам Ағзамның хадиске қарсы шықпағанын, оның кезінде белгі қоюдың алғашқы кездегіден басқаша сипат ала бастағанын, сондықтан шарттардыңөзгеруіне қарай үкімдердің де өзгеретінін айтып, Әбу Ханифаның көзқарасының астарын түсіндірген.
9. Өз мәзһабының көзқарастарын өзге мәзһабтардың, әсіресе шафиғи мәзһабының көзқарастарынан қорғаған.
10. Кейбір мәселелерде мәзһаб ғалымдарының көзқарастарын берумен ғана шектеліп отырған [57, 65-68-бб.].
Осылардың бәрі оның мәзһабтың фиқһтық тәжірибелерінің жүйеленіп бір фиқһтық мектеп ретінде қалыптасуындағы үлесінің маңыздылығн көрсетумен қатар, мұндай ғылыми іс-шараның нәтижесі мәзһабты көзқарастары бір-бірімен үйлесімді бір жүйе ретінде көріп, қабылдауды қажет етеді. Сондықтан Имам Матуриди өзі толықтай дербес әрекет ететін бір мужтахид емес, мәзһаб ішіндегі бір ғалым және өз зерттеулерін осы шеңберде жүргізген.
Фиқһ тарихшылары ең алғаш фиқһ негіздері (методологиясы) кітабын жазған Имам Шафиғи (қ.б. 204/820 ж. ) мен одан кейін шығармасы бізге дейін келіп жеткен Әбу Бәкір әр-Рази әл-Жассас (қ.б. 370/981 ж.) арасындағы кезеңге «үзіліп қалған буын» ретінде қарайды. Өйткені Имам Шафиғидің жасаған қарапайым әдіснамалық тұжырымдамаларынан Жассастың мейлінше тұжырымдалған және терминдері қалыптасқан методологияға қатысты жазылған шығармасына келгенге дейін қандай даму сатыларынан өткенін ерте кезеңге тән дереккөздерден алу мүмкіндігіміз жоқ. Кейінгі кезеңде берілген мәліметтер негізінде фиқһ методологиясы тарихын назарға алсақ, осы үзік буынның ең маңызды тұлғаларының ең басында Имам Әбу Мансур әл-Матуридидің (қ.б. 333/944 ж.) келері анық.
Имам Матуриди фиқһ методологиясы және фиқһ ілімдері ұғымдарының өте ұқыпты түрде жауапкершілікпен анықталып, осы ілімдердің дербес сала ретінде қалыптаса бастаған хижра жыл санағының 3-ғасырының орталарында дүниеге келген және 4-ғасырдың алғашқы жартысында жоқ дегенде өзі өмір сүрген аймақта өзін ғылым әлеміне мойындатқан ғалымдардың бірі. Ол фиқһ әрі методологиясы және оның мәселелері жайында еңбектер жазған. Өзінен кейінгі кезеңдерде оны «әхлі суннаның жетекшісі» деумен қатар «Мәуәраннахр Самарқанд ханафи фиқһ мектебінің басшысы» тіпті «ең ұлығы» деп атағандар да бар [57, 1-б.].

ҚОРЫТЫНДЫ


«Қазақ қоғамында діни сананы қалыптастыруда матуридилік сенім жүйесінің рөлі мен Ислам-іші плюралистік дискурс шығару перспективалары» атты жобаның негізінде төмендегідей теориялық және практикалық маңызға ие мәселелерге тоқталып өттік.



  • Имам Әбу Мансур әл-Матуридидің өмір сүрген ортасы, сол кезеңдегі әлеуметтік, экономикалық жағдайы және дәріс алған ұстаздары ауқымды түрде баяндалды. Тәлім алған ұстаздары тілге тиек етілгенде көп жағдайда төрт ғалымның есімі аталады. Олар:

  1. Әбу Бәкір Ахмед ибн Исхақ ибн Салих әл-Жүзжани;

  2. Әбу Бәкір Мұхаммед ибн Муқатил ар-Рази;

  3. Насыр ибн Йахия әл-Бәлхи;

  4. Әбу Насыр Ахмед ибн ал-Аббас ибн Хұсейн ас-Самарқанди.

  • Матуриди мектебінің бір сарында қалмай, уақыт өте дамып, қанатын кең жаюға шәкірттер мен аталмыш мектептің белді ғұламаларының қосқан үлесі зор. Өйткені матуриди мектебінің ғұламалары жекелей еңбектер жазу арқылы Әбу Мансур әл-Матуридиден бөлек методология қалыптастырды. Бұл өз кезегінде қоғамның сұранысына, сауалына өз жауабын беріп отырды. Осылайша зерттеу жұмысы барысында матуриди мектебінің танымал ғалымдары туралы егжей-тегжейлі баяндалды;

  • Сунниттік бағыттағы мазхабтардың барлығы «үлкен күнә» жасаған мүмін мәселесінде ортақ ұстанымда. Ешбірі күнәһар мүмінді иманнан ай- ырмайды. Араларында «иман» ұғымының түпкі мәні мен ақиқатына және өзге де «иман» мәселелеріне қатысты әртүрлі, тіпті бір-біріне кереғар көзқарастар болса да, үлкен күнә мәселесіне келгенде бәрінің ұстанымы бір. Бұл да өз кезегінде харижиттер мен мұғтазилиттердің ұстанымының қате әрі дәстүрлі исламның діни-идеологиялық тұғыры болған сунниттік доктринаға түбегейлі қайшы екенін көрсетеді. Бүгінгі таңда әлемде және елімізде белгілі деңгейде белең ала бастаған «такфиризм» құбылысының діни-идеологиялық тұғыры дәстүрлі сунниттік исламға кереғар харижиттік және мұғтазилиттік сана және ілім екендігі даусыз. Бұл сунниттік доктринаға да, қазақ елінің дәстүрлі діни дүниетанымына да түбегейлі қайшы келетін діни сана және ілім. Қазіргі таңда өздері харижит яки мұғтазилит ретінде танылмаса да, солардың көзқарастарын ұрандатып жүрген сәләфилік/уаһабилік ағым көрініс тапқаны белгілі. Осы орайда матуридилік сенім жүйесінің «үлкен күнә» ұғымына қатысты аталмыш ағымның пікірлерін теріске шығаратын айқын дәлелдері келтірілді;

  • Зерттеу барысында имам Матуридидің ислам ғылымдарына қосқан үлесі зор екендігі айтылды. Оның кәләм (теология) ілімінде «Китәб ат­таухид», «Китәб әл­мақаләт», «Китәб радд ’әуә’йл әл­’әдиллә ли-л­Ка‛би», фиқһ (құқық) ілімінде «ар­Радд ῾алә әл­қарамита (фи-л­фуру῾)/(фиқһ ілімі)», «Китәб мә’хаз әш­шара’й‛» (фиқһ ілімінің негіздері/методологиясы), «Китәб әл­жәдәл» (фиқһ ілімінің негіздері/методологиясы), «Шәрху әл-жамиғ әс-сағир» және тәпсір саласында әлемнің кітапханаларында 50-ге жуық нұсқасы бар «Тә’уиләт әһл ас-суннә» сынды кітаптарды жазуы жан-жақты ғалым болғандығын аңғартады.

Жобамыздың негізгі міндеттері мен мақсаттарының бірі түркі мұсылман жүртшылығының діни танымы мен түсінігінің қалыптасуына ықпал еткен Орта Азиялық ғұлама Имам әл-Матуридидің өмірі мен шығармашылығын, оның ислам теологиясына жасаған ықпалын айқындау және осы мектептің көрнекті өкілдері, ғылыми дәстүрлері туралы кең мәлімет беру арқылы діни, тарихы мәліметін молайту болса, біз жоғарыда атап өткен маңызға ие мәселелерге тоқталу арқылы зерттеу жұмысымыздың бір қырын аштық деген сенімдеміз.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ





  1. Қазақстан мұсылмандарының ТҰҒЫРНАМАСЫ // http://old.muftyat.kz/kz/book/view?id=72

  2. Әбу-л-Хайр Мухаммад Әййуб Али. ‛Ақидат әл-ислам уә-л-имам әл-Матуриди. ‒ Бангладеш: әл-Му’ассаса әл-исламия, 1983. ‒ 550 с.

  3. Али Абдулфаттах әл-Мағриби. Имам әһл әс-суннә уә-л-жама‛а Әбу Мансур әл-Матуриди уә әраа’уһу әл-кәләмия. ‒ Каир: Мактабат Уәһбә, 1985. ‒ 479 с.

  4. Билқасим әл-Ғали. Әбу Мансур әл-Матуриди хаятуһ уә әраа’уһ әл-‛ақадия. ‒ Тунис: Дар ат-Турки ли-н-нашр, 1989. ‒ 322 c.

  5. W. Madelung. «The Spread of Maturidism and The Turks», Religious Schools and Sects in Medieval Islam, London, 19827

  6. Уильрих Р. Ал-Матуриди и суннитская теология в Самарканде. – Алматы: фонд «XXI век», 1999. –286 с.

  7. әл-Матуриди, Әбу Мансур Мухаммад ибн Мухаммад. Китәб ат-таухид. (Ғылыми тұрғыдан редакциялап баспаға дайындаған Б. Топалоглы. М. Аручи) ‒ Истанбул, 2002. ‒ 410 б.

  8. el-Maturidi, Ebu Mansur Muhammed ibn Muhammed. Tevilatü-l-Kuran. (Редакциясын басқарған Б. Топалогды) ‒ İstanbul: Mizan yayınevi, 2005. ‒ С. 17.

  9. S. Kutlu. Imam Maturidi ve maturidilik. ‒ Ankara, 2015. 5. Baskı. – s. 527

  10. Әділбаев А. Орта Азиядан шыққан ғұлама – Матуриди //, ІІ Халықаралық ғылыи-практикалық конференция материалдары (2006-2007ж.), Исламтану және араб филологиясы мәселелері. – Алматы, 2008, 94-100-б.

  11. Ержан Қ. Имам Матуриди ақидасы (пайғамбарларға иман). – Алматы, 2011. – 176 б.

  12. Керім Ш. Сығнақ саңлағы. Монография, – Алматы, 2012. – 240 б.)

  13. Керім Ш. Қауам ад-дин әл-Итқанидің зерттелмеген екі қолжазба еңбегі //, «Исламтану және Араб филологиясы мәселелері» атты Х халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Алматы, 2013. – 60-75бб.

  14. Әбдірәсілқызы А. Қазақтың ақидасы // http://e-islam.kz/islam/ishki-kategoriyalar/aqida/maturidi/item/226-eislam

  15. Мырзабеков М. Матуридилік ілімнің қазақ ойшылдарына әсері // Адам әлемі. Қазақ мәдениеті мен дәстүрі сериясы. ‒ 2014. – № 3(61). Б. 9-17 бб.

  16. Madelung, W., “al-Māturīdī”, in: Encyclopaedia of Islam, Second Edition, Edited by: P.

Bearman, Th. Bianquis, C.E. Bosworth, E. van Donzel, W.P. Heinrichs.
17. Йусуф аль-Аш. Тариху асрил хилафатил Аббасия. - Бейрут.
18. Ибн аль-Асир, ал-Камил фит тарих. VII -Ташкент. 2005.
19. Бартольд В.В., Туркестан в эпоху монгольского нашествия, -C-Петербург, 1898. 271-б.
20. Bosworth. «Samanids». In Encyclopedia of Islam, Vol. VIII. -Leiden, E.J. Brill 1995
21. Адам Мец. Хадаратул-Исламия (ауд: М.Абдулхади Абу Рейда). –Т. II. -Каир, 315-б.
22. Абу Абдалла ал-Хорезми, Мафатих әл-Улум.
23. Бартольд. Орта Асияда Моғол истиласына кадар христианлык, Туркият журналы, - Стамбул, 1925
24. Мақдиси ибнул Бешари (қ.б.ж. 375/985), Ахсану әт-тақасим фи марифатил ақалим, тахқиқ: Мұхаммед Махзум, - Бейрут 1987. 394 б.
25. Әбу Мансур әл-Матуриди. Китабу әт-таухид, (ауд: Ф.Хулайф) 332-340 бб.
26. G. Vajda, Le témoignage d’al-Māturīdī sur la doctrine des Manichéens, des Daysanites et des
Marcionites, in Arabica, XII [1966], 1-38, 113-28
27. Әбу Йуср әл-Бәздауи. Усулу әд-дин, - Каир. 1993. 191-192 бб.
28. Шахристани. әл-Миләл уә ән-Нихәл, І
29. Сайд Шәриф Журжәни, Шарху әл-мауақиф.
30. Әбу әл-Муин ән-Нәсәфи. Табсиратул әдилла, дай: Клод Саллам. -Дамаск 1990. –Т. I
31. Ибн Әби Усайбия. Мауқифуддин Әбул Аббас Ахмед ибн аль-Қасым ибн Халифа,
Уюнул Анба фи Табақатил Әтибба (Баспаға дайындаған: Низар Рыза) –Бейрут.
32. Ulrich Rudolph, Al-Māturīdī and the Development of Sunnī Theology in Samarqand, trans. Rodrigo Adem (Leiden, Boston: Brill, 2015), p. 125
33. Камалуддин Баязи. Ишаратул Мерам мин ибаратил имам (Йусуф Абдурразах), - Стамбул.
34. Тафтазани. Шарху әл-Мақасид, -Бейрут, 1989. V
20. Ozen S. Ebu Mansur el-Maturidinin Fıkıh usulunun yeniden insası. ‒İstanbul: Vakfı İSAM, 2001. ‒ 234 s.
35. Әбу Ханифа, Нұғман ибн Сәбит. әл-Алим уә-л-мутааллим // Китаб әл-Алим уә-л- мутааллим. / тахқиқ М. Заһид әл-Кәусари. ‒ Каир: 1949. 18
36. Sonmez Kutlu. İslamlasma surecinde Murcie ve Tesirleri, -Ankara, 2000
37. аль-Кураши, Ибн Әби-л-Уафа Абд әл-Қадир. Жауахир әл-мудиға фи табақат әл- ханафия. ‒ Хайдарабад: Мажлис дайрат әл-мағариф, 1934. ‒ Т. 1.
38. Әбу Зәһра М., Исламда итиқади сияси ве фықхи мезхеплер тарихы, ауд: С.Кая, - Стамбул, 1996.
39. Захаби, Әбу Абдилла Шамсадин Мұхаммед ибн Ахмед ибн Осман, Сиару Аламин Нубелла, тахқиқ: С.Арнауд, Бейрут 1991.
40. Ташкөпризаде, Табахату-л Фуқаһа (Хасан Тауфиқ)
41. Ислам энциклопедиясы. ТДВ. Стамбул. – Т. ХХХІІ. 2006.
42. Матуриди. Китабу-т Таухид (ауд: Ф. Хулейф). «Муқаддима»
43. Челеби.Кашфу-з-Зунунән-Әсамил Кутубиуә-л Фунун.Тегеран.1947.
Т. I.
44. Языжыоғлы С.М., Матуриди ве Насафие гөре инсан хурриети
каврамы. Анкара. 1988.
45. Матуриди. Тәуилатул Құран. Атыф эфенди нұсқасы, 1221, Стамбул, 648.
46. Кайышоғлы Нурулла, Әбу-л Муин ән-Насафие гөре исбаты нубууа. Стамбул. 1999.
47. Ислам энциклопедиясы, ТДВ, Стамбул 2008. -Т. XXXV
48. «Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабы және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, Әбсаттар Дербісәлі «Түркиядағы жазба жәдігерлеріміз», Алматы, 2009.
49. İzutsu T. İslam Düşüncesinde İman Kavramı. / çev. Ayaz S. ‒ İstanbul: Pınar yayınları, 1984. ‒ 299 s.
50. al-Lamichi, Abu-l-Thana’ Mahmud b. Zayd. al-Tamhid li qawa’id al- tawhid. / tahqiq Turki А. ‒ Beirut: Dar al-Gharb al-Islami, 1995. ‒ 258 s.
51. Ибн Хазм, әл-Фасл фи-л-миләл уә-л-әһуә’и уә-н-нихәл. / тахқиқ Наср М.И. ‛Умайра А. ‒ Бейрут: Дар әл-Жил, Т. 4 287 б.
52. әл-Матуриди, Әбу Мансур Мухаммад ибн Мухаммад. Тә’уиләт әһл әс-суннә. / тахқиқ Бәсәллум М. ‒ Бейрут: Дар әл-кутуб әл-‛илмия, 2005. ‒ Т. 1- 10. ‒ 638 б.
53. el-Maturidi, Ebu Mansur Muhammed ibn Muhammed. Kiabüt-Tevhid. / tahkik Topaloğlu B. Aruçi M. ‒ Ankara: T.C. D. Vakfı İSAM, 2005. ‒ 718 s.
54. Мақдиси, Ахсану ат-тақасим фи марифати әл-ақалим, Лейден, 1906.
55. Ş. Ali Düzgün. Semerkant İlim Havzası ve Maturidi, Maturidinin Düşünce Dünyası, Ankara, 2011.
56. М. Әбу Зәхра, Тарих әл-мәзәһиб әл-исламиия, 1996.
57. Өзен, Ебу Мансур ел-Матуридинин фыкыһ усулунун иениден иншасы. Стамбул, 2001.
58. У.Рудольф, Аль-Матуриди.
59. Әюуб Али Ә.М. әл­῾Ақида әл­Матуридия: рис. ... дук. дирс. ислм: 24954/485. ‒ Қаһира: Жамиʽат әл-Қаһира куллийат Дәр әл῾Улум, 1955.
60. S.Kutlu. İmam Maturidi ve Maturidilik. Tarihi Arka Planı, Hayatı, Eserleri, Fikirleri ve Maturidilik Mezhebi, Önsöz. Ankara, 2015.
61. Abu Mansur al-Maturidi. Tauilat ahl as-sunna. red. Basallum M. ‒ Beirut: 2005. ‒ I.
62. Хулейф Ф. Китаб. ат­Таухид кіріспесі. ‒ Ыстамбұл: ‒ 1979.
63. А. Муминов. Ханафитский мазхаб в истории Центральной Азии. Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2015 ж.
ҚОСЫМША А




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет