Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Ғылым комитеті



бет1/5
Дата05.02.2024
өлшемі288 Kb.
#490916
түріРеферат
  1   2   3   4   5
МАТУРИДИЛІК СЕНІМ ЖҮЙЕСІНІҢ РӨЛІ


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі
Ғылым комитеті

НҰР-МҮБАРАК ЕГИПЕТ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ УНИВЕРСИТЕТІ


ӘОЖ 28
Мем.тіркеу № 0118РК01314


Инв.
«БЕКІТЕМІН»
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті
университетінің ректоры, профессор
____________ М.Ш. Жинди
«____»____________ 2018 ж.
ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДА ДІНИ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА МАТУРИДИЛІК СЕНІМ ЖҮЙЕСІНІҢ РӨЛІ МЕН ИСЛАМ-ІШІ ПЛЮРАЛИСТІК ДИСКУРС ШЫҒАРУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫНЫҢ ЕСЕБІ


(аралық)
ҒЗЖ ғылыми жетекшісі –
ҚМДБ төрағасының орынбасары,
қауымдастырылған профессор Әділбаев А.Ш.

Алматы 2018


ОРЫНДАУШЫЛАР ТІЗІМІ


Жобаның ғылыми жетекшісі
БҒҚ, ҚМДБ төрағасының
орынбасары Әділбаев А.Ш.
Орындаушылар
ЖҒҚ, қауымдастырылған профессор Ержан Қ.С.
ЖҒҚ, Нұр-Мүбарак ЕИМУ
PhD докторы Әкімханов А.Б.
АҒҚ, Нұр-Мүбарак ЕИМУ
PhD докторанты Тәжібаев С.

КҒҚ, Нұр-Мүбарак ЕИМУ


PhD докторанты Шәкизада С.Б.
РЕФЕРАТ
Көлемі – 40 бет, пайдаланылған әдебиеттер – 3 бет, қосымшалар – 1 бет.
Қолданылған түйін сөздер: матуриди мектебі, мәзһаб, қоғамдағы түсіністік, рухани мұралар, үлкен күнә, мүмін, сунниттер, харижиттер, мұғтазилиттер, такфиризм, теология, иман, амал, ханафи.
Зерттеу нысаны – Қазақ қоғамында діни сананы қалыптастыруда матуридилік сенім мектебінің мәні мен маңызы және Ислам-іші плюралистік дискурс шығару перспективалары.
ҒЗЖ мақсаты: Қазақ халқында діни сананы қалыптастырудағы матуриди сенім жүйесінің рөлі мен перспективаларын егжей-тегжейлі талқылау. Матуриди мектебі ұстанымдарының дәйектілігін зерттеп, дәлелдерін зерделеу. Осылайша матуриди мектебі ғұламаларының пікірлерін топтастыру, жариялау және қазіргі таңдағы діндар қауымға жеткізу көзделеді. Сондай-ақ қазақ жерінен шыққан ғалымдардың осы салаға қосқан мол мұрасын игеріп, ғылыми айналымға енгізу және осы арқылы радикалды діни ағымдар мен топтардың таралуының алдын алуға негіз болатын доктриналарды құзырлы орындарға ұсыну мақсат етіледі.
Жобаның міндеттері: Қазақ қоғамында діни сананы қалыптастырудағы матуридилік сенім жүйесінің рөлі мен Ислам-іші плюралистік дискурс шығару перспективалары тақырыбы негізінде төмендегідей міндеттер қойылды:

  • Ислам тарихындағы сунниттік теологияның негізін қалаушы ең көрнекті тұлғалардың бірі, түркі мұсылман жүртшылығының діни танымы мен түсінігінің қалыптасуына ықпал еткен Орта Азиялық ғұлама Имам әл-Матуридидің өмірі мен шығармашылығы, оның ислам теологиясына жасаған ықпалы айқындау;

  • Осы мектептің көрнекті өкілдері, ғылыми дәстүрлері туралы кең мәлімет беру арқылы діни, тарихы мәліметін молайту және байыту;

  • Имам Матуриди, Әбу Муин ан-Насафи, Нажмуд-дин ан-Насафи, Хусам ад-Дин ас-Сығнақи т.б. секілді белді ғалымдардың ақидаға қатысты еңбектерін таныту арқылы ислам тарихы мен ғылымындағы орнын айқындау;

  • Матуридилік сенім мектебінің генезисі мен эволюциясын баяндау;

  • Матуриди сенім мектебінің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан танымал ғұламалардың өмірбаяндарына тарихи тұрғыдан фрагменттік шолу жасап, қалам тартқан негізгі еңбектеріне қысқаша түсініктеме беру;

  • Ислам дініндегі «үлкен күнә» және күнәһар мүмін мәселесі негізінде ислам тарихындағы ең алғашқы такфириттік құбылыс болған харижиттік сананы терістеуге бағытталған имам Әбу Мансур әл-Матуридидің ғылыми теологиялық тұжырымдарын саралау;

  • Имам Матуридидің ислам ғылымдарының дамуына қосқан үлесін айқындау.

Зерттеудің тәсілдері ретінде негізінен теологиялық және герменевтикалық әдіс, контекстуалдық талдау, компаративистикалық талдау және салыстырмалы және тарихи, әлеуметтанулық зерттеу әдістері қолданылды.
Зерттеудің ғылыми нәтижелері төмендегідей:

  1. Кәлам (теология) және тәпсір (герменевтика) ғалымы ретінде танылған Әбу Мансур әл-Матуридидің ғылыми танымының қалыптасуы мен Матуридилің мектептің пайда болуын дұрыс түсіне білу үшін, оның өмір сүрген дәуіріндегі қоғамдық, әлеуметтік, мәдени, экономикалық және саяси жағдайы қарастырылды. Сондай-ақ сол кезеңдегі ағымдар мен олардың пайда болуына әсер еткен факторлар да анықталды. Әбу Мансур әл-Матуридидің діни дүниетанымы мен Матуридилік сенім мектебінің қалыптасуы және дамуына әсер еткен тұлғалар кеңінен зерттелді.

  2. Матуриди сенім мектебінің ғұламалары жан-жақты зерттелді. Бұл мектеп туралы егжей-тегжейлі зерттеу жұмыстары Садру әл-Ислам Әли әл-Паздауи, Әбу әл-Муин ән-Нәсафи және Нуреддин ас-Сабуни еңбектерінен бастау алғандығы анықталды. Сонымен қатар имам Матуридидің концепциялары мен теорияларының өміршең болуына шәкірттерінің немесе осы мектептің ғұламаларының мәселені кеңінен, ауқымды түрде баяндауы ықпал еткендігі айқындалды;

  3. «Үлкен күнә» ұғымына қатысты ең алғаш «такфиризм» тенденциясының туындауына әсер еткен мұғтазилиттер мен харижиттердің концепцияларына имам Матуридидің доктриналары арқылы толыққанды жауап берілді. Бұл пікірді қазіргі таңда жаңа формада көрініс тауып отырған уаһабисттік/сәләфилік бағыттағы кейбір жамағат өкілдері ұстанатындығы белгілі. Сондықтан зерттеу жұмысы бірізділік пен елдің рухани тұрақтылығына өз септігін тигізді.

  4. Әбу Мансур әл-Матуридидің тек бір кәләм (теология) саласында ғана емес, фиқһ (құқық), тәпсір (герменевтика) бағыттарында да мол мұралары бар екендігі айқындалды. Нақтырақ айтсақ, Матуридиге телінген еңбектердің барлығғы жиырма екіге жуық. Оның ішінде 14 кітап Матуридиге тиесілі екендігі баяндалды.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ .....................................................................................................6


НЕГІЗГІ БӨЛІМ


1 МАТУРИДИЛІК СЕНІМ МЕКТЕБІНІҢ ГЕНЕЗИСІ МЕН ЭВОЛЮЦИЯСЫ....................................................................................................8

2 МАТУРИДИЛІК СЕНІМ МЕКТЕБІНІҢ ҒҰЛАМАЛАРЫ....................14


3 ӘБУ МАНСУР ӘЛ-МАТУРИДИДІҢ ДІНДЕГІ «ҮЛКЕН КҮНӘ» ҰҒЫМЫНА ҚАТЫСТЫ ҰСТАНЫМЫ ЖӘНЕ (АЛҒАШҚЫ ТАКФИРИТТЕР) ХАРИЖИТТЕР МЕН МҰҒТАЗИЛИТТЕРГЕ ЖАУАБЫ...............................................................................................................19


4 ӘБУ МАНСУР ӘЛ-МАТУРИДИДІҢ ИСЛАМ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДАМУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ.............................................................................27


ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................35


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................37


ҚОСЫМША А...............................................................................................40


КІРІСПЕ



Қазақ мұсылмандығы үшін діни танымның мазмұны Матуриди ақидасы негізінде қалыптасқан. Бүгінгі діни ахуалды реттеудің тетігіне діни тәжірибеміздегі танымымыздың негізі болған Матуриди мұрасына оралу арқылы қауышамыз. Себебі адам, қоғам, мәдениет пен мемлекет баяндылығы да осы Матуриди мұрасы арқылы тарихи сабақтастық арнасына түседі. Дін және мемлекет қатынасында мұқият болуы тиіс нәрсе – әрбір ой, теория және практиканың артында құндылықтар жүйесі мен рационалды шындық базасының жатқандығы. Сондықтан мәдениетіміздің аксиологиялық негіздері де Матуриди мұрасымен тығыз байланысты.
Матуриди мұрасының ең басты маңыздылығы ол – адам мәселесі. Адамның кісілігі, жауапкершілігі, еркіндігі, рухани моральдық тұлға болуынан туындап отырғандығын көреміз. Бүгін қоғамдағы барлық мәселе – адам мәселесі. Міне сол сияқты Матуриди мұрасы да қазақ мәдениеті мен мемлекеттілігіндегі зерттеліп, танылуы тиіс аса қажетті қабаттардың басында келеді. Себебі діни таным деген түсініктің мазмұнында осы Матуриди ақидасы жатыр. Қазақ мәдениетінің мазмұны болған діни сана да Матуриди ілімі арқылы қордаланған. Матуриди ақидасы яки діни танымы қазақ болмысының мәні. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасында: «ҚМДБ Ислам дінінің сунниттік бағытын, оның ішінде имам Әбу Ханифа мазхабын ұстанады. Сенім, иман мәселелерінде имам Матуриди ақидалық мектебінің жолын ұстанады» [1] деп, еліміздегі ханафи мазхабы мен матуриди сенім мектебінің статусы анық көрсетілген.
Қазақ мемлекетінің мемлекеттік тұтастығына басты қауіп шеттен келген радикалды ағымдар әрекетінен туындап отыр. Қазақ халқының ғасырлар бойына қалыптасқан діни-рухани көзқарасы мен мәдени мұралары осы ағымдар тарапынан аяусыз соққы көруде. Қазіргі күні қазақ халқы өздерінің діни көзқарастарына қарай әртүрлі топқа жіктеле бастады. Бұл – еліміздің діни тұтастығына қарсы бағытталған үлкен қауіп. Қазіргі уақытта еліміздегі мұсылман қауымының арасындағы ең белсенді діни идеялық көзқарастардың таласы жүріп, әртүрлі ағымдардың жақтастары мен қарсыластары арасындағы қайшылықтар, пікірталастар күшейіп мәзһабын өзгертіп, жаңа ақидалық мектептердің ықпалы пайда бола бастаған тұста Матуриди мұраларын насихаттау өте маңызды.
Матуриди мұрасына бүгінге дейін белгілі себептермен назар аударылмай келгендігі белгілі. Егемендік алғалы бері қазақ мұсылмандық негіздерінің ең басты дереккөздеріне деген сұраныс артып отыр. Бірақ сол деректер мен басты ұстанымдары әлі күнге ғылыми айналымға, білім беру жүйемізге енгізілмей келеді.
Әлемдегі мұсылмандардың елу пайызға жуығын құрайтын сунниттік теологияның негізін қалаған ғұлама имам Матуриди және матуридилік мектепке қатысты мұсылман шығыс пен батыс әлемінде көптеген зерттеулер жасалды. Мәселен араб және түрік тілдерінде мынадай іргелі еңбектерді атай аламыз: Әбу-л-Хайр Мухаммад Әййуб Алидің «‛Ақидат әл-ислам уә-л-имам әл-Матуриди» [2] атты еңбегінде жалпы ислам теологиясы және имам Матуридиге қатысты тоқталса, Али Абдулфаттах әл-Мағриби «Имам әһл әс-суннә уә-л-жама‛а Әбу Мансур әл-Матуриди уә әраа’уһу әл-кәләмия» [3] атты еңбегінде Матуридидің өмірі мен шығармашылығы және теологиялық көзқарас ерекшеліктері жайлы тұшымды мол мәлімет береді. Билқасим әл-Ғалидің «Әбу Мансур әл-Матуриди хаятуһ уә әраа’уһ әл-‛ақадия» [4] атты еңбегі де – осы бағытта жазылған маңызды еңбектердің бірі.
Батыстық ғалымдардың арасында В. Маделунгтің [5] түркілердің арасында матуриди сенім мектебінің таралу тарихына қатысты құнды мақаласы жарияланып, көптеген тілдерге аударылды. Сонымен қатар неміс зерттеушісі Уильрих Рудольфтың «Al-Maturidi und die sunnitische Theologie in Samarkand» атты еңбегі де – Матуриди мектебінің Самарқанда қалыптасу кезеңі мен ерекшелігіне тарихи тұрғыдан шолу жасап, кең көлемде мәліметтер қамтыған салмақты ғылыми еңбектердің бірі [6].
Түрік ғалымы Бекір Топалоғлының да осы салаға қосқан үлесі өте зор. Ол имам Матуридидің бізге дейін келіп жеткен ең негізгі екі кітабы «Китаб әт-Таухид» [7] және Құран тәпсіріне қатысты 17 томдық «Тәуиләт әл-Қуран» [8] атты еңбектерінің жарық көруі жолында көп еңбек сіңірген.
Тағы бір түркиялық ғалым Сөнмез Кутлуның да осы тақырыпқа байланысты жариялаған «Imam Maturidi ve maturidilik» [9] атты іргелі еңбегінің де ғылыми ортаға берері мол. Бұл еңбекте көптеген батыстық және түркиялық ғалымдардың ғылыми мақалалары топтастырылып, түрік тіліне аударылған. Сонымен қатар кітаптың соңында тақырыпқа қатыс соңғы кезге дейін жасалған зерттеулердің кең көлемді библиографияның берілуі де зерттеушілер үшін жасалған өте үлкен жеңілдік.
Соңғы кезеңдері отандық бірқатар ғалымдарымыз да матуридия мектебі мен өкілдеріне қатысты зертеулер жүргізіп, жарияланымдарын ұсынды. Алғаш Имам матуридидің өмірі мен шығармашылығы жайлы А. Адилбаев өзінің мақаласын жарияласа [10], бертін келе Қ. Ержанның имам Матуридидің теологиялық, соның ішінде пайғамбарлық институтына қатысты ұстанымдарын қамтитын көлемді еңбегі жарық көрді[11].
Ш. Керімнің де матуридия мектебінің қазақстан жерінен шыққан өкілдеріне қатысты жасаған бірқатар еңбектерін атап өтуге болады. Мәселен оның «Сығнақ саңлағы» [12] атты монографиясы және «Қауам ад-дин әл-Итқанидің зерттелмеген екі қолжазба еңбегі» атты ғылыми мақаласы жарық көрді [13].
Қазақ халқының діни танымына матуридилік мектептің ықпалын көрсету мақсатында А. Әбдірәсілқызының «Қазақтың ақидасы» [14] атты мақаласы мен М. Мырзабековтың «Матуридилік ілімнің қазақ ойшылдарына әсері» [15] атты мақалалары да осы тақырыпқа қатысты жасалған алғашқы талпыныстар болып табылады.
Көріп отырғанымыздай қазақ тілінде бұл тақырыпқа қатысты өте іргелі жұмыстар әлі қолға алынбаған. Аталмыш жоба осы ғылыми әрі теологиялық бос кеңістікті толтыруға жол ашады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 Матуридилік сенім мектебінің генезисі мен эволюциясы


Тұлға – міндетті түрде өзі өмір сүрген дәуірдің әлеуметтік, саяси және мәдени шарттарына қарай қалыптасады. Көбіне кәлам және тәпсір ғалымы ретінде танылған Матуридидің ғылыми танымының қалыптасуы мен Матуридилік мектептің пайда болуын дұрыс түсіне білу үшін, оның өмір сүрген дәуіріндегі қоғамдық, әлеуметтік, мәдени, экономикалық және саяси жағдайынан хабардар болу керек. Мэйдлунг пікірінше, ол сунниттік кәламның ортодоксалды мектептерінің негізгілерінің бірі – өз есімі берілген Матуриди мектебінің кодификаторы болды. Бұл мектеп Орталық Азиядағы суннит мұсылмандар үшін басты теологиялық мектепке айналып, кейіннен Осман империясының да, Ұлы Моғол империясының да таңдауы түскен мектеп ретінде жоғары дәрежеге ие болды [16].
Сонымен қатар, сол кезеңдегі ағымдар мен олардың пайда болуына әсер еткен факторларды да жан-жақты қарастырған жөн. Адам баласы алғашқы білім баспалдағын отбасынан және қоғамнан бастары сөзсіз. Әлбетте, бұл білім кісінің келешегіне өз әсерін тигізбей қоймайды. Сонымен қатар Матуридидің еңбектерін дұрыс түсінудің кілті де сол дәуірдің шарттарында жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет