Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет96/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9

ЖИНАҚТА КЕЗДЕСЕТІН ТАРИХИ
ТҰЛҒАЛАР МЕН КЕЙІПКЕРЛЕР
Афрасиаб – аты аңызға айналған Тұран патшасы, қолбасшы, түркі 
жұртының ұлы тарихи тұлғасы. Ол ІҮ-ҮІ ғасырлар аралығы шамасында 
өмір сүрген. Бұхара қаласында жерленген. Тарихи шығармаларда 
Афрасиабты түркілердің Тоңға Алып деп атағандығы айтылып
оның теңдессіз әскери қайраткерлігі, жеке басының батырлығы 
мадақталады. Афрасиабтың есімі Фирдаусидің «Шаһнамасы» арқылы 
жұртшылыққа кеңінен танылды. «Шаһнамада» Афрасиабтың әкесі 
Бошан (Пышан), балалары Барысхан, Қарахан, Шиде (Шайда батыр), 
немересі Аржасып туралы мол деректер келтіріледі. 
Әзірейіл – діни ұғым бойынша қайтыс болар адамның жанын 
алушы, қаза періштесі. Адам баласы бір періштенің күзетуімен бұл 
дүниеден келесі дүниеге аттанғандықтан, Құран мен хадистерде 
Әзірейіл (ғ.с.) періштені «Мәләк-ул Мәут» (өлім періштесі) деп 
атаған. Ардақты төрт періштенің бірі Әзірейіл (ғ.с.) өзге періштелер 
сияқты Аллаһ Тағаланың әмірлерін орындайды.
Бөрте (1154-1230/31) – Шыңғыс ханның жұбайы. Қоңырат 
тайпасының көсемі Дай (Тай) мырзаның қызы. Шыңғыс хан Бөртеден 
туған төрт ұлын: Жошыны (1182-1227), Шағатайды (1183-1242), 
Үгедейді (1185-1241), Төлені (1193-1256) өз мұрагерлері ретінде 
таныған. Бөртеден туған төрт ұл мен олардың ұрпақтары Шыңғыс 
ханның серіктері болып қана қоймай, ол бастаған істі әрі қарай 
жалғастырушылар ретінде түркі-моңғол халықтары тарихында үлкен 
із қалдырды.
Будда – будда дінінің негізін қалаған әулиенің лақап аты. Шын 
есімі – Гаутама Сиддһартһа. Солтүстік Үндістанда (бүгінгі Непал 
жерінде), шак (сақ) халқы патшасының отбасында дүниеге келген. 
Будда (біздің заманымыздан бұрынғы 623 – 544 жылдары; санскритше 
Буддһа көкірегі ояу, көзі ашық деген ұғымды білдіреді) сол кездері 
Үндістанда үстемдік құрған Веда ілімін мойындамай, аһимсаны 
(тіршілік иелеріне жамандық жасамауды) уағыздаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет