Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі Х. Досмұхамедов атындағы атырау мемлекеттік университі



Дата01.07.2016
өлшемі42.49 Kb.
#169683
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Х. ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТІ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті «Академик З.Қабдолов оқулары - 2014» аясында 2014 жылдың 24-25 сәуірінде өткізілетін «Физика - математика ғылымдарының қазіргі білім беру кеңістігіндегі рөлі» тақырыбындағы ІV Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырады.

Конференцияның басты мақсаты - Қазақстан Республикасының Президенті- Н.А.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» халыққа Жолдауындағы Қазақстан білім беру жүйесі алдына қойған негізгі стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.

Конференцияға Қазақстандық және алыс-жақын шетелдердің жетекші ғалымдары мен мамандары шақырылады.

Конференция секциялары келесі бағытта жұмыс істейді:

Секция 1. Математикалық модельдеу мен қолданбалы математиканың қазіргі заманғы мәселелері.

Секция 2. Қазіргі білім беру кеңістігіндегі физикалық ғылымның дамуы.

Секция 3. Информатика және ақпараттық жүйелер.

Секция 4. Білім беру жүйесінде қазіргі және ақпараттық технологияның жүзеге асуы.
Сондай-ақ, университет мәртебесі мен көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Халел Досмұхамедов есімі берілгеніне 20 жыл толуына орай іс-шаралар өткізуде жаспарланып отыр.

Конференция жұмысы қазақ, орын және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Баяндамалар конференция материалдары жинағында жариялану үшін ұйымдастыру комитетінің mmp.mat@atgu.kz электрондық поштасына 2014 жылдың 10 сәуіріне дейін төмендегідей қосымшаларымен жіберілуі керек:

1. Көрсетілген формаға сәйкес сұраныс (форма тіркеледі);

2. Мақаланың электронды нұсқасы;

3. Ұйымдастыру жарнасының төленуі: Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің есеп шотына «Баяндаманың жариялануы үшін ұйымдастыру жарнасы» белгісімен 2000 теңге мөлшерінде төленгені туралы құжаттың көшірмесі.

Конференция материалдары ғылыми еңбектер жинағында жарияланады. Мақаланың мазмұнының жауапкершілігі авторға жүктеледі.


ӨТІНІШ ПАРАҒЫНЫҢ ҮЛГІСІ


Аты-жөні




Оқу немесе жұмыс орны




Қызметі, ғылыми дәрежесі




Секция атауы




Баяндама тақырыбы




Байланыс телефондар




Электрондық пошта адресі (E.mail)




Қатысу формасы: тікелей / сырттай




Басылған материалдарды жіберу мүмкін болатын адресі (пошталық индексті көрсетумен)




Баяндаманы ұсыну формасы: Ауызша хабарлама / қабырғалық баяндама




Баяндамаға қажетті техникалық көрнекілік құралдар




Конференцияға келіп қатысу мүмкіндігі ИӘ / ЖОҚ




Қонақ үй қажеттігі ИӘ / ЖОҚ




Қолы мен күні






МАҚАЛАЛАРДЫ РӘСІМДЕУДЕ КЕЛЕСІДЕЙ ТАЛАПТАР ҚОЙЫЛАДЫ:

  • Мақала мәтінінің көлемі 3 беттен кем емес және 6 беттен аспауы керек, Word мәтіндік редакторда терілуі керек;

  • Суреттер *jpg немесе gif форматта кескінделуі қажет;

  • Бет параметрлері: сол жағы – 3 см., оң жағы – 1,5 см., жоғары және төменнен 2 см.

  • Шрифт: Times New Roman (кегль 12).

  • Жолдардың арасы 1,15 интервал;

  • Азат жолдың басталуы 1,25 см;

  • Беттерге нөмір салынбайды;

  • Мақала авторлары 4 адамнан аспау керек;

  • Сол жақ жоғары бұрышында ӘОЖ (УДК) көрсетілуі керек;

  • Келесі жолдың ортасынан мақала тақырыбы бас әріптермен (жартылай қоюланған шрифт) автор(лар)дың тегі мен аты, жөні басылады;

  • Одан төмен ЖОО, мекеме аты, қала, E-mail;

  • Интервал тастап, азат жолдан мақала мәтіні басылады.

  • Мақала соңыңда сілтеме ретіне қарай әдебиеттер тізімі теріледі;

  • Әдебиеттер тізіміндегі сілтемелер мәтінде төрт бұрышты жақшада сандық ретпен белгіленіп көрсетіледі;

  • Формулалар MS Eguation 3.0 басылады;

Ұсынымдар мерзімді уақыттан кейін қабылданбайды және қаралмайды;

Ұйымдастыру комитеті баяндамаларды сұрыптауға құқылы;

Материалдарды электрондық поштамен қосымша тіркеме файлдар түрінде жіберуге болады файл атауы - автордың аты-жөні;

Іс-сапар, жол, баспана, тамақтану шығындары жолдаған тарап /қатысушының есебінен/төленеді;

Конференцияға қатысуға бас тартқан жағдайда төленген ақы қайтарылмайды, бірақ қатысушыны өзгертуге болады, бұл туралы ұйымдастыру комитеті алдын-ала хабардар болу керек;

Ұйымдастыру жарнаға конференция жұмысына қатысу, конференция материалдарының жинағын алу кіреді;

Конференция туралы толық мәліметтер www.atgu.kz сайтында жарияланған;

Конференцияға сырттай қатынасушылар сұранысына жинақ материалдары жұмыс аяқталған бойда жіберіледі.


Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің реквизиттері

БИН: 990240001891, РНН: 151000021336, БИК: KCJBKZKX ,

р/счет: KZ 388560000000460835, Кбе-16, АФ ФО (Банк Центр Кредит» г.Атырау



Мекен жайымыз: 060011, Қазақстан Республикасы,

Атырау қаласы, Студенттер даңғылы 212, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Тел: 8 (7122) 27-63-27; 27-63-01, +7701 7386923.

E-mail: science@atgu.kz, n.shazhdekeeva@mail.ru,


КОНФЕРЕНЦИЯНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет