Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты» шжқ рмк



бет22/63
Дата26.09.2022
өлшемі380.66 Kb.
#461380
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   63
aleumettik-sayasi bilimder moduli (madeniettanu)

Агглютинация – алғашқы ойдың сақталуында, әртүрлі сөздердің мифологиялық құрылымдары мен түрлі механизмдердің құрастырылуы.
Агрессия – адамның басқа адамдарға қатынасындағы, оларға зиян немесе нұсқан келтіруге бағытталған мінез-құлық, әрекет.
Агрессивтік мінез-құлық – адам әрекетінің ерекше формасы, мұндай мінез-құлық субъектің нұқсан келтіру мақсатымен өзінен басқа адамға немесе адамдар тобына өз артықшылығын білдіріп, қыр көрсетуі немесе күш қолдануға тырысуымен сипатталады.
Аккомодация – көздің әр түрлі қашықтықтан көруге бейімделуі, үйренуі.
Антропогенез – адамның (Ноmо sаріеns) шығу процесі, оның физикалық типінің қалыптасуындағы тарихи-эволюциялық процесс.
Антропология – адамзатты зерттеу, адамның шығу тегі және эволюциясы туралы ғылым. Антропологияның негізгі бөлімдері: адам морфологиясы, антропогенез, нәсілтану туралы ілім.
Апатия – сылбырлық, көңілдің еш нәрсеге соқпауы, ұнжырғаның түсуі. Өмірге немқұрайлы қараудан, көңіл-күйдің басылып, көмескіленуінен болады. Апатияға салынған адам туған-туысқандарына, жақын дос-жаранына селқос қарайды, идеялық мүдделерден, мәдени дағдылардан айырылады, эмоциялық сергектігі бәсеңдеп, сөне бастайды.
Апперцепция – адам психикасының дүниені қабылдау процесі, сыртқы дүниенің әсер етуіне, басынан кешкен тәжірибесіне, біліміне, мақсат-мүддесіне, әдет-ғұрпына байланысты болатын адам психикасындағы маңызды қасиеттерінің бірі.
Аралық ми – барлық омыртқалы жануарлар мен адам миының бір бөлігі. Ол алдыңғы ми көпіршіктерінің артқы бөлігінен дамиды. Аралық ми орта мидың алдында тұрады. Оған: иіс сезу, көру, есту, дәм сезу, тері, ет және сіңір рецепторларынан импульстер келіп, одан әрі мидың басқа бөліктеріне тарайды.
Арман – психологияда: адамның келешекке бағытталған қиялы. Жетсем деген мақсат, мұратын, орындалу барысын ойша елестетуі, көксеуі. Іс-әрекетпен тікелей байланысып жатпағандықтан, оны шығармашылық қиялдың дайындық сатысы деуге болады.
Арнаулы психология – адам дамуының бір қалыпты даму жолынан ауытқуын, ми зақымы ауруына ұшырағандардың психикалық күйзелістерін және осы саладағы әртүрлі аурулардың себептерін қарастырады. Оның тармақтары: олигофренопсихология, сурдопсихология, тифлопсихология, патопсихология.
Ар-ұят – ізгілік пен мейірімділікті, имандылық пен инабаттылықты білдіретін ұғым. Ол адамның әдептілік нормаларды сақтап, одан аспауына, іс-әрекет пен мінез-құлқына баға беруімен байланысты туындайтын қасиет.
Ассоциация – психикалық құбылыстар арасындағы байланыстар. Бұл байланыста психикалық құбылыстардың бірінің (қабылдау, елестету) басымдылығы екіншісінің пайда болуын ілестіре жүреді. Ассоциацияның психофизиологиялық негізі - шарты рефлекс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет