Парасатты адамға істейтін ісін, сөйлейтін сөзін, қабылдайтын шешімін алдымен ақыл таразысынан өткізіп алу, әдеп-инабат, адамгершілік жағынан кінаратсыздық, салихалық пен мейірімділік, ізгілік пен кең мінезділік тән
1. Сопылық әдебиеттің негізін қалаушылардың мына бір пікірін қалай түсіндірер едіңіз:
Парасаты жеңсе, адам – періштеден де жоғары, нәпсісі жеңсе – хайуаннан да төмен дәрежеге түседі
Өз ойыңызды жазыңыз.
Жауап:
Парасатты адамға істейтін ісін, сөйлейтін сөзін, қабылдайтын шешімін алдымен ақыл таразысынан өткізіп алу, әдеп-инабат, адамгершілік жағынан кінаратсыздық, салихалық пен мейірімділік, ізгілік пен кең мінезділік тән. Сондықтан парасат парасат даналық ұғымына жақын, көптеген авторлар сол мәнде де қолдана береді. Басқа қандай артықшылығы болғанымен, ұшқалақ, күйгелек мінезді адамдарды парсатты демейді. Сонда парасат ұғымы жеке адамның толысқан кемелдігінің белгісі ретінде үлкен сана мен келісті әдет инабаттылығының, кең, бай мінезінің жарасты тұтастығын білдіреді. Жаратушы барлық адам баласын бірдей жаратқанымен, айырмашылығы-ақыл-ой ,пайым-парасатында.Адам әр ісін адалдықпен,таза ниетпен жасап,нәпсісін құрықтап,ойын да,бойын да таза ұстаса,рухани тазалық биігіне ұмтылса,періштеге айналып қалықтап кетпесе де, пенделіктен арылып,Жаратушы сүйген құл болуы әбден мүмкін.Ал керісінше нәпсіге,яғни адамдықтан алыстататын істерге ерік беріп,теріс жолға түссе-Алланың да алдында,адамның да алдында хайуаннан ары жиіркенішті,төмен болмақ.Дегенмен,Алла адамды қаншалықты махаббатпен жаратса,оның мейірімі мен кешірім есігі де соншалықты кең әрі ашық. «Қателескендердің арасында ең жақсысы-тәубеге келгені» дегендей,адам қанша ақ жолдан айнып кеткенмен,тәубеге келіп,арсыздықтан алыстау,өзін-өзі тәрбиелеп,адам деген атын сақтап қалу тек өз қолында!