Әрекеттену – іске адамның өздігінен кірісуі. Ол өзіндік ниеттен туындайды және адамның өзіндік белсенділігін қалыптастыруда үлкен қызмет атқарады.
Әсемдік – зат пен табиғат құбылысында, қоғамдық өмірде, адамның моральдық және сымбаттық көркінде, көркемөнер шығармаларында көрініп, көркемдік ләззат беретін эстетиканың негізгі категорияларының бірі.
Әсемпаздық – адамның өзінің жеке басына қатысты түрде алғандағы әсемдікке көзқарасы мен талғамындағы қиғашық; ол оның киінуі, сыланып-сипанып, күтіну машығынан көрінеді.
Әуесқойлық – психологиялық күй, ол субъектінің сараланбаған, аңғарылмаған немесе жеткілікті түрде аңғарылмаған қажеттілігін білдіреді. Әуесқойлық өтпелі құбылыс болып табылады. Өйткенді онда көрініс тапқан қажеттілік не бәсеңсіп өшеді немесе аңғарылып, нақты тілекке, ниетке, арманға т.б. айналады.
Әуестену – адамның еркімен, жан қалауымен бір затқа қызығып, онымен айналысуы, содан қанағат сезіміне бөленуі.
Бағдар – субъектінің дайын, пейілді болуы; белігі бір объектінің пайда болатынын күн ілгері білген кезінде пайда болады және осы объектіге қатысты іс-әрекеттің орнықты мақсаткерлік сипатта өтуін қамтамасыз етеді.
Бағдарлау – алдағы әрекеттің бағытын, мөлшерін сезім және ой жүгірту арқылы анықтау.
Бағдарлау рефлексі – ми жұмыс мүшелеріне хабар жіберіп қана қоймай, ол өзінің жолдаған хабарынан мағлұмат алып та отырады. Осындай екі жақтан хабарлаудың арқасында ғана ми айналасындағы құбылыстар туралы дұрыс мәлімет алып, нақтылы мұқтажын өтеуге өз әрекетін бағыттай алады. И.П. Павлов бұл рефлексті: "Бұл не?" деп атады.
Бағыттылық – қажеттілік пен дәйектілік жиынтығы арқылы тұлғаның қызметін бағыттайтын ұғым. Ол адамның дүниетанымын білдіретін мүдделерінен, бейімділік, сенім, мұрат секілді ой нысандарымен сипатгалады.
Байқағыштық– заттың, құбылыстың егжей-тегжейін аңғаратын адам қабілеті. Ол адамның өмір сүрген ортасына, тәлім-тәрбиесіне, мамандығына, кәсібіне де байланысты.
Байсалдылық – адамға тән жағымды қасиет; синонимдері – төзімділік, шыдамдылық, табандылық.
Бақылау әдісі – белгілі бір педагогикалық құбылыстардың өту ерекшеліктерін, оларда тұлғаның, ұжымның, адамдар топтарының көрінуінің, алынатын нәтижелердің тән сипаттарын жүйелі түрде мақсаткерлікпен тіркеп отыру.
Бейне – танымды объективтік болмыстың туындысы деп материалистік тұрғыдан түсінуге негіз болатын ұғым. Психологияда дүниедегі заттардың, соның ішінде жануарлар мен адамның түрлі тітіркендіргіштерге жауап қайтарып әсерленуі (із, таңба қалдыруы, өзгеруі).
Достарыңызбен бөлісу: |