Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы



бет1/23
Дата15.06.2016
өлшемі2.45 Mb.
#138146
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Қаулысы


"Егемен Қазақстан" 2012.09.13., № 603 (27676), 2012.09.22., № 618-619 (27692), 2012.09.26., № 622-630 (27701), 2012.09.29. № 635-640 (27711); "Казахстанская правда" от 13.09.2012 г., № 308-309 (27127-27128), от 15.09.2012 г., № 312-313 (27131-27132), от 20.09.2012 г., № 318-319 (27137-27138), от 21.09.2012 г., № 320-321 (27139-27140), от 22.09.2012 г., № 322-323 (27141-27142), от 25.09.2012 г., № 324-325 (27143-27144), от 26.09.2012 г., 326-327 (27145-27146), от 27.09.2012 г., № 328-329 (27147-27149), от 29.09.2012 г., № 332-333 (27151-27152), от 03.10.2012 г., № 336-337 (27155-27156)

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:


      1. Қоса берiлiп отырған:
           23) «Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және үйлерiне керi тегiн тасымалдауды ұсыну үшiн құжаттар қабылдау» мемлекеттiк қызмет стандарты;
                 3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                           К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысымен   
бекiтiлген     

«Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы
бiлiм беру ұйымдарына және үйлерiне керi тегiн тасымалдауды
ұсыну үшiн құжаттар қабылдау» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және үйлерiне тегiн тасымалдауды ұсыну үшiн құжаттар қабылдау» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес кенттiң, ауылдық, (селолық) округтiң жергiлiктi атқарушы органы (бұдан әрi - әкiмдiк) көрсетедi.


      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi № 319 Заңының 6-бабының 5-тармағына және «Бiлiм беру ұйымдары желiсiнiң кепiлдiк берiлген мемлекеттiк нормативiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1256 қаулысының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет тәртiбi туралы толық ақпарат осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген әкiмдiктердiң фойесiнде, сондай-ақ облыс әкiмдiктердiң, бiлiм басқармаларының интернет-ресурстарында және Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң www.edu.gov.kz сайтында орналастырылған.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi аяқтау нәтижесi осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi жалпы бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарына және үйлерiне тегiн тасымалдауды қамтамасыз ету туралы анықтама немесе қызмет көрсетудi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызметтi алушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мерзiмi:
      1) мемлекеттiк қызметтi алу үшiн жүгiну 5 жұмыс күнiн құрайды;
      2) өтiнiш берушi жүгiнген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты (тiркеу кезiнде) – 30 минуттан аспайды;
      3) өтiнiш берушi жүгiнген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты уақыты 30 минуттан аспайды;
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Мемлекеттiк қызмет оқу жылы бойы көрсетiледi:
      1) белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн;
      2) қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттiк қызмет мемлекеттiк қызметтi алушыларға, оның iшiнде дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға қызмет көрсету үшiн жағдай қарастырылған әкiмдiктердiң ғимараттарында көрсетiледi. Күту залдары толтырылған бланктердiң үлгiлерi бар ақпараттық стендiлермен жарақталған.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:


      1) бiлiм алушының /тәрбиеленушiнiң/ ата-анасы немесе заңды өкiлiнiң баланы жалпы бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарына тегiн тасымалдаумен қамтамасыз етуге арналған осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес өтiнiшi;
      2) баланың туу туралы куәлiгiнiң немесе жеке куәлiгiнiң түпнұсқасы және көшiрмесi;
      3) осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес оқу орнынан анықтама.
      Туу туралы куәлiктiң, жеке куәлiктiң түпнұсқасы көшiрмемен салыстыру үшiн берiледi және кейiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қайтарылады.
      12. Мемлекеттiк қызметтi алуға арналған өтiнiштiң үлгiсi әкiмдiктiң фойесiнде орналастырылады, сондай-ақ әкiмдiктiң мамандарында болады.
      13. Өтiнiштiң, баланың туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi немесе жеке куәлiгi және оқу орнынан алынған анықтама аталған қызметтi көрсетуге жауапты әкiмдiктiң әлеуметтiк мәселеге жетекшiлiк ететiн маманының кабинетiне тапсырылады.
      14. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес барлық қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде мемлекеттiк қызметтi алушыға өтiнiштi алу мерзiмi мен нөмiрi, құжаттарды қабылдап алған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты, қызметтi алу мерзiмi көрсетiлiп қолхат берiледi.
      15. Мемлекеттiк қызметтi алушыға мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi мемлекеттiк қызметтi алушының өзi немесе оның өкiлi өтiнiш берген жағдайда (ресми куәландырылған тиiстi құжаттар болған кезде) өтiнiш түскеннен кейiн 5 жұмыс күнi өткен соң берiледi.
      Анықтама беру туралы мәлiмет осы стандарттың 6-қосымшасына сәйкес анықтаманы есепке алу кiтабында тiркеледi.
      16. Мемлекеттiк қызметтi алушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды толық тапсырмауы мемлекеттiк қызметтi ұсынудан бас тартуға бас тартуға негiз болады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Әкiмдiктiң қызметi:


      1) Қазақстан Републикасының заңнамасын сақтау;
      2) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;
      3) мемлекеттiк қызметтi алушы ұсынған құжаттардың мазмұны туралы ақпараттың қорғалуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету;
      4) мемлекеттiк қызметтi алушы белгiленген мерзiмде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
      5) мемлекеттiк қызметтi уақтылы ұсыну;
      6) нақтылық және сыпайылық қағидаттарына негiзделедi.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нәтижелерi осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.


      19. Мемлекеттiк қызметтiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. 1-қосымшада көрсетiлген кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң жергiлiктi атқарушы органдары уәкiлеттi лауазымды адамдардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiредi және шағымды дайындауға жәрдем көрсетедi.


      21. Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электронды түрде қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда не жұмыс күндерi қолма-қол облыстық әкiмдiктiң кеңсесi арқылы аталған стандарттың 8-қосымшасына сәйкес қабылданады.
      Шағым беру кезiнде қажеттi құжаттардың тiзбесiне еркiн нысанда жазылған өтiнiшi және қызмет көрсету үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы ұсынған құжаттардың көшiрмелерi кiредi.
      Әкiмнiң жұмыс және қабылдау кестесi белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн белгiленген.
      22. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасы бойынша наразылық болса, қызмет дөрекi көрсетiлген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Балалардың құқықтарын қорғау комитетiне Астана қаласы, «Министрлiк үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 11-кiреберiс, 945-кабинет мекенжайы бойынша берiледi.
      23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
      24. Әкiмдiкке шағым беру үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы өтiнiштi еркiн нысанда өз қолымен жазады.
      25. Қабылданған шағым әкiмдiктiң кiрiс хат-хабарларды есепке алу журналында тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мерзiмде қаралады. Мемлекеттiк қызметтi алушыға өтiнiштiң күнi мен уақыты, қабылдаған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген талон берiледi.
      Шағымды қарау нәтижесi мемлекеттiк қызметтi алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
      26. Мемлекеттiк қызметтi алушы мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы қосымша ақпаратты 010000, Астана қаласы, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 11-кiреберiс, 945-кабинет мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Балалардың құқықтарын қорғау комитетiнен, сондай-ақ www.bala-kkk.kz сайтынан ала алады.

«Шалғайдағы ауылдық елдi    


мекендерде тұратын балаларды 
жалпы бiлiм беру ұйымдарына және
үйлерiне керi тасымалдауды ұсыну
үшiн құжаттар қабылдау»    
мемлекеттiк қызмет стандартына 
1-қосымша            

Жергiлiктi атқарушы органдардың, ауыл (село), ауылдық (селолық)
әкiмдiктердiң тiзiмi

Р/с



Әкiмдiктiң толық атауы

Елдi мекен атауы

Байланыс телефоны

Заңды мекенжайы

Сайттың мекенжайы

1

2

3

4

5

6

Ақмола облысы

1.

«Ақкөл қаласы әкiмiнiң аппараты» ММ

Радовка а. Ақкөл орман қожалығы, Ерназар а.

8 (716)38 21094

020100 Ақкөл қ., Нұрмағанбе тов к-сi, 83

http://www.akmo.kz

2.

«Ақкөл ауданы Қарасай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Қарасай а. Қына а. Минское а.

8 (716)38 34190

020110 Қарасай а.

жоқ

3.

«Ақкөл ауданы Кеңес ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Кеңес а. Домбыралы а. Барап а. Красный горняк а.

8 (716)38 38294

020102 Кеңес а.

жоқ

4.

«Ақкөл ауданы Наумов ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Наумов а. Виноградовка а. Өрнек а. Филипповка а.

8 (716)38 32334

020107 Наумовка а. Ақбидай к-сi,

жоқ

5.

«Ақкөл ауданы Новорыбин ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Новорыбин а. Қара-Өзек а. Құрылыс а.

8 (716)38 33294

020100 Новорыбин а.

жоқ

6.

«Ақкөл ауданы Жалғызқарағай ауылдық округi әкiмiнiң  аппараты» ММ

Жалғызқарағай а. Қайнар а. Тастыадыр а.

8 (716)38 32166

020109 Жалғызқарағай а.




7.

«Ақкөл ауданы Еңбек ауылдық  округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Еңбек а.

Димитров а.

Рамадан а.


8 (716)38

37101


020111

Еңбек а.



жоқ

8.

«Ақкөл ауданы

Үрпi ауылдық округi әкiмiнiң  аппараты» ММ



Үрпi а. Амангелдi а. Талқара а. Мало-Александров а. Ерофеевка а.

8 (716)38 31535

020112 Үрпi а.

жоқ

9.

«Ақкөл ауданы Бөгембай ауылдық округi әкiмiнiң  аппараты» ММ

Бөгембай а. Степногор а.

8 (716)45 49454

020100 Бөгембай а.

жоқ

10.

«Ақкөл ауданы Қырық-Құдық ауылдық округi әкiмiнiң  аппараты» ММ

Қырық-Құдық а. Азат а.

8 (716)45 45523

020103 Қырық-Құдық а.

жоқ

11.

«Астрахан ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Жаңабiрлiк а.

8 (716)41 22479

020300 Астрахан а., Әл-Фараби к-сi, 50

htth//www astrahan.akmol.kz

12.

«Астрахан ауданы Ұзынкөл ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Алғабас а. Ұзынкөл а.

8(716)41 27135

020302 Ұзынкөл а.

htth//www astrahan.akmol.kz

13.

«Астрахан ауданы Николаев ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Өрнек а. Петровка а.

8(716)41 25510

020321 Петровка а.

htth//www astrahan.akmol.kz

14.

«Астрахан ауданы Первомай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Первомай а. Лозовое а.

8(716)41 29375

020320 Первомай а.

htth//www astrahan.akmol.kz

15.

«Астрахан ауданы Староколутон ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Староколутон а. Зареченка а.

8(716)41 24641

020323 Старыйколу тон а.

htth//www astrahan.akmol.kz

16.

«Атбасар ауданы Макеев ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Макеев а. Третьяков а. Шүй а.

8 (716)43 99390

020425 Шүй а.

жоқ

17.

«Атбасар ауданы Сергеевка ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Сергеевка а. Ащыкөл а.

8 (716)43 91330

020420 Сергеевка а.

жоқ

18.

«Атбасар ауданы Полтавка ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Полтавка а. Титовка а.

8 (716)43 96335

020416 Полтавка а.

akimpoltawka@ mail.ru

19.

«Атбасар ауданы Тельман ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Тельман а. Поповка а. Қаражар а. 87 раз.

8 (716)43 95335

020422 Тельман а.

жоқ

20.

«Атбасар ауданы Ярослав ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Магдалиновка а. Хрящевка а. Тимошовка а.

8(716)43 94335

020423 Тимошов а.

аkim_uaroslawski@mail.ru

21.

«Атбасар ауданы Октябрь ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Қаракөл а. Новосамарка а.

8(716)43 97335

020414 Новосамарка а.

Akimat_ok@mail.ru

22.

«Атбасар ауданы  әкiмiнiң аппараты» ММ

Атбасар қ. 86 раз.

8(716)43 24343

020400 Атбасар қ., Ш.Уәлиханов к-сi, 9

Atbasar onlain.kz

23.

«Атбасар ауданы Покровка ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Покровка а. Садовое а.

8(716)43 98490

020415 Покровка а.

жоқ

24.

«Аршалы ауданы Жiбек Жолы ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Жiбек Жолы а. 41 раз. 102 раз. Жалтыркөл а.

8(716)44 23234

020202 Жiбек Жолы  а.

жоқ

25.

«Аршалы ауданы Анар ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Анар ст. Донецкое а.

8 (716)44 60268

020206 Анар ст.

жоқ

26.

«Аршалы ауданы Бiрсуат ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Бiрсуат а. Байдалы а. Шалғай а.

8 (716)44 25534

020212 Бiрсуат а.

жоқ

27.

«Аршалы ауданы Волгодонов ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Волгодонка а. 42 раз.  Береке а. Қойкелдi а.

8 (716)44 2 34 34

020204 Волгодонов а.

жоқ

28.

«Аршалы ауданы Ижев ауылдық округi әкiмiнiң аппараты»

Шептiкөл а. Ижев а.

8 (716)44 24234

020207 Ижев а.

жоқ

29.

«Аршалы ауданы Түрген ауылдық округi әкiмiнiң аппараты»

Түрген а. Красное Озеро а. Родники а.

8 (716)44 25234

020214 Түрген а.

жоқ

30.

«Аршалы ауданы Бұлақсай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Бұлақсай а. Қостомар а.

8 (716)4 425734

020211 Бұлақсай а.

жоқ

31.

«Бурабай ауданы Бурабай кентiнiң әкiмi аппараты» ММ

Бурабай к. Сарыбұлақ а. Оқжетпес а.

8 (716)30

71296,


71202

021708

Бурабай к.



sc0010.burabay.akmoedu.

kz


32.

«Бурабай ауданы Веденов ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Веденов а. Жаңатуған а.

8 (716)36 97431

021709 Веденов а.

sc0012.burabay.akmoedu.

kz


33.

«Бурабай ауданы Кенесары ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Кенесары а. 19 раз. Бруселов а.

8 (716)36 93233

021710 Кенесары а.

sc0011.burabay.akmoedu.

kz


34.

«Бурабай ауданы Шучье қаласы әкiмiнiң аппараты» ММ

Щучье қ. Светлый шипажайы, Кiрпiш зауыты

8(716)36 43264

021700 Шучье қаласы., Абылайхан  к-сi, 34

жоқ

35.

«Бурабай ауданы Златополье ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Златополье а. Сотниковка а.

8 (716)36 43264

021715 Златополье а.

sc0017.burabay.akmoedu. kz

36.

«Бурабай ауданы Успенюрьев ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Успеноюрьев а. Клинцы а. Радгородок а.

8 (716) 36 92 125

021716 Успеноюрьев а.

sc0025.burabay.akmoedu. kz

37.

«Бурабай ауданы Қатаркөл ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Қатаркөл а. Приозерное а. Ключевое а. Вишневое а.

8 (716) 36 91 260

021716 Қатаркөл а.

sc0015.burabay.akmoedu. kz

38.

«Бурабай ауданы Ұрымқай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Ұрымқай а. Ынталы а. Лесхоз, Күлстан а.

8 (716) 36 43264

021725 Ұрымқай а.

sc0024.burabay.akmoedu. kz

39.

«Бурабай аудандық Зеленый бор ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Зеленый бор а. Молбаза а. Қымызнай а.

8 (716)36 74 346

021714 Зеленый бор а.

sc0016.burabay.akmoedu. kz

40.

«Бурабай ауданы Атамекен ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Атамекен а.  Қаражар а.

8(716)36 96118

021718 Атамекен а.

sc0018.burabay.akmoedu. kz

41.

«Бұланды ауданы Айнакөл ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Айнакөл а. Острогорка а.

8 (716)46 31 433

020508 Айнакөл а. Жастар к-сi, 18

ainakol_@ mail.ru

42.

«Бұланды ауданы Амангелдi ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Партизанка а. Амангелдi а.

8(716)46 35383

020513 Партизанка а., Ленин к-сi, 22

Partizanka_akimat@mail.ru

43.

«Бұланды ауданды Вознесенск ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Вознесенка а.

8 (716)46 34 1 11

020501 Вознесенка а.

wzinter@yandex.ru

44.

«Бұланды ауданы Журавлевск ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Журавлевка а. Ярославка а.

8 (716)46 37321

020504 Журавлевка а.

guravlevka@mail.ru

45.

«Бұланды ауданы Капитоновка ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Капитоновка а.Пушкинка а.

8 (716)46 32 1 37

020505 Капитоновка а., Ленин к-сi, 50

жоқ

46.

«Бұланды ауданы Қараөзек ауылдық округi әкiмiнiң аппараты»ММ

Қараөзек а. Аққайың а. Байсуат а.

8(716)46 38483

020507 Қараөзек а., Балуан-Шолақ к-сi

жоқ

47.

«Бұланды ауданы Никольск ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Никольск а. Ұлтуған а.

8 (716)46 34423

020510 Никольск а.

Nikolsk581@rambler.ru

48.

«Бұланды ауданы Новобрат ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Новобрат а. Добровольная а.

8(716)46 36735

020511 Новобрат а.

novobratsk@mail.ru

49.

«Егiндiкөл ауданы Жалманқұлақ ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Жалманқұлақ а.Жұлдыз а. Қоңыртүбек а.

8 (716)42 21307

020604 Жалманқұлақ а.

жоқ

50.

«Егiндiкөл ауданы Буревестник ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Буревестник а.

8(716)42 22032

020603 Буревестник а.

жоқ

51.

«Еңбекшiлдер ауданы

Абай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ



Абай а.

8 (716)49 23010

020074 Абай а.

жоқ

52.

«Еңбекшiлдер ауданы Еңбекшiлдер ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Еңбекшiлдер а. Трудовое а.

8 (716)39 20469

020074 Еңбекшiлдер а.

жоқ

53.

«Еңбекшiлдер ауданы

Үлгi ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ



Үлгi а. Жүкей а. Трамбовка а.

8 (716)39 28161

020707 Үлгi а.

жоқ

54.

«Еңбекшiлдер ауданы Макин ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Сосновка а.

8 (716)39 28161

020708 Макин а.

жоқ

55.

«Еңбекшiлдер ауданы Краснофлот ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

Краснофлот а.Белағаш а.

8 (716)39 23305

020700

Краснофлот а.



жоқ

56.

«Еңбекшiлдер ауданы Степняк қаласы әкiмiнiң аппараты» ММ

Степняк қ. Пригорхоз а.

8 (716)39 21653

020700 Степняк қ., Антаев к-сi, 22

жоқ


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет