Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы



бет26/75
Дата23.02.2016
өлшемі8.12 Mb.
#4112
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   75

1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 18-үй мекенжайы бойынша орналасқан «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) немесе мемлекеттік қызметті алушыда электрондық-цифрлы қолы (бұдан әрі – ЭСҚ) болған жағдайда, «электрондық үкімет» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы көрсетіледі.


      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық степендиясын тағайындау үшін үмткерлерді іріктеу ережесіне (бұдан әрі – Ереже), Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:
      1) www.bolashak.gov.kz мекенжайы бойынша уәкілетті ұйымның интернет-ресурсында;
      2) порталда орналастырылады.
      Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат саll-орталық (1414) телефоны бойынша да ұсынылуы мүмкін.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
      1) уәкілетті ұйымда – конкурсқа қатысуға рұқсаты туралы не құжаттарды жеке тәртіппен қарау үшін Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның Жұмыс органына (бұдан әрі – Жұмыс органы) жіберу туралы ақпаратты көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат;
      2) порталда – электронды құжат нысанында, конкурсқа қатысуға рұқсаты туралы не құжаттарды жеке тәртіппен қарау үшін Жұмыс органына жіберу туралы ақпаратты көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат не уәкілетті ұйымның уәкілетті адамның ЭСҚ-мен куәландырылған мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауабы болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет Ережеде белгіленген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу талаптары мен шарттарына сай келетін Қазақстан Республикасының азаматтарына (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Уәкілетті ұйымда немесе Порталда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері – құжаттарды тапсырған сәттен бастап бір жұмыс күнінен аспайды.
      8. Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет алу үшін жұмыс кестесі:
      1) уәкілетті ұйымда – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30 дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес. Қабылдау кезек тәртібімен алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      2) порталда – тәулік бойы.
      10. Мемлекеттік қызмет:
      1) дене дамуының мүмкіндігі шектелген адамдар үшін жағдайлар, қолайлы жағдайлар жасалған күту және толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенд орналасқан қажетті құжаттарды дайындау залы қарастырылған уәкілетті ұйымда;
      2) порталда – «жеке кабинетте» көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызмет алу үшін мемлекеттік қызметті алушылар мынадай құжаттарды:


      11.1 Уәкілетті ұйымға:
      1) таңдап алған мамандығының/зерттеу тақырыбы мен оқу/тағылымдамадан өту елінің негіздемелері көрсетілген өтінішті;
      2) Жұмыс органы бекіткен нысанда толтырылған сауалнаманы;
      3) шетелге шығатын адамдар үшін денсаулық caқтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманы;
      4) дипломның (қосымшасы берілген бакалавр немесе маман) нотариалды куәландырылған көшірмесін, сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда, білімі туралы құжатты тану және нострификациялау туралы куәліктің көшірмесін не «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 39-бабының 5-тармағында белгіленген ерекшеліктерді есепке алып, білімі туралы құжатты тану туралы өзге де құжаттың көшірмесін;
      5) Ережеге сәйкес еңбек қызметінің талап етілетін кезеңіне еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
      6) бар болған жағдайда, белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін нәтижесі бар шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы қолданыстағы ресми сертификаттың көшірмесін тапсырады;
      құжаттардың мәліметтері:
      7) жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының түсімдері мен қаражат айналымдары туралы ақпарат (зейнетақы қорынан үзінді);
      8) мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландырушы (жеке куәлік және паспорт).
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың мәліметтерін уәкілетті ұйым ЭСҚ куәландырылған электрондық құжаттар нысанында Порталдың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Құжаттарды қабылдау кезінде уәкілетті ұйымның қызметкері түпнұсқалардың мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен ұсынылған мәліметтермен сәйкес келуін салыстырады, содан кейін түпнұсқаны мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.
      2. Мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, тағылымдамаға үміткерлер, мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер қатарынан философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін өз бетімен түскендер санаттары бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына (бұдан әрі – Конкурс) қатысу үшін мемлекеттік қызметті алушылар мыналарды:
      1) жұмыс берушінің Жұмыс органы бекіткен нысан бойынша мамандар даярлауға өтінімін (бұдан әрі – өтінім);
      2) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырады.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың мәліметтерін уәкілетті ұйым ЭСҚ куәландырылған электрондық құжаттар нысанында Порталдың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Құжаттарды қабылдау кезінде уәкілетті ұйымның қызметкері түпнұсқалардың мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен ұсынылған мәліметтермен сәйкес келуін салыстырады, содан кейін түпнұсқаларды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.
      3. Осы стандарттың 11-тармағына сәйкес өтінім ұсынған мемлекеттік қызметті алушыларды қоспағанда, өз бетімен түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметті алушылар:
      1) жұмыс берушіден ұсыным хатты;
      2) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырады.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың мәліметтерін уәкілетті ұйым ЭСҚ куәландырылған электрондық құжаттар нысанында Порталдың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Құжаттарды қабылдау кезінде уәкілетті ұйымның қызметкері түпнұсқалардың мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен ұсынылған мәліметтермен сәйкес келуін салыстырады, содан кейін түпнұсқаларды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.
      4. ЖОО бітірушілері санаты бойынша қатысу үшін мемлекеттік қызметті алушылар мыналарды:
      1) Жұмыс органы бекіткен нысан бойынша Қазақстан республикасының жоғары оқу орындарынан өтінімді;
      2) өтінім жіберген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнының Оқу кеңесінен ұсынымды;
      3) осы стандарттың 11.1-тармағының 1) – 4)6)8) тармақшасында көрсетілген құжаттарды тапсырады.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың мәліметтерін уәкілетті ұйым ЭСҚ куәландырылған электрондық құжаттар нысанында Порталдың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Құжаттарды қабылдау кезінде уәкілетті ұйымның қызметкері түпнұсқалардың мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен ұсынылған мәліметтермен сәйкес келуін салыстырады, содан кейін түпнұсқаларды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.
      11.1.4 Тағылымдамаға үміткерлер санаты бойынша конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметті алушылар мыналарды:
      1) мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармалары берілген тағылымдамадан өту мерзімдері, құны (есептері ашып көрсетілген) көрсетілген тағылымдамаға қабылдаушы шетелдік ұйымның шартсыз (қаржылық шарттар мен шет тілін талап етілетін деңгейге дейін арттыру шартын қоспағанда) шақыртуын растайтын құжаттардың көшірмесін;
      2) Жұмыс органы белгілеген және тағылымдамаға жіберген және қабылдаған ұйымдар бекіткен талаптарға сәйкес құрылған тағылымдамадан өту бағдарламасын;
      3) осы стандарттың 11.1-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырады.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың мәліметтерін уәкілетті ұйым ЭСҚ куәландырылған электрондық құжаттар нысанында Порталдың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Құжаттарды қабылдау кезінде уәкілетті ұйымның қызметкері түпнұсқалардың мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен ұсынылған мәліметтермен сәйкес келуін салыстырады, содан кейін түпнұсқаларды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.
      11.1.5 Өз бетімен түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметті алушылар мыналарды:
      1) оқу бағдарламасын, мамандығын және кезеңін көрсете отырып, академиялық оқуға шартсыз (қаржылық шарттарды және резидентурада оқуға түскен адамдар үшін шет тілін талап етілетін деңгейге дейін арттыру шартын қоспағанда) тіркелуін растайтын құжаттардың көшірмелерін және бар болған жағдайда, шетелдің жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжатты/оқу мамандығын, курсын (оқу жылын), нысанын, осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармалары бар, осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балы көрсетілген белгіленген үлгідегі анықтаманы;
      2) осы Стандарттың 11.1-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырады.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың мәліметтерін уәкілетті ұйым ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжаттар нысанында Порталдың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Құжаттарды қабылдау кезінде уәкілетті ұйымның қызметкері түпнұсқалардың мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен ұсынылған мәліметтермен сәйкес келуін салыстырады, содан кейін түпнұсқалардыны мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.
      7. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін өз бетімен түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметті алушылар мыналарды:
      1) оқу бағдарламасын, мамандығын және кезеңін көрсете отырып, академиялық оқуға шартсыз (қаржылық шарттарды және резидентурада оқуға түскен адамдар үшін шет тілін талап етілетін деңгейге дейін арттыру шартын қоспағанда) тіркелуін растайтын құжаттардың көшірмелерін және бар болған жағдайда, шетелдің жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжатты/оқу мамандығын, курсын (оқу жылын), нысанын, осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармалары бар, осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балы көрсетілген белгіленген үлгідегі анықтаманы;
      2) осы дәрежені алу үшін шетелдің жетекші жоғары оқу орнымен белгіленген мерзімдерден аспайтын шетелдің жетекші жоғары оқу орнымен келісілген жеке оқу жоспарын;
      3) осы Стандарттың 11.1-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырады.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың мәліметтерін уәкілетті ұйым ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжаттар нысанында Порталдың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Құжаттарды қабылдау кезінде уәкілетті ұйымның қызметкері түпнұсқалардың мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен ұсынылған мәліметтермен сәйкес келуін салыстырады, содан кейін түпнұсқаларды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.
      11.2 Порталға мыналарды тапсырады:
      1) мемлекеттік қызметті алушының ЭСҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұранысты;
      2) осы Стандарттың 11-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6) тармақшасында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды – сканерленген көшірмелер түрінде электронды сұранысқа бекітіледі;
      құжаттардың мәліметтері:
      3) мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын (жеке куәлік және паспорт);
      4) жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының түсімдері мен қаражат айналымдары туралы ақпарат (зейнетақы қорынан жазба).
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың мәліметтерін уәкілетті ұйым ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжаттар нысанында Порталдың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      11.2.1 Мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, тағылымдамаға үміткерлер, мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер қатарынан философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін өз бетімен түскендер санаттары бойынша конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметті алушылар мыналарды:
      1) мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұранысты;
      2) өтінімді – сканерленген көшірмелер түрінде электронды сұранысқа бекітіледі;
      3) осы Стандарттың 11.2-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырады.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың мәліметтерін уәкілетті ұйым ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжаттар нысанында Порталдың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Осы Стандарттың 11.2.1-тармағына сәйкес тапсырыс берген мемлекеттік қызметті алушыларды қоспағанда, өз бетімен түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметті алушылар мына құжаттарды тапсырады:
      1) ЭСҚ куәландырылған электрондық құжаттар нысанындағы сұраныс;
      2) осы Стандарттың 11.2-тармағында көрсетілген құжаттар;
      3) жұмыс берушіден ұсыным хат сканерленген көшірмелер түрінде электронды сұранысқа бекітіледі.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың мәліметтерін уәкілетті ұйым ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжаттар нысанында Порталдың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      ЖОО бітірушілері санаты бойынша конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметті алушылар мына құжаттарды тапсырады:
      1) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнынан тапсырыс – сканерленген көшірмелер түрінде электронды сауалға бекітіледі;
      2) өтінім жіберген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны оқу кеңесінің ұсынымын – сканерленген көшірмелер түрінде электронды сұранысқа бекітіледі;
      3) осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың мәліметтерін уәкілетті ұйым ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжаттар нысанында Порталдың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      11.2.4 Тағылымдамаларға үміткерлер санаты бойынша конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметті алушылар мына құжаттарды тапсырады:
      1) мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармалары берілген тағылымдамадан өту мерзімдері, құны (есептері ашып көрсетілген) көрсетілген тағылымдамаға қабылдаушы шетелдік ұйымның шартсыз (қаржылық шарттар мен шет тілін талап етілетін деңгейге дейін арттыру шартын қоспағанда) шақыртуын растайтын құжаттардың көшірмелері – сканерленген көшірмелер түрінде электронды сұранысқа бекітіледі;
      2) Жұмыс органы белгілеген, және тағылымдамаға жіберген және қабылдаған ұйымдар бекіткен талаптарға сәйкес құрылған тағылымдамадан өту бағдарламасы – сканерленген көшірмелер түрінде электронды сұранысқа бекітіледі;
      3) осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырады.
      Өз бетімен түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметті алушылар мыналарды:
      1) оқу бағдарламасын, мамандығын және кезеңін көрсете отырып, академиялық оқуға шартсыз (қаржылық шарттарды және резидентурада оқуға түскен адамдар үшін шет тілін талап етілетін деңгейге дейін арттыру шартын қоспағанда) тіркелуін растайтын құжаттардың көшірмелерін және бар болған жағдайда, шетелдің жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжатты/оқу мамандығын, курсын (оқу жылын), нысанын, осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармалары бар, осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балы көрсетілген белгіленген үлгідегі анықтаманы – сканерленген көшірмелер түрінде электронды сұранысқа бекітіледі;
      2) осы Стандарттың 1.2-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырады.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың мәліметтерін уәкілетті ұйым ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжаттар нысанында Порталдың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін өз бетімен түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметті алушылар мыналарды:
      1) оқу бағдарламасын, мамандығын және кезеңін көрсете отырып, академиялық оқуға шартсыз (қаржылық шарттарды және резидентурада оқуға түскен адамдар үшін шет тілін талап етілетін деңгейге дейін арттыру шартын қоспағанда) тіркелуін растайтын құжаттардың көшірмелерін және бар болған жағдайда, шетелдің жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжатты/оқу мамандығын, курсын (оқу жылын), нысанын, осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармалары бар, осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балы көрсетілген белгіленген үлгідегі анықтаманы – сканерленген көшірмелер түрінде электронды сұранысқа бекітіледі;
      2) осы дәрежені алу үшін шетелдің жетекші жоғары оқу орнымен белгіленген мерзімдерден аспайтын шетелдің жетекші жоғары оқу орнымен келісілген жеке оқу жоспарын – сканерленген көшірмелер түрінде электронды сұранысқа бекітіледі;
      3) осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырады.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың мәліметтерін уәкілетті ұйым ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжаттар нысанында Порталдың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      12. Оқу немесе тағылымдамадан өту үшін сауалнама нысандары, Жұмыс органы белгілеген өтінімдер және мемлекеттік қызметтер алу туралы басқа да ақпараттар уәкілетті ұйымның www. bolashak.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсында, уәкілетті ұйымның күту залындағы стендтерде және арнайы бағандарда орналасқан.
      Портал арқылы хабарласқан кезде өтініш иелері электронды құжат нысанында сұранысты толтыруы қажет.
      13. Құжаттарды қабылдау уәкілетті ұйымның Құжаттарды қабылдау және конкурсты ұйымдастыру бөлімінде әкеліп тапсыру арқылы жүзеге асырылады, бөлімнің мекенжайы мен телефонын www.bolashak.gov.kz электрондық поштасы «Үміткер/Байланысу» бөлімі мекенжайы бойынша уәкілетті ұйымның интернет-ресурсынан алуға болады.
      Порталға хабарласу кезінде электронды сұранысты жіберу мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Сұраныс автоматты түрде уәкілетті ұйымға – таңдап алған қызметке сәйкес адресатқа жіберіледі.
      14. Мемлекеттік қызметті алушыға:
      1) конкурстық іріктеуге рұқсат беру туралы не жеке тәртіппен қарау үшін Жұмыс органына құжаттарды жіберу туралы ақпарат;
      2) тапсырылған құжаттардың қабылдау күні мен тізбесі;
      3) құжаттарды қабылдаған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, сондай-ақ байланыс деректері, Портал арқылы байланысқан жағдайда, құжаттарды қабылдау және конкурсты ұйымдастыру бөлімінің байланысу деректерімен уәкілетті адамның электрондық цифрлы қолы бар жазба көрсетілген осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі мемлекеттік қызметті алушыға:
      1) уәкілетті ұйымда – осы Стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша әкеліп беру арқылы (мемлекеттік қызметті алушының немесе сенімхат бойынша өкілінің жеке қатысуы):
      2) порталда – мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінде» жеткізіледі.
      16. Уәкілетті ұйым осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін мемлекеттік қызметті алушы ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Уәкілетті ұйымның қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын орындау кезінде заңдылықты сақтауға негізделеді және сыпайылық, толық ақпаратты ұсыну, оның сақталуын, қорғалуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.



4. Жұмыс нәтижелері

      18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.


      19. Уәкілетті ұйым бөлімшесінің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Уәкілетті ұйым қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауға жәрдем көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті ұйымның басшысына өтініш жасайды.


      Сондай-ақ, уәкілетті ұйым қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты call-орталықтың 1414 телефоны бойынша не Порталдан алуға болады.
      21. Мемлекеттік қызметті алушылар көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, апелляцияның жоғарғы инстанциясы: 010000 Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, тел.: +77172742362 мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне (интернет-ресурс: www.edu.gov.kz), оның ішінде Портал арқылы жүгіне алады.
      22. Уәкілетті ұйымның қызметкері қызметті дөрекі көрсеткен жағдайда шағымды мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті ұйымның бірінші басшысының атына жазбаша түрде кеңсеге (104-кабинет) мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін тапсырады. Қажет болған жағдайда, мәселенің сипатына қарай қосымша құжаттар қоса беріледі.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
      24. Шағымдар қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда ауызша немесе пошта бойынша немесе электронды түрде (уәкілетті ұйымның электрондық поштасының мекенжайы: www.bolashak.gov.kz) жазбаша нысанда, не уәкілетті ұйымның кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол тапсырылады.
      25. Қабылданған шағым уәкілетті органның кіріс хат-хабарлар журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіппен қаралады. Мемлекеттік қызметті алушыға күні мен уақыты, өтінішті қабылдап алған адамның аты-жөні көрсетіліп талон беріледі.
      Шағымның қаралу нәтижелері туралы мемлекеттік қызметті алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
      26. Портал арқылы өтініш жасалған кезде: Портал арқылы электронды өтініш жіберілгеннен кейін мемлекеттік қызметті алушыға «жеке кабинеттен» уәкілетті ұйымға өтінішті өңдеу барысында жаңартылып отыратын өтініштер туралы ақпарат (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қаралуы немесе қаралудан бас тартылғаны туралы жауап) қол жетімді болады.

«Қазақстан Республикасы Президентінің 


«Болашақ» халықаралық стипендиясын  
тағайындауға арналған конкурсқа қатысу
үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік
қызмет стандартына қосымша      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет