Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауыр салмақты және iрi көлемдi көлiк құралдарының



Дата24.02.2016
өлшемі67.5 Kb.
#14874


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген


«Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауыр салмақты

және iрi көлемдi көлiк құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда)

жүрiп-тұруына арнайы рұқсат беру»

мемлекеттік қызмет стандарты



  1. Жалпы ережелер

1. «Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауыр салмақты және iрi көлемдi көлiк құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүрiп-тұруына арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша, сонымен қатар халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi – Орталық) арқылы балама негiзде осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19-7 бабының бірінші бөлімінің 16) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 51 қаулысымен бекітілген, Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесінің (бұдан әрі – Ереже) 6-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында, www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша «Мемлекеттік қызмет» бөлімінде;

2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» (бұдан әрі – РМК Орталық) республикалық мемлекеттік кәсіпорнының интернет-ресурсында, www.con.gov.kz мекенжайы бойынша;

3) ресми ақпарат көздерiнде және тiзбесi осы стандарттың  1-қосымшасында көрсетiлген Орталықтардың үй-жайларының стендттерінде орналастырылған.

Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты 1414 «электрондық үкімет» call-Орталығының ақпараттық-анықтамалық қызмет телефоны бойынша алуға болады.

5. Мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемдi көлiк құралдарының жүрiп-тұруына арнайы рұқсат беру және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемдi көлiк құралдарының жүрiп-тұруына арнайы рұқсатқа бақылау талоны (бұдан әрі – Арнайы рұқсат) қағаз тасығышта немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заң тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушылар) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

уәкілетті органға жүгінген кезде:

1) белгіленген үлгідегі өтінішті беру сәттен бастап – 5 жұмыс күні ішінде тұтынушыға Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралының жүріп өтуі үшін алым сомасын қоса Арнайы рұқсатты беру туралы хабарлама немесе Арнайы рұқсатты беруден бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі;

2) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алынатын алым сомасын тұтынушы төлеген сәтінен бастап – 2 жұмыс күні ішінде тұтынушыға Арнайы рұқсат беріледі;

3) уәкілетті органға өтінішті тапсыру кезінде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 20 минуттан аспайды;

4) уәкілетті органда Арнайы рұқсатты алу кезінде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 20 минуттан аспайды.

Орталыққа жүгінген кезде:

1) белгіленген үлгідегі өтінішті қарау мерзімі уәкілетті органға өтініш келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні (құжаттарды қабылдау және беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

2) Арнайы рұқсатты беру мерзімі уәкілетті органға төлемді құжат келіп түскен күнінен бастап 2 жұмыс күні;

3) өтінішті тапсыру кезінде кезек күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 20 минуттан аспайды;

4) өтініш жасалған күні көрсетілетін мемлекеттік қызметтің тұтынушысына ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 20 минуттан аспайды;

5) Арнайы рұқсатты алу кезінде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 20 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін ставкалар бойынша және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексімен (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүргені үшін алым төленеді.



9. Мемлекеттiк қызмет:

1) уәкiлеттi органға жүгiнген кезде:

демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, осы стандарттың 4-қосымшасына орай уәкiлеттi органның түскi үзiлiсi бар белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес аптаның 5 күнiнде көрсетiледi.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.

2) Ортылыққа жүгiнген кезде:

еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндердi қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, Орталықтың белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес күн сайын, түскi үзiлiссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн ұсынылады.

Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттiк қызмет көрсету қажеттi құжаттардың тiзбесi және оларды толтыру үлгiлерi, нормативтiк құқықтық актiлердiң деректерi (үзiндi көшiрмелерi) бар стендтермен жарақтандырылған, мүмкiндiгi шектеулi адамдарға жағдай жасалған, күту мен құжаттарды толтыруға арналған орындары бар уәкiлеттi органның ғимараттарында осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжай бойынша жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет мүмкiндiгi шектеулi тұтынушыларға қызмет көрсетуге жағдай көзделген тұтынушының тұрғылықты жерi бойынша Орталық ғимаратында да көрсетiледi. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендтер орналасқан.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі белгіленген үлгідегі өтінішті ұсынады.

12. Белгiленген үлгiдегi өтiнiштiң нысанын осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжай бойынша уәкiлеттi органның қызметкерi бередi, сондай-ақ ол ХҚКО-да күту залындағы арнайы тағанда не консультанттарда болады.

13 Белгіленген үлгідегі өтініштің нысаны осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша уәкілетті органның кеңсесіне немесе ХҚКО-ға тапсырылады.

14. Уәкiлеттi орган не ХҚКО арқылы құжаттарды қабылдау кезiнде тұтынушыға:

1) сұрау салудың нөмiрi және қабылдау күнi;

2) сұралып отырған мемлекеттiк қызметтiң түрi;

3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;

4) құжаттар берiлетiн күн (уақыт) мен орны;

5) құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған уәкiлеттi органның лауазымды адамының не ХҚКО инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлiп, тиiстi құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат берiледi.



15. Уәкілетті органда Арнайы рұқсатты лауазымдық міндеттеріне Арнайы рұқсатты рәсімдеу және беру жататын уәкілетті органның қызметкері береді.

ХҚКО-да Арнайы рұқсатты беруді ХҚКО инспекторы «терезе» арқылы жүзеге асырады.

16. Арнайы рұқсат тұтынушыға немесе уәкілетті өкіліне жеке келген кезінде жеке басын күәландыратын құжатты немесе сенімхатты ұсынуы бойынша қол қою арқылы беріледі.

17. Мемлекеттік қызмет көрсетуден мынадай жағдайда бас тартылады, егер:

1) келісуші ұйыммен тасымалдау бағытын келісуге дәлелді бас тарту бар;

2) Ереженің 17-тармағында көзделген талаптар сақталмаған;

3) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралының жүріп өтуі үшін алынатын алым сомасының болмауы.

Уәкiлеттi орган құжаттарды ресiмдеуде қателiктер анықталған, құжаттар тиiстi ресiмделмеген кезде құжаттар пакетiн алғаннан кейiн 3 жұмыс күнi iшiнде оларды ХҚКО-ға немесе қайтару себебiн жазбаша негiзден тұтынушыға қайтарады.

Құжаттар ХҚКО арқылы қайтарылған жағдайда, ХҚКО-ның қызметкерi оларды алғаннан кейiн 1 жұмыс күнi iшiнде тұтынушыны хабардар етедi және уәкiлеттi органның бас тарту себебi туралы жазбаша негiздеме бередi.

Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзiмiнде келмеген жағдайда, ХҚКО 1 ай бойы олардың сақталуын қамтамасыз етедi, содан кейiн оларды уәкiлеттi органға бередi.



3. Жұмыс қағидаттары
18. Уәкілетті органның және ХҚКО-ның қызметi адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықтың, Мемлекеттiк қызметшiлердiң ар-намыс кодексiнiң сақталуына негiзделедi және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері

 

19. Уәкілетті орган мен ХҚКО жұмысының нәтижелерi осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.



20. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызеттердiң сапасы мен тиiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын бiрiншi тоқсанда Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртібі

 

21. Мемлекеттiк қызметтi көрсету сапасы бойынша талаптар болған жағдайда лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану тәртiбiн осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген телефондар мен мекенжайлар бойынша уәкілетті органның қызметкерлерi түсiндiредi.



ХҚКО арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң сапасына талаптар болған жағдайда ХҚКО лауазымды адамдарының әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану тәртiбiн осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша ХҚКО қызметкерлерi түсiндiредi.

22. Уәкілетті орган көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету процесі бойынша апелляция Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының атына Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 1601 кабинеті, қабылдау бөлмесінің телефоны 8 (7172) 24-27-08, факс: 24-28-05, электрондық поштаның мекенжайы: ktk@mtc.gov.kz. мекенжайы бойынша беріледі.

Жұмыс кестесі бес күндік жұмыс аптасын (9.00-18.30) құрайды, оның ішінде түскі үзіліс (13.00-14.30).

ХҚКО арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет процесі бойынша апелляция ХҚКО қарамағында болатын жергiлiктi атқарушы органға берiледi.

22. Мемлекеттiк қызметтi осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша уәкілетті орган және ХҚКО арқылы осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiледi.

Мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiндегi ХҚКО жұмыс кестесi: демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейiн белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес, түскi үзiлiссiз аптасына 6 күн.

ХҚКО арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде дөрекi қызмет көрсетiлген жағдайда, шағым осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша ХҚКО басшысының атын берiледi.

24. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.

25. Шағым еркін нысанда жазылады. Қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалардың өтiнiштерiн есепке алу журналында тiркеледi. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат күнi мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, жасалған шағымға жауап алу мерзiмi мен орны және шағымды қарауға жауапты лауазымды адамның байланыс деректерi көрсетiлген талон болып табылады.

Шағымды қарау нәтижелерi туралы тұтынушыға «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабына сәйкес жазбаша түрде пошта не электрондық пошта арқылы хабарланады.

26. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң сенiм телефоны: 8 (7172) 24-29-09.



_________________________




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет