Жасыл қалам
Оқушыларға жұмыстарын тексеріп, белгі қою үшін жасыл түсті
қалам беріңіз. Бағалауға келгенде бастапқы жазбаға емес,
оқушылардың жазған ескертулеріне көп көңіл бөліңіз.
Қатені анықтау
Жұмыстарды бағалап болған соң, оқушылар қатені табу үшін
келесі сабақты жазып кездесетін қателерді жазудан бастаңыз.
Жазуда жіберілген қателермен бірге анағұрлым күрделі
түсінбестіктерді қарастыруға болады.
Серіктесті
таңдаңыз
Оқушыларға кері байланыс алу жəне ұсыну қолайлы болатын
серіктес таңдауға рұқсат етіңіз.
Дыбыстау
Оқушыларға өздерінің жұмыстарын іштей (сыбырлап) оқып
шығуын сұраңыз. Бұл өздерінің қателіктерін жылдам тауып,
оларды түзетуге көмектеседі.
Кері байланысқа
жауап беруге уақыт
бер
Жазбаша жұмысты қайтарып бергенде, оқушыларға сіздің
ескертпелеріңізді оқуға/тыңдауға жəне ойлануға уақыт беріңіз.
«Күту уақыты» ұғымын білім саласында қолдануды əуелде Роуи
ойлап шығарған (1972). Стахл (1985) «күту уақыты» кезінде
ойлану қажет екендігіне көңіл аудару үшін «ойлану уақыты»
деген ұғымды қолданды.
Оның шарты – ойлануға уақыт бергеннен кейін кемдегенде үш
секунд кідіру. Себебі бұл уақыт көлемі ғылыми жаңалық ашуға
жеткілікті деп саналады: кем дегенде 3 секундтан кейін
оқушылар мен мұғалімдермен сан түрлі жағымды оқиғалар
болып жатады.
Сол қол/оң қол
Оқушылар жауап беру үшін əртүрлі қимылды қолданады
(мысалы, ұнайтынын не ұнамайтынын, келісетінін не
келіспейтінін, рас не өтірік екенін көрсету үшін)
«20 секунд» əдісі
Ұстаз арнайы сұрақтар жасырады жəне ойлануға 20 сек. уақыт
береді. Қолданылатын əдіс оқушылардың өз жауаптарын ой
елегінен өткізіп, нақты жауап берулері үшін жасалынады. Бұл
əдіс барысында сұрақ айтылып болған соң бірден алғашқы
секундтардан кейін зерек 4- 6 оқушының жауабы тыңдалып,
олардың тез ойлау қабілетін дамытады. Орта жəне жоғары
сынып оқушыларына өз жауаптарын қағаз бетіне түсіртеді,себебі
ауызша жауап берсе бір-бірінің ойын бөліп, бөгет жасаулары
мүмкін. Басқа да əдістер сияқты оқушылардың жауабын
нақтылау үшін ұстаз «Неге? Не себепті? Қалай?»- деген
сұрақтарды қояды. Ұстаз бұл сұрақтарды тек дұрыс жауап
бермегендерге ғана емес, сонымен қатар дұрыс жауап
бергендерге де қоюды естен шығармауы керек. Бұл
оқушылардың білімі мен бағасын айқындай түсу үшін
жасалынады.
Достарыңызбен бөлісу: |