Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі «Кəсіпқор» Холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 стратегия: Жазбаша жұмыстарды топтық бағалау



Pdf көрінісі
бет25/85
Дата05.06.2022
өлшемі1.55 Mb.
#458973
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   85
Критериалды бағалау технологиясы

стратегия: Жазбаша жұмыстарды топтық бағалау 
Бұл тапсырма бір-бірінің жұмысын бағалау үшін оқушыларды жұпқа 
бөлер алдындағы дайындық кезеңі ретінде қаралуы мүмкін. Ол 
бағалайтындарға да, сондай-ақ бағаланатындарға да барынша аз жүк 
салады.Сабақтан бірнеше жұмысты таңдап алыңыз– ол кез келген нəрсе болуы 
мүмкін, мəселен, сурет немесе жазбаша жұмыс, т.б., дегенмен аталған кезеңде 
сіздің пікіріңіз бойынша осы сабақ үшін табыс критерийіне барынша жауап 
беретін жұмысты таңдау маңызды. Жұмыстың авторы кім екені белгісіз 
екендігіне көз жеткізіңіз. Егер де сізде жұмысты барлық сыныпқа көрсетуге 
мүмкіндік болса, онда оқушыларға оны көрсетіңіз жəне жұппен жұмыс істей 
отырып, өз идеяларын ұсынуды сұраңыз. Бұл мүмкін болмаса, онда 4 адамнан 
тұратын топтарға жұмыстың көшірмелерін таратасыз. Оқушыларға өз 
пікірлерін айтуға жəне ұсынылған жұмысқа қатысты пікірлерді талқылауға 
уақыт берген маңызды[16]. 
Оқушыларға сіздің тəлімгерлігіңіз қажет болады:
1) Осы сабақ үшін оқытудың мақсаттары жəне табыс критерийлері 
туралы естеріне салыңыз (немесе алға қойылған нəтижелер туралы).
2) Неге назар аудару қажет екендігін көрсетіңіз. Бұл жағдайда нақты 
жұмыс бойынша ерекше мысалдар келтіруге болады, бірақ олардың жұмысты 
əрбір табыс критерийіне сəйкес қалай бағалайтынын естіген маңызды;
3) Оқушылар тапсырманы орындағаннан кейін (одан ерте емес), сіз 
олардан жұмыс сапасына жалпы баға беруді сұрай аласыз.
4) Оқушылардың осы пəн немесе тақырып бойынша алдағы жұмысты 
жақсарту үшін нені қолдану қажеттігін нақты көруі ерекше маңызды.
Бұл қиын тапсырма жəне оқушыларға тиісті нұсқаулықтар мен ақыл-
кеңес беруді қажет етеді, əсіресе олар жұмысты тек мұғалім ғана бағалай 
алады деп есептейтін болса, оларға қолдау қажет болады. Бұл үдерістің мəні 
оқушылар өз жұмысын орындау барысында пайдалану үшін оларға жұмысты 
жақсартудың жолдары мен амалдарын талқылауға мүмкіндік беру болып 
табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет