Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ұлттық тестілеу орталығы жалпы орта білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау



Дата24.02.2016
өлшемі148 Kb.
#17074


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ
ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН

МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАЦИЯЛАУ
СҰРАҚ-КІТАПШАСЫ
9-СЫНЫП

3203-НҰСҚА

Сектор 3

3


2

0

3





























Аты жөні ___________________________________________________________________
Қала (облыс) _______________________________________________________________
Аудан ______________________________________________________________________
Мектеп _______________________________________Сынып ______________________
Оқушының қолы____________________

2015-2016



НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

  1. Сұрақ-кітапшасы Қазақ тілі, Физика, Қазақстан тарихы пәндерінің тест тапсырмаларынан тұрады.

  2. Тест сынағына берілген уақыт – 90 минут (1,5 сағат).

  3. Жауап беру кезінде кез келген пәннен бастауға болады.

  4. Тапсырмада берілген бес жауаптың біреуі ғана дұрыс.

  5. Таңдаған жауабыңызды жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеңіз.

  6. Жауап парағында көрсетілген секторларды мұқият толтырыңыз.

  7. Есептеу жұмыстары үшін сұрақ-кітапшасының бос орындарын пайдалануға болады.

  8. Тест сынағы біткен соң сұрақ-кітапшасы мен жауап парағын аудитория кезекшісіне өткізу қажет.


Сынақ кезінде:

  • аудиториядан рұқсатсыз шығуға;

  • орын ауыстыруға;

  • сұрақ-кітапшасын ауыстыруға, көшіруге;

  • тест мазмұнын және дұрыс жауаптар кілттерін табатын мәліметті пайдалануға;

  • ақпараттық мәліметтер, электронды жазба кітапшаларын, калькулятор, ұялы телефондар, пейджерлер және басқа да байланыс құралдарын қолдануға

қатаң тыйым салынады.
Қазақ тілі


1. Бірыңғай мүшеден болған пысықтауыш

A) Туыстарын, жолдастарын сырттан таныстырды.

B) Мұнда бір жеңіл салқындық, кең тыныс бар.

C) Бәкен қуанған да, ренжіген де жоқ еді.

D) Ол жолдасының сөзін мұқият әрі құмарланып тыңдады.

E) Қайғы-уайымсыз, күмістей таза күлкі естіледі.







2. Дара, мезгіл пысықтауыш қатысқан сөйлем

A) Түн бойы аяз қаһарына мінді.

B) Жақып өзенге таман жүріп келеді.

C) Көктемде құлпырады ой менен қыр.

D) Осында үлкен шаруамен келіп отырмын.

E) Шайдан соң тайымды ерттедім.







3. Баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болып тұратын сөйлем

A) Белгісіз жақты сөйлем.

B) Жақты сөйлем.

C) Белгілі жақты сөйлем.

D) Жақсыз сөйлем.

E) Жалпылама жақты сөйлем.







4. Сөйлемдегі пысықтауыштардың түрін табыңыз.

Алпамыс биыл мектепке барады.

A) Мезгіл, мекен пысықтауыш

B) Мөлшер, мекен пысықтауыш

C) Мақсат, амал пысықтауыш

D) Себеп, мөлшер пысықтауыш

E) Мезгіл, амал пысықтауыш







5. Сөйлем мүшесі бола алмайтын сөзі бар қатарды табыңыз.

A) Аттар тұралап қалды.

B) Соқашының бар уайымы – аттары.

C) Ол үшін ренжіме, күнім.

D) Дүр етіп бозторғай ұшты.

E) Жұмыс бастан асып жатыр.







6. Толымсыз сөйлем

A) Аллаһ сүйген құлына ғана сынақ жібереді.

B) Мен оны көтеруге тиістімін.

C) Адамдықты ешқашан ұмытпаймын.

D) Мені қолдаған адамдарға мен ризамын.

E) Бұл-өмірдің сынағы.







7. Салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің байланысу жолы.

A) Үш.


B) Екі.

C) Төрт.


D) Бір.

E) Бес.






8. Хабарлы сөйлем қатыспаған қатар

A) Сейіт күтпеген сөзге селк етті

B) Кешігіп қалмайық, жылдам жинал

C) Жым-жырт түнді шегіртке шырылы ғана мазалайды

D) Оған қыздың сыңғыр күлкісі қосылды

E) Даңғыр еткен дыбыс шықты







9. Күрделі бастауыштың жасалу жолы

Арал теңізі шалқып тасып өз кемеріне толуда

A) Тәуелдеулі сын есімдерден.

B) Заттанған күрделі сын есімнен.

C) Күрделі зат есімнен

D) Қабыса байланысқан сын есімдерден.

E) Тәуелдеулі есімдіктер тобынан.







10. Екі зат есім атау күйінде қатар келгенде, алдыңғысының қандай сөйлем мүшесі болатындығын анықтаңыз.

A) Анықтауыш.

B) Баяндауыш.

C) Пысықтауыш.

D) Толықтауыш.

E) Бастауыш.







11. Құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар идиомалы жақсыз сөйлем

A) Абайдың ұғына түскісі келді.

B) Енді сізге айтуға тура келді.

C) Енді біраздан кейін көз байлануға айналды.

D) Нені айтып отырғанын түсініп болмайды.

E) Біздің ашық сөйлесуіміз керек.







12. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтастың баяндауышының жасалу жолы.

Абай Дәндібай сөзінен жақсы пейілді аңғарса да, ол кезде көмектерін алмаған-ды.

A) Шартты райдың болымсыз түрінен.

B) Есімшеге-ша, -ше жұрнағының жалғануы арқылы.

C) Шартты райлы етістікке де шылауының жалғасып келуі арқылы.

D) Есімшеге көмектес септік жалғауының қосылуы арқылы.

E) -а,-е,-й жұрнақты көсемшеден.







13. Тұрлаусыз мүшелердің болу - болмауына қарай жай сөйлемдердің бөлінуін көрсетіңіз.

A) Толымды, толымсыз.

B) Атаулы.

C) Жалаң, жайылма.

D) Жай, құрмалас.

E) Жақты, жақсыз.








14. Сабақтастың түрі

Дәмді жеміс іздедім,

Бойы өссін деп баланың.

Дәмді сөзді іздедім,

Ойы өссін деп баланың.

A) Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас.

B) Мезгіл бағыныңқылы сабақтас.

C) Мақсат бағыныңқылы сабақтас.

D) Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас.

E) Шартты бағыныңқылы сабақтас.







15. Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

A) Ұзақ жолдан қонақтар шаршамасын деп, әдейі жай жүріп келдік.

B) Еңбекқор жәндікте үрей, қорқыныш жоқ.

C) Көктем күшіне еніп, бүкіл дала құстардың әсем үніне бөленді.

D) Әлім ақсақал жорғаны маған сыйласа, мен жорғаны саған сыйладым.

E) Биыл жаз құрғақшылық болғандықтан, егін еккен шаруалардың көңіл күйлері мәз емес-ті.







16. Төл сөзді сөйлемді табыңыз.

A) Тәттімбеттің «Сылқылдақ», «Былқылдақтардан» басталған күйлері бір-біріне тетелес-ті.

B) – Алысқа дейсің бе? Қайда барады сонда? - деді Төлеутай таңырқап.

C) Бұл ғасыр – өркениет ұландары ғарыш көгіне саяхат жасау үшін көтерілетін XXI ғасыр.

D) Жамбыл өз шығармашылығында Сүйінбайды пір тұтатынын айтып отырған.

E) Сағынай асына жиналған Арқаның өңкей атақты әнші, ақындары осында.







17. Қыстырма сөз қатысқан сөйлем

A) Екінші, ел алатын тәсілді айттыңыз.

B) Мен саған бірдеңе айтпақшы едім.

C) Оның кешігіп жүруі мүмкін емес.

D) Бала кезде естіген әңгімелерім әлі есімде.

E) Екінші күні жолдың жартысына келдік.







18. Тек жалғаулық шылау арқылы байланысатын салалас құрмалас.

A) Талғаулы

B) Шартты

C) Қарсылықты

D) Ыңғайлас

E) Себеп-салдар







19. Төл сөз қатыспаған сөйлемді көрсетіңіз.

A) Сыннан сүріндірмес қос қанатың – білімің мен парасатың.

B) «Жетелі ер адаспас – бағзыдан қалған із бар ғой», - деген екен Әйтеке би.

C) «Хан әділ болса – халық ынтымақты болады», - дейді Майқы би.

D) Үмбетей жырау: «Сырт тазасы не керек, тазарт әуел ішіңді»,- демеп пе еді?

E) – Жігіттің неше жұрты бар?- деп сұрайды.







20. Төлеу сөзді сөйлемді табыңыз.

A) – Жігіт! - деді Асқар, – е, бәсе, сөйтші!

B) Жолаушы Қарағандыдан түсетінін айтты.

C) Екіжүзділіктің балын татқаннан әділдіктің ащы уын ішкен артық.

D) – Мынау аттан түсіп жатқан кім? – деді Шұға.

E) Екі жақтың кісілері Төле би мен Қазыбекке жүгініседі.





Қазақ тілі пәнінен сынақ аяқталды

Физика


1. Жылулық тепе-теңдік баланс теңдеуі ... негізінде жазылады

A) инерция

B) энергияның сақталу заңы

C) импульстің сақталу заңы

D) бүкіл әлемдік тартылыс заңы

E) электр зарядының сақталу заңы







2. Сұйықтың кебу жылдамдығы оның

A) тығыздығына және көлеміне тәуелді.

B) температурасына және массасына тәуелді.

C) көлеміне және массасына тәуелді.

D) температурасына және бетінің ауданына тәуелді.

E) көлеміне және бетінің ауданына тәуелді.







3. Ток күшінің өлшем бірлігі

A) Джоуль.

B) Ом.

C) Ватт.


D) Вольт.

E) Ампер.







4. Массасы 200 г қорғасын кристалданғанда қоршаған ортаға бөліп шығаратын жылу мөлшері (λқ = 250 кДж/кг)

A) 40 кДж

B) 50 кДж

C) 10 кДж

D) 30 кДж

E) 20 кДж







5. Будың сұйыққа айналу құбылысы

A) Ылғалдану.

B) Конвекция.

C) Диффузия.

D) Булану.

E) Конденсация.







6. Қатты денелердегі кебу процесі

A) тек жоғары температурада ғана буланады

B) буланбайды, буланады тек сұйықтар

C) буланбайды, себебі молекулалар бірін-бірі күшті тартады

D) тек қалыпты атмосфералық қысымда ғана

E) кез-келген температурада







7. Көлемі 2 л сұйықты 20 0С-қа қыздыру үшін 150000 Дж энергия қажет болды. Сұйықтың меншікті жылу сыйымдылығы (ρ = 1,5 г/см3)

A) 2000 Дж/кгºС

B) 1800 Дж/кгºС

C) 2500 Дж/кгºС

D) 5400 Дж/кгºС

E) 2700 Дж/кгºС







8. Массасы 200 г бензин жанғанда бөліп шығаратын жылу мөлшері

(qб = 46 МДж/кг)

A) 10 МДж

B) 2,22 МДж

C) 9,2 МДж

D) 7 МДж


E) 5,5 МДж





9. Автомобиль қозғалтқышы бензин жаққан кезде 1 мин ішінде 12 МДж энергия бөледі. Қозғалтқыштың орташа қуаты 48 кВт. Қозғалтқыштың ПӘК-і

A) 24 %


B) 45 %

C) 30 %


D) 48 %

E) 40 %






10. Балқу температурасында алынған 8 кг қорғасынның кристалдануы кезінде бөлінетін жылу мөлшері

A) 100 кДж.

B) 500 кДж.

C) 200 кДж.

D) 250 кДж.

E) 400 кДж.







11. Алюминий ерітіндісінен 5 сағ ішінде 2 А токты өткізеді. Электродта бөлінген алюминийдің массасы (k=9,32·10-8 кг/Кл)

A) ≈3,36 г

B) ≈4,45 г

C) ≈9 г


D) ≈5,66 г

E) ≈11,5 г







12. Суы бар пробирканы тығынмен жауып, қыздыратын болсақ, су қайнайды. Пайда болған бу күшпен тығынды итеріп шығарады. Тығын ұшып шыққан кезде будың ... тығынның ... айналады

A) потенциалды энергиясы, кинетикалық энергиясына

B) ішкі энергиясы, потенциалды энергиясына

C) ішкі энергиясы, кинетикалық энергиясына

D) потенциалды энергиясы, ішкі энергиясына

E) кинетикалық энергиясы, потенциалды энергиясына







13. Көмір жанған кезде 16 кДж энергия бөледі. Осы энергияның есебінен жез ыдыс 80°С-қа өзгереді. Егер энергия шығынын ескермесек, ыдыстың массасы (сж = 400Дж/кг·ºС)

A) 5 кг


B) 2 кг

C) 1 кг


D) 3 кг

E) 0,5 кг







14. Температурасы 10оС-тағы суға, температурасы -10оС-тағы мұзды салды. Егер жылулық тепе-теңдік 0 оС болса, мұз ерімейді. Мұздың массасының судың массасынан ерекшелігі (смұз = 2100 Дж/кг∙ºС, ссу = 4200 Дж/кг∙ºС)

A) 0,7 есе

B) 1,9 есе

C) 0,5 есе

D) 1,5 есе

E) 2,5 есе







15. Стақанда массасы 100 г, температурасы 20 °С-тағы су болды. Оған температурасы 80 °С-тағы 50 г су құйды. Сулар араласқаннан кейінгі тұрақтыланған температура (стақанның жылусыйымдылығын және жоғалтқан жылу ескерілмесін)

A) 72 °С


B) 50 °С

C) -40 °С

D) 35 °С

E) 40 °С






16. Біртекті ортада жарық

A) қисық сызықты бірқалыпты емес таралады

B) кейде түзу сызықты, кейде қисық сызықты таралады

C) қисық сызықты бірқалыпты таралады

D) түзу сызықты бірқалыпты емес таралады

E) түзу сызықты бірқалыпты таралады







17. Адам көзінің көз торламасында анық кескін беретін қасиеті

A) жақыннан көргіштік.

B) ассимиляция.

C) алыстан көргіштік.

D) рекомбинация.

E) аккомодация.







18. Жарық сәулесі бір ортадан екіншіге өткенде – түсу бұрышы , сыну бұрышы . Екінші ортаның біріншімен салыстырғандағы салыстырмалы сыну көрсеткіші

A) 2


B)

C)

D)

E) 0,5






19. Линзаның оптикалық күшінің өлшем бірлігі

A) Дж


B) м

C) дптр


D) Н

E) м2







20. Күннің құрамындағы заттар

A) сутегі, гелий

B) көміртегі, сутегі

C) оттегі, сутегі

D) көміртегі, гелий

E) оттегі, гелий





Физика пәнінен сынақ аяқталды

Қазақстан тарихы


1. Кіші жүздің соңғы ханы:

A) Жантөре

B) Айшуақ

C) Жәңгір

D) Шерғазы

E) Арынғазы







2. 1822 жылы «Сібір қазақтарының Жарғысының» басты мақсаты:

A) Мәдени орталықтардың санын көбейту

B) Денсаулық сақтау жүйесін орнату

C) Суландыру жүйесін жүргізу

D) Ауылдардың санын көбейту

E) Әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту







3. Шоқан Уәлихановтың досы, көрнекті орыс жазушысы:

A) Леонтьев

B) Белинский

C) Герцен

D) Долгополов

E) Достоевский







4. XIX ғасырдың 50 жылдарында Сыр бойы қазақтарының көтерілісін басқарған батыр

A) С.Түркебайұлы

B) Есет батыр

C) А.Қожайұлы

D) Ж.Тіленшіұлы

E) С.Қасымұлы







5. Есет батыр өз еркімен патша билігін мойындады:

A) 1855 жылы

B) 1860 жылы

C) 1856 жылы

D) 1857 жылы

E) 1858 жылы







6. Ресей мен Қытай арасындағы Петербург келісімшарты жасалған жыл

A) 1881 жылы

B) 1867 жылы

C) 1851 жылы

D) 1825 жылы

E) 1845 жылы







7. ХІХ ғасырда қоныстандыру саясаты толық қамтыған облыс:

A) Жетісу

B) Ақмола

C) Сырдария

D) Омбы

E) Петропавл







8. «Орынбор өлкесінің топографиясы» («Орынбор губерниясының топографиясының немесе сипаттамасы»), «Орынбор тарихы» еңбектерінің авторы:

A) П.И.Рычков

B) И.Г.Георги

C) И.Д.Бухгольц

D) Г.Ф.Миллер

E) М.В.Ломоносов







9. 1715-1720 жылдары патша өкіметінің Ертіс бойына әскери бекіністер салудағы басты мақсаты:

A) Жоңғар шабуылына тосқауыл қою

B) Қазақ өлкесінде қала мәдениетін дамыту

C) Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу

D) Қазақ жерін Қытайдан қорғау

E) Орта Азия шапқыншылығынан қорғау







10. Қазақ халқының ағарту ісінің ұйымдастырушысы болған қайраткер

A) А. Құнанбаев

B) С. Гросс

C) А. Байтұрсынов

D) Е. Михаэлис

E) Ы. Алтынсарин







11. 1773 жылы 17-18 қарашада Усиха өзені бойында Е.Пугачевке жолыққан Нұралы ханның арнайы өкілі

A) Айшуақ

B) Ералы

C) Сейдалы

D) Зәбір

E) Досалы







12. «Орынбор қазақтарының Жарғысы» шыққан жыл:

A) 1818 ж.

B) 1824 ж.

C) 1822 ж.

D) 1820 ж.

E) 1825 ж.







13. 1853 жылы Ресей басып алған Қоқан бекінісі

A) Ақмешіт

B) Таушүбек

C) Пішпек

D) Қазалы

E) Райым







14. Е.Пугачев әскерімен бірге Орынборда қоршауға қатысқан қазақтар саны

A) 350


B) 250

C) 150


D) 50

E) 200






15. «Торғай облысы. Тарихи очерк» еңбегінің авторы:

A) П.Кошаров

B) О.Федченко

C) Н.Хлудов

D) А.Добросмыслов

E) Б.Смирнов







16. Е.Пугачевті ашық қолдап, оған қарулы топ жіберген Кіші жүз сұлтаны

A) Нұралы

B) Сейдалы

C) Ералы


D) Досалы

E) Айшуақ







17. Шоқан Уәлихановтың корнет офицерлік атағын алған жыл

A) 1855 ж.

B) 1856 ж.

C) 1853 ж.

D) 1854 ж.

E) 1857 ж.







18. 1791 жылы Орск қаласының маңында Кіші жүз ханы болып сайланды:

A) Ералы


B) Есім

C) Абылай

D) Нұралы

E) Айшуақ







19. І Павел Бөкей Ордасын құру туралы арнайы жарлық шығарды:

A) 1818 ж

B) 1801 ж

C) 1815 ж

D) 1823 ж

E) 1836 ж







20. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс болды:

A) 1773-1775 жж

B) 1836-1838 жж

C) 1783-1797 жж

D) 1837-1847 жж

E) 1856-1858 жж





Қазақстан тарихы пәнінен сынақ аяқталды




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет