Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ұлттық тестілеу орталығы жалпы орта білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау



Дата24.02.2016
өлшемі137.51 Kb.
#17108


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ
ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН

МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАЦИЯЛАУ
СҰРАҚ-КІТАПШАСЫ
9-СЫНЫП

3201-НҰСҚА

Сектор 3

3


2

0

1





























Аты жөні ___________________________________________________________________
Қала (облыс) _______________________________________________________________
Аудан ______________________________________________________________________
Мектеп _______________________________________Сынып ______________________
Оқушының қолы____________________

2015-2016



НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

  1. Сұрақ кітапшасы Қазақ тілі, Физика, Қазақстан тарихы пәндерінің тест тапсырмаларынан тұрады.

  2. Тест сынағына берілген уақыт – 90 минут (1,5 сағат).

  3. Жауап беру кезінде кез келген пәннен бастауға болады.

  4. Тапсырмада берілген бес жауаптың біреуі ғана дұрыс.

  5. Таңдаған жауабыңызды жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеңіз.

  6. Жауап парағында көрсетілген секторларды мұқият толтырыңыз.

  7. Есептеу жұмыстары үшін сұрақ кітапшасының бос орындарын пайдалануға болады.

  8. Тест сынағы біткен соң сұрақ кітапшасы мен жауап парағын аудитория кезекшісіне өткізу қажет.


Сынақ кезінде:

  • аудиториядан рұқсатсыз шығуға;

  • орын ауыстыруға;

  • сұрақ кітапшасын ауыстыруға, көшіруге;

  • тест мазмұнын және дұрыс жауаптар кілттерін табатын мәліметті пайдалануға;

  • ақпараттық мәліметтер, электронды жазба кітапшаларын, калькулятор, ұялы телефондар, пейджерлер және басқа да байланыс құралдарын қолдануға

қатаң тыйым салынады.
Қазақ тілі


1. Баяндауышы -қы,-ғы,-кі,-гі жұрнақты қалау райлы етістіктен жасалатын сөйлем

A) Белгілі жақты сөйлем.

B) Жақсыз сөйлем.

C) Жақты сөйлем.

D) Белгісіз жақты сөйлем.

E) Жалпылама жақты сөйлем.







2. Сөйлемдегі пысықтауыштардың түрін табыңыз.

Алпамыс биыл мектепке барады.

A) Мөлшер, мекен пысықтауыш

B) Себеп, мөлшер пысықтауыш

C) Мақсат, амал пысықтауыш

D) Мезгіл, мекен пысықтауыш

E) Мезгіл, амал пысықтауыш







3. Сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің атқаратын қызметі.

Ана тілін ардақтау, тілді құрметтеу – әр азаматтың парызы.

A) Бірыңғай бастауыш.

B) Бірыңғай пысықтауыш.

C) Бірыңғай толықтауыш.

D) Бірыңғай баяндауыш.

E) Бірыңғай анықтауыш.







4. Лепті сөйлем

A) Бүгінше ешқайда шықпа

B) Бет-аузын тұмшалап алыпты

C) Жайшылық па жеңеше

D) Маған не жұмыс тапсырасыз

E) Сізді көргеніме шексіз қуаныштымын







5. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас түрлері

A) Екеу


B) Төртеу

C) Алтау


D) Үшеу

E) Бесеу






6. Толымсыз сөйлем

A) Бұл-өмірдің сынағы.

B) Мен оны көтеруге тиістімін.

C) Аллаһ сүйген құлына ғана сынақ жібереді.

D) Мені қолдаған адамдарға мен ризамын.

E) Адамдықты ешқашан ұмытпаймын.







7. Сабақтастың түрі

Бір елді бір ел жақсы білсе, жақсы өнегесін де алар еді.

A) Мақсат бағыныңқылы сабақтас.

B) Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас.

C) Мезгіл бағыныңқылы сабақтас.

D) Себеп бағыныңқылы сабақтас.

E) Шартты бағыныңқылы сабақтас.







8. Салдар мәнді жай сөйлемі бұрын орналасқан себеп-салдар салалас

A) Ол мені қатты сыйлады, оны ұмыту оңай емес.

B) Кейін қайта алмаймыз: өткел тосатын уақыт жоқ.

C) Мезгіл кешкіріп кетті, амалсыз қонуға тура келді.

D) Сізді ешкім шақырған жоқ, сіз бармайсыз.

E) Географиялық картада ондай ат жоқ, оларды кінәлауға болмайды.







9. Анықтауышы есімшеден болған сөйлемді көрсетіңіз.

A) Бүгін бұл сөздерде жарық сәуле елесі бар.

B) Күйінген дауыстары көтеріліп, шуға айналды.

C) Әркім де татқан шығар тәтті дәмін.

D) Қазір жұмыстың ауыры да, асығысы да осы.

E) Алмасы Алатаудың көпке мәлім.







10. Жақсыз сөйлем

A) Эпитет – заттың не құбылыстың айрықша сипатын білдіретін суретті сөз.

B) Бұл алқаптың шөбін шабуға болмайды.

C) Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді.

D) Көркем әдебиетте тұрақты эпитеттер жиі қолданылады.

E) Күншіл күнде күңіренеді.








11. Талғаулы салалас құрамындағы жай сөйлемдердің байланысатын шылаулар қатары

A) Бірде, сонда да, да.

B) Себебі, өйткені, және.

C) Я, әлде, немесе.

D) Алайда, неге десеңіз.

E) Әйтсе де, сондықтан, де.







12. Үтірдің қойылу себебін табыңыз.

Мектепте бәріміз атақты жазушымен, Әзілхан Нұршайықовпен, кездесу ұйымдастырмақшы болдық.

A) Бірыңғай толықтауыш

B) Қаратпа сөз

C) Бірыңғай мүше

D) Қосарланған айқындауыш

E) Оңашаланған айқындауыш







13. Қосарлы айқындауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.

A) Кішіпейілділік – кішілік емес, кісілік.

B) Ағалы-інілі екеуі бірінен-бірі аумайды ғой.

C) Партизан-жазушының ауылындағы мұражайға бардық.

D) Жаман жолдас жолдасын жолда қалдырар.

E) Адамның өзі жетпеген жерге сөзі жетеді.







14. Бастауышы тұрақты тіркестен болған сөйлемді табыңыз.

A) Бөлінбеген бір белдің кеудесі үшін түс шайысу тіпті жол емес.

B) Уақытында Шұғаның әңгімесін бұл өлкенің бәрі біліп болып еді.

C) Қасымда Мырзағазы және екі-үш тарантасты серіктерім бар.

D) Біз болсақ бес-алты қырқаны сыртынан бағып отырмыз.

E) Білегі жуан бірді жығар, білімі толық мыңды жығар.







15. Кезектес салалас құрмалас сөйлем.

A) Оған бастық көнбеді, тіпті ашуға булығатынды шығарды.

B) Өкпесі қара қазандай болғаны сонша, кездеспеуді жөн санады.

C) Мен қоштасып, өз вагоныма кеттім.

D) Біресе оны кинодан көресің, біресе жарқырап телехабар жүргізіп тұрады.

E) Тілін тапсаң, онымен ымыраға келуге болады.







16. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.

A) Шіркін Көкшетау! Шіркін дүниеде сендей де жер бар ма екен!

B) Шіркін, Көкшетау. Шіркін дүниеде сендей де жер бар ма екен.

C) -Шіркін, Көкшетау, Шіркін дүниеде сендей де жер бар ма екен?

D) -Шіркін, Көкшетау? Шіркін дүниеде сендей де жер бар ма екен...

E) -Шіркін, Көкшетау! Шіркін дүниеде сендей де жер бар ма екен!?







17. Одағай сөз қатыспаған қатар.

A) – Япыр-ай, сонау шалғайдан жаяу келдің бе?

B) – Уһ, кішкене бел жазайыншы...

C) Ол, меніңше, өте сыпайы бала.

D) – Е, бәрекелді, үйірімен үш тоғыз!

E) – Мұны бастаған кім, ә?







18. Үтірдің қойылу себебін белгілеңіз.

- Жаңыл, қарағым, айтқызбасты айтқыздың-ау!

A) Айқындауыш мүше

B) Қыстырма сөз

C) Бірыңғай мүше

D) Одағай сөз

E) Қаратпа сөз







19. Төл сөздің баяндауышы етістіктің бұйрық райынан болғанда, төлеу сөзге айналғандағы етістіктің түрі

A) Есімшеге.

B) Тұйық етістікке.

C) Өздік етіске.

D) Көсемшеге.

E) Өзгелік етіске.







20. Төл сөзбен байланысты айтылған сөйлеушінің өз сөзі қалай аталатындығын көрсетіңіз.

A) Оқшау сөз.

B) Автор сөзі.

C) Бөгде сөз.

D) Төл сөз.

E) Төлеу сөз.





Қазақ тілі пәнінен сынақ аяқталды

Физика


1. Газ шексіз ұлғаюы мүмкін, себебі

A) молекулалар арасындағы тартылыс күштері әлсіз болғандықтан газ молекулаларын ұстап тұра алмайды

B) газдар өте жеңіл

C) газ молекулаларының ара қашықтығы аса үлкен емес

D) газ молекулалары хаосты және үздіксіз қозғалады және бірін-бірі күштірек тартады

E) газ берілген көлемді толық толтырмайды







2. Электролиттен 5 А ток өткенде электродта 10 мин ішінде 0,6 г зат бөлінді. Заттың электрохимиялық эквиваленті

A) 2·10-7 кг/Кл

B) 5·10-7 кг/Кл

C) 2·10-5 кг/Кл

D) 2·107 кг/Кл

E) 4·10-7 кг/Кл







3. Өткізгіштен 0,40 А ток күші өткенде, өткізгіштің ұштарындағы потенциалдар айырымы 8,0 В болады. Өткізгіштің кедергісі тең

A) 32 Ом


B) 50 Ом

C) 5 Ом


D) 3,2 Ом

E) 20 Ом






4. Булану кезінде энергия

A) Бөлінеді.

B) Өзгермейді.

C) Жұтылады.

D) Бөлінеді, содан соң жұтылады.

E) Жұтылады, содан соң бөлінеді.







5. Электр өрісінің күштік сипаттамасы

A) Кернеу

B) Кернеулік

C) Кедергі

D) Магнит ағыны

E) Ток күші







6. Өткізгіштердегі токтардың бағыты бірдей болса, олар

A) тебіледі

B) алдымен тартылады, кейін тебіледі

C) тартылады

D) әрекеттеспейді

E) алдымен тебіледі, кейін тартылады







7. Электромагниттік индукция құбылысын ашқан

A) Фарадей

B) Ньютон

C) Галилей

D) Лоренц

E) Ампер






8. Өткізгіштердегі токтардың бағыты қарама-қарсы болса, олар

A) тартылады

B) тебіледі

C) алдымен тартылады, кейін тебіледі

D) алдымен тебіледі, кейін тартылады

E) әрекеттеспейді







9. Магнитті катушкаға енгізген кезде, катушкада ток пайда болады. Бұл құбылыс

A) электролиттік диссоциация

B) термоэлектрондық эмиссия

C) электромагниттік тербелістер

D) электромагниттік эмиссия

E) электромагниттік индукция







10. Шамға қосылған амперметрдің көрсетуі 0,1 А. Желіге тағы да бір сондай шам тізбектей қосылса, амперметрдің көрсетуі

A) 0,2 А.

B) 0,1 А.

C) 0,02 А.

D) 0,05 А.

E) 10 А.






11. Стақанға толтыра су құйылған және суда мұз кесегі жүзіп жүр. Мұз еріген кезде

A) стақандағы су деңгейі жоғарылайды

B) стақандағы су деңгейі төмендейді

C) стақандағы мұз жартылай ериді

D) стақандағы мұз ерімейді

E) стақандағы су деңгейі өзгермейді







12. Көлемі 2 л сұйықты 20 0С-қа қыздыру үшін 150000 Дж энергия қажет болды. Сұйықтың меншікті жылу сыйымдылығы (ρж = 1,5 г/см3)

A) 2000 Дж/кгºС

B) 2700 Дж/кгºС

C) 2500 Дж/кгºС

D) 1800 Дж/кгºС

E) 5400 Дж/кгºС







13. Кедергілері 10 Ом және 30 Ом болатын екі шам электр желісіне тізбектей жалғанған. Шамдардың қайсысы артық қуат тұтынады және тұтынатын қуатының шамасы

A) 60 Ом шам 2 есе кем қуат тұтынады

B) 10 Ом шам 2 есе артық тұтынады

C) 40 Ом шам 3 есе артық тұтынады

D) 30 Ом шам 3 есе артық тұтынады

E) 10 Ом шам 4 есе кем тұтынады







14. Алыстан көргіштікті түзету үшін қолданылатын линзалар түрі

A) шашыратқыш, дөңес

B) жинағыш, шашыратқыш

C) жинағыш, ойыс

D) шашыратқыш, ойыс

E) жинағыш, дөңес







15. Ыстық электр плитасының бетіне тамған су тамшылары ыршып, секіре бастайды. Мұның себебі –

A) ыстықтан әр тамшының төңірегінде ауа “қабығы” пайда болады

B) плитка тамшыларды кері тебеді

C) тамшылардың зарядтары мен плитканың заряды әртүрлі

D) тамшылар серпімділік қасиетке ие

E) тамшылар ауадан жеңіл







16. Магнит өрісі энергиясының өрнегі

A) .

B) .

C) W=mgh.

D) .

E) .







17. Түскен сәуле мен бетке тұрғызылған перпендикуляр арасындағы бұрыш 200 болса, шағылған сәуле мен бет арасындағы бұрыш

A) 600

B) 400

C) 200

D) 700

E) 1200







18. Нәрсе мен линзаның арасындағы ара қашықтық, кескін мен линзаның арасындағы ара қашықтығынан 4 есе артық болса, фокус аралығы

A) 0,25f

B) 0,8f

C) 0,5f

D) 0,6f

E) 0,7f







19. Ток күші 1 А болғанда 50 мин ішінде электролиттік хромдау кезінде шардың бетіне жиналған хромның массасы (Хромның электрохимиялық эквиваленті 0,18 ·10-6кг/Кл.)

A) 1,8 г

B) 0,77 г

C) 0,09 г

D) 0,54 г

E) 0,17 г







20. Ортаның сыну көрсеткіші 1,5. Осы ортадағы жарық жылдамдығы (c=3∙108 м/с )

A) 1,5·108 м/с

B) 2·108 м/с

C) 4·108 м/с

D) 2,5·108 м/с

E) 3·108 м/с





Физика пәнінен сынақ аяқталды

Қазақстан тарихы


1. С.Датұлы старшын болған ру:

A) Жағалбайлы

B) Беріш

C) Байбақты

D) Адай

E) Шекті






2. Ұлы Жүзді басқаратын пристав тағайындалған жыл:

A) 1849 жылы

B) 1847 жылы

C) 1845 жылы

D) 1846 жылы

E) 1848 жылы







3. Есет батыр өз еркімен патша билігін мойындады:

A) 1856 жылы

B) 1860 жылы

C) 1857 жылы

D) 1855 жылы

E) 1858 жылы







4. Бөкей Ордасы құрылды

A) 1806 жылы

B) 1809 жылы

C) 1812 жылы

D) 1803 жылы

E) 1801 жылы







5. 1881 жылы Ресей мен Қытай арасында болған шарт

A) Шәуешек келісімі

B) Азия келісімі

C) Петербург келісімі

D) Құлжа келісімі

E) Пекин келісімі







6. «Орынбор өлкесінің топографиясы» («Орынбор губерниясының топографиясының немесе сипаттамасы»), «Орынбор тарихы» еңбектерінің авторы:

A) Г.Ф.Миллер

B) П.И.Рычков

C) И.Г.Георги

D) М.В.Ломоносов

E) И.Д.Бухгольц







7. 1869 жылы көтерілісшілер 20000 қолмен фон Штемпельдің әскеріне шабуыл жасаған жер:

A) Бозащы түбегі

B) Жамансай көлі маңында

C) Сырдың төменгі бойында

D) Арал маңында

E) Жем бойында







8. Аңырақай шайқасы болды:

A) 1729 (1730) ж.

B) 1725 ж.

C) 1726 (1727) ж.

D) 1718 ж.

E) 1726 ж.







9. 1837 жылы хан сарайын қоршауға алғандағы көтерілісшілердің саны

A) 3 мың


B) 7 мың

C) 2 мың


D) 5 мың

E) 10 мың







10. 1864 жылы Әулиеата, Түркістан бекіністерін басып алған мемлекет:

A) Хиуа хандығы

B) Ресей

C) Ташкент билеушісі

D) Бұқар әмірі

E) Қоқан хандығы







11. Бөкей Ордасында болған көтерілістің мақсаты айқын көрінеді:

A) Махамбеттің өлеңдерінде

B) Жәңгір ханға жолданған хаттар

C) Көтерілісшілердің халыққа таратқан үндеу қағаздарында

D) Исатайдың старшындар съезінде сөйлеген сөзінде

E) Көтерілісшілердің патшаға жазған үндеуінде







12. «Торғай облысы. Тарихи очерк» еңбегінің авторы:

A) О.Федченко

B) Б.Смирнов

C) Н.Хлудов

D) А.Добросмыслов

E) П.Кошаров







13. Ш.Уәлихановтың Алатау қырғыздарында сапарда болған жыл

A) 1854 ж.

B) 1853 ж.

C) 1857 ж.

D) 1856 ж.

E) 1855 ж.







14. ХІХ ғасырдың І жартысында Қазақстан арқылы Тибетпен байланыс жасауға бастама көтеріп, зор мән берген

A) Генерал-губернатор П.Капцевич

B) Генерал-лейтенант Г.Глазенап

C) Көпес М.Рафаил

D) Тілмаш Н.Путимцев

E) Елші Ю.Головкин







15. XIX ғасырдың бірінші жартысында Қытаймен сауда- саттық мәмілелер жасалған қала:

A) Қантон

B) Қяхта

C) Құлжа

D) Қаракөл

E) Илецск







16. Көрнекті ғалым Шоқан Уәлихановтың өмір сүрген жылдары

A) 1845-1904 жж.

B) 1835-1865 жж.

C) 1827-1914 жж.

D) 1837-1918 жж.

E) 1841-1889 жж.







17. Ұлы ойшыл кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының шығармалар жинағының ресми баспадан шыққан жылы

A) 1909 ж.

B) 1908 ж.

C) 1905 ж.

D) 1906 ж.

E) 1907 ж.







18. Отарлық ұлт аудандарының «Сілкініп оянуына» негіз болған «Қанды жексенбі» болған жыл

A) 1907 ж.

B) 1909 ж.

C) 1902 ж.

D) 1900 ж.

E) 1905 ж.







19. Қазақ жерінің Ресейге қосылу дәуірінен құнды мәліметтер беретін

А. Добросмысловтың еңбегі:

A) «Қашқарға саяхат»

B) «Сібір қырғыздарының облысы»

C) «Орынбор ведомствосындағы қырғыз даласы»

D) «Торғай облысы. Тарихи очерк»

E) «Ресей. Отанның толық географиялық сипаттамасы»





20. Сырым Датұлы басқарған көтеріліс өтті:

A) 1775-1795 жж

B) 1773-1775 жж

C) 1836-1838 жж

D) 1837-1847 жж

E) 1783-1797 жж





Қазақстан тарихы пәнінен сынақ аяқталды




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет