113
тиіс болатын жүктердің тізбесі вагондарды тазарту және жуу Ережелеріне
қосымшада келтірілген.
Жүк қабылдаушылардың вагондарды жуып тазарту мүмкіндігі болмайтын
жағдайда жасалған шартқа сәйкес бұл жұмысты тасымалдаушы атқарады.
Тасымалдаушының вагонды жуып тазарту фактісі оның жуылған
вагондардың нӛмірін кӛрсетіп жасаған жалпы үлгідегі актісімен расталады.
Жануарларды, құстарды, жануар текті шикі ӛнімдерді және тез бұзылатын
жүктерді тасымалдаудан
кейін вагондарды тазарту, жуу және қажетті жағдайда
дезинфекциялауды
жүк
қабылдаушылардың
есебінен
тасымалдаушылар
жүргізеді.
Аталған
талаптар
бұзылатын
реттерде
тасымалдаушылар
жүк
қабылдаушылардан кӛрсетілген талаптар орындалғанға дейін босаған вагондар
мен контейнерлерді қабылдамай қоюға құқылы. Мұндай жағдайда бүкіл
кешіктірілген уақыт үшін жүк қабылдаушылардан вагондарды,
контейнерлерді
пайдалану ақысы ӛндіріп алынады. Бос вагондарды бірінші және екінші санат
бойынша санитарлық ӛңдеуге жіберу толық тасымалдау құжаттары бойынша
істеледі.
Бос жабық вагондарды бірінші санат бойынша жуып тазартуға және
малдәрігерлік-санитарлық ӛңдеуге жіберу жүк қағазы бойынша, ал изотермиялық
вагондарды жіберу – толық тасымалдау құжаттары бойынша жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: