Вагондар оперторымен өзараәрекеттесудің адымдық тәртібі
1-ші адым.
«Қазтеміртранс» акционерлік қоғамының жақын аймақтық филиалына көліктік экспедиция немесе вагондар операторымен қызмет көрсету шартын (бұдан әрі - Шарт) жасау үшін қажетті құжаттардың тізіміне сәйкес, құжаттар көшірмелері мен ақпаратты ұсыну.
Сонымен қатар төмендегідей толтырылған құжаттарды ұсыну қажет:
- Шарттың 1 парағы (кәсіпорынның толық атауы, қол қоятын тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты және лауазымы, бұнымен қатар Шартқа қандай құжат негізінде қол қойылғанын көрсету (Жарғы немесе куәлік №);
- Тараптардың заңдық мекенжайлары мен банк реквизиттері көрсетілетін тараудың парағы, оған қол қойылып, мөрмен куәландырылады.
Шартты жасау процессін тездету үшін көрсетілген материалдар сканерден өткізіліп, түпнұсқаның кейнгі ауыстырылуымен электрондық мекенжайға жіберіледі.
2-ші адым.
«Қазтеміртранс» акционерлік қоғамына (Астана қ.) тасымалданатын жүк түрін, жөнелту және бару станцияларын көрсетумен мөлшерлемелер есебінің сұранымын жіберу.
Астанадағы іс-жүргізуші телефоны/факсы: +7(7172)930-427, эл.мекенжайы: Okasova_a@kaztt.kz
3-ші адым.
Мөлшерлемелерді алудан және оларды келістіруден кейін «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамына (Астана қ.) алдағы немесе ағымдағы айға вагондармен қамтамасыз ету Шартының № 1 қосымшасы нысанында толтырылған сұранымды жіберу.
4-ші адым.
«Қазтеміртранс» акционерлік қоғамымен (Астана қ.) келісілген сұранымды (№ 1 қосымша нысаны) алудан кейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен келесі немесе ағымдағы айға ф. ГУ-12 в Ю-2 жоспарының келістірілуін қамтамасыз ету.
«Қазтеміртранс» акционерлік қоғамына нақты күндер мен вагондар көлемін көрсетумен тасымалдауларды вагондармен қамтамасыз ету сұранымын жіберу.
5-ші қадам.
«Қазтеміртранс» акционерлік қоғамымен (Астана қ.) ұсынылған төлем есебін жүзеге асыру. Бұдан кейін нұсқаулық жедел хатты жіберумен клиентпен көрсетілген станцияға вагондардың жіберілуі қамтамасыз етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |