Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы


 Жҥкті тиеу, тҥсіру және сорттау операцияларын



Pdf көрінісі
бет9/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

2.2. Жҥкті тиеу, тҥсіру және сорттау операцияларын
орындау тәртібі туралы 
Жарғының ережелері. Бұл Жарғының 9-бабына сәйкес жүктерді, 
контейнерлерді тиеу, түсіру, сорттау, сақтау операциялары жалпы жұрт 
пайдаланатын орындарда жүргізіледі. Жүк пен контейнерлерді тиеу-түсіру 
операциялары жалпы жұрт пайдаланбайтын орындарда атқарылады. 
Жалпы жұрт пайдаланатын орындарға жабық және ашық қоймалар, 
сондай-ақ теміржол стансасының аумағынан арнайы бӛлінген, инфрақұрылымның 
иесіне тиесілі және жүкті, оның ішінде контейнерлерді тиеу, түсіру, сорттау, 
сақтау операцияларын орындау үшін пайдаланылатын учаскелер жатады. 


12 
3-тарау. Тасымалдау жҧмысын автоматтандырылған
басқару жҥйелерін ақпаратпен қамтамасыз ету 
 
3.1. Жалпы ережелер 
Тасымалдау жұмысы туралы анық бастапқы ақпарат болмайынша 
қолданыстағы және жаңадан жасалатын автоматтандырылған басқару жүйесінің 
қызмет етуі мүмкін емес. 
Жүкті тасымалдауға қабылдау кезінде толтырылатын жүк қағазы 
(накладная), сондай-ақ осы қағаздың негізінде жасалған жол ведомосі бастапқы 
ақпарат кӛзі болып табылады. Онда есеп айырысу-қаржы, технологиялық, 
техникалық, жедел және статистикалық мақсаттар үшін мәтін және кодталған 
түріндегі барлық қажетті мағлұматтар болады. 
Вагон қағазы, пойыздың анықтама қағазы, машинистің маршруты бастапқы 
ақпарат кӛздері болады. Бұл құжаттарда тиісті кодтарды жазатын орындар кӛзделген. 
Осы заманғы ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету ісі кӛбіне жол 
ведомостарын біріктіре ӛңдеудің бірыңғай әдісіне сүйенеді. 
Таңбалардың (нышандардың) жиынтығы мен белгілі бір ережелердің жүйесі код 
деп аталады. Мысалы, жүк атауының, теміржол стансасының, жүк жӛнелтушінің 
немесе жүк қабылдаушының, жүк вагонының және т.с.с. цифрлық белгісі. 
Жылжымалы құрамды, стансаны, жолды, бӛлімшені, жүкті, пойыздарды
жүк қабылдаушыларды, диспетчерлік және пойыз телімдерін бірыңғай нӛмірлеу 
(кодтау) жүйесінсіз, пойыздар, вагондар мен жүктер, станса нысандары
технологиялық операциялар жӛніндегі айрықша мағлұматтарсыз ЭЕМ-ді және 
автоматтандырылған басқару жүйелерін пайдалану мүмкін болмас еді. Бірыңғай 
нӛмірлеу (кодтау) жүйесі автоматтандырылған жүйелердегі тасымалдауды 
басқарудың мынадай барлық деңгейінде пайдаланылады: тасымалдауды жедел 
басқару, 
коммерциялық 
операцияларды 
орындау, 
тасымалдау 
және 
коммерциялық жұмыстарды басқару, кӛлікке фирмалық қызмет кӛрсету, вагон 
паркінің, жүк стансаларының орналасу есебі және т.с.с. Нӛмірлеу үшін 10 цифр 
пайдаланылады: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 (цифрлы ондық код). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет