Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ КІШІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТІРШІЛІК ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ



бет5/66
Дата27.10.2023
өлшемі0.6 Mb.
#481740
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Мектепке дейінгі мекеменің "Зерек бала" бағдарламасы

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ КІШІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТІРШІЛІК ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Педагогикалық процесс ересектердің балалармен бірлескен іс-әрекеті мен баланың өз бетінше еркін іс-әрекеті негізінде құрылуы тиіс.


Ересектер ешқандай психологиялық қысым көрсетпей-ақ, өзі сол іс-әрекетке қатысуға қызығушылық сыңай таныту арқылы балаларды ұйымдастырылған танымдық іс-әрекетке тарта алады.
Білім беру салалары шеңберіндегі ұйымдастырылған танымдық іс-әрекет әртүрлі бағытта жүзеге асуы мүмкін:
- тақырыптық орталық сынды мектепке жасына дейінгі балалардың өз бетінше еркін іс-әрекет түрлерін орындауға арналған көпжүйелі орта ұйымдастыру (әртүрлі қызығушылықтар мен әртүрлі даму дәрежесіндегі балалардың өзін-өзі жетілдіруіне жағдай жасау);
- балалардың мүмкіншіліктері мен қызығушылықтарын ескере отырып, ұйымдастырудың әртүрлі нысандарын қолдану (жұптасып, шағын топтармен, бүкіл топпен);
- балалардың ересектермен бірлескен іс-әрекет түрлерін жүргізуге күн тәртібінен арнайы уақыт (7-30 минутқа дейін) бөлінеді.
Осы бағыттарға сәйкес педагогикалық процесс төмендегідей құзіреттіліктерді қамтиды:
1. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қарым-қатынас, ойын, зерттеу-іздестіру, ересектермен және құрдастарымен ынтымақтастық негізінде құру (базистік оқу жоспарына сай әртүрлі, бірін-бірі қайталамайтын, әр сипатты іс-әрекет түрлерін ұйымдастыру).
2. Балаларды тәрбиелеу мен оқытуға бағытталған іс-әрекет түрлері:
а) балалардың өз бетінше еркін іс-әрекеті:
- ойын;
- сурет салу;
- мүсіндеу;
- жапсыру;
- көркемдік-тілдік іс-әрекет;
- құрастыру;
- дидактикалық ойындар мен жаттығулар т.б.
б) ересектердің балалармен бірлескен іс-әрекеті:
- ойын іс-әрекеті;
- бейнелеу іс-әрекеті;
- танымдық-зерттеу іс-әрекеті;
- тәжірибе жасау іс-әрекеті;
- қатынас іс-әрекеті;
- музыкалық-сергіту іс-әрекеті;
- мерекелер мен сауықтар;
- дене шынықтыру және сауықтыру іс-әрекеті;
- жобалау іс-әрекеті және т.б.
Күн тәртібінде педагогтің бейресми қарым-қатынас негізінде әр баламен жеке байланыс жасауына да уақыт қарастырылуы керек.
Күнделікті ересектермен ойнауына да арнайы уақыт бөлінуі тиіс. Бұл ойындар баланың қалауымен ұйымдастырылып, ересектер тарапынан қолдау көрсетілуі керек.
Ұйымдастырылатын ойын және оқу іс-әрекеттері күн сайын өзінің ұйымдастырылу сипатымен, өткізілетін орнымен, түрлерімен ерекшеленіп, баланы жалықтырмайтындай, қызықты етіп жүргізілуі қажет.
Жоғары интеллектуалдық және физиологиялық жүктемесі ауыр ойындар мен сабақтар аптасына 1-2 сабақтан артық болмауы керек. Бұл егер күн тәртібі балаларға білім беру жұмыстарының жоспарымен сәйкес болса, мүмкін болады.
Балалардың шаршаған сырттай белгілерін ескеру қажет (қызығушылық деңгейі, алаңдау жиілігі, зейінінің жоқтығы және т.б.) және олардың көрінген бірінші белгілерінде-ақ ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткізуге болмайды.
Зейінді белсендіру, ынталандыру тәсілін енгізу арқылы балалардың жұмысқа қабілеттілігін көтеруге талпыну.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мен басқа да жұмыс түрлері баланы шаршап-шалдықтырмайтындай, жүйке жүйесіне күш түсірмейтіндей, жалықтырмайтындай бекітілген уақыт мөлшерінен ауытқымай жүргізілуі тиіс.
Күн тәртібінде емдік-шынықтыру шаралары мен психологиялық тренингтер, сергіту мен музыкалық үзіліс сәттеріне, баланың өз қалауымен еркін жүріп-тұруына уақыт бөлінуі керек.
Баламен қарым-қатынаста және жұмыс істеуде баланың қызығушылығын және белсенділігін төмендететін артық жиі қайталаулар болдырмау қажет.
Жұмыс аптасына жеңіл «кіруді» және одан жеңіл «шығуды» қамтамасыз ету үшін, дүйсенбі мен жұма күндері физиологиялық және интеллектуалдық жүктемесі бар іс-әрекет түрлері жүргізілмеуі тиіс.
Егер бала шаршаса, жұмыс істеуден бас тартса, зейіні шашыраңқы болса, тапсырманы міндеттеп орындатуға болмайды.
Баланың жүйке жүйесіне күш түсіретін, шаршататын қажетсіз білімдермен және ақпараттармен оларға артық салмақ түсірмеу қажет.
Оқу іс-әрекетінің барысында, зейінін тұрақтандыратын, оны қызықтыратын, ынтасын арттыратын тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы балалардың жұмыс істеу қабілетін арттырып отыру қажет.
Балаларды ұзақ уақыт, бір орында қозғалыссыз ұстауға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет