Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ



бет50/66
Дата27.10.2023
өлшемі0.6 Mb.
#481740
түріБағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   66
Мектепке дейінгі мекеменің "Зерек бала" бағдарламасы

АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС

Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу отбасында және мектепке дейінгі ұйымдарда жүргізіледі. Отбасы мен мектепке дейінгі ұйымдардың алдына қойған мақсаттары мен міндеттері ортақ. Ол – салауатты да саналы ұрпақ тәрбиелеу.


Отбасы бала үшін - өмірлік маңызды әлеуметтік орта. Бұл ортаның маңызы өте зор. Себебі, отбасы - баланың эмоционалдық қорғаны, психологиялық жан тыныштығының саясы, өмірлік тірегі. Отбасының жылылығы мен махаббаты - баланың өзіне сенімін арттырып, болашағына нық қадам жасауына зор ықпал етеді.
«ЗЕРЕК БАЛА» бағдарламасы тәрбиешілерге отбасымен ынтымақтасуға бағыттайды.
Мақсаты: ата-аналарды олардың құзіреттіліктерінің қалыптасуы мен жүзеге асырылуы, оны баланың жас ерекшелігіне қарай қолдану, баламен қалай қарым-қатынас жасау жөнінде арнайы мамандандырылған кеңестермен қамтамасыз ету.
Міндеттері:
1. Әр баланың отбасымен серіктестік қарым-қатынас орнату.
2. Баланы дамыту мен тәрбиелеу үшін күш біріктіру.
3. Ортақ қызығушылықтар мен туындаған қиыншылықтарда бірлесіп шешім қабылдау, бір-бірін қолдау.
4. Ата-аналардың тәрбиешілік шеберлігін, білімдерін ынталандыру мен байыту, өзіндік педагогикалық мүмкіндіктеріне сенімін арттыру.
5. Балаларды жақындарына сыйластық сезімімен қарауға тәрбиелеу.
Мазмұны: ата-аналардың бала тәрбиесіндегі оң көзқарастары мен дұрыс бағдарын және баланың ата-анасына, жақындарына мейірімі мен сыйластығын қалыптастыру.
Ашық, еркін қарым-қатынас жасауға жағдай жасау. Баланың балабақшадағы өмірімен танысуға, құрдастарымен қарым-қатынасын байқауға, баласының әртүрлі іс-әрекет жасау үстіндегі (ойын, еңбек, компьютер, тамақтану, серуендеу кезінде, бассейнде, спорт залындағы) жағдайын бақылап көруіне мүмкіндік беру. Балалардың ересектермен бірлесіп әртүрлі жұмыс түрлерін: мүсіндеу, жапсыру, сурет салу, ойын, би т.б. жасауына жағдай жасау.
Тәрбиешілер ата-аналарды білім беру процесіне қатыстырып, ұйымдастырылған іс-әрекет пен сабақтан тыс іс-әрекет түрлерінің жүргізілу барысын көрсетеді. Осылайша, ата-аналар балаларын басқа қырынан тану мүмкіншілігіне ие болады.
Ата-аналар мен педагогтердің үздіксіз қарым-қатынасы (диалог). Тәрбиешілер отбасы мүшелеріне бүгінгі болған маңызды оқиғалар мен балалардың жетістігі, әрекеті туралы айтып отырады. Ата-аналар мен тәрбиешілер балаға қатысты барлық мәселелерде (әлжуаз, жетілуі мен дамуында ауытқушылықтары бар, көңіл күйі тұрақсыз балалар туралы) бірлесе отырып шешім қабылдайды. Балаға ата-анасы оны қандай болса да жақсы көретінін сезінетіндей эмоционалдық тыныштық пен қамқорлық ортасын қалыптастыру жөнінде ақыл-кеңестер береді. Педагогтер баланы жан-жақты дамытуға, оның білуге құштарлығын арттыруда, есі мен зейінін тұрақтандыруда, тілдік қатынасы мен сөздік қорын байытудағы отбасының мүмкіншіліктерін анықтайды. Сонымен қатар, отбасы мен тәрбиешілер бірлесе отырып баланың бойындағы ерекшеліктері мен қабілетін ашып, талантын шыңдауға күш салады. Тәрбиеші ата-аналармен қарым-қатынас жасаудың тиімді түрлерін қолданады: тренингтер, пікірталастар, практикумдер, әңгімелер, лекциялар.
Арнайы мамандар мен ата-аналардың оңаша әңгімелесуіне жағдай жасау (психолог, логопед) маңызды. Ата-аналарды психолог, логопед, медицина қызметкерлерінің, қосымша сабақтар жүргізетін мамандардың жұмыстарымен таныстырып, баланың дамуындағы ерекшеліктері мен кедергілері туралы мәлімет беріп отырады.
Тәрбиешінің балалардың үйдегі өмірімен танысуы. Отбасының бала тәрбиесіндегі қиыншылықтарын, жіберген қателіктерін, ата-аналардың тұлғалық ерекшеліктері мен көзқарастарын, балалардың жеке ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік алады. Отбасының құпиясын жария етпей, қиыншылықтарды ата-аналармен бірлесіп шешеді. Қажет болса, арнайы мамандардың қызметіне жүгінеді. Бала тәрбиесінде оң нәтиже көрсетіп жүрген отбасылардың тәжірибесін басқаларға үлгі қылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет