Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ



бет7/66
Дата27.10.2023
өлшемі0.6 Mb.
#481740
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   66
Мектепке дейінгі мекеменің "Зерек бала" бағдарламасы

Құзыреттілік бала төрт жасында әлеуметтік құзыреттіліктің белгілі деңгейіне жетеді: басқа адамға қызығушылығын білдіреді, оған сенеді, ересектермен және құрдастарымен өзара қарым-қатынас жасауға тырысады. Басқа адамдармен байланыс орнату үшін қатынасудың тілдік және тілдік емес (көзқарастар, ым, ишара, мәнерлі қылықтар мен қозғалыстар) тәсілдерін қолданады. Өзінің қай жынысқа жататынын түсінеді («Мен ұлмын», «Мен қызбын»).
Интеллектуалдық құзыреттілік баланың қоршаған әлемді танып-білу мақсатында әртүрлі сұрақтар қойып, белсенді қызығушылық танытуынан көрінеді. Ол әртүрлі тұрмыстық заттар мен ойыншықтарды ерекшеліктеріне (түсі, пішіні, көлемі, фактурасы, құрылымы), қызметіне қарай қолданып, байқайды.
Ана тілін меңгеру негізгі грамматикалық категориялар және сөйлеу тілі сөздіктерін қолданумен сипатталады.
Мектепке дейінгі кіші жаста екінші тілді меңгеру баланың тікелей қабылдауымен, өзге тілді адамдармен ашық қарым-қатынас жасаумен байланысты.
Мектеп жасына дейінгі бала оған екінші тілді білу не үшін керек екенін түсінбейді. Балалардың мотивациясы «осында және қазір» ұстанымы бойынша әрекет етеді, яғни бала алыс мақсат қоймайды. Сондықтан екінші тілді меңгеру процесі баланың ересектермен және басқа балалармен қарым-қатынасындағы тұлғалық, танымдық, ойын іс-әрекеті қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында құрылады.
Осы мақсаттағы қарым-қатынас баланың тілдік ортаға тікелей қатысуымен жүргізілуі керек. Бірлескен іс-әрекет қуану, ересектермен, құрдастарымен ынтымақтасу, олармен қарым-қатынасына қанағаттану негізінде қалыптасады.
Дене қызметін дамыту жоспарында 3-4 жастағы балалардың құзіреттілігі олардың өмірлік маңызды қозғалыс түрлерінен (жүру, жүгіру, өрмелеу), қарапайым гигиеналық және өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларынан көрінеді.
Эмоционалдылық балада ересектермен эмоционалдық қарым-қатынас жасау қажеттілігі жоғары болады, өзінің сезімдерін - қуаныш, реніш, қорқыныш, таңырқау, рақаттану т.б. айқын көрсетеді.
Ынталылық баланың тіршілік әрекетінің барлық салаларында:
- қарым-қатынаста (ересектерге бастамашылық қарым-қатынас: сұрақтар қою, өтініш жасау т.б.);
- заттық-тәжірибелік әрекет (заттар мен материалдар: бояу, қағаз, ермексаз, конструкторлармен эксперимент жасау арқылы байқап көру);
- өз бетінше құрастырған сюжетті-бейнелеу ойындарында көрінеді.
Мұның бәрі баланың шығармашылық қабілетінің даму негізін құрайды.
Дербестік - 3-4 жастағы балалардың орнықты сипаты («Мен өзім», «Қолымнан келеді»). Балалар барлық іс-әрекет түрлерінде ересектерге еліктеп, оларды қайталайды: өзі тамақтанады, киінеді, мақсатты бір іс-әрекетке қызығушылықпен кіріседі - ыдыс жуады, кір жуады, дүкеннен сатып алады және т.б.
Ересектер баланың белсенділігін қолдап, ынталандырып отырумен қатар, әр кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауы керек. Өйткені бала айтылған ескертулерді ескере бермейді, сондықтан ересектер қауіпті жағдайлардың алдын алу шараларын ұмытпағаны жөн (зақым келтіретін, жаралайтын, сынатын немесе кесетін заттарды алып қою, шкафтардың есіктерін жабу және т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет