Руководителю аппарата акима
Восточно-Казахстанской области
Жилкибаеву Е.Ж.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі
аппаратының басшысы
Е.Ж. Жылқыбаевқа
2012 жылғы 11-18 ақпан аралығында есеп беру кездесулері барысында
Өскемен қаласының әкімі С.Ш. Тәукебаевқа қалалықтардан түскен ескертулерді, ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша
іс-шаралар жоспарын орындау бойынша III тоқсанға ақпарат
№№
п/п
|
Іс-шара атауы
|
Қала әкімінің жауапты орынбасары, қала әкімі аппаратының басшысы
|
Жауапты
орындаушы
|
Орындау мерзімі
|
Орындау барысы
|
1
|
Жолдар мен көшелерді қысқы ұстауды жақсарту бойынша нақты ұйымдастыру шараларын қабылдау
|
Д.Ю. Кавригин
Е.А. Нәбиев
|
Ж.Б. Баирханов
Қала әкімдігінің «Істер басқармасы» КМҚК филиалдарының директорлары
|
2012 жылдың
1-тоқсаны,
4-тоқсаны
|
2012 жылғы 5 қаңтардағы № 1 «Қала жолдарын қысқы кезеңде ұстау» шартына сәйкес 2012 жылдың қысқы кезеңінде қала аумағын санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен-Тәртіп» Ө КСК» МКК жүзеге асырады. Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен-Тәртіп» Ө КСК» МКК өз кезегінде қысқы кезеңде ұстау үшін келесі ұйымдармен: «Земстрой» ЖШС, «Өскеменспецкоммунтранс» ЖШС, «Ремдор» ЖШС, «Бриллиант Сити» ЖШС, «Дороги Востока» ЖШС, «СК ЕSK» ЖШС, «Би Компани» 7 қосалқы мердігер шартын жасасты.
Қала аумағын күтіп ұстауды бақылау сапасын жақсарту үшін учаскелерді бекіту сұлбасы (қала аумағы шартты түрде 3 маршрутқа және 19 ауданға бөлінді) бар. Құрылған маршрутқа қоғамдық көлік жүретін орталық көшелер кіреді, оған қарды жинап-тазалайтын арнайы техникалар жұмылдырылған. Бекіту сұлбасы Өскемен қаласының ІІД ЖПБ, қалалық ТЖ басқармасында, «ЖТБО» КМК бар.
Қала жолдарын күтіп ұстайтын мердігер ұйымдардың жұмыстарына тұрақты бақылауды жүзеге асыру мақсатында ТҮКШ бөлімінің, жол полициясының, СЭС және Өскемен қаласы әкімдігінің «Істер жөніндегі басқарма» КМҚК өкілдерінің қатысуымен қала аумағын күтіп ұстау бойынша орындалатын жұмыстарды комиссиямен қабылдауды көздейтін сұлба әзірленді. Апта сайын жоғарыда көрсетілген комиссия мүшелері мердігер ұйымдармен қызмет көрсетілетін аудандарды аралап қарайды, қала аумағын күтіп ұстау бойынша жұмыстардың сапасын бағалайды.
Шұғыл кеңестерде берілген тапсырмаларға сәйкес жолдардың қысқы кезеңде үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жүру бөліктерін және жаяу жолдарды асфальтқа дейін, жолдың жүру бөліктерін жол жиектемелеріне дейін қардан, мұздан және қызыл су мұзынан тазалау, аулаларға баратын жолдарды тазалау, қоғамдық мекемелерге баратын жолдарды қамтамасыз ету мәселелері тұрақты бақылауға алынды.
|
2
|
Қураған талдар мен мамықты теректерді кесу бойынша жұмыстарды жалғастыру. Қаланың шағын аудандарында көшеттер отырғызуды жүзеге асыру
|
Д.Ю. Кавригин
Е.А. Нәбиев
|
Ж.Б. Баирханов
Қала әкімдігінің «Істер басқармасы» КМҚК филиалдарының директорлары
|
2012 жылдың
2, 3 -тоқсандары
|
Мердігер ұйым «Өскемен-Тәртіп» МКК қала көшелерінің қызыл сызық шегіндегі келесі мекен-жайларда: Бажов көшесінде, Ворошилов көшесінде, Дзержинский көшесінде, Михаэлис көшесінде, Крылов көшесінде, Гагарин желекжолында, Әуезов даңғылында, Белинский көшесінде, Тәуелсіздік даңғылында, Островский көшесінде, Космическая көшесінде, Стахановская көшесінде 422 түп апаттық жағдайдағы қураған ағаштарды кесу бойынша жұмыстар жүргізді.
Қазіргі уақытта Согра кентінде ағаштарды санитарлық кесу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
|
3
|
Елді мекендер мен қаланың шалғай аудандарын сумен қамту
|
Д.Ю. Кавригин
|
Ж.Б. Баирханов
|
2012 жылдың
2-4 тоқсандары
|
2012 жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 3 объектіні: «ШҚО, Өскемен қаласының Меновной кентінің сумен қамту желілерін салу», «ШҚО КСС-14-тен КСС-17-ге дейін канализациялық қысым коллекторларын (2 жіп), Гагарин желекжолынан КСС-17-ге дейін өздігінен ағатын коллекторды қайта жаңарту», «ШҚО Өскемен қаласының Ново-Явленка ауылының сумен қамту желілерін салу» аяқтауға, сондай-ақ жаңа 2 объектіні салуға: «ШҚО, Өскемен қаласының Тәуелсіздік даңғылынан Бажов көшесіне дейін Пограничная көшесінде сумен қамту желілерін қайта жаңарту», «Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының Центральная көшесіндегі (Нефтяная көшесінен Грейдерная көшесіне дейін) сумен қамту желілерін қайта жаңартуға» қаражат бөлінді.
Қазіргі уақытта 3 объектіде: «ШҚО КСС-14-тен КСС-17-ге дейін канализациялық қысым коллекторларын (2 жіп), Гагарин желекжолынан КСС-17-ге дейін өздігінен ағатын коллекторды қайта жаңарту», «Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының Центральная көшесіндегі (Нефтяная көшесінен Грейдерная көшесіне дейін) сумен қамту желілерін қайта жаңарту» объектілерінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізі-луде.
«ШҚО, Өскемен қаласының Тәуелсіздік даңғылынан Бажов көшесіне дейін Пограничная көшесінде сумен қамту желілерін қайта жаңарту» объектісі бойынша мемлекеттік қабылдау комиссиясы өткізілді, мемлекеттік актіге қол қойылу сатысында.
Сондай-ақ ҚР Құрылыс және ТҮКШ агенттігіне 8 объектіге: «ШҚО Өскемен қаласының Аблакетка ауданында (26, 27, 28) «Өскемен Водоканал» МКК канализациялық сорғы станцияларын қайта жаңарту»; «ШҚО Өскемен қаласының Сол жағалау ауданында (32, 33, 34) «Өскемен Водоканал» МКК канализациялық сорғы станцияларын қайта жаңарту», «ШҚО Өскемен қаласының «Өскемен Водоканал» МКК көтерілмелі сорғы станцияларын (№ 1, 9, 10, 14, 19, 21, 23, 25, 27, 41, 43, 57, 70) қайта жаңарту», «ШҚО Өскемен қаласының Үлбі ауданында «Өскемен Водоканал» МКК канализациялық сорғы станцияларын қайта жаңарту», «ШҚО Өскемен қаласының Октябрьский ауданындағы сумен қамту желілерін қайта жаңарту», «КСС-25-тен КСС-17-ге дейін канализациялық қысым коллекторын қайта жаңарту, ШҚО, Өскемен қаласының Солнечная көшесіндегі № 210 С камерасынан № 1 С камерасына дейінгі учаске», «ШҚО, Өскемен қаласындағы № 17 канализа-циялық станцияны қайта жаңғырту», «ШҚО Өскемен қаласындағы КСС-27-ден КСС-30-ға дейін Ертіс өзені арқылы өтетін дюкерді қайта жаңғырту» объектілеріне бюджеттік өтінім жіберілді.
|
4
|
Қаңғыбас иттерді ұстау бойынша жұмысты жалғастыру
|
О.А. Желякова
|
Қ.М. Баширов
Қала әкімдігінің «Істер басқармасы» КМҚК филиалдарының директорлары
|
үнемі
|
2012 жылғы 1 наурыздан бастап Өскемен қаласы бойынша қаңғыбас жануарларды аулаумен «Өскемен мал дәрігерлік қызметі» комумуналдық мемлекеттік кәсіпорыны айналысады. (2012 жылғы 11 ақпандағы «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11 бабы 4 тармағы өзгерістер мен толықтырулары).
Қаңғыбас жануарларды аулау кес-тесі бекітілді. Барлық ЖӨБК дирек-торларына қаңғыбас жануарларды аулау кестесі және қаңғыбас жануарлардың жиналатын жерлерін анықтау және өтінім беру жұмыстарын ерекше бақылауға алу қажеттілігі туралы телефонхабар жолданды. Қаңғыбас жануарларды ұстау 2 дербес бригадамен жүргізіледі. Қаңғыбас жануарларды ұстайтын бригадалар Өскемен қаласы әкімдігінің «Істер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының филиалдары директор-ларымен бірлесіп жұмыс атқарады, атқарыл-ған жұмыс актілерін филиал директорлары бекітеді.
ЖӨБК және «Өскемен мал дәрігерлік қызметі» комумуналдық мемлекеттік кәсіпорынының өкілдерінің ақпаратына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтардан 1 қазанға дейін 1662 ит, 152 мысық ауланды, 50 ит өлексесі алынды.
|
5
|
Лифт шаруашылығын қалпына келтіру бойынша жұмысты жалғастыру
|
Д.Ю. Кавригин О.А. Желякова
|
Ж.Б. Баирханов
Т.С. Адильбекова
|
үнемі
|
Өскемен қаласындағы 201 биік тұрғын үйде 541 лифт орнатылған деп хабарлаймын.
Қазіргі уақытта 490 лифт жұмыс істеп тұр, 51-і ұзақ уақыт бойы пайдаланылмай, бөлшектелді (оның ішінде 25-і бұрынғы жатақханаларда, 2-еуі үйді салған кезде орнатылмаған).
35 лифт 34 жылдан артық пайдаланылуда, қызметтің нормативтік мерзімін өтеді, 91 лифт ауыстыруды немесе күрделі жөндеуді қажет етеді.
2011 жылы қала әкімінің тапсырмасына сәйкес биік тұрғын үйлерде орнатылған лифт жабдықтарын қаланың коммуналдық меншігіне тапсыру мәселесі пысықталуда. 54 лифт коммуналдық меншікке берілді, оларға жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. 2012 жылы лифт жабдықтарын коммуналдық меншікке беру бойынша жұмыстар жалғасуда. 2012 жылдың басынан бастап коммуналдық меншікке 7 лифті берілді.
2012 жылы қала бюджетінен бөлінген қаражаттарға сәйкес 15 лифтіні жөндеу жоспарланған. «Лифтэк» ЖШС жұмыстарды орындауға шарт жасалды. Жұмыстарды орындау мерзімі 01.04.2012 жылдан 01.10.2012 жылға дейін. Қазіргі уақытта лифтілерді жөндеу бойынша жұмыстар орындалды, лифтілер пайдалануға берілді.
Ағымдағы жылы 15 лифтіні жөндеу бойынша жоспарланған жұмыстарды есепке ала отырып, 2012 жылы 29 лифтіге жөндеу жүргізу мүмкіндігі бар, оларға жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, ол үшін қосымша 217,4 млн. теңге қажет.
|
6
|
Ертіс өзені, Үлбі өзендерінің жағалауларын санитарлық ұстауға бақылау
|
Д.Ю. Кавригин
Е.А. Нәбиев
|
Ж.Б. Баирханов
Қала әкімдігінің «Істер басқармасы» КМҚК филиалдарының директорлары
А.Қ. Уәлиев
(келісім бойынша)
|
үнемі
|
Көктемгі кезеңде қала аумағын санитарлық тазарту бойынша екі айлықты өткізу барысында Өскемен қаласы әкімдігінің «Істер жөніндегі басқарма» КМҚК № 8 филиалымен Карбышев көшесі, 22, 44 мекен-жайы бойынша тармақтар ауданында Ертіс өзенінің жағалауын (аспалы көпір), Октябрьский жағажайы, шағын жағажай (Водопроводчик» б.с.) тазаланды. Қалалық ТҮКШ бөлімінің мердігер ұйымдарымен филиалға қоқысты жинап, шығару үшін қажетті техника бөлінді. Сондай-ақ Октябрьский жағажайы ауданында Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен-тәртіп» Ө КСК» МКК күшімен жағалау желісін тазалау орындалды.
Аталған тармақты бақылаудан алуыңызды сұраймын.
|
7
|
Мектепке дейінгі мекемелер желілерін кеңейту бойынша жұмысты кезеңімен жалғастыру
|
А.Қ. Нұрғазиев
|
А.А. Кузнецов
|
үнемі
|
2012 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Өскемен қаласында әртүрлі меншік түріндегі 42 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істейді, соның ішінде: 7 мектеп-балабақшалар, 29 мемлекеттік, 56 мемлекеттік емес мектепке дейінгі ұйымдар бар. Бір үйдегі жеке балабақша жұмыс істейді.
Қаланың жалпы білім беретін мектептерінің жанында 30 мектепке дейінгі шағын орталық жұмыс істейді.
Нәтижесінде балалардың жалпы санынан (14824) мектепке дейінгі бағдарламалармен қамту 14205 баланы құрады.
Жалпы қамту 95,8 % құрайды.
2013 жылы 2 бұрынғы балабақшалар ғимаратын қайтару жоспарланған:
- «ШҚО жылжымайтын мүлік орталығы» РМК орналасқан 320 орынға арналған Буров көшесі, 51 мекенжайындағы балабақша. Аталған орталықты көшіру үшін ЖМК шағын ауданында Сәтпаев даңғылы, 34/2 «Березка» дүкенінің ғимараты сатып алынды.
- «Рудный Алтай», «Дидар» газеттерінің редакциялары орналасқан Космическая көшесі, 6/3 мекенжайындағы балабақша.
19 шағын ауданда 250 орындық балабақшаның құрылысы және № 10 ОМ ММ жанындағы 50 орынды шағын-орталықтың ашылуы аяқталуда.
|
8
|
Спорттың қысқы түрін дамыту, қала мектептерін спорт жабдықтарымен қамтамасыз ету
|
А.Қ. Нұрғазиев
|
А.А. Кузнецов
С.К. Садықов
|
үнемі
|
№ 11 гиманзия аумағында 3 тоқсанда жобалық қуаттылығы 2000 орындық оқушылардың қысқы спорт түрлерімен шұғылдануы үшін модуль салынды және ашылды. Денешынықтыру бойынша мектепаралық орталығы ашылды, қысқы спорт түрлерінің үйірмесі және секциясында 1570 оқушыны қамту жоспарланып отыр.
№ 1, 5, 9, 15, 19, 18, 26, 29, 32, 35, 36, 37, Меновное және Ново-Явленка, мектеп-терінде, Крупская атындағы интернатында оқушыларды қысқы спорт түрлеріне тарту үшін 187 шаңғы құралының жиынтығы бар.
|
9
|
Қалада және қала сыртында қосымша аялдама кешендерін орнату
|
Д.Ю. Кавригин
|
Ж.Б. Баирханов
|
үнемі
|
2012 жылы 2 сәуірде қала аумағында 60 аялдама кешенін орнатуға «Тарлыков А.В.» ЖК 15,0 млн. теңге сомасына шарт жасалды.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, сондай-ақ аялдама пункттерінің (қалташалар) техникалық параметрлерін есепке ала отырып, қаланың орталық бөлігі сияқты қаланың шалғай жерлерінде павильондар орнату жоспарланып отырған аялдама пункттерінің тізбесі жасалды.
Қазіргі уақыта жоғарыда аталған шартқа сәйкес павильондарды орнату бойынша жұмыстар аяқталды.
Аталған тармақты бақылаудан алуыңызды сұраймын.
|
10
|
Қалада бағдаршамдар орнату
|
Д.Ю. Кавригин
|
Ж.Б. Баирханов
С.Ю. Коваленко
|
үнемі
|
Ағымдағы облыстық бюджеттен Өскемен қаласындағы бағдаршам нысан-дарын ауыстыруға 100 000 000 теңге мөлшерінде қаражат бөлінді, олар келесі қиылыстарға орнатылады:
-
Тәуелсіздік даңғылы – Ушанов алаңы;
-
Тәуелсіздік даңғылы – Белинский көшесі – Виноградов көшесі;
-
Тәуелсіздік даңғылы – Стахановская көшесі;
-
Тәуелсіздік даңғылы – Гоголь көшесі - Гагарин желекжолы;
-
Тәуелсіздік даңғылы – Металлургтер көшесі;
-
Тәуелсіздік даңғылы – Мостовая көшесі;
-
Тәуелсіздік даңғылы – Нефтяная көшесі;
-
Тәуелсіздік даңғылы – Пограничная көшесі;
-
Бажов көшесі «Самал» гастрономы,
-
Тәуелсіздік даңғылы – Бажов көшесі;
-
Қазақстан көшесі – Мыза көшесі;
-
Қазақстан көшесі – Қ. Қайсенов көшесі,
-
Қазақстан көшесі – Қ. Батыр көшесі;
-
Қазақстан көшесі – Орджоникидзе көшесі;
-
Қазақстан көшесі – М. Горький көшесі;
-
Әуезов даңғылы – Орджоникидзе көшесі;
-
Әуезов даңғылы – Е.П. Славский атындағы жағалау;
-
Абай даңғылы – Бажов көшесі;
-
Абай даңғылы – Михаэлис көшесі;
-
Абай даңғылы – Ворошилов көшесі.
Аталған тармақты бақылаудан алуыңызды сұраймын.
|
11
|
Қоғамдық көлікте қызмет көрсету сапасын арттыру
|
Д.Ю. Кавригин
|
Ж.Б. Байырханов
В.Г. Панков
|
үнемі
|
Өскемен қаласында жолаушыларды автомобиль көлігімен тасымалдау жалпы қолданыстағы 61 маршрутпен жүзеге асырылады, оның ішінде 49 маршрутқа автобустармен және 15 маршрут шағын автобустармен қызмет көрсетіледі. Барлық қолданыстағы маршруттар тасымалдаушылардың арасында конкурстық негізде бөлінді.
Қаланың маршруттық желісінің ұзындығы 935,4 км, шағын автобустардың маршруттық желісінің ұзындығы – 189,75 км немесе қаланың маршруттық желісінің ұзындығынан 20,3%.
Күн сайын қала маршруттарына 334 автобус және 92 шағын автобус шығады. Қозғалыстың басталуы 5.30, аяқталуы 23.00.
Тасымалдаушылардың жылжымалы құрамының паркін 513 автобус пен 202 шағын автобус құрайды, оның ішінде 320 автобус пен шағын автобус кемінде 7 жыл (44,8 %) пайдалану мерзімімен. Конкурс өткізу кезінде жаңа жылжымалы құрамға басымдылық енгізу қала маршруттарынан ескірген жылжымалы құрамды толық алуға мүмкіндік берді (ЛАЗ 695, ЛИАЗ 677, ПАЗ 672).
Автобустар мен шағын автобустар қозғалысын технологиялық басқаруды «Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен қаласының жолаушыларды тасымалдауды басқару орталығы» КМҚ орталық диспетчерлік қызметі жүзеге асырады, ол тәулік бойы жұмыс істейді және желідегі әр автобус пен шағын автобустың қозғалысын қадағалайды. Тәулігіне 325 бақылау белгісі қойылады. Ұзындығы ауқымды маршруттардың белгілеленуі соңғы бақылау пункттерінде ғана емес, аралықтарында да бар. Екі жақты бақылаумен 93,4 % рейс қамтылған. Диспетчерлік бақылаудың пайдаланылатын компьютерлендірілген жүйесі барлық автобустар мен шағын автобустардың қозғалысын тиімді бақылауға ғана мүмкіндік бермейді, «он лайн» режимінде де, кез келген есеп беру кезеңінде де орындалған қозғалыс туралы кез келген деректерді алуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге жүргізушілердің диспетчермен барлық сөйлесулері сөйлесу уақытын тіркей отырып, дыбыстық файлдарда жазылып қалады.
Желідегі тексерулер саны ұлғайды, сонымен 2012 жылдан бастап 11700 бұзу-шылық анықталды. Маршруттардағы жұмыс барысында анықталған бұзушылықтар-ды талдау негізгі бұзушылықтар: бірінші рейсті орындамау, рейстерді тіркеуден жалтару, кестелерді бұзу болып табылатындығын көрсетті. Барлық анықталған бұзушылықтар үшін жасалған шарттарға сәйкес айыппұл санкциялары ұсынылды.
Қозғалмалы құрамдары Өскемен қаласының маршруттық желісінде жұмыс істейтін автобустарды бағалау тәртібі туралы ереженің талаптарына жауап бермей-тін барлық кәсіпорындар басшыларына қозғалмалы құрамдарын жоғарыда аталған Ережеге сәйкес тиісті жағдайға келтіру туралы өтінішпен ұсыныс хаттар жіберілді.
№№ 4, 10, 26 маршруттарда қызмет көрсету сапасы деңгейінің төмендігіне байланысты «Алға» тасымалдаушы-кәсіпорынмен мартшрутқа қызмет көрсетуге шарт бұзылды.
Қала тұрғындарына қоғамдық көлікпен қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында 2012 жылы жекелеген аудандарға жүретін келесі маршруттардың қозғалыс сұлбасы өзгертіліп, ұзартылды:
-
№ 7 «Алтайская-Самал» - екі бағытта да «Өзен бекеті» арқылы жүреді;
-
№ 224 «Студенттер қалашығы-Мелькомбинат» - қозғалыс «Автобекет» соңғы аялдамасына дейін шектелген;
-
№ 27 а «Казцинк-Аблакетка жағажайы» - «Заводская» соңғы аялдамасына дейін ұзартылған;
-
№ 10 «Ивушка-Үлбі т/ж көпірі» - «Ивушкаға» бара жатқан кезде Қайсенов көшесіне бағытталған;
-
№ 4 (4-а) «Аблакетка кемежайы-Өзен бекеті» - «ГМК» аялдамасына дейін ұзартылды.
|
Өскемен қаласы
әкімі аппаратының басшысы Е.Нәбиев
Орын: С. Бахтиярова
тел: 26-49-30
Достарыңызбен бөлісу: |