МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ ИНСТИТУТЫ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
Астана қаласында 2014 жылы 28 мамырда «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ АЯСЫНДА ОТАН ТАРИХЫ ҒЫЛЫМЫН ЗЕРДЕЛЕУ» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтетінін хабарлаймыз.
Іс-шараның мақсаты: Қазақстан тарихының кен кеңістігін барша халықтың санасына сіңіріп, ұлттық тарихтың жаңа көзқарасын қалыптастыру.
Конференция «Қазақстан-2050» Стратегиясының тақырыптық жоспарын іске асыру бойынша ҚР БҒМ Ғылым комитетінің іс-шаралар жоспарына сай өткізіліп отыр.
Конференцияға қатысушылар: ҒЗИ мен ЖОО басшылары, жетекші ғалымдар мен тарих және гуманитарлық ғылымдар оқытушылары, орта мектептердің тарих мұғалімдері мен БАҚ өкілдері.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс.
Конференцияның өткізілу тәртібі:
Пленарлық мәжіліс.
Секциялық мәжілістер:
1. «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ ЖӘНЕ ОТАН ТАРИХЫ ҒЫЛЫМЫ».
2. «ҰЛТТЫҚ ТАРИХТЫ ОҚЫТУ МЕН ЗЕРТТЕУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР».
Ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары ғылыми жинақ түрінде жарияланады.
Мақаланы даярлауда авторларға қойылатын талаптар: баяндама мәтінінің көлемі 5 бетке дейін және MS WORD редакторында терілуі керек. Мәтін шрифті: «Times New Roman» 14. Файлдың аты алғашқы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек. Шектері: жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол жағы - 3, оң жағы – 1 см., интервал – бір. Интервал арқылы ортада қарамен белгіленген бас әріптермен – МАҚАЛА АТАУЫ, келесі жолда автордың аты-жөні, ұйымның атауы, автордың ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, жақша ішінде – қала, мемлекет. Кестенің терілуі үшін MS WORD редакторы қолданылады. Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі мақала соңында беріледі.
Рәсімдеу үлгісі:
XX ҒАСЫРДАҒЫ ОТАН ТАРИХЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қалиев Жабай Нұрмақұлы
ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының
Бас ғылыми қызметкері, т.ғ.к., доцент, Астана қ., Қазақстан
kaliev_zhabai@mail.ru
Тіркеу нысаны:
Аты-жөні (толық) _____________________________________________________________
Ұйымның толық атауы: _________________________________________________________
Лауазымы: ___________________________________________________________________
Ғылыми дәрежесі, атағы: ______________________________________________________
Байланыс телефоны: ___________________________________________________________
Автордың мекен-жайы: _________________________________________________________
Факс, E-mail _________________________________________________________________
Мақала тақырыбы _____________________________________________________________
Ұйымдастыру комитеті мен редакциялық комиссия мүшелері Конференцияға келіп түскен мақалаларды таңдау құқығын өздеріне қалдырады.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Астана қаласы, 010000, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер Үйі, 14 кіреберіс, Мемлекет тарихы институты.
Байланыс телефондары: (+7172) 74-06-45, 74-01-68, 74-10-46
Баяндамалар мен тіркеу нысандарын 2014 жылдың 20 мамырына дейін мына электрондық пошталарға жіберулеріңізді сұраймыз: ayga27@mail.ru, kaliev_zhabai@mail.ru
Сейфуллина Әйгерім Берікқызы – ұ.т.: 8-747-628-33-23, 8-705-182-86-54
Қалиев Жабай Нұрмақұлы – ұ.т.: 8-702-166-10-90, 8-705-672-87-42
Конференцияның өткізілетін орны: Астана қаласы, 010000, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер Үйі, 14 кіреберіс, Мәжіліс зал (Б 123), 1 қабат.
Конференцияның басталуы: сағат 10.00-де.
Тіркеу: сағат 9.00-де.
Достарыңызбен бөлісу: |