Рецензенттер



бет1/3
Дата09.07.2016
өлшемі2.63 Mb.
#186683
  1   2   3


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТІРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

А.Е.Алибеков, Е.М.Тұрғұнов, А.А.Нұрбеков


ХИРУРГИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАР
Оқу әдістемелік нұсқау

Қарағанды 2010


ӘОЖ 615.471/472

КБЖ 54.5Я7

А 44


РЕЦЕНЗЕНТТЕР:

О. Б. Оспанов - № 3 хирургиялық кафедрасының профессорі ҚМБФ АҚ «МУА», «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» РМК бас ғылыми қызметкері, м.ғ.д.

А.М. Букенов - ҚММУ Онкология,сәулелік терапия, жалпы хирургия,

травматология және ортопедия курсымен дипломнан кейінгі үздіксіз даму факультеті кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д. профессор



А.Б. Баширов - ҚММУ №2 хирургиялық аурулар кафедрасының доценті,м.ғ.к.
А 44 Алибеков А.Е., Тұрғұнов Е.М., Нұрбеков А.А. Хирургиялық құралдар.- Оқу- әдістемелік нұсқау.- Қарағанды. - 2010ж.- 60 б.

КБЖ 54.5Я7

Хирургиялық құралдар тәжірибе жүзінде хирург- субординаторлар мен дәрігер- интерндерге қолдануға мүмкіндік туғызады. Эндобейнехирургия құралдарын дұрыс қолдану және операция кезінде пайдалану туралы мағлұматтар толық қамтылған. Оқу- әдістемелік нұсқау хирург - субординаторлар мен дәрігер- интерндерге арналған.
ҚММУ Әдістемелік кеңесінде талқыланып, мақұлданған.

Хаттама № 6 04.02. 2010 жыл.


ҚММУ ғылыми кеңесімен бекітіліп, басылымға нұсқалған.

Хаттама № 8 25.03. 2010 жыл.


© А.Е.Алибеков, Е.М.Тұрғұнов, А.А.Нұрбеков, 2010ж




Мазмұны

Негізгі қысқартулар тізімі......................................................................................4

Кіріспе.......................................................................................................................5

1 тарау. Хирургиялық құралдар жалпы құралдар және арнайы тағайындалған құралдар болып екіге бөлінеді...............................................................................6

1.1 Тіндерді ажырататын құралдар……………………………............................6

1.2 Тіндерді қысуға (ұстап алуға) арналған құралдар жиынтығы……………10

1.3 Жараларды және табиғи тесіктерді кеңейтіп ашуға арналған құралдар…13

1.4 Тіндерді әртүрлі жарақаттардан қорғайтын құралдар ................................15

1.5 Тіндерді байланыстыратын құралдар ...........................................................16

2 тарау. Хирургиялық құралдардың жиынтығы.................................................18

2.1 Негізгі құралдардың жиынтығы....................................................................18

2.2 Алғашқы хирургиялық өңдеуге (АХӨ) көрсеткіштер:...............................19

2.3 Лапаротомияға арналған құралдар жиынтығы............................................20

2.4 Аппендэктомия және жарық кесуге арналған құралдар жиынтығы……..21

2.5 Лапороцентезге арналған құралдар жиынтығы ..........................................21

2.6 Холецистэктомияға арналған құралдар жиынтығы.....................................22

2.7 Асқазан резекциясына арналған құралдар жиынтығы................................22

2.8 Кеуде қабырғасына және кеуде қуысының мүшелеріне жасалатын операцияға арналған құралдар жиынтығы.........................................................23

2.9 Бас қаңқасының трепанациясына арналған құралдар жиынтығы..............24

2.10 Трахеостомияға арналған құралдар жиынтығы ........................................25

2.11 Қаңқалық тартуға арналған құралдар жиынтығы .....................................26

2.12 Аяқ колды ампутациялау үшін қажетті аспаптар.......................................27

2.13 Тігісті салу және тігісті алу үшін арналған құралдар жинағы:.................28

3 тарау. Эндобейнехирургияға арналған хирургиялық аспаптар жиынтығы..28

3.1 Оптикалық жүйе..............................................................................................29

3.2 Бейнекамера.....................................................................................................30

3.3 Жарық көзі........................................................................................................34

3.4 Инсуффлятор................................................................................................... 36

3.5 Сору ирригация жүйесі...................................................................................37

3.6 Электрохирургиялық аппарат........................................................................38

3.7 Бейнемонитор..................................................................................................38

3.8 Бейнемагнитофон............................................................................................39

3.9 Құралдар............................................................................................... ...........39

Бақылау сұрақтары................................................................................................52

Жауаптар эталоны................................................................................................ 57

Қолданылған әдебиеттер.......................................................................... ...........58



Қысқартулардың тізімі:
АІЖ – асқазан- ішек жолы

ЖТА – жасанды тыныс алдыру

ПӘК – пайдалы әрекет коэффициенті

ЗБҚ – зарядты байланысы бар құрал

ПП- пневмоперитонеум

АХӨ - алғашқы хирургиялық өңдеу

ТС – телевизиялық сызықтар

ЭХГ – электрохирургиялық генератор



Кіріспе

Бекіту, оперативті әрекеттер, қан тоқтату, тіндерді байланыстыру үшін әртүрлі хирургиялық құралдар қажет.



1.Тіндерді ажырату. Операцияны тіндерді ажыратудан бастайды. Оны скальпельді жеңіл қозғалту арқылы жасайды. Тіліктің (доступ) көлемі операция жасау үшін жеткілікті шамада болуы керек. Тілік (Доступ) операция жасалатын мүшенің орналасқан жерінен немесе сол мүше орналасқан жақтан жасалады. Теріні және тері асты шел қабатын скальпельдің көмегімен ажыратады. Шандырды, апоневрозды және басқада жұмсақ тіндерді кесу үшін скальпель мен қайшыдан басқа электропышақ, лазерлі скальпель, ультрадыбысты аппарат және т.б. қолданылады.

2. Қан тоқтату.Операция кезінде көбінесе түпкілікті қан тоқатату әдісін қолданады.

- тамырды қан тоқтатқыш қысқышпен ұстап, лигатурамен байлайды, ультрадыбысты құрал немесе лазер қолданылады

- қанап жатқан тамыр аймағындағы тіндерді тігеді

- тамырға тігіс салады

-бұлшықеттер,майлы тіндер,гемостатикалық және жартылай биоло- гиялық сорғыш сүлгілерді қолдануға болады

- қан тоқтатудың физикалық әдістерін қолдану- ыстық физиологиялық ертіндіге матырылған сүлгі қою.



3. Тіндерді бекіту. Жараның түбін анық көруге ыңғайлы болу үшін және ем шараны жүргізу үшін, хирург жараның жиектерін ашып, тартады және мүшелерді бекітеді.

4. Операцияның негізгі кезеңдері. Арнайы құралдар жиынтығы мен әртүрлі хирургиялық әдістер қолданылады.

5. Тіндерді біріктіру. Тіндерді біріктірудің бірнеше әдістерін қолданады: тіндерді біріктіру үшін металл қысқыш және тінді тігетін әртүрлі құралдар қолданады.

Тамырлар, жүрекше, өкпе, асқазан- ішек жолдары, қуық, несепағар, тері ауруларында және тіндер мен мүшелер зақымдалған кезде тігетін аппараттар қолданылады.

Тіндерді кесу және біріктіру үшін лазер және ультрадыбысты аппарат пайдаланады. Тіндерді ажырату және патологиялық ошақты алып тастау үшін азот және лазер күйіндегі суықты қолдана бастады. Жұмсақ тіндерді әртүрлі жіптермен тігеді: жібек, кетгут, капрон, лавсан, танталды қысқыш. Сонымен қоса, әртүрлі металды пластиналар, сымдар, қысқыштар, штифтар және медициналық желімдер қолданылады.

1.Хирургиялық құралдар жалпы құралдар және арнайы тағайындалған құралдар болып екіге бөлінеді


    1. Тіндерді ажырататын құралдар

Скальпельдер- олардың түрлері :

  • үшкір басты - олардың көмегімен терең, бірақ жалпақ емес тіліктер салынады.

  • ішті – ұзын және жалпақ, терең емес тіліктер салынады.

Ампутациялық пышақ- кіші, орташа, үшкір басты, резекциялық, екі жақты кескіш түрлері болады. Оларды аяқ- қолдардың ампутациясына, мәйітті союға қолданылады.

Ірі хирургиялық орталықтарда, онкологиялық ауруханаларда электропышақтар, лазерлі скальпельдер, криопышақтар, толқынды пышақтар қолданылады.

1- сурет. Скальпельдер, ампутациялық пышақтар жиынтығы.



  1. кіші және үлкен ампутациялық пышақ, 2- милық пышақ, 3- резекциялық пышақ, 4- Эсмарх пышағы, 5- саусақ фалангісіне арналған пышақ, 6- үшкір басты және ішті скальпельдер, 7- алынып салынатын алмазы бар ішті скальпель

Қазіргі кезде алынып салынатын алмазы бар, бір реттік скальпель қолданады.

Көздің операциясына, неврологиялық операцияларға жіңішке үшкір скальпель, ал микрохирургиялық операцияларға микроскоппен көрінетін скальпельдер қолданылады.

Қуысты операцияларда- жараның түбінде жұмыс жасауға арналған ұзын және сопақ ұстағышы бар, жарты ай тәрізді үшкір скальпель қажет. Байламдарды шешу үшін түймелі қайшы, ал гипсті таңғышты шешу үшін Рихтер қайшысы, тырнақ алатын қайшы қолданылады. Тамырлы қайшының оранышы ұзын, қиғыш беті қысқа болады. Олардың басы домаланған, немесе тамырды кесуге ыңғайланған иілген болуы мүмкін.

2.-сурет. Қайшылар жиынтығы: 1- ұзына қисайған қайшы (Рихтер), 2- тік үшкір басты қайшы, 3- тік добал басты қайшы, 4- жазықтығы бойына қисайған (Купер) қайшысы



Аралардың - келесі түрлері бар: (жақтаулы) немесе доға тәрізді ара; гипсті таңғышты шешуге арналған жапырақшалы ара және сым ара (Джигли). Оны Поленов өткізгіші немесе ұстағыш арқылы қолданады.


3 - сурет. Хирургиялық аралардың түрлері:1-доға тәрізді ара,2- жапырақшалы ара

Сүйектерді кесу үшін ағаш немесе металл балға қолданылады. Оларды көлемі , ені және түрі бойынша ажыратады.



Тістеуіш-Домалақ беткейлі Люэр тістеуішімен, ұзын үшкір басты Листон тістеуішін пайдаланады. Қабырғаны тістеу үшін Дуайеннің немесе Штилленің қабырғалық тістеуіші, ал бас қаңқасының операциясына Дальгрен тістеуіші қолданылады.


4- сурет. Тістеуіштер жиынтығы: 1- Штиллдің қабырғалық тістеуіші, 2- Штилл- Гирцгтің қабырғалық тістеуіші, 3-Сауэрбрух- Фреяның қабырғалық тістеуіші, 4- Листон тістеуіші, 5- Дальгрен тістеуіші, 6- Люэр тістеуіші.

Распаторлар- сүйекқабығын ажырату үшін және кез- келген сүйекке жасалатын операцияларда қолданылады. Фарабефтің сүйектік распаторлары жазықтығы бойынша тік және иілген болады. Қабырғалардың сүйекқабын алу үшін Дуайеннің қабырғалық распаторын пайдаланды.




5- сурет. Распаторлар жиынтығы: 1-7 – Фарабьев распаторлары ( тік және иілген), 8- бұрышты распатор, 9,10- иілген распатор, 11- Дуайен распаторы.
Қолбұрғы (коловорот) фрезі жинағымен- бас қаңқасына әртүрлі көлемдегі тесіктер жасауға арналған.

Троакар- қуысты мүшелер мен буын қуысын тесу үшін қолданады. Тік және иілген түрі болады.

Қуысты түтікшеден және ұстағышы бар стилеттен тұрады.Қолмен және электр тогы арқылы басқарылатын дрель- сым өткізу үшін қажет.

Фолькманның сүйектік қасықтары

Бир инесі–люмбальды пункцияға арналған. Дюфо инесі-қан құюға арналған және сүйекішілік жансыздандыруға арналған ине.


1.2 Тіндерді қысуға (ұстап алуға) арналған құралдар жиынтығы

Корнцанг-тік және иілген түрі болады. Байлам материалдарын, құралдарды алып беру үшін, жараға тампондар, дренаждарды салуға, сонымен қатар жарадан бөгде заттарды алуға арналған. Тупфер жасау үшін және операциялық аймақты өңдеуге пайдалануға болады.

Қан тоқтатқыш қысқыштар-қанды уақытша тоқтатуға арналған. Жиі Бильрот және Кохер қысқышын және «Москит» түріндегі қысқыштарды қолданады. Бильрот қысқышының ұстағыш соңында көлденең жолақтары бар. Олар тіндерді аз зақымдайды, бірақ мықты ұстап тұрмайды.

Кохер қысқышының ұстағыш соңында тісшелері болады. Олар тінді жақсы ұстайды. Бірақ зақымдауы көбірек.



«Москит» түріндегі қысқыш- Холстед қысқышы. Оның жұмыс беткейі өте жұқа болады.

Микулич қысқышы-шпердені ұстау үшін және оны операциялық жамылғыға бекітіп қою үшін пайдаланады. Сонымен қоса, тупфер үшін қолдануға болады. Микулич қысқышы тік немесе иілген болуы мүмкін, бірақ оның браншы әрқашанда ұзын болады.

Федоровтың бүйрек сабағын қысатын қысқышы-мүшенің негізін, тіндерді, тамырларды қысу үшін және ұстау үшін қолданады. Лигатураны тамыр астына өткізу үшін лигатуралық диссекторды қолдануға болады.



6- сурет. Қан тоқтатқыш қысқыштардың жиынтығы: 1- тісті қысқыш (Кохер),

2- Холстед қысқышы, 3- «Москит» түріндегі қысқыш, 4- сопақ ерінді қысқыш (Пеана), 5- тіссіз ұзын ерінді қысқыш (Бильрот)

Терезелі қысқыштар-бұл құралдардың барлығының бранштарында терезелері болады. Бұл қысқыштар өзінің терезелерінің көлемі және қажеттілігі бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

Тіл ұстағыш-тілді ұстау үшін қажет.

Бауыр- бүйректік қысқыш- бауыр немесе бүйректің жиектерін ұстау үшін қолданады.

Терезелі қысқыштар өкпенің, бауырдың, геморрой түйіндерін, полиптерді ұстау үшін пайдалы. Оларды кейде геморрой қысқыштары немесе Люэр қысқышы деп атайды.


Жомдар-тіндерді қысу дәрежесіне қарай эластикалық және қатты қысатын түрлерге бөлінеді. Біріншісі- жұмсақ эластикалық жомдар, ішектердің қуысын қысып тұрады және ішектің ішіндегілерін сыртқа төгілуіне мүмкіндік бермейді, ішектердің қабырғасын зақымдамайды. Екіншісі – ішек тінін қатты қысады, сондықтан оны қолданғаннан кейін ішекті резекциялау қажет. Қатты қысатын жомдарға Пайрдың асқазандық жомы жатады.

7- сурет. Қысқыштарды жиынтығы: 1- қатты ішектік қысқыш, 2- ішектік жұмсақ қысқыш, 3- ішектік жұмсақ қисайған қысқыш, 4-Пайрдың асқазандық қысқышы



Анатомиялық пинцет- соңдарында көлденең жолақтары бар құрал. Ол тіндерді зақымдамай ұстап тұруы үшін қажет. Бірақ тіндерді мықты ұстамайды. Анатомиялық пинцетті жұмсақ тіндерге операция жасағанда пайдаланады. (АІЖ, тамырлар). Хирургиялық пинцеттердің бранштарында тісшелері болады. Олар арқылы тығыз тіндерді–фасцияларды, апоневрозды, теріні ұстаған ыңғайлы. Сонымен қоса, домалақ басты пинцет болады. Оның браншысының соңдарында тістері орналасады. Олар арқылы тіндерді ұстайды, байлам материалдарын алып беріп тұрады. Пинцеттерді сонымен қатар ұзындығы бойынша ажыратады. Ұзын пинцеттермен жұмыс істеу ыңғайлы.

8 -сурет. 1-Домалақ басты пинцет, 2-хирургиялық пинцет, 3-анатомиялық пинцет.


Жамылғы ұстағыштар-жара аймағы қоршалған операциялық жамылғыны бекіту үшін пайдаланады,кейде жамылғымен бірге жансыздандырғаннан кейін теріні де бірге бекітіп қояды.Жараны таңу немесе операциялық устелде операциялық жамылғыны бекітуге қолданады. Қазіргі кезде жамылғылық ұстағыш және Бакгауз ұстағышы пайдаланылады.

Фарабьевтің және Ольенің бекіткіш сүйектік қысқыштары -операция кезінде сүйекті ұстап тұру үшін (бекітіп тұру) қолданылады.

Секвестрлерді алып тастау үшін секвестральды қысқыштар болады. Жатыр мойнын ұстап тарту үшін пулевые қысқыштар арналған.

Ал жатыр қуысын қырнау үшін әртүрлі көлемдегі кюреткалар жасалған.


    1. Жараларды және табиғи тесіктерді кеңейтіп ашуға

арналған құралдар

Бұл құралдар қолданылмай ешбір операция өткізілмейді десек те болады. Бұл құралдар жиынтығына жараның жиектерін тартып, белгілі бір қалыпта ұстап тұру арқылы тілікке ыңғайлы жағдай жасайтын құралдар жатады.



Ілмектер (жара кеңейткіштер)- тісті ілмектер, оның жұмыс басында саны әртүрлі тістері бар иілген шанышқы түрінде болады. Бір тісті, екі-, үш- және төрттісті ілмектерді ажыратады. Тістерінің үшкірлігіне қарап доғал және үшкір ілмектер болып бөлінеді. Ілмектердің үлкендігі олардың қажеттілігіне қарай болады: косметикалық операциялар үшін қолданады.

Пластиналы Фараоеср ілмегі-әртүрлі ұзындықтағы иілген жақтары бар, ілмегі әртүрлі көлемде болады. Оларды жараны, қуысты кеңейту үшін және ішкі мүшелерді ығыстыру үшін қолданады.

Үлкен жылтыр беті бар жара кеңейткішті айна деп атайды. Ер тоқым тәрізді және Ру жара кеңейткіші кеңінен қолданылады.



9- сурет. Жара кеңейткіштер жиынтығы: 1-бауырлық айна. Ертоқым тәрізді айна, 3-бүйректік айна, 4-Реверден қалақшасы, 5-Микулич–Радецкий айнасы, 6-Кохер қалақшасы, 7-екі тісті, үш тісті үшкір басты жара кеңейткіштер,8-Фарабьеф жара кеңейткіші

Ер тоқым тәрізді жара кеңейткішінің ертоқым тәрізді жазықтығы болады, ал Ру жара кеңейткішінің соңғы жағында жазықтықтарының ені және ұзындығы әртүрлі және ұстағышы иілген болады. Жиі бұлар іш қабырғасын кеңейту үшін қолданылады.

Қуыс ішінде кеңейту үшін бауырлық және бүйректік жара кеңейткіштер пайдаланылады. Олардың да ені әртүрлі және ұзындықтары да әртүрлі жазықтықтары бар. Жара шеттерін кеңейтуге арналған құралдардың ішінде анағұрлым жетілдірілген түрлерін жара кеңейткіштер деп атаймыз. Жара кеңейткіштердің көмегімен жараның жиегін хирургтің және ассистенттің қолымен ұстамай- ақ қоюға болады. Ондай жара кеңейткіштер құлыптық, сақиналық, рейка тәрізді өзі ұстап тұратын түрде болады.

Микуличтің жара кеңейткіші және Труссоның трахеокеңейткіші құлыпты жара кеңейткіштерге жатады.

Госсе жара кеңейткіші–рейка тәрізді болады.

10 - сурет. Жара кеңейткіштер жиынтығы: 1- Коллин жара кеңейткіші, 2- Госсе жара кеңейткіші, 3- Янсен жара кеңейткіші

Табиғи тесіктерді кеңейтетіндерге жатқызылады: Розин-Кениг ауыз кеңейткіші, Гейстердің бұрандалы ауыз кеңейткіші, Субботиннің тік шектік айнасы, қынаптық айна.

Сонымен қоса, басқа да кеңейткіштер де бар- дилататорлар. Олардың көмегімен емдік іс- шаралар атқарылады: соқыр немесе күштеп кеңейту арқылы туа біткен немесе жүре пайда болған қуыстардың тарылуында қолданады. Бұл құралдарды сондай- ақ буж деп те атайды.

Қуықтың қуысын көру үшін цистоскоп қолданылады.. Ол арқылы қуықтың шырышты қабатын көруге, әртүрлі іс- шаралар жүргізуге және биопсия алуға болады.


    1. Тіндерді әртүрлі жарақаттардан қорғайтын құралдар

Зондтар- әртүрлі болады. Жүлгелі зонд-қан тамырларын және жүйкелерді жауып тұрған фасцияларды кесуге ыңғайлы.

Түйме тәрізді зонд-жараны зерттеу үшін арналған. Осы екі қызметті бірлестірген жүлгелі-түйме тәрізді зонды құрастырылып жатыр. Кохер зонды- тіндерді соқыр ажырату үшін арналған. Бауырлық зонд.


Бауырлық қалақша

Буяльсий қалақшасы және Фолькман қалақшасы патологиялық бөліністерді, артық гранульяциялық тіндерді алып тастауға, сонымен қатар, қуысты және жыланкөз жолдарын қырнауға арналған.

Милық шпатель- екі жағында немесе бір жағында қуысы бар жұқа пластинка. Гематоманы алып тастуға арналған. Ретрактор (тартқыш) – аяқ- қолдардың ампутациясы кезінде жұмсақ тіндерді тартып тұруға қолданылады.Сүйек көтергіштер немесе леваторлар- сүйек сынықтарының бүтіндігін қалыптастыру үшін қажет.

Кілттер мен скобалар (доға) жиынтығы ЦИТО қаңқалық тартуға арналған, спицалар.Оның бір кілті доғаның гайкасын бұрау үшін қолданса, екінші кілті сым тарту үшін қажет.

Бұрағыштар, жалпақеріндер, бүйірінен кескіштер- сүйектермен жұмыс жасағанда қажет.

1.5 Тіндерді байланыстыратын құралдар

Операциялық жараны толық немесе жартылай толық тігумен аяқталатын әрбір операцияның барлығында қолданады.



Хирургиялық инелер-радиусы бойынша тігінен иілген, күрт иілген немесе аз иілген және тік инелер кеңінен таралған. Беткей тігіс салу үшін кіші иінді инелер, ал терең тігіс салу үшін үлкен иінді, яғни жарты шеңбер тәрізді ине қолданылады. Ұшының түріне қарай үшкір, доғалдау (ішектік) және доғал (бауырлық) болып бөлінеді. Стержньнің тесу түріне қарай үшжақты немесе кесетін, тесетін немесе домалақ және арнайы болады.

Атравматикалық инелер-бір реттік құлақшасы болмайтын (жіп инеге кіріп тұрады) инелер.

Ине ұстағыштар- инені бекіту үшін қажет. Ине ұстағыштардың түрлері көп. Гегардың ине ұстағышы мен бір ғана ұзын басы бар тамырлық тігіске арналған ине ұстағышы кеңінен таралған.

11- сурет. Ине ұстағыштардың жиынтығы: ұстағышы иілген ине ұстағыш (Матье), 2- Троянов ине ұстағышы,3-дөңгелек ұстағышы бар тік ине ұстағыш (Хегар):

а-хирургиялық кескіш иненің көлденең кесу, б–хирургиялық дөңгелек иненің көлденең кесу, в- хирургиялық иненің құлақшасы

Лигатуралық инелер-жіп байлауды қажет ететін тамырдың және басқада тіндердің астынан өткізіледі. Дешан инесін және лигатуралық диссектор қолданылады.

Барлық хирургиялық құралдардан қарапайым хирургиялық операциялар жасайтын жиынтық құрауға болады.

Операциялық медбикенің құралдар үстелінде «оралған құралдар» болуы қажет, яғни тек қана операциялық медбике жұмыс жасайтын құралдар- қайшы, анатомиялық кіші және ұзын пинцет, 2 корнцанг, өңдеуге арналған және операциялық аймақты шектеуге арналған 4 жамылғылық ұстағыштар.Негізгі жиынтық- кез- келген операцияда қолданылатын жалпы топтағы құралдар. Нақты операцияларды оларға арнайы құралдар қосылады.

2 Тарау. Хирургиялық құралдардың жиынтығы

2.1 Негізгі құралдардың жиынтығы

12- сурет. Негізгі құралдар жиынтығы: 1-«Корнцанг» түріндегі қысқыш (Гросс- Майер бойынша) тік, 2- жамылғылық ұстағыштар, 3- пуговчатый зонд (Воячека),

4- желобоватый зонд, 5- хирургиялық инелердің жиынтығы,

6- жібімен біріккен атравматикалық ине



1. Корнцанг-операциялық аймақты өңдеу үшін қажет. Ол екеу болуы мүмкін

2. Жамылғылық ұстағыштар- таңу материалдарын ұстау үшін қажет

3. Қандауыр-операция кезінде ауыстырып тұру үшін бірнешеуі болуы керек. Үшкір басты және ішті да болуы керек

4. Бильроттың,Кохердің, «Москит» тәрізді қан тоқтатқыш қысқыштары -көп көлемде қолданылады

5.Қайшылар-қабырғасы және жазықтығы бойынша тік және иілген–бірнешеу болуы керек

6. Пинцеттер- үлкен және кіші хирургиялық, анатомиялық, домалақ басты

7. Ілмектер (жара кеңейткіштер)–Фарабеф ілмегі және тісті доғал- бірнешеу болуы қажет

8. Зондтар- түймелі (пуговчатые), науа тәрізді , Кохердікі

9. Ине ұстағыштар

10. Әртүрлі инелер жиынтығы

Мақсаты:

- тіндерді кесу немесе жараның жиектерін және түбін кесу арқылы жараға түскен микроағзаларды алып тастау;

- микроағзаларға қоректі орта болып табылатын қан ұйындыларын, зақымдалған тіндерді алып тастау;

- регенерация үрдісін тездету мақсатында барлық жараларды кесілген жараларға айналдыру;

- нақты, соңғы гемостаз;

- тігіс салу арқылы бүлінген тіндердің бүтіндігін қалыптастыру және қажет болған жағдайда жараға дренаж қою.



2.2 Алғашқы хирургиялық өңдеуге (АХӨ) көрсеткіштер:

- жұмсақ тіндердің езілуі, жыртылуы, кең көлемде зақымдалуы және көп мөлшерде ластануы

- ірі тамырлар, жүйкелер, сүйектер зақымдалған барлық жарақаттар

АХӨ 24- 48 сағат ішінде жасалады және мүмкіндігінше біркезеңді және тиімді болуы керек. АХӨ жара маңындағы теріні жуудан, сол емдеу мекемесінде қолданылатын әдіс бойынша операциялық аймақты өңдеуден тұрады. АХӨ премедикациялау, жалпы немесе жергілікті жансыздандырудан басталады.



Қарсы көрсеткіштер:

  • шок, жедел анемия

  • коллапс, іріңді қабынудың дамуы


2.3 Лапаротомияға арналған құралдар жиынтығы

13- сурет. Лапаротомияға арналған құралдар жиынтығы:

1-Госсе бойынша рейка тәрізді жара кеңейткіш, 2- Коллин жара кеңейткіші, 3- Кохер бойынша хирургиялық жара кеңейткіш (айна), 4- Реверден шпателі
Құрсақ қуысында қандай да бір операция жасау үшін құрсақты кесу немесе лапаротомия жасайды.

Көрсеткіштері:

Құрсақ қуысының және құрсақ арты кеңістігінің жедел және созылмалы ауруларында, жарақатында және зақымдалуларында, кейде диагностикалық мақсатта қолданады.

Кеңейтілген жалпы жиынтық қолданылады – жалпы жиынтық Госсенің және Микуличтің жара кеңейткішімен, Рудың құрсақтық айнасымен және ертоқым тәрізді, бауырлық және бүйректік айнасымен толықтырылады.

Сонымен қоса, қан тоқтатқыш қысқыштар Микулич, Федоров қысқыштарымен, терезелі, бауыр- бүйректік, лигатуралық диссектормен және Дешан инесімен толықтырады.



  • Кіші және үлкен ( қуыстық) қайшылар мен пинцеттер

  • Ішектік және асқазандық жомдар

  • Реверден шпательі

  • Бауырлық зонд және қасық


2.4 Аппендэктомия және жарық кесуге арналған құралдар жиынтығы

Құрт тәрізді өсіндіні алып тастау үшін және жарықты жою үшін жасалатын операция.



Көрсеткіштер:

Жедел аппендицит ұстамасы, жарықтың қысылып қалуы. Операция ауру басталған уақыттың бірінші сағатында жедел түрде жасалуы қажет. Қысылмаған жарықта–«суық» кезеңінде науқасты толық тексеріп барып жасалады.



Құралдар жиынтығы:жалпы хирургиялық құралдар жиынтығы қуысты құралдармен толықтырылады- Микулич қысқышы, қуысты айналар- ертоқым тәрізді және Ру.

2.5 Лапороцентезге арналған құралдар жиынтығы (құрсақ қуысын тесуге арналған)

Асцит кезінде, іштің аурулары және жарақаты кезінде

диагностикалық мақсатпен қолданады.

Науқастардың дене бітімі әртүрлі болуына байланысты жалпы құралдар жинастырылады.Семіз адамдарға троакорды тілік салу арқылы енгізеді. Тері асты май қабаты әлсіз дамыған адамдарда троакордың өзін тікелей енгізеді.Тоакордың диаметріне сәйкес келетін полихлорвинильді түтікті ұмытпау қажет!



2.6 Холецистэктомияға арналған құралдар жиынтығы

15 - сурет. Холецистэктомияға арналған құралдар жиынтығы

1- лигатуралық диссектор, 2- бауырлық айна, 3- өт тасын алуға арналаған қасық

Бауыр аурулары,бауыр жарақаты және өтқабы ауруларында қолданады.



Құралдар:

1. кеңейтілген лапаротомияға арналған құралдар жиынтығы

2. Федоров қысқышы

3. лигатруалық диссектор, Дешан инесі

4. бауырлық айна

5. бауырлық зонд және бауырлық қасық

6. бауыр- бүйрек қысқышы

7. бауыр жарақатында құрсақ қуысынана қанды алуға арналған ожау

8. өт жолдарынан тас алатын қысқыш
2
.7 Асқазан резекциясына арналған құралдар жиынтығы

16- сурет. Асқазан- ішектік, екі еселенген Лане қысқышы

Асқазан және он екі елі ішектің қарапайым және тесілген ойық жарасында, асқазан жарақатында және ісігінде қолданады.

Құралдар:


  1. Кеңейтілген лапаротомияға арналған құралдар

  2. жомдар

  3. бауырлық айна

  4. федоров қысқышы, лигатуралық диссектор

  5. терезелі қысқыш

17- асқазанның рычагты тіккіші



2.8 Кеуде қабырғасына және кеуде қуысының мүшелеріне жасалатын операцияға арналған құралдар жиынтығы

Кеуде қабырғасының жарақатында, өтпелі жарақаттарда, кеуде мүшелерінің жарақатында қолданады. Кеуде қуысының іріңді патологиясында және арнайы ауруларында қажет.



Құралдар:

  1. жалпы құралдардың жиынтығы

  2. Дуайеннің қабырғалық распаторы және Дуайеннің қабырғалық тістеуіші

  3. бұрмалы механикалық жара кеңейткіші

  4. Люэрдің терезелі қысқышы

  5. Федоров қысқышы

  6. лигатуралық диссектор, Дешан инесі

  7. жүрек- қантамыр хирургиясында қолданылатын арнайы құралдар

2.9 Бас қаңқасының трепанациясына арналған құралдар жиынтығы

Құралдар жиынтығы- жалпы хирургиялық құралдар қолданады, бірақ жараны кеңейту үшін үшкір басты ілмек қолдану қажет.

18- сурет. Бас қаңқасының трепанациясына арналған құралдар жиынтығы:

1- Фрездер жиынтығы бар қолбұрғы( коловорот), 2- Дальгрен тістеуші,

Люэр тістеуіші, 3,4- тік және иілген распаторлар, 5- Фолькманның сүйектік қасығы, 6- ұстағышы бар


Джигли арасы және Поленов өткізгіші

  1. Рашпиль

  2. әртүрлі енді милық шпатель

  3. резиналы баллон « груша»

  4. арнайы нейрохирургиялық қан тоқтатқаш қысқыштар



2.10 Трахеостомияға арналған құралдар жиынтығы


20- сурет. Трахеостомияға арналған құралдар жиынтығы: 1- қалқанша безінің мойыншығын ығыстыруға арналған доғал ілмек, 2- көмей және трахеяны ұстауға арналған үшкір ілмек, 3-трахея кеңейткіші,4,5,6-жиналған және шашылған күйіндегі трахеостомиялық канюля

Тыныс жолдарын ашу. Шұғыл трахеостомияны өкпеге ауа жеткізу мақсатында жүргізеді. Көрсеткіші: көмей немесе дауыс байламының ісігімен науқаста тыныс жолдарының бітелуі.



Көрсеткіштер:

  • көмей және кеңірдектің зақымдануы

  • көмей және кеңірдектің қабынулық үрдісінің тарылуы және ісігі

  • көмейдің және кеңірдектің бөгде денесі

  • ұзақ уақыт жасанды тыныс алдыру қажет болғанда

Құралдар:

  1. жалпы құралдар

  2. арнайы құралдар:

  • бір тісті ілмек – кішкентай доғал ілмек

  • Труссоның кеңірдекті кеңейткіші

Сыртқы және ішкі түтіктен тұратын, әртүрлі көлемдегі екі еселенген трахеостомиялық канюла. Сыртқы түтіктің бүйірінде тесемокке арналған тесігі бар. Ол арқылы мойынға байланады.
2.11 Қаңқалық тартуға арналған құралдар жиынтығы

  1. - сурет 1.Қол дрелі. 2.Киршнер скобасы спицеймен қанқаны тарту үшін

Бұл жинақ үшін жалпы аспаптар жинағы қажет емес. Сынғанда сүйектерді тарту үшін пайдаланады.

Құралдар:



  • қол дрелі немесе электрлік

  • Киршнер скобасы

  • спицалар жинағы

  • болттарды бұрау үшін кілт қажет

  • спицаларды тарту үшін кілт

  • бұл жинаққа сонымен қатар дәке шариктерін бекіту үшін, резеңке қақпақшалар қажет


2.12 АЯҚ ҚОЛДЫ АМПУТАЦИЯЛАУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ АСПАПТАР ЖИЫНТЫҒЫ


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет