Сабақтың тақырыбы: Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі! Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет1/3
Дата26.10.2022
өлшемі22.92 Kb.
#463394
түріСабақ
  1   2   3

Сабақтың тақырыбы: Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі!
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:  Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір
сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру. 
Дамытушылық: Сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту,
сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелеу: Жастарды дені сау, білімді, тәрбиелі, мейірімді, ұстамды,
өзін-өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойнау әдісі,
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суреттер, қанатты сөздер
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасып,назарларын сабаққа аудару.
Қ.Р.Гимн орындату.
ІІ.Негізгі бөлім
Кіріспе
Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы. Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы. Денінің сау болуын қандай адам қаламайды?
Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек. Қоғамадағы не бір жұмысты да сол денсаулық иесі ғана атқара алады. Адам бұл өмірде мәңгілік емес. Сол берілген аз ғұмырды дұрыс пайдалана білмесең, ғұмырың текке өтті дей бер. «Денсаулық – зор байлық» деп атамыз қазақ бекер айтпаған болар. Әр адамның өмірінде денсаулықтың орны бөлек. Сондықтан денсаулығымызға көңіл бөліп, дұрыс сақтанғанымыз жөн. Деніміз сау болмаса, ауру меңдеп, қалжыратса, шалқыған байлықтан, ақшадан не пайда?! Осыдан біз ненің бірінші байлық екенін аңғарамыз.
Шопенгауердің «Дені сау кедей – ауру корольден бақытты»,- деген қанатты сөзі өте орынды айтылған.
Дені саудың – жаны сау. Әрине денің сау болмаса, рухани сауыға алмасың тағы бесенеден белгілі.
Бүгінгі дені сау ұрпақ – елдің ертенгі жалғасы.
Табиғаттың ең қымбат жемісі – адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлгені - өзін-өзі сыйлағаны.Осыдан-ақ табиғаттың берген сыйы тұла бойына таза қарап, өмірдің соңына шейін денсаулығы зор болып, адам атына кір келтірмей өту абзал.
Адамның денсаулығы - өмір тіршілігінің ең бірінші шарты болып табылады. Сондықтан үкіметіміз денсаулық сақтау ісіне, адамдарымыздың дені сау, ағзасының күшті болуына үнемі қамқорлық жасап отыр. Дені сау болса, адамның өзі де, жан-жағындағы адамдар да бақытты. Адамға денсаулықтан не бар қымбат,
Сау дене, азат ақыл, адам көңіл,
Үшеуімен бақытты болады өмір,- дегендей, өмірге адам болып келген соң, адам болып өту, өмірімізді мәнді де, сәнді өткізу, келешекке оң көзқараспен қарау – міндетіміз. Бұл өмірді дұрыс өткіземін десең, салауатты өмір салтын ұстан.
Салауаттылық – саулық кепілі, ал саулық – байлық негізі.
Өркениеттің жолындағы елдің ертеңі – халқының саулығына байланысты. Дені сау халық – бай халық, халқының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз. Жаны сұлу, тәні сау ұрпақ, саған аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай биік көтер!
Өміріміз - өз қолымызда. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Адамға өмір бірақ рет беріледі. Бұл ретте оның денсаулығы мықты, рухы күшті болғаны абзал!



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет