Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағЫ



бет7/14
Дата02.07.2016
өлшемі1.55 Mb.
#173187
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

Рецептік мысал:

I inscription – кіріспе «Айболит» клиникасы

Азамат С. Айтқұловтың 2 жасар итіне

20 _05_ 10

XII

ветеринария дəрігері Асанов Ж.



II praepositio Rp.: Tincturae strophantini 100 (basis)

III designation Themisali 50. (adjuvans)

Sirupi simplicis 20.0 (corriqens)

Aqua distillatae 20.0 (constituens)

IV subscriptio M.f. mixture

Vsignatura таңертеңгісін жəне кешкісін бір ас қасықпен ішке қабылдау үшін

VI nomen medici дəрігердің қолы

Науқасқа дəріні шұғыл түрде босату қажет болған жағдайда дəрігер рецептің көрінетін тұсына Cito! - Тез! Немесе Statim! - Дереу! деп жазуы керек. Дəрі мұндай жағдайда кезексіз жіберіледі.

Егер дəріні бірнеше рет қайталау қажет болса, Repetātur – қайталансын; Bis (tres) repetātur - екі (үш) рет қайталансын деп жазылады.

Дəрілік заттардың коммерциялық (патенттелген) атаулары тырнақшаның ішінде атау септігінде жекеше түрде жазылады.

Re.: Tabulettas "Quamatel" numĕro 28

Da. Signa: бір таблеткадан тəулігіне 2 рет

Сұйық дəрілік заттар формасы ерітінділер – Solutiōnes

·Solutiōnis қысқартылған Recĭpe сөзінен кейін жекеше түрде ілік септігінде жазылады.

·Ерітінділер сулы, спиртті, майлы, глициринді болуы мүмкін: Aqua purificāta – дистилденген су (бұл атау қазіргі кезде Aqua destillātaның орнына қолданылады), Spirĭtus aethylĭcus – этил спирті, Glycerinum – глицерин, сұйық майлар – Oleum Vaselini – вазелин майы, Oleum Olivārum зəйтүн майы жəне Oleum Persicōrum – шаблады майы.

· Рецепте Recĭpe сөзінен кейін ерітінді аттары ілік септігінде былай жазылады: Solutiōnis spirituōsae, Solutiōnis oleōsae, Solutiōnis glycerinōsae (solutio – femininum тектік түрінде), сын есімдер рецепт сөйлемінің соңына жазылады. «майда» сын есімі латын тілінің “oleōsus, a, um” сын есіміне сəйкес келді: (майдағы камфора ерітінідіс– Solutiōnis Camphŏrae oleōsae), бірақ, майдың нақты аты келтірілсе, “in” конструкциясы қолданылады:

(зəйтүн майындағы камфор ерітіндісі – Solutiōnis Camphŏrae in oleo Olivārum).

·Ерітіндінің концентрациясы төменде келтірілгендей белгіленеді:

Recĭpe: Solutiōnis Camphŏrae oleōsae 10% - 100 ml.

Шырыштар– Mucilagĭnes

·Mucilagĭnis - қысқартылған Recĭpe сөзінен кейін жекеше түрде ілік септігінде жазылады.

·Көп қолданылатын сөздер: Mucilāgo radīcis Althaeae (жалбызтікен тамырының шырышы ), Mucilāgo Amўli крахмал шырышы).

Суспензиялар – Suspensiōnes

·Suspensiōnis - қысқартылған Recĭpe сөзінен кейін жекеше түрде ілік септігінде жазылады.

·мысалы: Recĭpe: Suspensiōnis Hydrocortisōni acetātis…

Эмульсиялар – Emulsa

·Emulsi - қысқартылған Recĭpe сөзінен кейін жекеше түрде ілік септігінде жазылады.

·Майлы эмульсия дайындау үшін Oleum Ricĭni –кастор майы, Oleum Amygdalārum – миндаль майы, Oleum jecŏris Aselli vitaminisātum – дəруменделген треска балық майы қолданылады

·Қысқартылған түрде:

Recĭpe: Emulsi olei Amygdalārum 200 ml

Codeini phosphātis 0,2

Misce. Da. Signa: бір ас қасықпен күніне үш рет

Қысқартылмаған түрде:

Recĭpe: Olei jecŏris Aselli 30 ml

Gelatosae 15,0

Aquae destillatae ad 200 ml

Misce, fiat emulsum

Da. Signa: екі рет қабылдауға

Тұнбалар мен қайнатпалар - Infūsa et Decocta

·Infūsi, Decocti - қысқартылған Recĭpe сөзінен кейін жекеше түрде ілік септігінде жазылады.

Дəрілік зат атынан кейін дəрі дайындалған өсімдіктердің бөлшектері жазылады:

*қабық- cortex (ілік септ. – cortĭcis)

*тамыр – radix ((ілік септ. – radīcis)

*тамыр сабақ – rhizōma ((ілік септ. – rhizomătis)

*жапырақ – folĭum ((ілік септ. Жекеше түрде– folĭi, көпше түрде -foliōrum)

*шөп – herba (ілік септ. – herbae)

*гүл – flos (ілік септ. – floris, көпше түрде - florum)

·мысалы: Recĭpe: Decocti cortĭcis Quercus …

Ал: Емен қабағының тұнбасы….

тұндырмалар– Tinctūrae

·Tinctūrae - қысқартылған Recĭpe сөзінен кейін жекеше түрде ілік септігінде жазылады.

·мысалы: Recĭpe: Tinctūrae Valeriānae… .

Экстракты – Extracta

·Extracti - қысқартылған Recĭpe сөзінен кейін жекеше түрде ілік септігінде жазылады.

·Сұйық экстрактылар (Extractum fluĭdum – Extracti fluĭdi), қою экстрактылар (Extractum spissum – Extracti spissi) жəне құрғақ экстрактылар (Extractum siccum – Extracti sicci) бар.

·мысалы: Recipe: Extracti Frangŭlae fluĭdi... .

Ескерту: рецепте тек сұйық экстрактілер (fluidum)жазылады – spissum, siccum сөздері жазылмайды.

Көп кездесетін кесінділер

Латын мағынасы мысалдар

1. -anth- грек. “anthos” – «гүл», өсімдік тектіHelianthus Galanthamini hydrobromidum

2. -camph- камфоралы Camphonium Bromcamphora

3. -ephedr- грек. “ephedra” – «қылқан жапырақты» Ephedrinum Ephedrosanum

4. -erythr-, -eryth- грек. “erythros” – «қызыл» Erythromycinum Erythaemum

5. -estr-, -oestrəйел жыныс гормондарының препараттары Oestradiolum Synoestrolum

6. -glyc-, -gluc-

грек. “glykys” – «тəтті» Nitroglycerinum Glucosum

7. -phyll- грек. “phyllon” – «жапырақ» Euphyllininum Theophyllinum

8. -phyt- грек. “phyton” – «өсімдік» Phytinum Phytolysinum

9. -stroph- Строфант препатары Strophanthus Strophanthinum

10. -theo- Латындалған қытай тілінен “theа” – «шəй» Theophedrinum Theophyllinum

Бақылау сұрақтары:


  1. Рецеп түрлері.

  2. Рецепті ресімдеулегі талаптар.

  3. Дәрілік заттардың күйі.


Негізгі әдебиеттер

1 Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен. ІІ: (цитология, эмбриология, гистология) / Тоқаев, З.К. - 2006

2 Латинский язык / Валл Г.И. - 1990 Латинский язык / Валл Г.И. – 1990

3 Латинский язык и основы ветеринарной терминологии: / Вульф, В.Д. - 1988



Қосымша әдебиеттер

1 Введение в латинскую ветеринарную терминологию /Валл, Г.И. - 1978

2 Анатомия терминдерінің сөздігі ( Қазақша-орысша латынша, орысша латынша-қазақша, латынша-орысша-қазақша) / Рақышев, А. - 1992
5В120200 «Ветеринариялық санитария» мамандығына арналған

«Малдәрігерлік латын терминологиясы» пәнінен №15 Дәріс


Модуль 3 Латын граматикасының фармацевтикалық терминологиясы
ТАҚЫРЫБЫ: Дәрі-дәрмектердің сөз жасам құрылымы. Дәрілік күй (форма) туралы қысқаша түсінік.

Жоспар:

  1. Негізгі фармацевтикалық түсініктер. Фармацевтикалық терминология мақсатындағы етістік граматикасы. Шипаұсынымдағы бұйрық және шартты райлар.

  2. Шипаұсынымдық терминдер және сөзжасам

  3. Фармацевтикалық атаулардың бас əріппен жəне кіші əріптермен

жазылу ережелері.. Дəрілік заттар атаулары.
Негізгі фармацевтикалық түсініктер

·Дəрілік шикізат - өсімдіктердің, жануарлар мүшесінің бір бөліктері жəне минералдардан, бактериялардан, саңырауқұлақтардан алынатын өнімдер.

·Дəрілік заттар – дəрілік заттар ретінде қолданылатын химиялық қосылыстар. Дəрілік заттарды химиялық синтез жолымен дəрілік шикізаттардан арнайы əдіспен алады.

·Дəрі – ауруды емдеу жəне алдын алу мақсатында қолданылатын химиялық немесе табиғи жолмен алынатын заттар

·Дəрілік заттар пішіні – дəрілік затқа қолдануға ыңғайлы болу үшін берілетін пішін. Олар төмендегідей болып бөлінеді:

Сұйық (ерітінділер, тұнбалар, қайнатпалар, сұйық экстрактілер, суспензиялар, микстуралар, эмульсиялар...)

Жұмсақ (сүртпе майлар, линименттер, пасталар, суппозиторилер, таяқшалар, пластырлер..)

Қатты (ұнтақтар, капсулалар, таблеткалар, жиынтық дəрілік заттар, пилюлдер, болюстер, брикеттер ...)

Дəрілік препарат –дəрілік пішіндегі дəрілік зат (қатты, сұйық, жұмсақ т.б.).
Күрделі құрамдағы дəрілік заттардың компоненттерін тізбектеп жазып жатпау үшін оларға коммерциялық ат беріледі. Алдымен дəрілік зат формасы, соңынан тырнақшаның ішінде атау септігінде коммерциялық аты жазылады: Suppositorĭa «Anaesthesōlum» - балауыз «Анестезол».

Көп кездесетін құрам (жиілік кесінділер) – белгілі бір мағынасы мен жазылуы бар фармацевтикалық терминнің құрылымдық компоненті.

Фармацевтикалық терминдердің құрамындағы бұл құрамдар орфографиялық дұрыс жазуға жəне көп терминдерің мағынасын түсінуге себеп болады.



Рецептің латын бөлімінде өкім, тапсырма ретінде қолданылатын қалыптасқан ұғымдар қолданылады. Бұл ұғымдар фармацевке дəріні дайындауға, жіберуге жəне қолдануға тапсырма беру үшін қажет. Латын тіліндегі етістіктің грамматикалық категориялары мен формаларын рецептегі қалыптасқан ұғымдар түрінде есте сақтау керек. «өкім, тапсырма беру» рецептте бұйрық жəне қалау райында жазылады.

а) бұйрық рай

Рецептурада бұйрық рай жекеше түрдің екінші жағында қолданылады.

· Recĭpe ал

· Da бер


· Signa белгіле

· Misce араластыр

· Repĕte қайтала

· Sterilĭsa!

(леп белгісімен!)

Залалсыздандыр!

· Da tales doses numĕro Осындай мөлшерде ... санымен берілсін

· Divĭde in partes aequāles Бірдей бөліктерге бөл

· Adde қос

б) қалау рай

Рецептурада қалау рай «бұйыру, тапсыру, іс-əрекет жасау» мағынасында бұйрық раймен синоним түрінде қолданылады. Қазақ тіліне қалау рай –сін, - сын жалғауларымен (мысалы: берілсін) немесе етістіктің инфинитив формасында аударылады.

· Detur берілсін.

· Signētur белгіленсін

· Misceātur араластырылсын.

· Sterilisētur! (леп белгісімен!)

Залалсыздандырылсын!

· Repetātur Қайталансын

· Dentur tales doses numĕro (denture - көпше түрдің формасы, осы мағынада ғана қолданылады) Осындай мөлшерде ... санымен берілсін

N.B! Бұйрық рай мен қалау райдың формалары бір мағына береді, сондықтан олар бірінің орнына бірі қолданыла береді. Бақылау, жаттығулар жазғанда олардың қай-қайсысын болса да қолдана беруге болады.

fiat/fiant формасының қолданылуы

Рецептте fiĕri етістігі fiat/fiant түрінде көп қолданылады:

·fiat – орындалсын, болсын

·fiant – орындалсын, болсын (көптік _______түрде)

Misce, ut →fiat + жекеше түр, атау септігіндегі зат есім →fiant + көпше түрдегі атау септігіндегі зат есім

Төменде рецепттегі қалыптасқан ұғымдар тізімі берілген:

· Misce, fiat linimentum Араластыр, линимент болсын

· Misce, fiat pasta Аралыстыр, паста болсын

· Misce, fiat unguentum араластыр, сүртпе май болсын

· Misce, fiat suppositorium Аралыстыр, балауыз болсын

· Misce, fiat suppositorium rectāle (vagināle) Аралыстыр, тік ішікке (қыныпқа) қолданатын балауыз болсын

· Misce, fiant suppositoria rectalia (vaginalia) Аралыстыр, тік ішікке (қыныпқа) қолданатын балауыздар болсын

· Misce, fiat bacillus longitudĭne 5 cm et crassitudĭne 0,5 cm Араластыр, ұзындығы 5 см жəне ені 0,5 см таяқша болсын

· Misce, fiat pulvis Араластыр, ұнтақ болсын

· Misce, fiat emulsum Араластыр, эмульсия болсын

· Misce, fiat suspensio Араластыр, суспензия болсын

· Misce, fiant species (көпше түр) Араластыр, құрғақ жиынтықтар болсын

Fiant көпше түріне жəне бұл ұғымда Misceātur” формасы емес, “Misce” формасы қолданылатындығына назар аударыңдар.

Көп қолданылатын бөліктер ( 2 бөлім)

Латын мағынасы мысалдар

1. -cain- Жергілікті жансыздандыру заттары Procainum Tetracainum

2. -cyt- Цитостатиктер (ісік торшаларын өлтіретін; грек. cytos - «торша») Cytarabinum

Cytocristinum

3. -form- Acĭdum formicĭcum құмырсқа қышқылы Xeroformium Iodoformium

4. -ichth(y)- грек. “ichthys” – «балық» Ichthammolum Ichthyolum

5. -poly- грек. “polys” – «көп» Polyphepanum Polymixini B sulfas

6. -rheo- Қан айналымын жақсартатын зат Rheomacrodexum Rheopolyglucinum

7. -zep- антиксиолитиктер – стресске қарсы заттар Diazepamum Bromazepamum

Бақылау сұрақтары:


  1. Негізгі фармацевтикалық түсініктер.

  2. Шипаұсынымдағы бұйрық және шартты райлар.

  3. Шипаұсынымдық терминдер және сөзжасам


Негізгі әдебиеттер

1 Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен. ІІ: (цитология, эмбриология, гистология) / Тоқаев, З.К. - 2006

2 Латинский язык / Валл Г.И. - 1990 Латинский язык / Валл Г.И. – 1990

3 Латинский язык и основы ветеринарной терминологии: / Вульф, В.Д. - 1988



Қосымша әдебиеттер

1 Введение в латинскую ветеринарную терминологию /Валл, Г.И. - 1978

2 Анатомия терминдерінің сөздігі ( Қазақша-орысша латынша, орысша латынша-қазақша, латынша-орысша-қазақша) / Рақышев, А. - 1992

3. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР
5В120200 «Ветеринариялық санитария» мамандығына арналған

«Малдәрігерлік латын терминологиясы» пәнінен №1 Тәжірибелік сабақ


ТАҚЫРЫБЫ: Латын алфавиты. Дауысты және дауыссыз дыбыстар. Дыбыстардың ұзақтығы мен қысқалылығы. Фонетика.
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: ветеринариялық терминологияның сөз құрылымдық, лексикалық және граматикалық ерекшеліктерін үйрену және меңгеру үшін ветеринарияның – анатомиялық, фармацевтикалық, гистологиялық және клиникалық-терапевтикалық тарауларында жиі қолданылатын атауларды, ұғымдарды түсінуге пайдалануға үйретеді.

Латын тілі – ғылым тілі ретінде нақты және табиғи ғылымдардың қызметтік тілі болып табылады. Латын тілін меңгеру барысында пәнді ғылымға сәйкес өзіндік ерекшелігі тұрғысынан қарастыра отырып, тілдік мағынада сөйлемнің стилистік мәнін толық түсіне білу және халықаралық деңгейдегі ұғымы ретінде түсіну керек. Сондықтан да белгілі бір саланы меңгеру үшін әр бөлімге сәйкес грамматикалық және лексикалық қажеттіліктер таңдалынып, сөзжасамдық үлгілері оқытылады.

Латын граматикасын оқу барысында негізінен клиникалық терминологиялық сөз жасамды толық меңгеріліп, ауру малға диагноз қою және латын терминдерін ветеринариялық медицина саласында пайдалану үйретіледі.

студенттерге латын тілінің шығу тарихы, құлпыруы жəне құлдырау кезеңдері, ветеринария саласындағы латын терминологиясының орны туралы мағлұмат беру.

Қазіргі кезде жаңа латын əліппесінде 25 əріп бар

Жазылуы Транскрипция Айтылуы

A, a а а N, n эн н

B, b бэ б O, o о о

C, c цэ ц/к P, p пэ п

D, d дэ д Q, q ку к

E, e э э R, r эр р

F, f эф ф S, s эс с

G, g ге г T, t тэ т

H, h га (ха) гх U, u у у

I, i и и V, v вэ в

J, j йот (йота) й X, x икс кс

K, k ка к Y, y ипсилон и

L, l эль л Z, z зэт з

M, m эм м

Латын терминологиясында кейде Ww — дубль вэ деген əріп кездесіп қалады. Ол неміс тіліндегі [в] немесе ағылшын тіліндегі [у] сияқты айтылады. Wassermann [Ва.ссэрманн], Webster [Уэ.бстэр], Wilson [Уи.лсон].

Биологиялық, биохимиялық, фармацевтикалық жəне химиялық номенклатураларда жануарлар мен өсімдіктердің родтық аты үлкен əріптермен жазылады:

1) Lacerta [ляцэ.рта] – кесіретке, Urtica [урти.ка] - крапива, Arthropoda [артро.пода] - буынаяқтылар;

2) химиялық элементтердің аты мен катиондар - Ferrum [фэ.ррум] - темір, Natrii chloridum [на.трии хлё.ридум] - натрии хлориді;

3) биохимиялық субстанциялар мен биохимиялық препараттар – Serotoninum [сэротони.нум] - серотонин_______, Tetracyclinum [тэтрацикли. -нум] – тетрациклин.

Дауыстардың жіктелуі:

Латын тілінде дыбыстар дауысты (a, e, i, o, u, y) жəне дауыссыз (b, c, d, f, g, h, k, l, m, n, p, q, r, t, v, x, z) болып бөлінеді.



j əрпінің жəне дауыссыз дыбыстардың айтылуы

Жеке дауыстылар a, e, i, o, u монофтонгтар деп аталады жəне олардың айтылуы мен аталуы бірдей болып келеді: arenosus [арэно.зус] - құмды, Rana [ра.на] - бақа, Triticum [три.тикум] - дəн.



Y (ипсилон) əрпі грек тілінен енген жəне дауысты i болып айтылады. Бұл əріп француз тілінде «игрек» («грек и») деп аталады: pterygoideus [птэригои.дэус] - қанат тəрізді, symbiosis [симбио.зис] - симбиоз, zygota [зиго.- та] - зигота.

Егер дауысты i дауысты a, e, o, u əріптерінің алдында тұрса, онда ол [й] болып - сол əріптермен қосылып орыс тіліндегідей [я], [е], [ё], [ю] дыбыстарын құрайды: iaponicus [япо.никус] - япондық, maialis [мая.лис] - мамырлық, Iuniperus [юни.пэрус] - можжевельник.

Кей сөздерде i əріпі дауыстылардың алдында өз алдына, жеке айтылады:

Iodum [ио.дум] - йод, geriater [гериа.тэр] - кəрі жастағы ауруларың дəрігері.

Дауысты [и] дыбысы келесі дауыстылармен қосылып басқа дауыс бергендіктен, XVI ғасырда латын əліппесіне дауыстылардың алдына қойылатын Jj - йот (йота) əріпі қосылды. Осылайша, iaponicus, maialis, Iuniperus сөздері j əрпімен (japonicus, majalis, Juniperus) деп те жазыла алады. Бірақ, i əрпінің j əрпіне ауыстырылуы міндетті емес.
Латын афоризмдері:

1.A. lma ma.ter - ұшқан ұя

2. Non scho.lae, sed vi.tae di.scimus - мектеп үшін емес, өмір үшін оқимыз

3. Nu. lla di.es si.ne li.nea - білімсіз бір күн өтпесін



Бақылау сұрақтары:

1. Латын тілінің шығу тарихы.

2. Архаикалық дəуір, ғалымдар, олардың жұмыстары.

3. Классикалық дəуірге дейінгі уақыт.

4. Алтын ғасыр, ғалымдар мен олардың трактаттары.

5. Күміс ғасыр ғалымдары.

6. Кейінгі ғасыр дəуірі.

7. Латын тілінің қазіргі замандағы орны.


Негізгі әдебиеттер

1 Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен. ІІ: (цитология, эмбриология, гистология) / Тоқаев, З.К. - 2006

2 Латинский язык / Валл Г.И. - 1990 Латинский язык / Валл Г.И. – 1990

3 Латинский язык и основы ветеринарной терминологии: / Вульф, В.Д. - 1988



Қосымша әдебиеттер

1 Введение в латинскую ветеринарную терминологию /Валл, Г.И. - 1978

2 Анатомия терминдерінің сөздігі ( Қазақша-орысша латынша, орысша латынша-қазақша, латынша-орысша-қазақша) / Рақышев, А. - 1992
5В120200 «Ветеринариялық санитария» мамандығына арналған

«Малдәрігерлік латын терминологиясы» пәнінен № 2 Тәжірибелік сабақ


ТАҚЫРЫБЫ: Монофтонгтар, дифтонгтар және диграфтар. Тұрақты сөз тіркестері, оқылу ережелері. Екпін, буындар түрлері.
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: ветеринариялық терминологияның сөз құрылымдық, лексикалық және граматикалық ерекшеліктерін үйрену және меңгеру үшін ветеринарияның – анатомиялық, фармацевтикалық, гистологиялық және клиникалық-терапевтикалық тарауларында жиі қолданылатын атауларды, ұғымдарды түсінуге пайдалануға үйретеді.

Латын тілі – ғылым тілі ретінде нақты және табиғи ғылымдардың қызметтік тілі болып табылады. Латын тілін меңгеру барысында пәнді ғылымға сәйкес өзіндік ерекшелігі тұрғысынан қарастыра отырып, тілдік мағынада сөйлемнің стилистік мәнін толық түсіне білу және халықаралық деңгейдегі ұғымы ретінде түсіну керек. Сондықтан да белгілі бір саланы меңгеру үшін әр бөлімге сәйкес грамматикалық және лексикалық қажеттіліктер таңдалынып, сөзжасамдық үлгілері оқытылады.

Латын граматикасын оқу барысында негізінен клиникалық терминологиялық сөз жасамды толық меңгеріліп, ауру малға диагноз қою және латын терминдерін ветеринариялық медицина саласында пайдалану үйретіледі.

Қосалқы дауысты дыбыстардың айтылуы

Латын тілінде дербес a, e, i, o, u, y дауыстыларынан басқа екі дауыстының тіркесінен тұратын ae, oe, au, eu дыбыстары бар. Классикалық дəуірде бұлардың бəрі де екінші сыңары буын құрай алмайтын дифтонгілер ретінде оқылған.



Ae дифтонгі ] дыбысын береді: Algae [а.льгэ] — водоросли, arteriae [артэ.риэ] — артериялар.

ае

Э

ое

Oe дифтонгі [э] дыбысын: amoeba [амэ.ба] - амеба, Foeniculum [фэни. -кулюм] - фенхель, укроп.

Au дифтонгі [ав] дыбысын: auris [а.врис] - құлақ, caudalis [кавда.лис] - құйрықты жағы.

Au ав

Eu дифтонгі [эв] дыбысын: Eucalyptus [эвкали.птус] - эвкалипт, pleura [пле.вра] - плевра.

Eu эв

Eu дифтонгі сөздің соңында m жəне s дауыссыздарыны ң алдында дифтонг құрмайды жəне буынға бөлінеді: calcaneus [калька.нэус] — өкшелік_______,peritoneum [пэритонэ.ум] - ішперде (құрсақ қуысын қаптайтын кілегейлі қабық). Кейде биологиялық атауларда грек дифтонгі ei кездеседі де [эй] болып оқылады: Teichodectidae [тэйходэкти.дэ] - жүн жегіштер, seirosporae [сэйро. спорэ] - сейроспорлар. Кей жағдайларда ae немесе oe дифтонг құрмайды жəне əр дауыссызды жеке айту керек. Бұл үшін екінші дауыстының үстіне қос нүкте қойылады:

aёr [а.эр] - ауа, uropoёticus [уропоэ.тикус] - зəртүзгіщ, Aloё [а.лёэ] – алоэ, erythropoēsis [эритропоэ.зис] - эритроциттердің пайда болуы, Aquila chrisaĕtos [а.квиля хриза.этос] - бүркіт.



Дауыссыз дыбыстардың айтылуы С əрпі e, i, y жəне ae, oe, eu, ei дифтонгтарының алдында [ц] болып оқылады: сervix [цэ.рвикс] - шея, шейка, Picidae [пици.дэ] - дятловые,

zoocoenosis [зооцэно.зис] - зооценоз.



С əрпі a, e, u дауыстылардың, au дифтонгінің жəне басқа дауыссыздардың (h-тан басқа) жəне сөз соңында тұрғанда [к] болып оқылады:

cranium [кра.ниум] - бас сүйек, coracoclavicularis [коракоклявикуля.рис] - тұмсықтəрізді-тікенекті.



G əрпі [г] болып оқылады: genotypus [гэно.типус] - генотип, marginalis [маргина.лис] - шеткі, шет орналасқан.

H əрпі беларусь немесе украин халқының сөздеріндегі [г] сияқты оқылады - гай, гурт, homo [го.мо] - человек, Hydrargyrum [гидра.ргирум] - сынап. Бұл əріпті орыс тіліндегі [г] əрпі сияқты оқуға болмайды.

K əрпі түбі латын тілінен шықпаған сөздерде [к] дыбысын беру үшін қолданылады, əсіресе e, i, y дауысты дыбыстарының алдында: : Kalium [ка. лиум] - калий, kurilensis [куриле.нзис] - курильдік, oligokinesia [олигокинэзи.

а] - аз қимылдаушылық.



L əрпі дауысты жəне дауыссыз дыбыстылардың алдында [ль] болып

жұмсақ оқылады: lambliosis [лямблио.зис] - лямблиоз, pulmo [пу.льмо] - өкпе,

tridactylus [трида.ктилюс] - үш саусақты.

Q əрпі дауыссыз u əрпімен жəне одан кейін тұратын (a, e, i, o, u)

дауыстылармен ғана бірге қолданылады. Бұл жағдайда ол [кв] болып

оқылады: aqua [а.ква] - су, liquidus [ли.квидус] - сұйық, Quercus [квэ.ркус] -

емен.


S əрпі дауыстылардың ортасында жəне m, n дауыссыздарының жанында

[з] болып, ал басқа жағдайда [с] болып оқылады: plasma [пля.зма] - плазма,

Rosa [роза] - ро.за.



Z грек сөздерінде ғана кездесіп, [з] деген дыбысты білдіреді: Oryza [ори.

за] - күріш, trapezius [трапэ.зиус] - трапеция тəрізді. Zincum [ци.нкум] - цинк

сөзі бұл қағидаға бағынбайды.

Дауыстылар мен дауыссыздардың тіркесі

Ngu əріптерінің тіркесі дауыстылардың алдында [нгв] болып оқылады:

lingua [ли.нгва] - тіл, sanguis [са.нгвис] - қан.



Ti тіркесі классикалық дəуірде барлық жағдайда ти болып оқылған.

Бірақ кейіннен, IV-V ғасырлардың өзінде, ti тіркесі дауысты дыбыстардың

алдында тұрғанда жұмсарып, [tsi] [ци] деп оқылатын болды: ratio [рацио] –

ақыл-ой, (осыдан рациональды), initium [инициум] – бас(ы) (осыдан инициал,

инциатива). Бірақ, ti -sti-, xti-, tti- тіркестерімен келгенде (ti+дауысты

дыбыстың алдында s, x,t əріптері тұрса), Ti [ти] болып оқылады: digestio

[дигэ.стио] - ас қорыту, mixtio [ми.кстио] - араластыру.

Su əріптерінің тіркестері дауыстылардың алдында [св] болып оқылады:

consuetudo [консвэту.до] - əдет, suavis [свавис] - жағымды.



Дауыссыздар тіркесінің айтылуы:

Грек тілінен енген сөздерде кездесетін ch, ph, rh, th тіркестеріндегі һ

əрпі бергі кездерде дыбыстық таңба ретінде қызметін мүлдем жоғалтқан.

Соған орай бұл тіркестер қазіргі кезде төмендегіше оқылып жүр:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет