Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік униврситеті



бет1/2
Дата09.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
#124406
  1   2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВРСИТЕТІ

3 дәрежелі СМЖ құжат

УМКД

УМК 042-14.1.04.01.20.70/01-2009



«Құрылыс материалдары» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің

оқу- әдістемелік материалдары



№2 баспа



ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ”




050729 “Құрылыс”, 050730 «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын

және конструкцияларын өндіру»


Оқу әдістемелік материалдары



Семей 2009




Мазмұны














1

Дәрістер




2

Зертханалық жұмыстар




3

Студенттің өздік жұмысы






  1. Дәрістер.

1 дәріс. Кіріспе. Құрылыс материалдарының қасиеттері.

Дәріс жоспары:

1.Кіріспе.

2.Құрылыс материалдардың қасиеттері.
1."Құрылыс материалдары" пәні инженер-құрылысшыларды даярлауда негізгі пән болып табылады. Бірде-бір ғимаратты құрылыс материалдары мен олардың қасиеті туралы жан-жақты білімсіз жобалап тұрғызу мүмкін емес. Барлық материалдар белгілі МЕСТ-ке, сонымен қатар Құрылыс нормалары мен ережелері деп аталатын нормативті құжаттар жүйесіне сәйкес келеді.

Бұл құрамның байланысын, материалдардың қасиеті мен құрылуын, сонымен қатар олардың физика-химиялық, физикалық, механикалық және басқа да әсерлердегі өзгерісі заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Кез келген материал құрылымда жүктемеге немесе қоршаған орта әсеріне ұшырайды. Материалдың ғимаратта қолданылу жұмыс шартына байланысты құрылыс материалдары төмендегідей жіктеледі:

1. әмбебап типтегі материалдар (қатаң құрылымдарға арналған)

2. арнайы бағыттағы материалдар (әсерден қорғауға арналған)

2.Олардың қолданылу аймағы материалдардың қасиеттеріне байланысты. Барлық қасиеттері өзіндік ерекшеліктеріне қарай төмендегідей жіктеледі:

1. Физикалық. Оларға салмақтық сипаттамалары, тығыздығы, сұйықтар, газдар, жылу мен радиосәулелер үшін өткізгіштік, қоршаған ортаның агрессивті әсеріне кедергілік қасиеті жатады.

2. Химиялық. Материалдардың қышқыл, сілті, тұзды ерітінділерге тұрақтылық көрсеткіштерімен бағаланады.

3. Механикалық. Қысу, созу, соққылау, майыстыру және тағы да басқа күштік әсерлерге кедергілік қабілетімен сипатталады.

4. Технологиялық. Материалдың бұйым даярлау кезінде өңдеуге төзімділік қабілеттілігі.

Бұйымның құрылымы эксплуатацияға сенімді (жарамды) және төзімділікті қамтамасыз ету қажет.

Сенімділік дегеніміз төзімділік, бұзылмау, жөндеуге жарамдылық, сақталғыштық.

Төзімділік – бұйымның қасиеті жұмысқа жарамдылығын қажетті аралық жөндеулермен шектік деңгейге дейін сақтауы. Шектік деңгейі бұзылу, техника қауіпсіздігі немесе экономикалық мәселелермен анықталады. Төзімділік эксплуатация режимі мен нақты климаттық шарттарда эксплуатациялық сапасын жоғалтпай қызмет көрсету мерзімімен өлшенеді.

Бұзылмау – эксплуатация шарты мен белгілі режимде белгілі уақыт аралығында жөндеуге түспей бұйымның жүмысқа қабілеттілігін сақтауы.

Жөндеуге жарамдылық – техникалық сипаттамасын сақтай отырып қайта қалпына келуге қабілеттілік қасиеті. Орташа уақыт, еңбек сыйымдылығы, бір бұзылуды жөндеу бағасы көрсеткіштер болып табылады.

Сақталғыштық – техникалық құжаттамада белгіленген сақтау мерзімінде және сақтау мерзімінен кейін, тасымалдауда негізделген эксплуатациялық көрсеткіштерді сақтау қасиеті.
Бақылау сұрақтары:


  1. Құрылыс материалдардың қандай физикалық қасиеттерің білесіз?

  2. Қысуға беріктік деген не?



ӘДЕБИЕТТЕР

1. Үдербаев С.Н Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006, 169 б.

2. Попов К.Н. Строительные материалы и изделия: Учебник/ К.Н.Попов, М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш. шк. , 2005-438с.

3. Комар А.Г. материалы и изделия: Учеб. для инст. экон. спец. строит. вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш. шк. , 1988-527с.


2 дәріс. Табиғи тас материалдары. Тау жыныстарының негізгі түрлері және олардың жіктелуі.
Дәріс жоспары:

1.Табиғи тас материалдарының түрлері

2. Тау жыныстарының жіктелуі.
Тау тілімі бір мономинералды немесе бірнеше полиминералды минералдардан тұратын құрамы тұрақты минералды масса.

Минерал дегеніміз химиялық кұрамы мен физикалык қасиеттері біртекті табиғи дене. Табиғи тас материалдары ретінде құрылыста тау тілімдерін пайдаланады. Олар құрылысқа қажетті касиеттерге ие.

Геологиялық жіктелуі бойынша тау тілімдері үшке бөлінеді:

1) біріншілік

2) екіншілік

3) метаморфиялық

1) Біріншілік тау тілімдері балқыған магманың жер түбінен көтеріліп суыған кезде түзіледі. Біріншілік тау тілімдерінің кұрылысы мен қасиеті магманың суу шартына байланысты, Осыған байланысты тау тілімдері тереңдік және беттік болып бөлінеді.

Тереңділік тау тілімдері – магманың жер тереңінде баяу суу нәтижесінде түзілген. Бұл тау тілімінің тығыз кристалды құрылымын, жоғары және орташа тығыздығын, жоғары беріктік шартын қамтамасыз етеді. Мұндай тау тілімдерінің су өткізгіішігі төмен, суыққа төзімділігі жоғары болып келеді. Мұндай тау тілімдеріне гранит, сиенит, диорит, габбро және т.б. жатады.

Біріншілік тілімдер магманың жер бетіне салыстырмалы түрде жылдам шығып, тұрақсыз суу процесі нәтижесінде түзілген. Неғұрлым көп тараған біріншілік тілімдер: порфир, диабаз, базальт.

Сынықша тілімдер вулкан лаваларының жылдам сууы нәтижесінде пайда болады.

2) Екіншілік тау тілімдері – біріншілік тау тілімдерінің температура, күн радиаииясының, су атмосфералық газ жэне т.б. әсерлерінен түзілген. Осыған байланысты екіншілік тау тілімдері сынықша сусымалы, химиялық және органикалық болып бөлінеді. Сынықша сусымалы тау тілімдеріне гравий, щебень, құм, сары топырақ түрлері кіреді. Органикалық тау тілімдері диатомит, бор.

3) Метаморфиялық тау тілімдері – біріншілік және екіншілік тау тілімдерінің жоғары температура әсерінен және жер қабатына көтерілу, түсу процесіндегі қысым әсерінен түзілген.

Табиғи тас материалдарының бұйымдарын тау тілімдерін өңдеу арқылы алады.

Тас материалдарын өңдеу әдісіне қарай төмендегідей жіктейді: жарық тас (бут) – жару әдісі арқылы алады; ірі тас - өңдеусіз кесу арқылы алады; уатылған (ұсақтау) – уату аркылы алады (щебень, жасанды құм); сұрыпталған тас (булыжник,, гравий).

Ғимараттың іргетасы мен жер асты қабырғалары үшін тегістелген, кесілген тастар қолданылады. Облицовкалық тақталар мен тастар алаңдар мен сатылары элементтері, парапеттер мен қоршаулар, табиғи тасты кесу немесе тегістеу, механикалық өңдеу арқылы дайындалады, Халық қажеттілігіне қарай көркемділік заттарды, мозайкалық жұмыстар мен монументалды ғимараттарды жоғары декаративті өңдеуде жасанды тастар қолданылады: яшма (түрлі-түсті, қаттылығы жоғары), родонит (кең жайылған қызыл жолақтары бар түссіз), лазурит (кең жайылған көк жолағы бар, қаттылығы аса үлкен емес тас), нефлит (жасыл түсті қаттылығы мен тұткырлығы жоғары табиғи тас), янтарь (сары түссіз) және т.б

Тастар мен материалдар пішініне қарай бұрыс пішінді тастар (щебень, гравий) және дұрыс пішінді даналық бұйымдар (тақталар, блоктар) болып жіктеледі.

Щебень - өлшемі 5-7мм болатын тау тілімдерінің бөлігі. Оны жасанды гравий-щебендік қоспа жасау үшін пайдаланады.

Тас материалдарының бұзылуы ерітінді ретінде су әсерінен, су мен суықтың ауыспалы әсерінен, органикалық қътшқылдар әсерінен жүреді.

Бейорганикалық және органикалық шаң бөліктері тас материалдарының кеуектері мен беттеріне қонады. Сумен араласқан кезде микроорганизмдердің өсуімен бактериологиялық процестер туындайды. Бұл тасты органикалық қышқыл түзу арқылы бұзады. Тастың бұзылу жылдамдығы микросаңылаулар, микроқабаттылық, әсерлесетін және еритін заттардың сапасына, құрылымына байланысты.

Судан қорғау үшін материал түбіне флюатирование колданылады. Онда суда ерімейтін тұздар түзіледі және олар кеуектер мен микросаңылауларды жабады, жеңіл мұнай дистилляты немесе тас бұрышты дегтада скипидар, парафин қабаттарымен жабады. Көмірқышқылдар әсерінен және таста сульфаттың түзілуінен қорғау үшін тастың 1 см тереңдігіне дейін ыстық льнян майымен қанықтырады. Сонымен қатар тас материалдарын кұрылымдық шарттармен қорғайды.


Бақылау сұрақтары:

  1. Метаморфиялық тау жыныстар.

  2. Шөгінді тау жыныстар.


ӘДЕБИЕТТЕР

1. Үдербаев С.Н Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006, 169 б.

2. Попов К.Н. Строительные материалы и изделия: Учебник/ К.Н.Попов, М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш. шк. , 2005-438с.

3. Комар А.Г. материалы и изделия: Учеб. для инст. экон. спец. строит. вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш. шк. , 1988-527с.

3дәріс. Керамикалык материалдар мен бұйымдар.

Дәріс жоспары:



  1. Керамикалық материалдардың шикізаттары.

  2. Керамикалық бұйымдарды өндіру әдістері.

  3. Керамикалық бұйымдардың қасиеттері.

Керамикалық материалдарды сары топырақты (глина) пішіндеп күйдіру арқылы алады. Құрылысына қарай керамикалық материалдарды кеуекті және тығыз деп бөледі. Қолданылуына байланысты: қабырғалық – кәдімгі кірпіш, кеуекті кірпіш және тастар, ірі блоктар мен панельдер; жабынға арналған – тастардан жасалған балкалар мен панельдер, сыртқы каптама (облицовка) үшін қабырғалар мен едендерге арналған тақталар, санитарлы-техникалық бұйымдар, шатырлар, канализацияға арналған кұбырлар Керамикалық материалдарды дайындауда шикізат көзі ретінде сары топырақ, кварцты кұм, шамот, шлак, ағаш ұнтағы пайдаланылады.

Сары топырақ – сумен араласқанда пластиналы қоспа түзетін, кептіргенде белгІлі пішінде болатын, күйдіргенде тастың тығыздығына теңесетін минералды масса немесе тау тілімінің бір түрі. .

Сары топырақтың пластикалығы деп белгілі пішінде жарылмай, ақаусыз түзіп, осы пішінді кептіру және күйдіруде сактауы. Бұл пластикалық коэффициенттермен сипатталады.



мұндағы, WТ, WР – ылғалдылық мәндері, %.

Пластикалығына байланысты сары топырақтар жоғары пластикалы (П=25), орташа пластикалы (П=1З-25), мөлшерлі пластикалы (П=7-15), төмен пластикалы (П=7) болып жіктеледі.

Сары топырақтың кұрамында сары топырақ фракциясы неғұрлым көп болса, соғұрлым байланысы берік болады.

Байланыстырғыш қабілеттілігі-пластикалық емес материалдар бөлшектерін байланыстыруға мүмкіндігі бар. Бұл үшін шикізатты карьерларды ашық әдіспен алады. Мұнда массаны пішіндеу бастапқы шикізаттың қасиеттеріне және дайындалатын өнімнің түріне байланысты жартылай құрғақ, пластикалы және шликерлі (сулы) әдістермен өңдейді.

Пластикалық әдісте кептіру негізгі әдістердің бірі болып табылады. Кептіру процесі материалдың жылу және масса алмасуының қоршаған ортамен байланысы. Технологиялық процестің соңғы сатысы – күйдіру табылады.

Қабырғалық материалдар төмендегідей жіктеледі:

1. Бұйым түріне байланысты

а) керамикалық жэне силикат кірпіш

б) керамикалык, силикат, бетон тастар

в) керамикалык, силикат, бетон, ұсак блоктар.

2. Қолданылуына байланысты: қатарлық және биіктік.

3. Пайдаланылатын шикізат түріне және бұйымның дайындалу байланысты: сары топырақ, диатомит, трепелден пластикалык жопе жартылай құрғақ әдіспен нығыздалып дайындалған бұйым.

4. Технологиялық қасиеті мен тығыздығына байланысты:

а) жылу технологиялық қасиеттері мен жоғары тиімділіктері – тығыздығы 1400 кг/м кірпіштер және тығыздығы 1450 кг/м3 тастар.

б) шартты тиімділіктері – кірпіштің тығыздығы 1400 кг/м3 жоғары, ал тастың тығыздығы 1450-1600 кг/м3 аралығы.

Арнайы мақсаттағы кірпіштер мен тастар бұл топқа канализациялық құрылымдар мен жол жабындарына арналған тастар меп кірпіштер жатады. Олардың беріктігі, тығыздығы, аязға төзімділігі жоғары болуы керек. Лекальды кірпіш өндірістік түтін құбырлар қалауға қолданылады. Олардың кызу температурасы 7000 С.

Канализациялық кұрылымдарға арналған тастардың тығыздығы жоғары болуға тиіс. анализациялық құбырларды отқа төзімді сары топырақтан дайындайды.

Бақылау сұрақтары:


  1. Иілімді әдіс.

  2. Жартылай құрғақ әдіс.

  3. Иілімділік деген не?


ӘДЕБИЕТТЕР

1 Золотарский А.З, Шейнман А.Ш. Производство керамического кирпича. М: В.Ш., 1989

2 Сайбулатов С.Ж. Производство керамического кирпича. М. Строииздат, 1989

3 Августинник А.И. Керамика. Л.: Стройиздат, 1975

4 . Үдербаев С.Н Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006, 169 б.

4дәріс. Шыны және шыны кристалды материалдар

Дәріс жоспары:

1.Шыны материалдарды өндруге арналған шикізаті.

2. Шыны материалдардың түрлері.

3. Шыны материалдардың қасиеттері.

Балқытылған шыны массасынан дайындалған материалдар мен бұйымдар кеңінен таралған.

Шыны жарық өткізуге арналған сынғыш, басқа құрылыс материалдарына ұксамайтын материал.

Шынының қасиеті көптеген факторларға тәуелді: Құрамына жылу мен өңдеу режиміне, үлгінің өлшеміне және т.б Шынының беріктігі сынғанда, қысқанда 700 000 мПа, ал созғанда 30-80 мПа. Шыны талшықтары 10-4 см диаметрмен созғанда, беріктігі 200-500 мПа жетеді, яғни 10 есе үлкен. Шынының беріктігіне ішкі ақаулары, қыздыру температурасына шыдамдылығы әсер етеді. Шынының негізгі кемшілігі оның сынғыштығында.

Сынғыштығы көптеген факторлармен анықталады. Олардың негізгісі материалдың серпімділік модулінің беріктігіне қатынасы E/R. Бұл қатынас неғұрлым үлкен, ал кернеу (тартылу) деформациясы кіші болған сайын материал беріктік шегіне жетеді. Шынының серпімділік модулі 4,5 104 – 9,8 104мПа.

Кәдімгі силикат шынылар жарықты жақсы өткізеді және ультракүлгін, (толқын ұзындығы 300), инфрақызыл (толқын ұзындығы 300 ден жоғары) сәулелерді өткізбейді. Шынының химиялық құрамы мен түсін өзгерту арқылы шыныньің жарық өткізгіштігін реттеуге болады.

Әйнектік шыны жазықтық шынылардың көп таралғаны. Әйнектік шынылардың жарық өткізгіштігі оның қалыңдығына байланысты. Шынының қалыңдығы 2-6мм. Шыныны алу үшін негізгі зат: кварцты құм, натрий сульфаты немесе әктің кальцийленген содасы, доломит және т.б заттар.

Орнаментты шыны әйнектік шынының құйып жасалынған бір түрі. Бұл шынының бір жақ беті тегіс, ал екінші жағы өрнектелген.

Түсті шыныны металл оксидтерімен қайнату процесі арқылы боялған шыны массасынан алады. Негізгі түстері: сары, көк, күлгін, жасыл. Максималды өлшемі 80 млн 31000 мм. Түсті шыныларды балкондарды, лоджияларды, сатыларды, лифт шахталарын қоршауға арналған декаративтілік плафон жасауға қолданады.

Қорғаныш шыныларын арнайы термиялық өңдеумен алады (серпімділік және беріктікті жоғарылату үшін). Қорғаныш шынылары автотранспорттарда колданады.

Күн сәулесінен және жылдам корғайтын шыныларды шыны бетін арнайы ерітіндімен аэрозольды өңдеу арқылы дайындайды. Бұл шыныларды ғимараттар мен транспорттарды күн сәулесі мен жылу радиациясыи төменде мақсатында колданады. Шынының өлшемі (160 млн 32000мм) 16032000мм, қалыңдығы 3-6 мм. Жарық өткізгіштігі 30-70%, жылу сәулесін өткізгіштігі 60%. Бұл шынының 1 кв метрдің бағасы осыған сәйкес өлшемі мен калыңдығы әйнектік шынының бағасынан 1,5-1,7 есе артық.

«Витрасен» - жарықты барлық ғимарат бойынша тарату қабілеттілігі бар шыны. Ол жақсы жылу және дыбыс изоляторы болып табылады. Жылу өткізгіш. Шыны күн спектрінің инфрақызыл сәулелерін жұтуға арналған, құрамында арнайы қоспалары бар боялған масса. Түсі күлгін-жасыл. Жарық өткізгіштік қабілеті 65%, ал инфрақызыл сәуленің өткізгіштігі 35%-тен көп емес. Шынының өлшемі 16 032 000 мм, қалыңдығы 3-4мм.

Шыны пакеттер бір-бірімен периметр бойынша герметикалық қосылған екі немесе одан да көп шыны беттерінен тұрады. Шынылар арасында құрғақ ауамен толтырылған кеңістік бар. Шыны пакеттерді әйнектік қалыңдығы 8 мм, ауданы 5м2 болатын әйнектік шынылардан жасайды. Шынылардың арақашықтығы 15-20мм. Шыны пакеттердің максималды өлшемі 23 031 900 мм, минималды өлшемі 3 300 300 мм. Шыны пакеттердің жылу өткізгіштік коэффициенті 2,4-1,7 Вт/е (м2 –с0).

Жарық өткізгіштігі 30-80 %, дыбыс изоляциялық қабілеттілігі 29-32 ДВ. Сөрелік шыныны қалыңдығы 6-12мм, ауданы 4-12м2 шыныдан жасайды. Сөре шынының беріктігі жоғары, 1200 мПа дейін барады.

Шыны құбырлар. Вертикальды немесе горизонтальды созу әдісі арқылы дайындайды Температурасы 120°С, қысымы 0,3 мПа, сұйықтары үшін диаметрі 15-65мм, ал ұзындығы 100-300 мм етіп дайындайды.

Стекловата – жұка жіптерден тұратын материал. Беріктігі өте жоғары. химиялық тұрақты, дыбыс және жылу өткізгіштігі төмен. Азбоцемент бұйымдарын дайындауда дыбыс және жылу изоляциялық дайындау материалы толықтырғыш ретінде пайдаланады.
ӘДЕБИЕТТЕР

1. Үдербаев С.Н Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006, 169 б.

2. Попов К.Н. Строительные материалы и изделия: Учебник/ К.Н.Попов, М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш. шк. , 2005-438с.

3. Комар А.Г. материалы и изделия: Учеб. для инст. экон. спец. строит. вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш. шк. , 1988-527с.

5 дәріс . Гидротациялық (бейорганикалық) байланыстырғыш заттар.

Дәріс жоспары:



  1. Шикізаттар.

  2. Өндіру технологиясы.

  3. Түрлері мен қасиеттері.

Гидротациялық (бейорганикалық) байланыстырғыш заттар дегеніміз сумен араласқанда созылмалы зат түзіп, химиялық өзара әсерлесу процесінде қатайып беріктенетіп біртұтас монолит құрайтын майда ұсақталған ұнтақ материал. Бұған тас материалдары (кұм, гравий, щебень) толықтырғыш ретінде енгізіле отырып конгломерат сиякты жасанды тас алынады.

Гидротациялық тұтқыр ауа (тек ауалы ортада қатайып беріктенеді және гидравликалық (тек суда) сулы ылғалды ортада қатаяды деп бөлінеді.

Құрылыстың ауалы әк СаО2 – СаСО3 табиғи карбонатты 900-13000С-да күйдіргенде құрамында 8%-ға дейін сазды қоспалар (әк, доломит, бор және т.б) болатын өнім. Күйдіруді шахталарда айналып тұратын пештерде жүргізеді. Шахталы пештерде күйдіру кеңінен таралған. Шахталы пеште күйдірілетін известняк шахта бойымен жоғарыдан төмен 3 аймакпен өтеді:



  • кыздыру аймағы (шикізатты кептіру және жеңіл заттарды бөлу);

  • күйдіру аймағы (заттарды күйдіру);

  • суыту аймағы.

Қыздыру аймағында әк күйдіру аймағынан газ тәріздес өнімдердің жануынан келетін жылумен 900°С-да қыздырылады. Күйдіру аймағында отынның жануы мен известняктың СаСОз известке СаО және көмірқышқылы СО2 1000-12000С бөлінеді. Суыту аймағында күйдірілген известняк жоғарыдан төмен қозғалатын суық ауа арқылы 80-1000С дейін суыйды.

Күйдіру нәтижесінде көмірқышқылы толығымен жоғалып ақ немесе сұр түсті әк алынады. Бұл известен құрылыстық ауалы әктің көптеген түрін алады: майда ұнтақ тәріздес әк, әкті қоспалар.

Құрылыстық ауалы әкпен қалау және штукатуралау қоспаларын маркасы төмен бетондарды (ауалы-құрғақ ортада жұмыс істейтін), тығыз силикат бұйымдарын даярлауда (кірпіш, ірі блоктар, панельдер), цементтер алуға қолданады.

Гидротехникалық және гидромелиорациялық кұрылымдар тұрақты әсерінде жұмыс істейді. Мұндай ауыр шарт құрылымның эксплуатациясына байланыстырғыш заттарды қолдануды талап етеді. Бұл байланыстырғыш заттардың тек беріктігі ғана емес, сонымен қатар суға төзімділігі, суыққа төзімділігі және коррозияға тұрақтылығы жоғары болуы қажет. Мұндай каситеттерге гидравликалық байланыстырғыш заттар ие.

Гидравликалық әкті табиғи мергель мен мергелді әкті 900-1100 0С күйдіру арқылы алады. Гидравликалық әк өндірісіне баратын мергель мен мергелді әктін құрамында 6-25% сазды және құмдық қоспалар болады. Оның гидравликалық қасиеті гидравликалық модульмен сипатталады. Бұл модуль кальций қышкылының пайыздық мөлшерінің кремний, алюминий, темір қышқылдарының қатынасына катынасын береді.

Гидравликалық әк баяу қатаятын тұтқыр зат. Оны кұрылыс қоспаларын төмен маркалы бетондарды, жеңіл бетондарды, аралас бетондарды дайындауда қолданады.

Портландцемент – клинкер майда қалдығы мен гипсті араластыру арқылы алынған гидравликалық байланыстырғыш зат. Клинкер құрамында известняк немесе гипстің табиғи және шикі қоспасынан тұратын біртекті өнім. Шикі массаны айналмалы пештерде күйдіреді. Портландцементті байланыстырғыш зат ретінде цементті қоспалар мен бетондар даярлауда қолданады.

Шлактыпортландцемент құрамында гидравликалық қоспа түрінде түйіршіктелген доменді немесе электртермосфосфорлы шлак қосылған. Ол арнайы режимде суытылады. Оны портландцементті клинкер қалдығын (3,5% дейін шлак 20-80 % және гипсті тас 3,5%) араластыру арқылы алады. Шлактыпортландцемент қатаюдың басында беріктігі баяу өссді, одан әрі беріктену жылдамдығы жоғарылайды. Ол қоршаған орта температурасына тәуелді.

Карбонатты портландцементті құрамында 30 % известнягі бар цементті клинкер қалдығынан алады. Ол қатаю кезінде бөлгіштігі төмен, ал тұрақтылығы жоғары болады.

Бақылау сұрақтар:

1.Портландцементті өндіруге арналған қандай шикізаттар пайдаланады?

2. Шлактыпортландцементтің құрамы?



ӘДЕБИЕТТЕР

1. Үдербаев С.Н Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006, 169 б.

2. Попов К.Н. Строительные материалы и изделия: Учебник/ К.Н.Попов, М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш. шк. , 2005-438с.

3. Комар А.Г. материалы и изделия: Учеб. для инст. экон. спец. строит. вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш. шк. , 1988-527с.




№ 6дәріс. Құрылыс қоспалары. Бетондар.

Дәріс жоспары:

1.Шикізаттар.

2.Өндіру технологиясы.

3.Түрлері мен қасиеттері.
Құрылыс қоспалары бейорганикалық заттар (цемент, известь, гипс, глина), ұсақ толықтырғыштар (құм, ұсақталған шлак, су және кажет болған жағдайда басқа да бейорганикалық және органикалық заттарды қосындысынан тұратын қоспа. Жаңа дайындалған күйінде кез келген кедір-бұдырлықты толтыру үшін жұқа қабатпен жабуға болады. Олар ерімейді, қатаяды, беріктігі жоғарылайды, соңында тасқа ұқсас материалға айналады. Құрылыс қоспаларын кірпіш қалау, әэрлеу, жөндеу және т.б. жұмыстарда пайдаланады.

Құрылыс қоспаларын орташа тығыздығы бойынша төмендегідей жіктейді: ауыр р=1500 кг/м3 және жеңіл р<1500 кг/м3. Құрамындағы заттардың түріне қарай: цементті, известті, гипсті және аралас болып жіктеледі. Қолданылуына байланысты гидроизоляциялық, талтопогенді, инъекционды қалау, әрлеу және т.б. Физикалык және механикалық қасиетіне байланысты, сығылудағы беріктігі бойынша 8 маркаға бөлінеді – 4, 10, 25, 50, 75, 100, 150, 200; суыққа төзімділік дәрежесіне қарай 9 маркаға – Ғ 10-нан Ғ 300-ге дейін жіктеледі.

Ұсақ толықтырғыш ретінде ауыр қоспалар үшін табиғи кварцты кұмдар, тығыз тау тілімдерін ұсақтаудан алынған құмдар қолданылады. Ал жеңіл қоспалар үшін немзовые, туфовые, ракушечные, шлак құмдары пайдаланылады. Минералды және органикалық толықтырғыштар (известь, диатомит, трепел, майда шлактар) қолданылады. Порталандцементті жеңіл қалануы үшін құрылыс қоспасына қосады. Беттік-белсенді толықтырғыштарды құрылыс қоспасының серпімділігін жоғарылату және қосынды заттардың шығынын азайту үшін қолданады.

Қалауға арналған құрылыс қоспалары тас қабырғаларды, жер асты бөліктерін қалауға қолданады. Олар төмендегідей жіктеледі: цементті-известті (жер асты ғимараттарының жер асты және жер үсті бөліктерін қалау үшін), цементті-глиналы (ғимараттың жер асты бөлігі үшін) және цементті (гидроизоляциялық қабат үшін).

Әрлеу қоспалаы (штукатура үшін) колданылуына байланысты сыртқы және ішкі болып бөлінеді.

Гидроизоляциялык қоспалар (су өткізбейтін) цементті қоспаның құрамы 1:1 – 1:3,5 осындай болады, оған церезит, натрий амоминаты, кальций нитраты, хлорлы темір, битумды қосынды қосады. Церезит – анилинді қышқылдан, известтен алынған су өткізбейтін, ақ немесе сары түсті масса. Гидроизоляциялық қоспаны дайындау үшін портландцемент, портландцемент сульфатын пайдаланады. Гидроизоляциялық қоспаларда ұсақ толықтырғыш ретінде құм алынады.

Акустикалық қоспалар – дыбыс изоляциясы жоғары жеңіл қоспалар. Бұл қоспаларды портландцемент, шлакты портландцемент, известь, гипс және т.б. заттардан дайындайды. Ұсақ толықтырғыш ретінде жеңіл кеуекті материалдар пемза, перлит, керамзит, шлак колданылады.

Инъекционды қоспалар – кернеуі жоғары құрылым арналарын толтыруға арналған цементті-кұмды қоспа. Инъекционды қоспаларға қойылатын талапта беріктігі М300-ден аз емес, су ұстағыш қабілеттілігі, суыққа төзімділігі.

Тампонажды қоспалар – мұнай скважиналарын тампондау үшін қолданылады. Рентгеннен қорғау қоспалары рентген кабинеттерінің қабырғалары мен төбелерін әрлеу үшін пайдаланылады. Бұл қоспаға сутегі, литий, кадьмий, бор заттары қолданылады.

Бетон – гидроизоляциялы заттар (цементтеуші), ұсақ толықтырғыштар (құм және ірі щебень, гравий), су және қажет болған жағдайда басқа қоспалардан тұратын бетон қоспасын қатыру нәтижесінде алынған жасанды материал.

Бетон қоспасын дайындауда қолданылатын цементтің түрі мен оның маркасы бетон құрылымының болашақта қолданылуына, өндірістік жұмыс шарттарына байланысты. Бетон қоспасын дайындау үшін кәдімгі ауыз су пайдаланылады. Өндірістік немесе тұрмыстық, бұлақ суларын пайдалануға болмайды.

Ұсақ толықтырғыш ретінде табиғи немесе жасанды кұм пайдаланылады. Түйіршік өлшемі 0,14–5 мм, тығыздығы р>1800 кг/м3. Жасанды құмды тығыз, ауыр тау тілімдерін ұсақтау арқылы алады. Құмның сапасын бағалауды оның тығыздығын, түйіршік арасының бостығын, ылғалдылығын, түйіршік құрамы мен ірілік модулін анықтайды. Сонымен қатар құмның басқа да сапалық көрсеткіштерін түйіршік пішінін, кедір-бұдырлығын зерттейді. Құмның түйіршіктік немесе гранулометриялық құрамы ГОСТ 8736-77 талаптарына сай болуы керек. Құмның гранулометриялық кұрамын кептірілген кұмды тесігінің өлшемі 5; 2,5; 1,25; 0,63; 0,315; 0,14 мм болатын ситадан өткізу арқылы аныктайды. Ситадан өткізу нәтижесінде әрбір ситада а1 қалдық қалады. Оны ситадағы қалдық массасын mi кұмның толық массасы m қатынасымен анықтайды.





Аi толық қалдықты анықтаймыз

мұндағы, А - ситадағы толық қалдық.

Ірілік модулі бойынша құмды ірі (Мк>2,5), орташа (Мк=2,5-2), майда Мк=2-1,5), өте майда (Мк=1,5-1).

Бетон қоспаларын стационарлы бетон зауыттарында немесе қозғалмалы бетон араластырғыш қондырғыларда дайындалады. Бетон қоспасын сапасына дайындау процесіндегі оның араласу сапасы әсер етеді, Араластыру ұзақтығы бірнеше минутқа созылады. Қажет болған жағдайда бетон қоспасын 5 сағаттан кейін қайтадан араластыруға болады. Бетон қоспасын даярлауда құрамындағы материалдың өлшемі маңызды рөл атқарады. Цемент пен су массасы бойынша мөлшерлеу ауытқуы ±1%, ал толықтырғыштар үшін ±2 аспауы тиіс. Дайын бетон қоспасын кұю орнына арнайы транспорт кұралдарымен жеткізеді. Дайын бетон қоспасын құю орнына дейін тасымалдау ұзақтығы 1 сағаттан аспауы тиіс. Қазіргі кезде бетон механизациялайтын бетон құйғыш көмегімен жүргізеді, құю кезінде бетон қоспасын тығыздау барлық аралықтарды сапалы толтыруды қамтамасыз етеді. Бетон қоспасын тығыздаудың кең тараған әдісі – вибрациялау. Бетон қоспасын вибрациялағанда ондағы үйкеліс төмендейді, аққыштығы жоғарылайды, қоспа ауыр тұтқыр сұйықтық түріне өтеді және өз салмағымен тығыздалады. Тығыздалу процесінде бетон қоспадан ауа шығарылып бетонның беріктігі артады. Бетонның беріктігін, суыққа төзімділігін, су өткізбейтіндігін жоғарылату үшін бірінші вибрациялаудан кейін 1,5-2 сағаттаи кейін қайта вибрациялайды



ӘДЕБИЕТТЕР

1. Үдербаев С.Н Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006, 169 б.

2. Попов К.Н. Строительные материалы и изделия: Учебник/ К.Н.Попов, М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш. шк. , 2005-438с.

3. Комар А.Г. материалы и изделия: Учеб. для инст. экон. спец. строит. вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш. шк. , 1988-527с.


7дәріс. Темір бетонды құрылыс материалдары мен бұйымдары.

Дәріс жоспары:

1.Шикізаттар.

2.Өндіру технологиясы.

3.Түрлері мен қасиеттері.
Темір бетон ішінде болат арматурасы бар бетон. Бұл жасанды материал. Болат арматура тек қана сығылуды емес, сонымен қатар созылу әсерін де жақсы қабылдайды. Темір бетондар монолитті және құрылымды болып келеді. Құрылыс алаңынды бетондауды жүргізссе монолитті, ал зауыттарда дайындаса құрылымды темір бетондар болады.

Құрылымды бетондар мен темір бетонды бұйымдарды бетонның түріне байланысты жіктейді: цементгі, силикатты; ішкі құрылымына байланысты: тұтас және бос; қолданылуына байланысты: тұрғын үй, қоғамдық, өндірістік, су шаруашылығы және т.б. ғимараттар мен құрылымдар үшін.

Темір бетонды құрылымдар мен бұйымдарын маркасы 200 төмен емес жай бетоннан, маркасы 50 төмен емес жеңіл бетоннан және маркасы 100 төмен емес тығыз силикат бетоннан жасайды. 200 маркалы бетонды негізінен сығылуға жұмыс істейтін жүктемесі төмен бетондар мен темір бетон бұйымдары үшін қолданады. 300, 400, 500, 600 маркалы бетондарды салмақ көтеретін қабілеттілігі жоғары темір бетонды бұйымдар даярлауға қолданады.

Бетон және темір бетон бұйымдарды даярлауға қолданылатын бетондар гидромелитративті қолданыстағы құрылымдардың төзімділігі мен сенімділігін қамтамасыз ету үшін кажет.

Қарапайым темір бетонды монолитті кұрылымдарды тұрғызу, сонымен қатар құрастырмалы бұйымдар мен құрылымдар үшін пісірілген торлар мен каркастар, болат арматурадан жасалған орамды торлар қолданылады. Кернеулігі жоғары құрылымдар мен бұйымдар даярлауда беріктігі жоғары сымдар мен арматуралар қолданылады. Арматураны алдын ала созады. Бетондауға дейін арматураны созуды әртүрлі анкерлер көмегімен жүргізеді. Бетон қоспасын құйып бетон беріктенген кезде арматураны кеседі де, ол алғашқы қалпына келіп бетонды қысады.

Грунтсиликатбетонды дренажды құбырларды жергілікті грунт қоспасынан, майда шлак пен сілтілік компоненттерден дайындайды. Құбыр ұзындығы 333 мм, ішкі диаметрі 50, 70, 100, 50 мм, қабырғасының қалыңдығы 10, 15, 20 мм. Олардың салмақ көтеретін қабілеттілігі мем суықка төзімділігі өте жоғары. Оларды жабық, дренажды құрылымдар құрылысында қолданады.

Фильтрленген бетонды дренажды құбыларды қабаттық престеу әдісі арқылы дайындайды, Құбырдың ұзындығы 500, 600, 900 мм, ішкі диаметрі 100, 150, 200 мм, қабырға қалыңдығы 25, 30, 40 мм.

100 маркалы бетоннан дайындалған іргетасты бағаналарды қалқанды және қаңқалы ағаш ғимараттарда бағаналы іргетас ретінде қолдалылады.

Іргетас блоктарын Ф-12-6, Ф-15-9, Ф-18-9, Ф-21-12 деп маркалайды. Мұнда бірінші сан блоктың ұзындығын 1, ал екіншісі блоктың енін В көрсетеді. Оларды 200-ден төмен емес маркалы гидротехникалық бұйымдардан дайындайды.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Үдербаев С.Н Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006, 169 б.

2. Попов К.Н. Строительные материалы и изделия: Учебник/ К.Н.Попов, М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш. шк. , 2005-438с.

3. Комар А.Г. материалы и изделия: Учеб. для инст. экон. спец. строит. вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш. шк. , 1988-527с.




№ 9дәріс . ҚҮРЫЛЫС ЕРІТІНДІСІ
Дәрістің жоспары.

1. Жалпы түсінік

2. Жіктелуі.

3. Қолданылуы.



1. Қурылыс ерітіндісі - байланыстырғыш зат, майда толтырғыш пен судан түратын қоспаның қатаюы нәтижесінде алынады. Қүрамы жағынан бетоннан ерітіндінің айырмашы-лығы толтырғыштың майда болуы, яғни майда дәнді бетон сияқты. Сондықтан бетонға қойылатын заңдылықтар ерітін-діге де қойылады. Қажетті жағдайларда оның қүрамына әр-түрлі минералды, химиялық т.б. қоспалар қосылуы мүмкін.

Байланыстырғыш затты сумен араластырғанда лай қүрайды. Қатаю процесінде байланыстырғыш зат толтырғыштардың дәндерін бір-бірімен жақсы біріктіріп, жасанды тассылак жасайды.

Байланыстырғыш затты қүрылыс ерітіндісінін қолданылуына және қатаю режиміне байланысты алады. Байланыстырғыш зат есебінде цемент, өк және гипс пайдаланылады. Ерітінділер байланыстырғыштың бір түрінен дайындалса -жай (цементті, әкті, гипсті), ал бірнеше байланыстырғыштың қосындысынан дайындалса - күрделі деп екіге бөлінеді (цемент-әкті, цемент-сазды, әк-гипсті т.б.).

Ерітіндіні қолдануда екі түрлі жағдайды ескеру керек: қалыңдығы 1-2см болатындай жүқа қабат есебінде жасала-ды, арнайы механикалық нығыздау қолданылмайды. Ерітінді кеуекті табанға жайылады (кірпіш, бетон, жеңіл тастар кеуекті тау жыныстарынан жасалған беліктер).



Колданылу орнына қарай ерітінділер қалау жүмысына сондай-ақ сылау және арнайы жүмыстарға арналған.

Қалау ушін қолданылатын ерітінді іргетас, қабырға, баға-на өргенде жөне іріблокты немесе іріпанельді элементтерді монтаждау жүмыстарында пайдаланылады.

Өңдеу үшін қолданылатын ерітінді сылақ жүмыстарында, конструкциялардың беттерін тегістеу үшін, декоративтік жүмыстарда пайдаланылады.

Арнаулы ерітінділер - инъекциялы ыстыққатөзімді, қыш-қылға төзімді, рентген сәулесінен қорғауыш пен акустика-лық түрлері конструкцияларға арнайы талаптар қойылған жағдайда қолданылады.

Толтыргыштың түріне байланысты'ауыр жөне жеңіл ерітінділерге бөлінеді. Ерітінділердің ерекше айырмашылық-тары олардың қүрғақ кезіндегі орташа тығыздығына (1500 кг/м3) байланысты және қүрамындағы толтырғыштың түріне қарай ажыратады.

Байланыстыргыштар түріне қарай цементтік, әк және аралас ерітінділер болып жіктеледі. Конструкцияның пайда-лану жайына қарай байланыстырғыш тандап алынады. Қүры-лыс ерітінділері автоматты жүмыс істейтін орталықтан-дырылған зауыттарда пайдаланылып, одан тиісті объектілерге жөнелтіледі. Егер объект зауыттан қашық жерде болса, онда күрғақ ерітінді қоспаларын жүмыс орнында су араластырып дайындайды. Қүрғақ қоспаның ылғалдылығы массасы бойынша 1%-тен аспауы керек.

3. Әртурлі ерітінділердің колданылуы

Тас қалайтын жөне панельдер мен күрделі блоктардан жасалған қабырғаларға қолданылатын ерітінділер.

Ерітінді қүрамы мен түрі есептік кернеулері мен қалаудың пайдалану жағдайына байланысты.

Өңцеу ерітінділері - сылақ жөне декоративті болып екіге бөлінеді. Индустриялықәдісті қолдануға мүмкіншілік болған жағдайда, бүл ерітінділерді қүрылыста ылғалды әдіспен қолданады. Кәдімгі сылақжүмысын жүргізу үшін цементті, әкті, цементті-әкті және өкті-гипсті ерітінділер пайдала-нылады.

Әк ерітіндісі жағылған бетпен жақсы жабысады және қор-шаған ортаның өзгеруіне байланысты температуралық және ылғалдығының арқасында көлемі аз езгереді. Әк ерітіндісі қүрылыстың ішкі бетін әктеуге қолданылады. Әк ерітіндісі баяу қатады және үзақ уақыт кебеді.

Цемент-әкті және цемент ерітіндісін тез қатайғыш берік және суға төзімді сылақтар алу үшін колданады. Аталған сылақты цокольді, карниз, парапет, сыртқы қабырғаларға және үнемі ылғал болатын конструкцияларды сылауға пайда-ланады.

Декоративті ерітінділер мен қүрамдар үйдің немесе ғима-раттың қасбеті мен интерьерін безендіру сапасын жақсарту үшін қолданады. Кебінесе декоративті түсті ерітінділерді зауытта қабырға панельдері мен іріблоктардың сыртқы бетін өңдеу үшін пайдаланады.



ӘДЕБИЕТТЕР

1. Үдербаев С.Н Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006, 169 б.

2. Попов К.Н. Строительные материалы и изделия: Учебник/ К.Н.Попов, М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш. шк. , 2005-438с.

3. Комар А.Г. материалы и изделия: Учеб. для инст. экон. спец. строит. вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш. шк. , 1988-527с.

10 дәріс. Ағаш құрылыс материалдары мен бұйымдары.
Дәріс жоспары:

1.Жалпы түсінік.

2. Ағаш құрылыс материалдарының түрлері.

3.Қасиеттері мен қолдануы.

Ұтымды қасиетіне қарай ағаш кұрылыста кеңінен тараған. Ағаштың орташа тығыздығы 180 кг/м3, беріктігі жеткілікті, жылу өткізгіштігі төмен, төзімділігі жоғары (дұрыс экплуатациялау мен сақтауда), құралмен жеңіл өңделеді, химиялық тұрақты. Осындай жақсы қасиеттерімен қатар кемшіліктері де бар: құрылымы біркелкі емес, ылғалды сіңіруі және беруі, осының әсерінен өлшемі, пішіні мен беріктігі өзгереді. Шіруден жылдам бұзылады, жеңіл жанады.

Табиғатта ағаштар қылқанды және жапырақты болып бөлінеді. Ағаштың сапасы көбінесе оның қиғаш қабатты, саңылаулығы, бұтақтылығы, құрт-құмырсқамен бүлінуі, шіруі сияқты ақауларына байланысты болады. Қылқандылар – балқарағай, қарағай, шырша, самырсын. Жапырақтылар -қайың, емен, жөке ағаш, көктерек.

Ағаш діннен, ұшар бастан жэне тамырдан тұрады. Ағаштың макроқұрылымы діннің үш қимасы бойынша анықталады: көлденең, радиалды бойлық (диаметр немесе радиус бойынша) және тангенциалды (хорда бойынша). Көлденең және радиалды қималары келесідей негізгі бөліктерден тұрады: қабық (қоректік заттарды өткізуге арналған діннің ішкі жұқа қабаты), кабий (жұқа өткізгіш ұлпа қабаты), ағаш, өзек (діннің орталық бөлігі). Ағаштың микроқұрылымы пішіні мен өлшемі әртүрлі көптеген тірі және өлі жасушалардан тұрады. Тірі жасуша протоплазма, ядро, сыртқы қабықша және жасуша сұйықтығынан тұрады. Протоплазма – көміртегі, сутегі, оттегі, азот және күкірттен тұратын түйіршікті, түссіз, созылмалы шырыш. Ядроның ерекшелігі фосфордан тұрады, сопақ пішінді болады. Сыртқы қабықша негізінен целлюлозадан тұрады.

Ағаштық құрылыстық қасиеті оның жасына, өсу шартына, ағаштың түріне, ылғалдылығына байланысты өзгереді. Жаңа кесілген ағаштың ылғалдылығы 35-60%, ол ағаштың кесілген уақыты мен түріне байланысты болады. Ағаштар сулы, жаңа кесілген (ылғалдылығы 35%-дан жоғары), ауалы-құрғақ (15-20%), бөлмелі-құрғақ (8-12%) бөлінеді. Гигроскопиялық дәрежесі ауаның температурасына және оған қатысты ылғалға байланысты. Ал тығыздығы көлемі мен ылғалдылығына байланысты. Бұлар ағаштың физика-механикалық қасиеттерін сипаттайды. Қылқандылардың кеуектілігі -46-85%, ал жапырақтылардың кеуектілігі - 32-80%. Жылу өткізгіштігі жоғары емес, орташа 0,16-0,3 Вт/(м°С). Электрөткізгіштігі ылғалдылығына байланысты. Ағаш рН<2 қышқыл ортада бұзылады.

Ағаштың ақаулары – қалыпты құрылымнан ауытқуы, техникалық қасиетіне әсер ететін бүлінулер. Олар төмендегідей жіктеледі: 1. дұрыс өспеуіне байланысты ақаулар (қиғаш қабатты - талшықтардың бұрандалы бағытталуы, крень - соңғы бөліктердегі жылдық қабаттардың жуандауы, қисықтық - діннің ұзындығы бойынша майысуы, екі өзектілік, бұтақтылық -бұтақшалардың 1 м ақаудағы мөлшері); 2. ылғал мен қолайлы температурада оттегі бөлінгенде туындайтын саңырауқұлақтармен бұзылуы; 3. құрт-құмырсқалармен бұзылуы. Шіруден ылғал мен антисептиктер көмегімен, жанудан жылу көзінен алшақтату, жылу аз өткізетін материалдармен көмкеру немесе өрттен қорғайтын заттармен өңдеу (бояулар, антипиреналар) арқылы қорғауға болады.

Ағаштан жасалган материалдар мен бұйымдар.

Дөңгелек ағаш: бөренелер - бұтақтардан тазартылған ағаш дінінің ұзын бөліктері; дөңгелек - 3...9 м үзындықтағы бөренелер; қырқалар - ағаш дінінің қысқа кесінділері (үзындығы 1,3...2,6 м); гидротехникалық ғимараттар мен көпірлерге арналған бөренелер - ұзындығы 6,5...8,5 м ағаш дінінің кесінділері. Негізгі қүрылымдарға қолданылатын дөңгелек ағаштың ылғалдылығы 25 % көп болмауы керек.

Кесілген материалдар дөңгелек ағашты кесу арқылы алынады. Пластиналар - бойлық екі симметриялы бөлікке кесілген бөрене; брустың қалыңдығы мен ені 100 мм артық болмайды; тақтай бір жақ беті бойлық кесілген, ал екінші жағы өңделмеген бөрене.

Үстіріктелген ұзынша бұйымдар - бұл жақтаулар (терезе мен есіктерге арналған), плинтустар, едендік тақтай немесе брус, сатылар, терезе алды тақтайлары. Олардың барлығын қылқанды жэне жапырақты ағаш түрлерінен дайындайды.

Фанерді қайың, қарағай, емен, жөке ағаштарының жұқа жоңқаларын өзара жапсыру арқылы жасайды. Жұқа жоңқаларды ыстық суда буланған бөренені (ұзындығы 1,5 м) арнайы станоктарда ұзындығы бойынша жоңқаларын үздіксіз сыдыру арқылы алады.

Ағаш бұйымдарын арнайы зауыт немесе цехтарда қылқанды және жапырақты ағаш түрлерінен дайындайды. Оларға әртүрлі пішіндегі терезелік және есіктік ағаштар, есік жақтаулары, қалқалар мен панельдер жатады.

Арқалық, рама, стойка сияқты жапсырылған құрылмалар ғимарат элементтерін жабуға арналған. Оларды суға төзімді желімдермен жапсырады. Суға төзімді желім ФБА, ФОК.


ӘДЕБИЕТТЕР

1. Үдербаев С.Н Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006, 169 б.

2. Попов К.Н. Строительные материалы и изделия: Учебник/ К.Н.Попов, М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш. шк. , 2005-438с.

3. Комар А.Г. материалы и изделия: Учеб. для инст. экон. спец. строит. вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш. шк. , 1988-527с.


11 дәріс. Полимер материалдар


Дәрістің жоспары.

1. Жалпы түсінік

2. Жіктелуі.

3. Қолданылуы.


Полимер материалдар көптеген атомдардан тұратын жоғары молекулалы байланыстағы табиғи немесе синтетикалық заттар. Полимерлердегі молекула құрылысы сызықты немесе көлемдік сипатта болуы мүмкін. Сызықтық құрылысты полимерлер мен молекулалардың жылуға серпімділігі жоғары. Олар қыздырған кезде жұмсарып, суытқанда қатаяды. Жұмсарту мен қатайтуды бірнеше рет қайталауға болады. Бірнеше рет қыздыру мен суыту материалдық қасиетіне соншалық өзгеріс әкелмейді (полиэтилен, полистирол). Көлемдік құрылысты полимерлердің жылуға белсенділігі жоғары. Олар бірнеше рет жұмсартылып қатайтуға жатпайды. Бірінші рет қыздырған кезде серпімді күйде берілген пішінді қабылдайды (фенопласт).

Серпімділік қасиетіне қарай полимерлер пластикалық (қатаң) және эластикалық (майысқақ) болып бөлінеді. Полимерлі материалдар үш топты заттардан тұрады: байланыстырғыш пластификаторлар және толықтырғыштар. Байланыстырғыш заттар ретінде синтетикалық заттар қолданылады. Пластификатор ретінде глицерин, камфара және басқа да заттарды енгізеді. Бұл полимерлердің майысқақтығы немесе қатаңдығын жоғарылатып өңдеуді жеңілдетеді. Толықтырғыштар (ұнтақ, талшықты) полимер бұйымдарға механикалық беріктік береді. Сонымен қатар полимердің құрамында әртүрлі пигменттер, стабилизаторлар және басқа да заттар қолданылады.

Полимер құрылыс материалдары бұйымдары мен құрылымдарын дайындауда көбінесе полиэтилен (құбырлар, пленкалар), полистирол (тақталар, лактар), полихлорвинил (линолеум), полиметиметакрилат (органикалық шыны) қолданылады.

Жақсы механикалық қасиетіне, майысқақтығына, электр изоляциялық сапасына, өңдеу процесінде кез келген пішінді қабылдау мүмкіндігіне байланысты полимерлі материалдар қүрылыстың барлық саласында, сонымен қатар күнделікті түрмыста кеңінен қолданылады.

Полимерлер өндіру әдісіне қарай полиризационды және поликонденсациялы болып жіктеледі. Полимеризацияланған полимерлерді полимеризация әдісімен алады. Оларға полиэтилен, полистирол жатады. Поликонденсацияланған полимерлерді поликонденсациялау әдісімен алады. Оларға полиэфирлі, акрилді, кремний органикалық жэне басқа да заттар, полиэфирлі каучуктар жатады.

Полиэтиленді табиғи газдың этиленін полимеризациялау арқылы алады. Ол күн радиациясы әсерінен, ауадан, судан тозады. Оның тығыздығы 0,945 г/см , суыққа төзімділігі 60-80 С.

Полиэтиленді өндіру әдісіне қарай жоғары қысымды, төмен қысымды және қышқылды-хромды катализатор деп жіктейді. Полиэтиленді 80 0С дейін қыздырғанда төрт хлорлы көміртегі бензолда ериді. Оны әрлеу материалдарының пленкасын даярлауда қолданады.

Полиизобутилен – изобутиленді полимеризациялау арқылы алынған каучукқа ұқсас немесе сұйық майысқақ материал. Ол полиэтиленнен жеңіл, берік, ылғал мен газ өткізгіштігі өте төмен, тозбайды. Оны гидроизоляциялық заттар, қорғаныш жабындары, кленкалары, байланыстырғыш желімдер және асфальтті бетонға толықтырғыш ретінде қолданады.

Полистирол – стиролды (винилбензол) полимеризациялау арқылы алынған термопластикалық өнім. Оны тақталар, әрлеу тақталарын, эмаль лактарын даярлауда қолданады.

Полиметилметакрилат (органикалық шыны) – метилді эфирді метакрилді қышқылмен өңдеу нәтижесінде полимеризациялау процесінде түзіледі. Басында түссіз, сүйықтық түріндегі метилметакрилат алынады. Одан кейін парақ, тақта түріндегі шыны тәріздес өнім алынады. Олар суға, қышқыл мен сілтіге өте түрақты. Оларды шынылау үшін қолданады.

Полимерлі материалдардан жасалған құбырлар тегеурінді құбыр өткізгіштерде (жер асты жэне жер үсті), желдету жүйелерінде, жабық дренаждауда, құбырлы гидротехникалық құрылымдарда кеңінен қолданылады.

Полимерлі құбырларды даярлау материалы ретінде полиэтилен, винилпласт, полипропилен, фторопласт қолданылады.

Полиэтиленді құбырларды үздіксіз шнекті экструзия әдісі арқылы дайындайды. Полиэтиленді құбырлар суыққа төзімді. Оларды 80°С-дан +60°С температура аралығында эксплуатациялауға мүмкіндік бар.

Агрессивті орта шартында жұмыс істейтін гидротехникалық құрылымдарды арнайы жабындар немесе эрлеу материалдарымен қорғайды. Жоғары жылдамдықтар мен қатты соққылау әсерінен осындай құрылымдарды қорғау және олардың төзімділігін жоғарылату мақсатында полимер мастика, полимер бетондар, полимер ерітінділер қолданылады.

Полимер мастика – құрылымдар мен ғимараттарды механикалық жүктеме, температуралар айырмасы, радиация, агрессивті орта әсерінен қорғауға арналған қорғаныш жабындарын қүруға арналған.

Полимерлі бетоңдар – бетон қоспасына кремний органикалық немесе суда еритін полимерлерді қосу арқылы дайындалған цемент бетондары. Мұндай бетондардың суыққа төзімділігі жоғары, су өткізбейді.

Полимербетондар – байланыстырғыш материалдар ретінде полимер заттар, ал толықтырғыш ретінде бейорганикалық минералды материалдар қолданылатын бетондар.

Полимер ерітінділері – полимер ерітінділерінің ерекшелігі қүрамында щебеннің болуы. Оларды гидротехникалық қүрылымдар, едендер, құбырлар жабындарына гидроизоляциялық, коррозияға қарсы және тозуға тұрақты жабын ретінде қолданады.



ӘДЕБИЕТТЕР

1. Үдербаев С.Н Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006, 169 б.

2. Попов К.Н. Строительные материалы и изделия: Учебник/ К.Н.Попов, М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш. шк. , 2005-438с.

3. Комар А.Г. материалы и изделия: Учеб. для инст. экон. спец. строит. вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш. шк. , 1988-527с.



Лекция № 12. Жабынды және гидроизоляииялық материалдар. Герметиктер.
Дәрістің жоспары.

1. Жалпы түсінік

2. Жіктелуі.

3. Қолданылуы.


Жабынды, гидроизоляциялық орамалы материалдар қүрылыста берік және үзақ уақытқа пайдалануға мүмкіндік береді. Олардың беріктігі қүрылыстың үзақ уақытқа шыдауына әсер етеді. Жабын материалдар тек беріктілігімен ғана емес, сонымен қатар ауа түтқырлығына, су түрақтылығына ие болуы қажет. Гидроизоляциялық материалдар үнемі су өсерінде болады және оған судың қүрамындағы қоспаларда әсер етеді. Жабынды материалдарға тән қасиеттерден басқа олар жоғар-ғы беріктілігімен мен су өткізбейтіндігі, химиялық түрақты-лығы мен иілгіштігімен сипатталуы қажет. Бүл қасиеттер бол-маса шегу, температуралық және басқа деформацияның әсер-лерінен жекелеген конструкцияларда жарықтар мен сызаттар болуы мүмкін.

Бүл талаптарды көбінесе битум мен қарамай негізінен алынған жабынды және гидроизоляциялық материалдар қанағаттандырады.

Битум және қарамай негізіндегі жабынды және гидроизоля-циялық материалдар келесі түрлеге бөлінеді: орамалы, табакты және даналы материалдар; Сырламалы мате-риалдар — мастикалар, эмульсиялар және пасталар, ал байланыстыргыш түріне байланысты - битумды, қарамайлы, гудрокамды, резиналы битумды және қарамай-полимерлі болып бөлінеді.

Орамалы жабынды және гидроизоляциялық материалдар екі түрлі болады: негізгі және негізсіз. Негізсіз материалдарды органикалық байланыстырғыштар, үнтақ және арнайы қоспалардан түра-тын күрдері қоспаларды термомеханикалық өңдеуден еткізіп, кейіннен қажетті қалыңдықпен каландрдан айналдырып төсем түрінде алады. Қүрылыста ең көп қолданылатыны бірінші түрдегі материалдар.

Орамалы материалдарды қүрылыс класына, климаттық жөне эксплуатациялық жағдайына, шатырдың еңістігіне байланысты бір қабат етіп, көбінесе монолитті жабын болуы үшін бірнеше қабат жасап төсеп жабады. Сондықтан олар шатырлық кілем деп аталады.

Қолданылуына қарай орамалы материал екіге бөлінеді: жабынды және жабынсыз.

Шатырлық кілемнің жоғары қабатында қолданылатын жабынды материалдарды кеп жағдайда негізін органикалық байланыстырғышпен сіңіріп және екі беткі жағына қатты органикалық байланыстырғыш жағып оның бетіне толтырғыштар, антисептиктер мен басқа копоненттер сеуіп жасайды. Мүндай материалдың беткі қабаты атмосфералық әсерлерді өзіне алады.

Жабынсыз материалдар шатырлық кілем қүрамының ортанғы және астыңғы қабаттарына салынады және беткі жабын қабаты жоқ.

Негізі бар жабын материалдары.

Жүмсақ жабын көп бөлігін жабын картоны негізінде орамалы материалдардан жасайды.



Рубериод - мата түрінде, яғни жабын қатты қағаздың ені 1000,1025,1050 мм дайындалып жөне ауданы 7,5-15 м2болып оралып шығарылады. Бүл материалды жүмсақ битуммен қатты жабын қағазын сіңіру жөне соңынан екі жағынан қиын балқитын битуммен жағады. Қолданылу орнына, сыртқы бетіне себетін материалдың түріне және қатты жабын қағазына байланысты рубероид 14 маркаларға бөлінеді.

Толъ - рубероидқа үқсас материал, бірақ қатты жабын қағазды битуммен емес қарамаймен сіңіреді. Ол ірі түйіршікті себінділермен жабылады.

Орамалы жабынды материалдар.

Бүл материалдарды қатты қағаз негізінде емес, ондан да берік және шірімейтін негіздер - шынымата, шыныкілем, металды фольга негізінде дайындайды. Оларға шыны рубе-роид, шатырлы шыныкілем (шыны изол), гидрошыны изол, фольгоизол жатады.



Шыны рубероид пен шыны изолды шыны талшықты негізге битум-полимерлі немесе резина битумды, биотөзімді қатты битумды екі жағынан жагу арқылы алады. Жағылған байланыстырғыш қабатының қалыңдығы шыны негіздің қалыңдығынан үлкен. Сонынан оның бетіне де себулер жағы-лады. Оларды су көп ағатын жерлерде, жабысқақ және гидро-және буды изоляциялау үшін, ыстық және салқын мастика-ларға жаюға қолданады.

Фольгоизол - жүқа кедір-бүдырлы немес тегіс, қалың-дығы 0,08..0,3 мм алюминий фольгасының бір жағына қалыңдығы 0,8..4 мм болатындай битум-резиналы байланыс-тырғыш жағылып дайындалады.

Жабын емес орамалы материалдар.

Бүл материалдар орамалы жабынды материалдар сияқты, бірақ олардың бетіне себулер болмайды. Негізі есебінде қатты жабын қағаз немес асбесті картон қолданылады.

Жабын қатты қағазын мүнай битумымен сіңіру арқылы маркасы П-300 және П-350 пергамин деген материал, ал қара-май мен сіңірілсе ТГ-300 және ТГ-350 маркалы жабын емес толь алынады. Пергаминді рубериодттің астына, ал бу изоля-циялау үшін оларды ыстық мастикаға жайып салады.

Гидроизол - асбес картонын тотыққан мүнай битумымен сіңіріледі. Физикалық-механикалық қасиеттері бойынша гидроизолдың екі маркасы болады. Бүл материалдар жерасты қүрылғыларын жабыстырылмалы, гидроизоляциялау үшін, жалпақ жазықтық жабындыларда және метал қүбырларда коррозияға қарсы жабын дайындау қолданылады.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Үдербаев С.Н Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006, 169 б.

2. Попов К.Н. Строительные материалы и изделия: Учебник/ К.Н.Попов, М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш. шк. , 2005-438с.

3. Комар А.Г. материалы и изделия: Учеб. для инст. экон. спец. строит. вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш. шк. , 1988-527с.

13дәріс. Жылуизоляциялық материалдар мен бұйымдар.

Жоспар


  1. Жалпы түсінік

  2. Жылу изоляциялық материалдардың жіктелуі

  3. Қүрылымы мен касиеттері

1. Жалпы түсінік

Ғимараттардың қоршау конструкцияларында, өндіріс және энергетикалық жабдықтау орындарында және жылу жүретін қүбырларда жылу сақтау үшін қолданылатын қүрылыс материалдарын жылу изоляциялық материалдар деп атайды.

Мүндай материалдардың жылу өткізгіштігі төмен болып келеді (0,18 Вт/м-°С шамасында) және оның аз мөлшердегі тығыздығы (600 кг/м3-тен артық емес). Осындай жылуды өткізбей, оны сақтайтын материалдардың қолданылуы күрылыс саласындағы техникалық прогреске жатады.

Бүл кезде жылу изоляциялық материалдарды пайдалану арқылы жылуды жоғалтуды азайту арқылы отын шығынын азайтуға, технологиялық үрдістердің қарқынды өсуін және еңбектің өнімділігі мен жағдайын жақсартуына себеп жасайды.

2. Жылу изоляциялық материалдардың жіктелуі

Жылу изоляциялық материалдардың жіктелуі келесі формасына байланысты жүргізіледі: қүрылымы, формасы, негізгі шикізаттардың түріне, тыгыздыгы, қаттылыгы, жылу өткізгіштігі және жануы.

Жылу изоляциялық материалдардың негізгі сипаттамасы оның жылу өткізгіштігі болып табылады, оның шамасына қарай үш түрлі класқа бөлінеді: аз жылу өткізгіштігі А класы (0,058 Вт/м- °С ден аз), орташа жылу өткізгіш Б класы (0,058...0,116 Вт/м- °С), жогары жылу өткізгіш В класы (0,18 Вт/м °С).

Жылу изоляциялық материалдар іс жүзінде өздерінің тығыздықтары бойынша ажыратылып сортталады. Барлық жылу изоляциялық материалдар өздерінің тығыздықтары бойынша (кг/м3) ерекше жеңіл (ЕЖ), маркалары: 15,25,35,50,75, 100;жеңіл (Ж)-маркалары: 125, 150, 175, 200, 250, 300; және ауыр (А)-400, 450, 500, 600 болып табылады.

Берілген шикізаттың түріне қарай жылу изоляциялық материалдар бейорганикалық (минералды және шыны аралас мақта, кеуекті бетон). Бүлар асбест, керамикалықжәне басқа материалдар негізінде болып келеді. Органикалық материалдарға (ағашталшықты және ағашүнтақтарынан жасалған плиталар, пластмассадан жасалған материалдар т.б.) жатады. Аралас материалдар бейорганикалық шикізаттардан түрады (арболит, фибролит, т.б.).

Материалдың елеулі қасиеттерінің бірі жылусыйымдылық. Бейорганикалық материалдың жылусыйымдылығы 0,67-ден 1 кДж/(кг-°С)-қа дейін барады.

Материалдың ылғалдылығы үлкейсе, онда оның жылу-сыйымдылығы бірден жоғарылайды, ойткені 40°С-шамасында судың жылусыйымдылығы өте жоғары-4,2 кДж/(кг- °С) болады.

Материалдың жылу сақтағыш қасиеттерінің ең басты сипаттамасы оның жылуөткізгіштігі. Іс жүзінде жылу-өткізгішті қүрғақ материалдың тығыздығы арқылы пікір айту ыңға

Жылу изоляциялық материалдардың беріктілігі, олардың кеуекті қүрылымы байланысты онша үлкен емес. Сығылу кезіндегі беріктік шегі 0,2-ден 2,5 МПа-ға дейін.

3. Қүрылымы мен касиеттері

Ауасыз бос кеңістікті есептемегенде басқа орталарда ең аз жылу өткізгіштігі болып ауа [0,023 Вт/( м- °С)] саналады. Егер материалда кеуектер үлкен болса, онда қоршаған орта-менауаның конвекциялық байланысыкүшейіпжылуөткізгіштігі жоғарылайды. Сондықтан жылу изоляциялық материалдарды жоғары кеуекті жасайды жене жағдайға қарай майда кеуекті дайындалғаны қажет, яғни материал соғырлым жеңіл болады. Әдетте жылу изоляциялық материалдардың кеуектілігі 50%-дан жоғары, ал кейбір эффективті жылу изоляциялық материалдарда, мыс. дәнді пластмассалар ауадан салынған сияқты, яғни кеуектер 90...98%, ал кеуектердің қабырғасы барлық көлемінен 2... 10% қана қүрайды.

Жылу изоляциялық материалдар қүрылымына қарай үялы (ячеистая), дәнді (зерновая), талшықты (волокнистое) болып әр-түрлі технологиялық әдістермен жасалады.




ӘДЕБИЕТТЕР

1. Үдербаев С.Н Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006, 169 б.

2. Попов К.Н. Строительные материалы и изделия: Учебник/ К.Н.Попов, М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш. шк. , 2005-438с.

3. Комар А.Г. материалы и изделия: Учеб. для инст. экон. спец. строит. вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш. шк. , 1988-527с.


14 дәріс. Әрлеу материалдар.

Дәрістің жоспары.

1. Жалпы түсінік

2. Лактар

3. Пигменттер.

1 Лак және бояу материалдары деп жұқа қабатпен құралым бетіне жағылатын жабысқақ-сұйық құрамдарды атайды, олар бірнеше сағаттан кейін қатып, негізге берік жабысатын қабыршақ жасайды. Бұл қабыршақтар агрессивті орталарының әсерінен құралымдар материалдарын қорғауы, боялатын беттерге сәндік сыртқы пішін беруі және бөлшектердің санитарлық-тазалық жағдайларын жақсартуы керек. Лак пен бояу материалдарының негізгі компоненттеріне пигменттер, толтырғыштар және байланыстырғыш заттар жатады.

Пигменттер мен толтырғыштар

Пигменттер суда, органикалық еріткіштерде жөне байланыстырғыш материалда ерімейтін, олармен жақсы араласуға жарамсыз, сонымен бірге бояу құрамын жасайтын ұсақ уатылған түрлі-түсті ұнтақтарды білдіреді.

Толтырғыштар өзімен көп жағдайда ақ түсті, пигменті үнемдеу үшін лак-бояу материалдарына қосатын не осы материалдарға ерекше қасиеттер беруге арналған ерімейтін минералды заттарды білдіреді.

Толтырғыштар ретінде: каолин, ауыр жөне жеңіл шпат, үгілген тальк, үгілген құм, ұсақ кварц, андезит, бинтаунит, диабаз, асбест шаңы мен талшығы, үгілген слюда, диаболит басқалары сияқты кейбір ұнтақталған тас жыныстары қолданылады.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Бисенов Қ,А. Құрылыс материалдары мен бұйымдары: Оқу құралы. – Алматы: «ИздатМаркет», 2007.-224 бет.

2 Хамзин С.Қ. Құрылыс материалдары (зертханалық-практикалық жұмыстар): Оқу құралы.-Астана: Фолиант,2007.-140б
3. Үдербаев С.Н Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006, 169 б.

4. Попов К.Н. Строительные материалы и изделия: Учебник/ К.Н.Попов, М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш. шк. , 2005-438с.




Зертханалық-практикалық жұмыстар.
Зертханалық-практикалық жұмыс №1

Құрылыс материалдарының негізгі физика-механикалық қасиеттері

Жұмыстың мақсаты:

Құрылыс материалдарының физикалық және механикалық қасиеттерін анықтау. Нақты тығыздықты анықтау.



Өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар:

  1. Нақты тығыздық деген не?

  2. Қандай физикалық қасиеттерді білесіз?


Зертханалық-практикалық жұмыс №2

Құрылыс материалдарының орташа тығыздығын анықтау

Жұмыстың мақсаты:

Геометриялық пішіні дұрыс заттардың орташа тығыздығын анықтау


Өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар:

1.Орташа тығыздық деген не? Формуласы мен өлшемін жазыңыз.

2. Материалдың шын мәніндегі тығыздығы. Анықтау формуласы.
Зертханалық-практикалық жұмыс №3

Кеуектілікті және су сіңіргіштікті, жылу өткізгіштікті анықтау

Жұмыстың мақсаты:

Материалдардың кеуектілікті және су сіңіргіштікті, жылу өткізгіштікті анықтау



Өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар:

  1. Кеуектілік деген не және ол қалай көрсетіледі?

  2. Кеуектілікке байланысты құрылыс материалдарының қасиеттері?

  3. Материалдың су сіңіргіштігі және жылу өткізгіштігі қалай анықталады?



Зертханалық-практикалық жұмыс №4

Сырт көзбен байқап кірпіш сапасын анықтау.

Жұмыстың мақсаты:

Сырт көзбен байқап қыш кірпіштердің сапасын анықтау

Зертханалық-практикалық жұмыс №5

Құрылыс гипсі. Гипс қамырының ұстасу мерзімдерін анықтау

Жұмыстың мақсаты:

Гипс қамырының ұстасудың басталуың және соңың анықтау.

Зертханалық-практикалық жұмыс №6

Портландцемент. Цемент маркасын анықтау

Жұмыстың мақсаты:

Цементтің үлгілерін дайындау және оларды зерттеу.
Зертханалық-практикалық жұмыс №7

Бетон қоспасының жылжымалылығын анықтау

Жұмыстың мақсаты:

Бетон лайының жылжымалылық қабілетің және қатаңдығың бағалануы.


Зертханалық-практикалық жұмыс №8

Құрылыстың ауа әгі. Әктің температурасын және сөндіру уақытын, әктегі сөндірілмеген түйірлердің мөлшерін анықтау

Жұмыстың мақсаты:

Әктің сапасын анықтау.



Өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар:

  1. Әк өндірісі.

  2. Әктің қату үлгілері.


Зертханалық-практикалық жұмыс №9

Цементтің ұстасу мерзімдерін, цемент көлемінің өзгеру біркелкілігін анықтау

Жұмыстың мақсаты:

Цемент қамырының ұстасу мерзімдерінің бастапқы ұстасуын және соңғы ұстасуын зерттеуі.
Зертханалық-практикалық жұмыс №10

Құмның түйір құрамын және ірілік модулінін анықтау

Жұмыстың мақсаты:

Құмның түйіршік құрамын және ірілік модулін анықтау.



Өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар:

  1. Бетондардағы байланыстардың шығынына құмның түйір құрамының әсері

  2. Ірілік модулді қалай анықтаймыз?


Зертханалық-практикалық жұмыс №11

Бетон қоспасының қатаңдық қасиетін және орташа тығыздығын анықтау

Зертханалық-практикалық жұмыс №12

Ағаш құрылыс материалдары. Ағаштың физика-механикалық қасиеттерін анықтау.

Өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар:



  1. Ағаш ылғалдылығы қандай формуламен анықталады?

  2. Ағаштың тығыздығы мен беріктігін анықтау қандай мөлшерлік ылғалдықтағы стандартты сынауларда жүргізілу керек?

  3. Ағаш сығуға және созуға қай бағытта үлкен беріктікпен сипатталады?

  4. Жүктеме әсерінің қандай бағытында ағаш иіліске неғұрлым икемді келеді?


Зертханалық-практикалық жұмыс №14

Битумның жұмсару температурасын, бату тереңдігін анықтау

Жұмыстың мақсаты: Битумның жұмсару температурасын, бату тереңдігін анықтау.

Студенттердің өздік жұмыстары
1. Құрылыста қолданылатын ағаш материалдары, бұйымдары, конструкциялары.

2. Табиғи тас материалдары.

3. Құрылыста қолданылатын тау жыныстары.

4. Керамикалық материалдар.

5. Қабырғалық керамикалық материалдар, бұйымдар, әрлеу материалдары.

6. Шыны және шыны кристалды материалдар.

7. Құрылыстағы металдар.

8. Бетондар. Жіктелуі және қолданылуы.

9. Құрастырмалы темірбетонды және бетонды құрылыс бұйымдары. Құрылыс қоспалары.

10. Минералды байланыстырғыш заттар негізінде жасанды тас материалдары мен бұйымдары.

11. Гипсбетонды материалдар мен бұйымдар. Силикат материалдар.

12. Асбестцементті бұйымдар.

13. Конструкциялы және әрлеу материалдары.

14. Полимерлер негізіндегі құрылыс материалдары мен бұйымдары.

15. Пластикалық масса негізіндегі конструкциялы және әрлеу материалдары.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет