Х.Г. Аканов
т.ғ.д., профессор, Қ.И. Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті
Алматы қаласы, Қазахстан Республикасы
М.Н. Мухтарова
ф.-м.ғ.к., и. о. доцент, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Алматы қаласы, Қазахстан Республикасы
А.З. Нурмуханова
т.ғ.к., оқытушы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Алматы қаласы, Қазахстан Республикасы
А.К. Нурсейтова
оқытушы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Алматы қаласы, Қазахстан Республикасы
Г.К. Мукашева
ассистент, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Алматы қаласы, Қазахстан Республикасы
Б.О.Конакбаев
ассистент, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Алматы қаласы, Қазахстан Республикасы
УДК 693.542
Асфальтбетон қоспаларының беріктік сапасын бақылау арқылы анықтау анализі
Түйіндеме. Бұл мақалада АБЗ техологиялық схемасы, классификациясы, асфальтбетонды және битумды құймаларды дайындау процесі келтірілген
Түйін сөздер: беріктіг, асфальтобетон, сапа бақылау, битум, шағыл, асфальтбетонн зауыты, ыстық қоспалар, температура, минералды ұнтақ
Асфальтбетон қоспа: Минералды материалдардың белгілі қатынаста алынған және қыздырған күйде араласқан битуммен [қиыршық тастардан және минералды ұнтақ араластырылған құм] таңдалады.
Асфальтбетон: Нығыздалған асфальтбетон қоспасы [1].
Классификациясы
1. Асфальтбетонды қоспалар және асфальтбетондар минералды құраушыларға байланысты: қиыршық тасты, құмды, тасты болып бөлінеді [2].
2. Қолданатын битумның тұтқырлығына және қалау температурасына байланысты қоспаларды былай жіктеуге болады:
- ыстық, 120°С кем емес қаланатын және тұтқыр мен сұйық мұнайлы жолды битумдары қолданып дайындалады;
-суық, 5°С кем емес температурада қаланатын және тұтқыр мен сұйық мұнайлы жолды битумдары қолданып дайындалады [3].
3. Қоспалар мен асфальтбетондар минералды дәндердің өлшеміне байланысты:
- ірі дәнді өлшемі 40 мм дейін жететін;
- ұсақ дәнді» » » 20 мм;
- құмды » » » 10 мм.
4. Асфальтбетондар қалған тетіктердің өлшеміне байланысты:
-жоғары нығыздалған 1,0 % - 2,5 % аралығы;
-нығыз » » » 2,5 % - 5,0 %;
-қуысталған » » » 5,0 % - 10,0 %;
-жоғары қуысталған » » » 10,0 % болып жіктеледі.
5. Ұсақталған тасты және ірі құмды қоспалар мен тығыз асфальтбетондар ұсақталған тастардың болуына байланысты мынадай типтерге бөлінеді:
А – ұсақталған тастар құрайды 50 % - 60 %;
Б - » » 40 % - 50 %;
В - » » » 30 % - 40 % [4].
Нығыздалған ыстық қоспалар және асфальтбетондарды 50 % - 70 % аралығында ұсақталған тастар құрау керек.
Жоғары қуысталған асфальтбетонды қоспалар жоғары қуысталған ұсақ тастар мен жоғары қуысталған құмды болып екіге бөлінеді.
Ұсақталған және ірі тасты суық қоспалар ұсақталған және ірі тасты құраушыға байланысты Бх және Вх типтерге бөлінеді.
Ыстық және суық қоспалар мен асфальтбетондар құм түріне байланысты мынадай типтерге жіктеледі:
Г және Гх – бөлшектеу кезіндегі құмдарда;
Д және Дх – бөлшектеу барысындағы табиғи құмдар мен қоспаларында.
Д-325 (Д-152) құрылғылары бар асфальтбетонды және басқа да қара қоспаларды дайындайтын асфальтбетонды заводтарда минералды заттардың сапасы ГОСТтарды қанағаттандыруы керек:
құм
|
ГОСТ 8736-62
|
Қиыршық тас
|
ГОСТ 8267-64
|
Минералды ұнтақ
|
ГОСТ 9128-67
|
Тұтқыр битумдар ГОСТ 11954-66 талаптарына сәйкес болу керек.
Асфальтбетонды заводтардың технологиялық схемасы
Асфальтбетонды заводтартардың келесі технологиялық түйіндері бар (сурет-1):
- минералды материалдардың шығындалған төсемі;
- битумды балқыған түйін;
- қоспаны дайындау түйіні.
Қиыршық тас пен құмның шығын төсемі жер асты көлік галереясы өтетін бетонмен қапталған, әр фракцияға қабырғалармен бөлінген ашық ауданды береді [5].
Материалдар көлік лентасына қойма қатарына виброқоректендіруші арқылы беріледі.
Минералды ұнтақ сақтау қоймаларынан «ыстық» бункерге элеватормен жіберіледі.
Сурет 1- Д-325 (Д-152)араластырғышы бар АБЗдың технологиялық схемасы:
1 – құм мен қиыршық тас қоймасы; 2 – минералды ұнтақ қоймасы; 3 - суық элеватор; 4 - кептіретін барабан; 5 - ыстық элеватор; 6 – битум сақтауыш; 7 – битумды ерітетін батарея; 8 – беттік-активті қосымшаларды дайындауға раналған құрылғы; 9 - цилиндрлік елек; 10 - ыстық бункер; 11 – қосымшалы бункер; 12 - араластырғыш; 13 - минералды ұнтақ беретін элеватор; 14 – басқару пульті; 15 - қоректендіруші; 16 – қиыршық татарды лақтыратын науа [5].
Битум балқытатан түйін жабық типті битум қоймасы мен битум балқытатын қондырғыдан тұрады.
Қоймадағы битум электрлік қыздырғыштар арқылы қыздырылып, битум балқытатын қондырғылардың қазандықтарына құбырлар арқылы битумды сорғылар көмегімен жіберіледі.
Битум балқытатын қондырғы 15000 л болатын механикалық араластырғыштары мен электротермиялық элементтері бар (әр араластырғышқа 3-4 қазандық) қазандықтардан тұрады.
Битум балқытатын түйінде сұйық бетті-активті қосымшаларға арналған қазандықтар орнатылған. Құбыр жүйелері электрлік тоқпен қыздырынады.
Қоспаны дайындау түйіні кептіретін және араластырғыш агрегаты бар бір, екі не одан да көп араластырғыш Д-325 (Д-152) қондырғыларынан тұрады.
Кептіретін агрегат кептіретін барабан және суық элеватордан тұрады.
Араластырғыш агрегат ыстық элеватордан, цилиндрлік елек, ыстық тасты материалдарға арналған бункер, қосымша қондырғы және араластырғыштан тұрады.
Ыстық бункер фракцияларға 0-5 мм, 5-15 мм, 15-35 мм арналған бөлімдерден және бункерге жеке элеватормен берілетін минералды ұнтақтан тұрады.
Өндірістік процестің технологиясы
Битумның дайындалуы
Ыстық қара қоспаларды дайындау үшін БНД-90/130 және БНД-60/90 маркалы битумдар қолданады.
Битум қоймасындағы битум оның маркасына тәуелділігіне байланысты 80-100° температураға дейін қыздырылып, сорғы арқылы битум балқытатын қондырғыға битумды бастапқы қыздыру қазандықтарына жіберіледі. Битумды бастапқы қыздыру қазандықтарында 110-120° температурасына дейін қыздырып, механикалық бұлғауышпен үздіксіз араластыра отырып осы температурада ылғал толық буланғанға дейін ұстап отырады.
Судың булану процесін тездету үшін және көпіршіктің пайда болуын азайту мақсатында 10 т битумға СКТН-1 препаратын 2-3 тамшысын енгізеді.
Битумның дайындығын лаборатория тағайындайды.
Құрғатылған битум битумдық сорғылар ақылы 150-165° температурасына дейін қыздыратын жұмыс қазандықтарына беріледі, араластырғыш қондырғысының мөлшерлеу таразысына жібереді.
Жұмыс қазандықтарындағы битумның қыздыру температурасы әр сағат сайын лабораторияда бақыланып, журналға тіркелініп отырады. Тұтқырлық шығынын болдырмас үшін битумды қазандықта 150-165 ° температурасында 5 сағ. астам ұстауға болмайды, сондықтан араластырғыштардың жұмысының ұзақ үзілісі кезінде битум температурасы 130 ° дейін төмендетілуі керек.
Минералды материалдардың құрғатылуы мен олардың битуммен араластырылуы.
Қиыршық тастар мен құм бульдозер арқылы жерасты галереясының ағуына жылжытылады, таспалы тасмалдағышпен және «суық» шөміштік элеватормен кептіргіш барабанға беріледі. Онда олар жұмыс температурасына дейін кептіріледі және қыздырылады, сосын «ыстық» элеватормен араластырғыш агрегаттың елегіне жіберіледі. Електен қиыршық тас пен құмның әр фракциясы «ыстық» бункердің тиісті бөлігіне түседі.
Минералды ұнтақ шығын қоймасынан «ыстық» бункердің арнайы бөлігіне жеке элеватормен тасмалданады. Минералды материалдар «ыстық» бункердің арнайы бөлігінен мөлшерлеу таразы бункеріне, кейін толық үлеспен бір илеу-араластырғышқа түседі.
Араластырғышта минералды материалдар толық уақыттың 1/3 бөлігінде минералды ұнтақ қызатын «құрғақ» араласудан өтеді. Кейін араластырғышқа мөлшерленген битум беріледі, араласудан кейін лабораториямен айқындалған уақыттан кейін дайын қоспа автомобиль қорабына тиеледі.
Минералды материалдардың қызу температурасы шығарылатын қоспаның белгіленген температурасына тәуелділігіне байланысты лабораториямен айқындалады және 200-220 ° аспауы қажет.
Кептіргіш барабандағы материалдардың қыздыру деңгейін термобу және басқа да датчиктер арқылы машинист бақылап отырады.
Кептіргіш барабанның шығысында минералды материалдар құрғақ болуы қажет. Ылғалдылықтың қалған бөлігінде кептіргіш барабан арқылы өтетін материалдар мөлшерін азайту не форсунка жалынын үлкейту керек.
Минералды материалдардың ылғалдылығы құрғатылу мен қыздырудан кейін әр алмасудың басында және де материалдардың бастапқы ылғалдылығының өзерісінен кейін тексеріліп отырады.
Шығарылатын қоспаның температурасы беттік-активті қосымшаларсыз 140-160° шамасында болу қажет, беттік-активті қосымшалармен - 120-140 °. Тасымалдану ұзақтығы мен сыртқы ауаның температурасына байланысты төменгі шектен асуға рұқсат етіледі [5].
Минералды материалдардың өзара және битуммен араласу уақыты сыртқы көрінісі бойынша біртекті қоспаны, ода битумның тең таратылуын қамтамасыз етуі керек:
Құмды асфальтбетонды қоспалар үшін
|
120-180
|
сек
|
Ұсақ дәнді қоспалар үшін
|
90-150
|
»
|
Орта және ірі дәнді қоспалар үшін
|
60-90
|
»
|
Қара қиыршық тас үшін
|
60
|
»
|
Араластыру сапасын лаборатория араласу уақытымен және сыртқы бақылаумен тексереді (кесек, майлы дақтардың және де материалдар бөлігінің өңделмеген, құрғақ битум жоқтығын).
Қоспаның физика-механикалық қасиеттерін толық лабораторияларда бірдей айналымда бір не екі рет алынғын қоспа құрамы қоспа сынамаларын зерттеу арқылы анықтайды.
Асфальтбетонды қоспалар ГОСТ 9128-67 шарттарын қамтамасыз ету керек. Лаборатория әр айналымды белгіленген рецептке мөлшерлеудің, битум және минералды материал салмағының дәлдігін тексереді. Мөлшерлеу дәлдігі құрау керек:
Минералды материалдар үшін
|
± 3 %
|
Битум үшін
|
± 1,5 % (битум салмағынан)
|
Бетті-активті қосымшалардың және АБЗда активатордың қолданысы
Бетті-активті қосымшаларды қолданады:
-битум нашар жабысатын, құрғақ бетті тасты материалдардың қолдану кезінде;
-ылғалды тасты материалды битумдарды өңдеу кезінде;
-қара қоспалардың қыздыру температурасының төмендеуі және олардың араласу уақытының қысқаруы үшін;
-тұтқыр битумдардың ескіруінің төмендеуі;
-минералды материалдардың бетінің адсорбциялық активациясы үшін.
Мөлшерлеу дәлдігі битумға енгізілген қосымша салмағынан ± 1 % және араластырғышқа енгізілген қосымша салмағынан ± 3 % шамасында болуы қажет. Тұтқыр битумға қосымшалар битум температурасы 110-130 °С болғанда енгізіледі.
Бетті-активті қосымшаларды қолданған кезде төмендетілуі керек: енгізілген қосымша салмағына битум шығыны, енгізілген активаторға салмағына минералды ұнтақ мөлшері.
Бетті-активті қосымшалардың түрін таңдағанда, олардың дайындалуы мен енгізілуінде, мөлшерін айқындағанда, сапа мен технологиялық процестің бақылауы, және де жұмысшыларды техника қауіпсіздігі барысында «битумды қолдана отырып жол төсеніш құрылысына бетті-активті қосымшаларды қолдануға нұсқауды» басшылыққа алу қажет.
Дайын қоспаны беру
Дайын қоспаны автотүсіргіге тиейді, олардың қорабы таза және қоспа жабыспайтындай эмульсиямен өңделген болу керек.
Жіберілген АБЗ қоспаға қоспаның аты, шығарылған уақыты, температурасы және массасы енгізілген паспорт беріледі.
Асфальтбетонды заводта қондырылған форма бойынша араластырғыш жұмысының журналы болады.
Әдебиеттер
1 Межгосударственный стандарт ГОСТ 9128-2009 СМЕСИ АСФАЛЬТОБЕТОННЫЕ и ДОРОЖНЫЕ. Технические условия. Москва Стандартинформ 2010 г.
2 ГОСТ 23735-79 Смеси песчано-гравийные для строительных работ. Технические условия.
3 ГОСТ 22245-90 Битумы нефтяные дорожные вязкие. Технические условия.
4 ГОСТ 3344-83 Щебень и песок шлаковые для дорожного строительства. Технические условия.
5 Технологическая карта. Приготовление асфальтобетонных и других черных смесей на асфальтобетонных заводах временного типа со смесителями Д-325, (Д-125).
References 1 Interstate standard GOST 9128-2009 MIXTURE of ASPHALT and ROAD. Technical conditions. Moscow STANDARTINFORM 2010 2 GOST 23735-79 Mixture of sand and gravel for construction works. Technical conditions. 3 GOST 22245-90 Bitumen road viscous. Technical conditions. 4 GOST 3344-83 Gravel and sand slag for road construction. Technical conditions. 5 MP. Preparation of asphalt and other black mixtures on asphalt plants temporal type mixers D-325, (D-125).
Аканов Х.Г.
Мухтарова М.Н.
Нұрмұханова А.З.
Нұрсейтова А.К.
Ермағанбетова С.Д.
Асфальтбетон қоспаларының беріктік сапасын бақылау арқылы анықтау анализі
Түйіндеме. Бұл мақалада АБЗ техологиялық схемасы, классификациясы, асфальтбетонды және битумды құймаларды дайындау процесі келтірілген
Түйін сөздер: беріктіг, асфальтобетон, сапа бақылау, битум, шағыл, асфальтбетонн зауыты, ыстық қоспалар, температура, минералды ұнтақ
Akanov H.G.
Mukhtarova M.N.
Nurmukhanova A.Z.
Nurthisva A.K.
Ermaganbetova S.D.
Analysis determines the strength of the asphalt mixture by quality control
Summary. In this article is classification, asphalt plant flow sheet, the process of making asphalt and bituminous mixtures
Key words: strength, asphalt, quality control, asphalt, gravel, asphalt plant, hot mix, temperature, mineral powder
Авторлар жайлы мәлімет:
Аканов Халель Габбасович-д.т.н. Қ.И. Сатпаев атындағы ҚазҰТУ, «Қолданбалы механика және машина құрылымдарының негіздері» кафедрасының техника ғылымдарының докторы, профессор. Алматы қ., Сатпаев 22, ұялы телефон. 87772303683, esuleim@gmail.com.
Мухтарова Мунира Набиевна – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Жылуфизика және техникалық физика» кафедрасының физика-математика ғылымдарының кандидат, и. о. доценті, Алматы қ., аль-Фараби даңғылы 71, ауд. 237, телефон. 377-34-08, ұялы телефон. 77073176730, munira_n@mail.ru.
Нурмуханова Альфия Зейнулловна – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Жылуфизика және техникалық физика» кафедрасының техника ғылымдарының кандидаты, оқытушысы, Алматы қ., аль-Фараби даңғылы 71, ауд. 237, телефон. 377-34-08, ұялы телефон. 77015764455, аlfiya.nurmukhanova.83@mail.ru.
Нурсейтова Алия Кадирбековна – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Жылуфизика және техникалық физика» кафедрасының оқытушысы, Алматы қ., аль-Фараби даңғылы 71, ауд. 237, телефон. 377-34-08.
Конакбаев Бакдаулет Оралбекович – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Жылуфизика және техникалық физика» кафедрасының ассистенті, Алматы қ., аль-Фараби даңғылы 71, ауд. 236, телефон. 377-34-08, ұялы телефон.87773461074, bak-daulet_89@mail.ru
Мукашева Гаухар Канатовна - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Жылуфизика және техникалық физика» кафедрасының ассистенті, Алматы қ., аль-Фараби даңғылы 71, ауд. 236, телефон. 377-34-08, ұялы телефон. 8701355564, gauhar.010789@mail.ru
Достарыңызбен бөлісу: |