Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет1/3
Дата23.02.2016
өлшемі473 Kb.
#5165
  1   2   3
Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

Сырдария” университеті


Гуманитарлық білім” факультеті


Отан және шетел тарихы” кафедрасы
Қазақстанның орта ғасырдағы тарихы ” пәні бойынша “050114” – “Тарих” мамандығының 2- курс студенттерінің білімін бақылауға арналған

тапсырмалар мәтіні
Лектор: Сапармуратова Г

Жетісай – 2008 ж.


Алғы сөз


050114 – “Тарих” мамандығының 2- курс студенттеріне ІІІ –семестрде “ Орта ғасырдағы Азия Африка тарихы ” пәніне типтік оқу жоспарына сәйкес 3 – кредит (135 – сағат) берілген. Оның 30 –сағаты лекция, 45 –сағаты ОБСӨЖ, 45- сағаты СӨЖ- ге бөліген.
Кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің өзіндік жұмысын (СӨЖ) ұйымдастыру маңызды орын алады. Оқытушылардың СӨЖ ұйымдастырудағы негізгі функциялары:

  • студенттерге бағыт, бағдар беру;

  • студенттерге конституциялық көмек, кеңес беру;

  • студенттердің білімін бақылау, бағалау.

Студенттердің өзіндік жұмыстағы негізгі міндеттері:



  • сабақ барысында беріллген ақпатарттарды белсенді қабылдау;

  • оқытушының кеңесін негізге алып, өз бетінше дайындалу, өздеріне қатаң талап қоя білу;

  • күрделі, проблемалық ситуацияларды, күрделі мәселелерді меңгеруде оқытушыдан дер кезінде түсініктеме, кеңес, көмек алу.

Студенттердің өзіндік жұмыстарын өткізуде келесі мәселелерге көңіл бөлінуі тиіс.



  • СӨЖ нақты жоспарлау,

  • әдістемелік қамтамасыз ету;

  • СӨЖ тапсырмаларының күнтізбек –тақырыптық жоспарға сәйкес орындалуын студенттен талап ету.

Оқытушының басшылығымен өтетін студенттің өзіндік (ОБСӨЖ) жұмысының көлемі типтік оқу жоспарына, пәннің жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес анықталып уақыты, аудиториясы көрсетіліп оқу кестесіне енгізілген.

СӨЖ бақылау түрлерін, тәсілдерін таңдауда оқу пәнінің мақсаты мен міндетін, бөлінген сағат көлемін, студенттің дайындық сатысы ескерілген.

Күнтізбелік – тақырыптық жоспар



1-апта Ауызша сауалнама баллы 4,5
1.Сабақтың тақырыбы:Ұлы Түрік қағанатының құрылуы


  1. Түрік қағанатының хронологиялық уақыт шеңбері.

  2. Түрік қағанатының қағаны бумын қай жылы 50 мың әскерімен қандай мемлекетті талқандады.

  3. «Түрік» атауы қай ел деректерінде нешінші жылдан бастап құрыла бастады,және олар кімдердің ұрпағы саналады.

  4. Бумын қағанның ізбасарлары кімдер және олардың тұсында мемлекет қандай үстемдікке жетті.

  5. Түріктер қай жылдары қытаймен қарым-қатынас жасай бастады.

  6. Түріктер 552-554 жылдары кімдерді талқандады және оның қолбасшы қағаны.

  7. 570-580 ж Түрік қағанатының жағдайы қандай болды,және қай жердегі биліктері нығайды.

  8. Түріктер қай жерлерге дейін жаулаған.

  9. Түріктердің Орта Азияны алудағы басты қарсыласы кімдер болды.

10.Бумын қағанның інісі және кей деректерде бат түріктердің атасы депте атайды.

11.Естеми қаған.Бат түрік он оқ будун д.а. қай жерге келгенде қай мемлекетке қарсылыққа ұшрайды.

12.Түріктер эфталиттерге қарсы қай елмен әскери одақ құрады.

13.564 ж Иран шахы кім болды және ол сол жылы қай жерді жаулады.

14.567 ж Түріктер қай жерде эфталиттерді жеңеді және түріктер орта Азиядағы жеңістерінен кейін өз бақылауына алған жер.

15.Түріктер мен олардың қол астындағы соғдылықтар қай елмен сауды байланысын жасауға ұмтылды.Бұған қай ел кедергі жасады.

16.568ж соғы көпесі Маннах түрік қағанның елшілігін кімге бастап барады онда екі ел арасында қандай келісім шарт жасалады.

17.Түрік қағанатының Алып жатқан географиялық аумағы.

18.Түріктердің шығысында алып жатқан жер көлемін картадан көрсет.

19.Түрік қағанатының өзара қырқыс кезеңі.

20.Түрік қағанатының ыдырау себебі.
3-апта Тест тапсырмалары баллы 3,5

2.Сабақтың тақырыбы:Қарлұқ қағанаты.





  1. Қарлұқ қағанатының өмір сүрген уақыты

а)756-940 ж.ж.

в)704-756 ж.ж.

с)682-744 ж.ж.

д)603-704 ж.ж.

е)552—603 ж.ж.

2.ҮІІ ғ. Қарлұқ бірлестігі неше ірі тайпаларға бөлінді.

а)3-ірі тайпа

в)2-ірі тайпа

с)1-ірі тайпаға

д)5-ірі тайпаға

е)Тайпаға бөлінген жоқ

3.Қарлұқтар алғашқы деректерде қандай атпен белгілі болған

а) Болат

в) Шігіл

с)Тошлық

д)Түрік

е)Ғұндеген атпен белгілі болған

4.Қарлұқ тайпаларының көсемдері не д.ат.

а) Елтебір

в)Жабғу

с)Шад

д)Атабектер

е)қаған

5.ҮІІІ ғ. Ортасы (746ж) қарлұқтар кімдердің қысымымен Жетісуға көшті.

а) Ұйғырлардың

в)Оғыздардың

с)Наймандардың

д)Керейлердің

е)Қарақытайлардың

6.Қарлұқтардың негізгі топтасқан жері.

А) Алтай тауы-Барқаш көлі

В) Суяб қаласы

С) Жетісу жері

Д)Памир тауымен-Зайсан көлі

Е)Орал тауымен-Балқаш көлі

7.Қарлұқ қағанатының билеушісі Жабғу нешінші жылдан бастап қаған атана бастады.

А)840ж

В)780ж

С)817ж

Д)767ж

Е)940ж

8.Араб тарихшысы Әл Марвази Қарлұқтар неше тайпадан тұрады деп атты.

А)9

В)8

С)7

Д)2

Е)3

9.Араб географы Ибн-Хаукаль (Хғ) Қарлұқ жерін батыстан шығысқа қарай жүріп өту үшін неше күн керек деп айтты.

А)30 күн

В)29 күн

С)17 күн

Д)15 күн

Е) 33 күн

10.Қарлұқтардың неше қаласы бар.

А)25 қала мен елді мекен

В)қала мен елді мекен

С)27 қала

Д)11 қала

Е)8 қала мен елді мекен

11.Соғыс жорықтарында Қарлұқтар 766-775ж қай жерлерді жаулап алады.

А)Қашғарияны

В)Таразды

С)Баласағұнды

Д)Ферғананы

Е)Сырдария орта ағысы

12.Қарлұқтар нешінші жылы Енеси қырғыздарды мен бірігіп Ұйғыр қағанатын талқандады

а)840ж

в)940ж

с)749ж

д)765ж

е)1015ж

13.Қарлұқтардың Арабтарға қарсы күресі қанша уақытқа созылды.

А)2-ғасырда

В)2-жылға

С)1,5 ғасырға

Д)1,5 жылға

Е)16 жылға

14.Қарлұқ тайпалары Жетісуда қанша жылдай билік құрды.

А)200 жылдай

В)20 жылдай

С)18 жылдай

Д)40 жылдай

Е)65 жылдай

15.Саманилер қай жерге мешіт салдырды

а)Таразда

в)Отырарда

с)Түркістанда

д)Баласағұнда

е) Талғарда

4-апта Тест тапсырмалары баллы 3,5


3.Сабақтың тақырыбы:Қимақ қағанаты


  1. Қарахан мемлекетінің билік құрған хронологиялық уақыты

А)942-1212ж.ж.

В)1225-1212ж.ж.

С)682-744ж.ж.

Д)603-704ж.ж.

Е)704-746ж.ж.


2.Қимақтар туралы алғашқы мәліметтер қандай деректерінде кездеседі
а)Қытай деректерінде

в)Парсы деректерінде

с)Грек тарихшысы Герадоттың еңбектерінде

д)Страбонның деректерінде


3.Қимақтар тарихының ерте кезеңі қандай тайпамен байланысты
а)Янвмо

в)бұлақ


с)Шігіл

д)Ташлық


е)Қимақия
4.Қытайлар Қазақстанның қай аймағында мекендеді
а)Солтүстік Шығысын

в)Солтүстік Батысын

с)Оңтүстік шығыс

д)Оңтүстік

е)Жетісу
5.ІХ ғасырдың басында қимақтар неше бағытпен көшті
а)3 бағытта

в)2 бағытта

с)5 бағытта

д)4 бағытта

е)7 бағытта

6.Қимақтар құрамы неше тайпадан тұрады және ең атақтылары қандай тайпалар


а)7 тайпадан қимақтар мен қыпшақтар

в)2 тайпадан Оғыздар мен қарлұқтар

с)8 тайпадан ұйғырлар мен енеси қырғыздар

д)5 тайпадан қимақтар мен қарлұқтар

е)10 тайпадан қыпшақтар мен қарлұқтар
7.Қимақтар жылжи отырып қандай түркі тектес тайпалардың жерін басып алды
а)оғыздардың

в)ұйғырлардың

с)қыпшақтардың

д)қарлұқтардың

е)түргештердің

Бақылау жұмысы:

1.Қимақтар туралы деректер, олардың шығу тегі

2.Қимақ қағанатының құрылуы

3.Қимақтардың көрші елдермен қарым –қатынасы

4.Шаруашылығы


5-апта Бақылау жұмысы баллы 4,0
4.Сабақтың тақырыбы:Н аймандар, Керейлер, Жалайырлар
1.Наймандар, Керейлер, Жалайырлардың туралы деректер, олардың шығу тегі

2. Наймандар, Керейлер, Жалайыр ұлыстары, олардың көрші елдермен қатынастары

3.Шаруашылығы

6-апта Бақылау сұрақтары баллы 4,5

Сабақтың тақырыбы:Қыпшақ хандығы


  1. Қыпшақтардың олардың шағу тегі

  2. Қыпшақ хандығының құрылуыжәне оның құрамы

  3. Қыпшақтардың этникалық жер аумағы

  4. Қыпшақтардың көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы

  5. Шаруашылығы

7-апта Реферат баллы 6,0

6.Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның ҮІ-ҮІІІ ғ.ғ.басындағы мәдениеті
1.Рухани мәдениет. Тіл және жазу

2.Ғылым және әдебиет. Әл-Фараби, М.Қашқари, Ж.Баласағұн, А.Яссауи

3.Дін

8-апта Тест тапсырмалары баллы5,0


7.Сабақтың тақырыбы:Монғол шапқыншылығының басталуы.


  1. Орхон-Керулен аралығын монғол тайпалары қай ғасырда мекендеді

А)ІХ ғ.

В)Х ғ.


С)ХІІғ.

Д)ХІҮғ.


Е)ХІІІғ.ғасырдың аяғы
2.Есугей Баһадурдың баласы Темучен қанша жылға созылған күресте барлық монғол тайпаларын біріктірді

а)10 жылға

в)13 жылға

с)20 жылға

д)15 ЖЫЛҒА

е) 24 жылға


3.Монғол әскерлері санына орай ондыққа бөлінді.Түменде қашна әскер болды

а)100 мың әскер

в) 500әскер

с)10мың әскер

д)100 әскер

е)1 мың әскер


4.1218 жылы қай қала монғолдарға соғыссыз берілді

а)Ашнас


в)Алмалық

с)Баласағұн

д)Жент

е)Баршынкент


5.Монғолдар Сібір халықтарын,Енисей қырғыздарын,Шығыс Түркістанды қай жылдары бағындарды

а)1206-1210 ж.

в)1208-1213ж.

с) 1207-1211ж.

д)1209-1211ж.

е)1210-1214ж.


6.Монғол шапқыншылығының зардаптары қандай

а)халық жаппай қырылып,өндіргіш күштер әрсәреді

в)Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың қала мәдениеті жойылды

с)берілген жауаптардың бәрі дұрыс

д)шарушылық құлдырады

е)қазақ халқының қалыптасу процессін тежеді


7.қазақстан жерінде қанша монғол Ұлыстары құрылды

а)5


в)7

с)3


д)10

е)12
8.Монғол әскери феодалдық мемлекеті қашан құрылды

а)ХІғ.

В)ХІІғ.


С)ХІІІғ.

Д)ХІҮғ.


Е)ХҮғ.
9.Монғол империясының астанасы

а)Сарай-бату

в)Сарайшық

с)Қарақорым

д)Самарқанд

е)Сарай-Берке


10.1260 жылы монғол тарихында қандай оқиға болды

а)кушково шайқасы болды

в)Ислам мемлекеттік дін болып жарияланды

с)Моғол империясы ұлыстарға бөлінді

д)еуропаға жорық жасады

е)Халық көтерілісі болды


11.Монғолдардың Еуропаға жорығы қашан болды

а)1226-1232 ж.

В)1246-1252ж.

С)1236-1242ж.

Д)1216-1222ж.

Е)1206-1212ж.


12.Монғол мемлекетінің оқ қанаты қалай аталады

а)түтік


в)Күшік

с)Барұнғыр

д)Гол

е)Жоңғар



Бақылау жұмысы:

1Моғол мемлекетінің құрылуы.

2. Шыңғыс хан империясы.

3. Шыңғыс ханның ұрпақтары.

4. Шыңғыс ханның туылған жылдары.

5. Шыңғыс хан Қайыр ханға қанша адамнан тұратын сауда керуен жіберді.

6. Моғол мемлекетінің құрылуы.

7. Шыңғыс хан империясы.

8. Шыңғыс ханның ұрпақтары.

9. Шыңғыс ханның туылған жылдары.

10. Шыңғыс хан Қайыр ханға қанша адамнан тұратын сауда керуен жіберді.

9-апта Глоссарий баллы2,0


8.сабақтың тақырыбы:Алтын Орда.саяси және мемлекеттік құрылымы


  1. Сұлтан-ханнан кейінгі әлеуметтік басқарудың ең жоғарғы тобы

  2. Құрылтай-Ақ сүйектердің жалпы империялық жиналысы

  3. Диван (диуан)-ең жоғарғы атқарушы орган

  4. Беклербек-әскерді және дипломатиялық істерді басқарушы

  5. мәлік-азаматтық басқару билігін жүргізушілер

  6. Даругтер,басқақтар-бағынышты елдерді басқарушы және салық жинақшылар

  7. Нояндар,бектер,Әмірлер,баһадурлар-әскербасылар

  8. Інжу-шыңғыс әулетінен шыққан билеушілерге берілетін үлестік жер.

  9. Сойырғал-әскер немесе азаматтық қызмет атқарғаны үшін шартты түрде сыйға берілген үлестік жер

10.Вакф-мұсылман дінбасаларының жері

11.мильк-жер иеленудің жеке меншік түрі

12.Тархандық құқық-үрестік жер иелерінің мемлекет пайдасына жиналатын салықтан босатылып,өз пайдасына салық жинауы

13.тағар-әскерді азық-түлекпен қамтамассыз ету үшін жиналатын егін және мал салығы

14.ұшыр-мал салығы

15.харадж-егіншілерден жиналатын салық

16.Зекет-дін басыларына берілетін мал салығы қөлөнершілер мен саудагерлерге де салынды

17.Аваиз-төтенше салық

18.Әскери міндеткерлік-10 түтіннен 1 жауынгер алынды

10-апта Тест тапсырмалары баллы2,0


9.Сабақтың тақырыбы:Ақ Орда
1.Шығыс Дешті қыпшақ жерінде ХІІІ-ХҮ ғасырдыңбасында өмір сүрген мемлекетті атаңыз

а)алтын Орда

в)Моғолстан

с)Ақ орда

д)Әбілқайыр хандығы

е)Ноғай ордасы


2.Ақ орда Алтын Ордаға бағынбай дербес саясат жүргізуді ойлады.Ақ Орда қай хан тұсында түпкілікті тәуелсіз хандық болыпжарияланды

а)Орыс хан

в)барақ хан

с)Орда Ежен

д)Уаис хан

е)Сасы-бұға хан


3.Ақ Орда мемлекетінің ханы Тоқтамыс кезінде 1389,1391,1395 жылдары кімдермен соғыс басталды

а)Асрахань хандығымен

в)Мәскеу князьдықтарымен

с)Әмір темірмен

д)Ноғай ордасы әмірлермен

е)монғолстан хандарымен


4.Ақ Ордаға Орыс ханның немересі Барақтың билі еткен жылдары

а)1414-1428ж.ж.

в)1416-1428 ж.ж.

с)1423-1428ж.ж.

д)1419-1428ж.ж.

е)1421-1428ж.ж.


5.Сығанақ қай хандықтың астанасы

а)Моғолстан

в)Ноғай ордасы

с)АқОрда


д)Сібір хандығы

е)Алтын Орда


6.Ақ Орданың негізін қалаушы кім

а)Сасы бұға

в)Ерзен

с)Орда Ежен



д)Орыс

е)Барақ
7.Ақ Орданың Астанасын атаңыз

а)жайық-балқаш аралығы

в)Оңтүстік-Шығыс аралығы

с)Сырдария,есіл,сарысу,өзендері аралығы

д)Жайық-Еділ аралығы

е)жетісу-Мауереннахр аралығы
8.Ақ Ордада 1354-1364ж аралығында қанша хан қаза тапты

а)25 хан


в)20 хан

с)12 хан


д)15хан

е)7 хан


11-апта Ауызша тапсырма баллы 2,0
10.Сабақтың тақырыбы:Монғол шапқыншылығынан кейінгі мемлекеттердің саяси-құқықтық жағдайы


  1. Шыңғысхан империясының саяси жағдайы және ұлы жасақ (ясы) заңдары.

  2. Шыңғысханның заңдары – ұлы жасақ.

  3. Алтын Орда және Ақ Орда мемлекеттері.

Монғол империясы жеріндегі билік Шыңғыс ұрпақтарына ғана тән болды. Алдыңғы кезде азаматтық өкімет жергілікті ақсүйектер қолында болып, Шыңғыс ұрпақтары отырықшы өлкелерді басқаруға және халықтан салық жинауға араласа алмайтын.

Хан мемлекеттік биліктің иегері ретінде мемлекет басшысы, әскери, заң шығару және әкемшілік билігін қамтыды. Хан атынан бүкіл әскери билікті бектер-бегі басқарды, ал азаматтық биліктің басы уәзір болып, ол мемлекетті азаматтық тұрғыдан басқару кезінде ханның кеңесшісі болды. Салық жинауды даруғалар болып, басқақтар басқару міндетімен жергілікті халыққа әскери бақылауды жүзеге асырды.

Әскери жүйе ондық, жүздік, мыңдық, туменнен құралып, оны ірі нояндар, әмірлер, бақадурлер басқарды.

Яса (жасақ) Шыңғысханның тұсында қабылданған заңдар мен ережелердің жиынтығы. Бұл заң көшпелі монғол өмірінің нормаларын ғана реттестірді. Отырышқы қоғамның дәстүріне, әдет-ғұрпына қойшы келетін тұстарымен, уақыт оза Шыңғыс ұрпақтарының ислам дінін қабылдап, түріктену процесінде мұсылман мәдениеті қағидаларымен өзгеріп отырды. Мемлекеттік салық жүйесі тағар, қаман, құшыр, зекет және басқа салықтардан құралды. Көшпелі тұрғындардан құшыр-мал басына салынатын салық, отырықшы егіншілікпен айналысатындар қала тұрғындары хараж, баж салығын төмеді.

Ақ Орда мемлекетінде феодалдық меншік түрі отырықшы-егіншілік және көшпелі мал шаруашылығы аудандарында кемел қалыптасқан түрінде көрінді. Деректер отырықшы жұрт арасындағы ауқатты топтың інджеу, мильк, сүйірғал сияқты жер иелігі, сондай-ақ салықтың көпчүр, зекет, тағар сияқты түрлері болғандығын айтады. Елдегі билік жүйесінің басында орда Ежен ханның үрім бұтағынан шыққан хан тұрды, оған жергілікті аймақтарды билейтін оғландар мен бек, әмір, батырлар бағынды.

12-апта Тест тапсырмалары баллы 2,0
11.Сабақтың тақырыбы:Моғолстан


  1. Моғолстанның астанасы

А)Алмалық

В)Баласағұн

С)Жент

Д)Баршынкент



Е)Ашнас

2.Моғолстан мемлекетіндегі ең қуатты тайпа

а)Дулат

в)Арғын


с)Керей

д)Үйсін


е)Қаңлы

3.Моғолстандағы Ұлысбектер қай тайпаның өкілдерінен сайланды

а)Дулат

в)Монғол


с)Амина

д)Керей


е)Мағыт

4.Монғолстан билеушісі Тоғылық темір хан елді қай жылдары басқарды

а)1348-1362ж.ж.

в)1349-1363ж.ж.

с)1350-1364ж.ж.

д)1351-1365ж.ж.

е)1352-1366ж.ж.

5.Монғолстанның астанасы

а)Жетісу

в)Сылдария

с)Мауеренахр

д)Сығанақ

е)Алмалық

6.Моғолстанның билеуші титулы

а)хан

в)жабғу


с)Елтебер

д)Қаған


е)ұлысбек

7. Моғолстанда дулат тайпасы әмірлерінен кімдер тағайындалды

а)Ұлысбектер

в)Хандар


с)Елтеберлер

д)жабғулар

е)қағидалар

8.Моғолстанның алғашқы ханы

а)Тоғылық Темір

в)Ілияс Қожа

с)Қыдыр Қожа

д)Мухаммед хан

е)Уаис хан

9.Моғолстан жеке өмір сүретін мемлекет болып қай ғасырда жарияланды

а)ХІҮғ.

в)ХҮІғ.


с)ХІІІғ.

д)ХІІғ.


е)ХҮ ғ.

10.Монғолстан қашан құлады

а)ХҮІғ.ортасында

в)ХІҮ ғ.


С)ХҮғ.

Д)ХІҮ ғ. Ортасы

Е)ХҮІ ғ. басы

Бақылау сұрақтары


1. Моғолстан Темірдің басып кіруі қарсаңында

2. ХV ғ. 1-жартысындағы Моғолстан

3. Моғолстанның ыдырауы.

4. Моғолстанның мемлекеттік-әкімшілік құрылысы.


5-апта Ауызша сауалнама баллы 2,0

5.Сабақтың тақырыбы:Әбілқайыр хандығы



(«Көшпелі өзбектер мемлекетті»)

  1. Әбілқайыр хандығының құрылуы.

  2. Әбілқайырдың Сырдария қалалары үшін Темір әулеттерімен жүргізген күресі.

  3. Әбілқайыр хандығының этникалық құрамы.

  4. Әбілқайыр хандығының мемлекеттік-әкімшілік құрылысы.


Әбілқайыр хандығы. Ақ Орданың ыдырауы нәтижесінде XVғ. 20-шы жылдары Орталық және Солтүстік Қазақстан жерінде жергілікті ру-тайпа билеушілерінің қолдауымен Жошы ұлы Шибанның (Сабан, Шайбан) ұрпағы Әбілқайыр жаңа мемлекеттік құрылымның негізін қалайды. 1428ж. Батыс Сібірдегі Тұр атты мекенде ол хан жарияланады. Ханды сайлау салтанатына сұлтан, оғлан, батыр, ру-тайпа басыларымен қатар ислам дін басылары да қатынасады. Ал Әбілқайырды қолдаушылардың арасында қыят, маңғыт, чинбай, жан, табғұт, дүрмән, құщы, утарчи, найман, өкреш-найманғ тубай, таймас, чат, хытай, барақ, ұйғыр, қарлық, кенегес, үйсін, қоңырат, құрлауыт, ичкі, ичкі-маңғыт, түмен және басқа ру-тайпалардың өкілдері болады. Басқаша айтқанда Әбілқайыр хандығының этникалық құрамы Ақ Орданың, белгілі дәрежеде Ноғай Ордасының құрамына да жақын болды. Міне осы тілі, шаруашылық түрі, тұрмыс-салты жағынан туыс тайпалар одағын дерек көздері XIVғ. 60-шы жылдарынан жинақы атпен “өзбек” деп атады. Бұл кезде ол халық аты (этноним) емес, тек саяси мағнадағы сөз еді.

Деректер Әбілқайыр ханның Шибан тұқымы сұлтандармен бірге маңғыт жұртының билеушілеріне де сүйенгендігін айтады. Қадырғали би Жалайыр Әбілқайыр ханның маңғыт Уақас бимен арадағы достығын суреттеп “екеуі бір кесенің екі шетінен бөліп бал ішетін еді” дейді. Соған қарағанда ханның тасының өрлеуіне бидің көмегі аз тимесе керек.

Әбілқайыр ұлысы батысында Хайықтан шығысында Балқашқа, оңтүстігінде Арал теңізімен Сырдарияның төменгі ағысының солтүстігінде Тобыл мен Ертістің орта сағасына дейінгі аралықты қамтыды.

XVғ. 30—40-шы жылдары Әбілқайыр хан Мауреннахр және Сырдың орта сағасындағы қалаларға бірнеше жорықтар жасайды. 1430ж. оның әскері қысқа мерзімге Хорезмді алады. 1446ж. Әбілқайыр хан қолдары сыр бойындағы және Қаратау етегіндегі Созақ, Сығанақ, Ақ Қорған және Өзген қалаларын өзіне қаратып, Сығанақты хандығының астанасына айналдырады.

Дегенмен, Әбілқайыр ұлысының ішінде саяси тұтастық терең тамыр жая алған жоқ-тын. Жошы ұрпағынан тарайтын сұлтандардың біразы, арасында Ұрыс ханна тарайтын Жәнібек хан мен Керей сұлтан бар топ Әбілқайыр ханмен жараса алмай, өз ара араздық отын жағады. Ішкі алауыздыққа сырттан қалмақтар тарапынан төнген шабуыл қаупі қосылады.

Маңғұл халқының батыс қанатын құрайтын қалмақтар (ойраттар) XVғ. 20-шы жылдарына қарай Орталық Азиядағы елеулі саяси және әскери күшке айнала бастайды. Қалмақтардың әсіресе көз тіккен жері Жетісудың шұрайлы жайылымдары мен егіншілік оазистері болды. XVғ. 50-ші жылдары ойраттар қолы Сыр бойына да жетеді. 1456—1457жж. Көк-Кесеке атты жерде (Сығанақ маңы) Әбілқайыр қолдары Ұз-Темір тайшы бастаған қалмақтар қолынан жеңіліс табады. Бұл шайқас Әбілқайыр ұлысының әлсіреуіне себепші болған оқиға еді. Қалыптасқан саяси ұтымды пайдаланған Жәнібек хан мен Керей сұлтан бастаған ұлыс халқының біраз бөлігі Мағолстанға қарайтын Шу өзені бойындағы Қозы-Басы атты мекенге келіп қазақ хандығының құрылғандығын жария етеді. 1468ж. Әбілқайыр хан Мағолстанға жорыққа аттанып, жол үстінде қазаға ұшырайды.

Сонымен, Әбілқайыр опат болған соң көп ұзамай оның құрған ұлысы да ыдырауға ұшырады. Оған себепші болған билеуші сұлтандар тобының өз арасында билік үшін жүрген таластың толастамауы, қала және отырықшы егіншілік мәдениетінің ұлыс халқы арасында кең етек жая алмауы болды. Бұл Ақ Орда, Ноғай ұлысы, Әбілқайыр хандығы сияқты мемлекеттік құрылымдардың ыдырауына негіз болған ортақ себептер еді.
Бақылау сұрақтары
1. Әбілқайыр хандығының құрылуы.

2. Әбілқайыр хандығының территориясы

3. Әбілқайырдың Сырдария қалалары үшін Темір әулеттерімен жүргізген күресі.

6-апта Ауызша сауалнама

6.сабақтың тақырыбы:XIII-XV ғғ. Ноғай Ордасы, Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір.



  1. Ноғай Ордасының құрылуы.

  2. XIII-XV ғғ. Солтүстік Қазақстан

  3. Батыс Сібір.

  4. Ноғай ордасының мемлекеттік-әкімшілік құрылысы.

  5. Шаруашылығы

Ноғай Ордасы. Алтын Орданың ыдырау барысында өмірге келген ірі мемлекеттік құрылымдардың бірі Ноғай Ордасы. XIV—XV ғасырларда ол Батыс Қазақстан жерінің бөлігін қамтыды. XIVғ. соңына қарай Жайық пен Еділдің арасындағы тайпаларды біріктірген қауым өзін маңғыттар, ал өз ұлысын “Маңғыт жұрты” атады. “Ноғайлар”, “ноғайлықтар”, “Ноғай Ордасы” деген атаулар деректерде XVIғ. бас кезінде пайда болады. Ноғай Ордасының мемлекеттік құрылым ретінде оқшаулануы Едіге бидің Алтын Орданы билеген кезеңіне түс келеді (1396—1411жж.). “Беклар-бегі” атанған би іс жүзінде бұл құрылымның негізін қалаушы болды. Ол бес жыл бойы Алтын Орданың саяси өмірінде шешуші роль атқарған Едіге би өз елі маңғыттар ұлысын күшейтуге біраз күш жұмсайды. Едіге би опат болған соң (1419ж.) маңғыттардың билеушілері шығыс жағындағы көршілерімен жақын қатынаста болуға ұмтылды, Әбілқайыр ханмен одақ құрды. Ноғай Ордасы дербестікке біржола Едігенің ұлы Нұр ад-Дин билігі (1426—1440жж.) тұсында қол жеткізеді.

Ноғай Ордасының жер көлемі өзгеріп отырған. XVғ. Екінші жартысында ноғайлар Жайықтың сол жағалауынан асып өтіп, шығыс және оңтүстікке жылжыды. Сыр бойы қалалары үшін күрес және Мауреннахрға ықпалын арттыру жолында жүрген Әбілқайыр хан ноғайларға ешқандай да кедергі жасаған жоқ, қайта одақтастық пиғылда болды. Мұны пайдаланған ноғай билеушілері солтүстік-шығыста жайылымдарын Батыс Сібірге дейін жеткізді. Төменнің оңтүстік шығыс беті Ноғай даласы аталды. Сондай-ақ, ноғайлар көші ауық-ауық Сыр бойы мен Арал теңізі жағалауына шейін де жетіп жатты. Ноғайлардың сол кездегі билеушілері, Едіге бидің үрім-бұтағы Уақас би, Мұса мырза, Ямғұрчи және басқалары Әбілқайырға Сыр бойы қалаларын алуға көмек береді. Қазақ еліне тілі, салт-дәстүрі жақын ноғай жұрты қазақтармен жылы, одақтастық қатынаста болды. Алғашқы қазақ ханы Жәнібектің тұсында (XVғ.) қазақпен ноғай жылы, туыстық қатынаста болды. XVIғ. орта тұсында деректер Хақназар ханды “қазақтар мен ноғайлардың ханы” атады.

Ноғай ордасының этникалық құрамы төңірегіндегі түркі халықтарының, яғни олардың жеке ұлттық тұтастыққа көшкенге шейінгі құрамына ұқсас болды. Оның құрамына маңғыттардан басқа қыпшақ, қаңлы, қоңырат, найман, үйсін, қарлық, алшын, тама және басқа тайпалардың бөліктері енді. Әуелде этносаяси құрылым ретінде пайда болған Ноғай Ордасы негізінде кейінірек, яғни XVғ. соңына қарай ноғай халқы қалыптаса бастайды.

Ресейдің Қазан және Астрахан халықтарын өзіне қосып алған соң, XVIғ. екінші жартысына қарай Ноғай хандығының да тәуелсіз жағдайы әлсірей түсіп, ақыры бірнеше өзара тәуелсіз иеліктерге ыдырайды. Оның халқының бір бөлігі Кіші жүздің құрамына енді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет