Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
СӨЖ №1
Пәні: Қазақстанның ортағасыр тарихы
Тақырыбы: Ежелгі түрік қағанатының құрылуы, қоғамдық құрылысы, әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы
Орындаған: Зулпыхар Айдана, Тарих @idon_zt
Тексерген: Жылкышыбаева Карлыгаш
2022 жыл
Ежелгі түрік қағанатының құрылуы
«Түркі халықтарының тарихы» еңбекте (авторы К.Аманжолов, 1996) III-IV ғасырлар басында Тянь-Шаньға қоныс аударған кейінгі хун тайпаларының топтары IV ғасырдың соңында Турфан тауларына карай жылжығанын жазады. 460 жылы оларға түрік тілді жуань-жуаньдар шабуыл жасайды да, иеліктерін басып алып, хундарды Алтайға ығыстырады. Осы қоныс аударған тайпалардың ішінде Ашина тайпасының адамдары да бар еді. Алтайдағы түрік-ашина тайпалары ірі тайпа бірлестігін құрып, 545 жылы Солтүстік Қытай (Цзинь) мемлекеттеріңің бірімен дипломатиялық қарым-қатынас-орнатады. Күшейген түрік-ашина тайпалары өз билеушілері жуань-жуаньға қарсы шығады. Жуань-жуаньдардың соңғы билеушісі -Анахуань соғыста жеңілгеннен кейін өзін-өзі өлтіреді. 55І жылы түріктердіц көсемі Бумын қаған титулын қабылдайды. 552 жылы ол қайтыс болып, орнына Қара қаған (552-553), одан кейін Мұқан (553-572) көсемдік етеді де, жуань-жуаньдарды толығымен талқандайды. Осы Мұқан қаған туралы Гумилев өзінің «Көне түріктер» кітабында былай дейді: «Жаңа хан қатал да рақымсыз, батыр да ақылды болады және соғыстан өзге ештеңемен шұғылданбайды. 553 жылы ол жужандарды жеңеді және оның шабуылын Ци империясы тойтарады. 555 жылы Ци императоры жужандарды өз жеріне қуып жібереді де, сонда түріктер мен қидандар тас-талқан етіп жеңеді».
Олардың шығу тегі жайлы біраз тарихи деректер бар. Ұлы далада түрік мемлекетінің, түрік тілінің қалыптасу кезеңінен дерек беретін Күлтегін ескерткішінде былай деп жазылды: «Әлемнің көгінде аспан, төменінде қоңыр жер пайда болғанда, осы екеуінің арасында адам баласы жаратылды. Адамзат баласының үстінен менің бабаларым Бумын қаған мен Истеми қаған билік жүргізді. Таққа отырған олар өз мемлекетін корғап, Түрік заңдарын шығарып, оны бекітті». V ғасырда түріктер деп Ашина ордасына караған тайпалар аталды. Ал көршілес тайпалар түріктер қатарына саналған жоқ. Түріктер туралы толығырақ мәліметті біз ІХ-Х ғасырлардағы араб географиясынан кездестіреміз. Географиялық әдебиеттерінде «түрік» деген сөз халыктар тобы және олардың тілінің ортак иесі ретінде көрсетілген. Ал қытай жазбаларында түріктерді хундар тұқымы деп, қытайша «жин, жуань-жуань, жужань» деп атаған, бірак бұл атау халыктың атауымен ешбір сәйкеспейді. Ол «шылаушын құрты» деген мағынаны білдірген. А. Аристов «түркілердің бастапқы шығу тегі мен олардың ата жұрты туралы» деген мәселеде: «Түріктердің негізгі басты үлкен тайпалары алғашында Алтайды мекендеген. Алтайдагы жер-су аттары көне түрік халық аңыздарына енуі бұған дәлел бола алады. Ежелгі түрік мемлекеті хундар империясы болып есептеледі» дейді. Махмұд Қашқари жазған түрік тілдерінің әйгілі сөздігі -«Диуани лұғат-ат-түрік»-те түрік тілдерінің жекелеген түрлері туралы көп мәліметтер келтіреді. Махмұд Қашқари көптеген түрік текті рулар мен тайпалар жерін аралап, олардың тұрмыс-салты, тілі, ауыз және жазба әдебиеті туралы мол материал жинаған. Ол былай деп жазады: «Мен түріктер, оғыздар, шігілдер, яғмалар, қырғыздардың шаһарларын аралап, қыстақ пен жайлауларын көп жылдар аралап шықтым, лұғаттарын (сөздерін) жинадым, түрлі сөз қасиеттерін үйреніп, анықтап шықтым. Мен бұл істерді тіл білмегенім үшін емес, қайта бұл тілдердегі әрбір кішігірім айырмашылықтарды да анықтау үшін істедім, солардың бәрін мұқият бір негізде жүйеге салдым».
Достарыңызбен бөлісу: |