№ 3 (106) 2015
329
-
кәсіптік бағдар беру, мемлекеттік білім деңгейін қамтамасыз ететін жұмыстар ұйымдастыру,
сайыстар, олимпиадалар, барлық мүмкіндіктерін, қабілеттерін дамыту ушін жағдайлар жасау.
Тұтас педагогикалық үдерістегі инновациялық әрекеттерді келесі кестемен керсетуімізге бола-
ды:
1 кесте
Елбасының жаңа Стратегиялық бағдарламасы еліміз үшін экономикалық, әлеуметтік, саяси білім
мен ғылым тұрғысынан нақты бағыт беретін, нәтижелері бойынша динамикалық езгерістерге мән
бepiп, есептеулер, талдаулармен келесі сатыларда жалғастыру жасайтын осы кезендегі айрықша
мәні бар тарихи құжат. Елбасын толғандырған өзекті мәселелердің бастысы Мәңгілік Ел болу,
ол үшін XXI ғасырдағы еліміздің инновациялық жаңа экономикаға және білім беруге ұтқырлықпен
бет бұруы.
Білім беру саласындағы инновация - оқыту мен дамыту проблемаларын жетістіктер,
нәтижелерге қатысты жаңғырту , өсудің тың бастамалары. Білім беруге байланысты инновация
жаңа білім мен ғылым ақпараттарын пайдалану, зерделеу, өзара байланыстыру, тәжірибемен
толықтыру болашағымызға инновациялық ойлау жүйесін қалыптастыруға да әсерін тигізеді. Тұтас
педагогикалық үдеріске нәтижелі технологиялар, әдістемелер, оқытудың озық тәжірибелерін
жаңаша ұйымдастыру, сандық интербелсенді мультимедиялық білім беру құралдары ресурстарымен
толықтыратын болсақ, онда сапалы білім беру мақсатына жете түсеміз [3].
Білім беру жүйесі адамгершілік, рухани даму, заңға бағынушылық, ұлтаралық келісім,
толеранттылық, отаншылдық, мәдениеттілік сияқты кұндылықтарға қатысты инновациялармен
жүзеге асырылатын болса, онда оқу жетістіктері қамтамасыз етіледі. Педагогикалық инновация
педагогикалық жүйедегі тәрбиелеу, оқыту, дамыту, дуальды оқытуға жаңашылдық.
Педагогикалық технология мақсатқа сәйкес жетістіктерге жеткізу үшін алғы шарттар
орындаулары қажет, олар:
-
оқу үдірісінде педагогикалық инновациялық технологиялардың табыстарға жеткізгендерін
қолдану;
|