Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет427/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   423   424   425   426   427   428   429   430   ...   615
3-106-2015-2-chast

Түйін сөздер: тіл, дыбыс, дыбыстық мәдениет.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» атты Қазақстан халқына Жолдауында:«Бәсекеге 
қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек»делінген. 
Осыған сәйкесбалаларды мектепке дейінгі білім беру және тәрбиемен 100 пайыз қамту мақсатында 
«Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзарту, білім берудің мектепке дейінгіден бастап 
жоғары білімге дейінгі барлық деңгейлерін түбегейлі жаңғырту қажеттігі атап айтылып, «бүкіл 
әлемдегі сияқты, Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек», -деп, 
мектепке дейінгі білім берудің басым бағыттары нақты көрсетілген [1].
Жас бүлдіршіндерді сауатты да мәдениетті сөйлеуге үйрету балабақшадан басталатыны белгілі. 
Сондықтан білім мен тәрбие жұмысының негізгі мазмұны балаларды ауызша дұрыс сөйлеуге үйрету 
болып табылады. Тіл – адам өміріндегі ең күшті құрал. Тілді мектеп жасына дейін меңгерту арқылы 
бала келешек өмірге жолдама алады, мектепте білім алуға дайындалады. Бала тілінің толыққанды 
дамуы оның мектепте жақсы оқуының басты шарты болып табылады. Баланың анық, айқын ойын 
жеткізе алмауы оның келешегіне жағымсыз әсер етеді. Бұл баланың тілін мектеп жасына дейін 
дамытудың маңызды мәселе екенін дәлелдейді. 
Егер бала тілді, оның дыбыстық жағы мен грамматикалық құрылысын жете меңгерсе, 
көргендерінен қорытынды жасап, пікір айтуға үйренеді. Баланы дұрыс, мәдениетті сөйлеуге деген 
ынтасын оята білу керек.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөзге қызығушылығы, сөйлеу үлгілерінің іргетасы балалық 
шақтан қаланатындықтан, тіл дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыра отырып, тілдің дыбыстық 
мәдениетін жетілдіру, сөз үйрете отырып, сөздік қорларын байыту, байланыстырып сөйлеуге 
дағдыландыру –мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты.
Тілсіз адамдар арасындағы қарым-қатынасты жүзеге асыру мүмкін емес, нәтижесінде тұлғаны 
дамыту да мүмкін болмайды. 
Қоршаған адамдармен қарым-қатынас, әлеуметтік орта тілдік дамуды анықтайтын факторлар 
болып табылады. Қарым-қатынас үдерісінде бала ересек адамдардың тілдік модельдерін пассивті 
түрде қабылдамайды, ол жалпыадамзаттық тәжірибенің бір бөлігі ретіндегі сөйлеуді белсенді түрде 
меңгереді. 
А.Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде: «...үйдің түрлі болып шығуы балшығынан, 
кірпішінен, әсіресе қалауынан болатыны сияқты, әңгіменің түрлі болып шығатыны тілдің 
дыбысынан, сөзінен, әсіресе сөздің тізілуінен» [2], дей келе, тіл дыбысы жаман болса, дыбыстың 
қосылуы жақсы болмаса, сөз құлаққа жағымды болып шықпайтынын, бірақ түзуі жаман болса
дыбысы жақсы сөздерден де жақсы әңгіме шықпайтынын айтады. 
Олай болса, тілдің дыбыстық мәдениеті ұғымын дыбыстарды дұрыс айта алу, фразаларды 
орнымен қолдану, сөйлеу қарқыны, ырғағы, әуезділігі, бір сөзбен айтқанда, сөйлеу барысында 
барлық тілдік құралдарды орынды пайдалану деп түсінеміз. 
Тіл дыбыстары, интонацияның жекелеген элементтері – дауыс күші, екпін, қарқыны, ырғағы, 
тембрі – тілден бөлек өздігінен өмір сүрмейді, бірақ оларсыз сөйлеу деген болмайды: тіл 
дыбыстарынан морфемалар құралады, ол тіл дыбыстары мен оның акустикалық компоненттерінен 
тұрады. Демек, тіл дыбыстары мен интонацияның жекелеген элементтері – ауызекі сөздің «құрылыс 
материалы» болып табылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   423   424   425   426   427   428   429   430   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет