Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы


Білім беру ұйымы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары



бет3/9
Дата24.02.2016
өлшемі0.68 Mb.
#15091
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Білім беру ұйымы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

(бастауыш, негізгі орта және жалпы орта)
Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін перспективалық болжауды және ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады. Оқу-тәрбие процесінің, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік психологиялық қамтамасыз етілу жағдайын талдайды. Педагогтердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен жоспарларының орындалуын, сондай-ақ, қажетті оқу, оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын үйлестіреді. Білім беру процесінің сапасына және жалпы білім беру стандарттарының шеңберінде білімді меңгеру нәтижесінің объективтілігіне бақылау жасайды.

Оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуын, оқу процесіне қазіргі заманғы жаңа технологияның енгізілуін қамтамасыз етеді. Білім алушыларға ағымдағы және қорытынды аттестаттау, мемлекеттік аралық бақылау және тестілеу өткізуді ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді. Білім алушылардың оқу жүктемесіне бақылау жасап, сабақтардың кестесін және басқа да оқу қызметінің түрлерін құрастырады.

Білім беру ұйымдарының оқу процесін жетілдіру мақсатында пәндік әдістемелік бірлестіктер мен эксперименттік жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асырады, оқу-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастырады.

Эксперименттік жұмыстардың нәтижелерін қорытындылайды және талдау жасайды. Педагогтердің анағұрлым нәтижелі тәжірибелерін тарату бойынша шаралар қабылдайды. Педагог кадрларды іріктеуге және орналастыруға қатысады. Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және аттестаттаудан өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.

Оқу зертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және техникалық оқыту құралдарымен жарақтандыру, әдістемелік кабинеттер мен кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толтыру жұмыстарын жоспарлайды. Оқу-тәрбие процесінде пайдаланылатын жабдықтардың, приборлардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайына бақылау жасайды. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.

Белгіленген есеп құжаттамасының сапалы және уақытылы жасалуын қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.


Білім беру ұйымы директорының

бейіндік оқыту бойынша орынбасары

(бастауыш, негізгі орта және жалпы орта)

Лауазымдық міндеттері: Оқушыларды бейінді оқыту жүйесін іске асыру жоспарын әзірлейді. Бейінді оқытуды қолданбалы және элективті курстардың бағдарламаларын әдістемелік-бағдарламалық қолдауды қамтамасыз етеді. Жоғары (бейінді) сыныптарды жинақтау үшін объективті негіз ретінде негізгі мектепті бітірушінің қорытынды білім беру рейтингін жасайды. Бейінді оқыту, әртүрлі деңгейлі бағдарламарды енгізу бойынша білім беру ұйымдарының қызметін перспективалық болжауды және ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады. Педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін және біліктілігін арттыру мақсатында педагогикалық ұжымның қызметін алдыңғы қатарлы педагогикалық озық іс-тәжірибені тарату бойынша, оқушыларды диагностикалау жүйесін, бейінді оқыту шеңберінде оқушылар мен ата-аналарға кеңес беру мазмұнын әзірлеуде, мұғалімдердің әдістемелік бірлестігінің жұмысын ұйымдастыруға инновациялық технологияларды ұйымдастыру және сынау бойынша үйлестіреді.

Түрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын таңдау мүмкіндігін, «мектеп-жоо», «мектеп-колледж-жоо» үздіксіз білім беру жүйесіндегі оқу жоспарлары бойынша оқытуды, ғылымды зерделеуге кәсіби қабілеттілікті ашуды, әрі қарай білім алу бейінін таңдау мақсатында пәндерді терең меңгеру үшін түрлі циклдерді өзіндік таңдауды қамтамасыз етеді. Жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен бірігіп, кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізеді.

Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.

Есептік құжаттамалардың белгіленген тәртіпте сапалы және уақытылы жасалуын, оның дұрыстығын және берілуін қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдары және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілінің кемінде 5 жыл болуы тиіс.
Білім беру ұйымы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

(бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім)
Лауазымдық міндеттері: Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды, оқушыларды тәрбиелеу бағдарламаларын жасауды, оларды іске асыру бойынша жаңа тәсілдерді қамтамасыз етеді. Тәрбиелеу процесінің проблемаларына, тәрбие жұмысының нәтижелеріне, тәрбие жұмыстары саласындағы жағдайлар мен перспективалық мүмкіндіктерге талдау жасайды. Тәрбие жұмысының ағымдағы және перспективалық жоспарлауын ұйымдастырады. Аға жетекшілер, ұзартылған күн тобының тәрбиешілері (ҰКТ), сынып жетекшілері, педагог психологтар, әлеуметтік педагогтер және дене тәрбиесі-сауықтыру және көркемдік-эстетикалық циклдің қосымша білім беру педагогтері қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады.

Тәрбие жұмысы жөніндегі, мәдени-тәрбие шараларды дайындау және өткізу жөніндегі қажетті әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын үйлестіреді; педагогикалық қызметкерлер жүргізетін тәрбие процесінің мазмұны мен мен өткізу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады. Девиантты мінез-құлықты балалармен жеке тәрбие жұмысына бақылауды жүзеге асырады. Педагогикалық кадрларды іріктеу мен орналастыруға қатысады, тәрбие жұмыстарымен айналысатын педагог қызметкерлердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды ұйымдастырады. Жұртшылық және құқық қорғау органдары, ата-аналар, білім беру ұйымының ата-аналар комитеті өкілдерімен тәрбиелеу процесін қамтамасыз ететін оқу орнының әкімшілігі, қызметтері мен бөлімшелері өкілдерінің өзара іс-қимылын үйлестіреді. Оқушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайына бақылауды жүзеге асырады. Тәрбиелеу процесінде қолданылатын приборлардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.

Белгіленген тәртіпте есептік құжаттамалардың сапалы және уақытылы жасалуын, анықтығы мен тапсырылуын қамтамасыз етеді.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңдарын және білім берудің даму бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика, психология негіздерін, жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылымның және практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметтерді, еңбек туралы заңнамаларды, еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы қорғаныс нормалары мен ережелерін, санитариялық нормалар мен қағидаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық немесе бейіні бойынша білім және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.


Білім беру ұйымдарындағы барлық мамандық мұғалімдері
Лауазымдық міндеттері. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқытудың әртүрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолданады. Пәннің күнделікті сабақ жоспарларын құрады. Оқыту процесіне инновациялық, ақпараттық технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді мемлекеттік білім беру стандартында қарастырылған білім, білік және дағдылармен қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, олардың оқу жоспары мен оқу процесі кестесіне сәйкес іске асырылуын қамтамасыз етеді.

Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне және басқа да әдістемелік іс-шараларға қатысады. Кәсіби біліктілігін жүйелі арттыруды жүзеге асырады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, мүдделері мен икемділіктерін, олардың отбасылық, тұрмыстық жағдайларын зерделейді. Әлеуметтік (түзету) білім беретін мекемелерде оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дамуындағы ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған оқыту мен тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады.

Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.

Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз етеді.

Ата-аналармен немесе оларды алмастырушы адамдармен байланыс жасайды. Оқу тәртібін, сабаққа қатысу режимін сақтайды. Құрал-жабдықтарды пайдалануда қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтайды. Оқыту процесінде балалардың денсаулығы мен өмірін қорғау үшін қажетті жағдай жасайды.

Қызметі туралы есеп дайындауды және тапсыруды қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңдары және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, пәнді оқытудың, тәрбие жұмыстарының әдістемесін, пән кабинеттері мен қосалқы орынжайларды құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету талаптарын, оқыту тәсілдері мен оның дидактикалық мүмкіндіктерін, педагогика ғылымы мен білім берудің негізгі даму бағыттары мен перспективасын айқындайтын басқа да құқықтық нормативтік актілерді, еңбекті ғылыми ұйымдастыру мен құқық негіздерін, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, психология, педагогика ғылымы мен практика жетістіктерін, еңбек туралы заңнама, қаржылық-шаруашылық қызмет негіздерін, еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғаныс, қауіпсіздік техникасы нормалары мен ережелерін, санитариялық нормалар мен қағидаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маманның, оның ішінде, информатика, өзін-өзі тану, музыка, бейнелеу өнері, БӘД оқытушы-ұйымдастырушы, технология, дене шынықтыру, сызу, мамандандырылған білім беру ұйымдарының арнайы пәндер, жұмыс жоспарының вариативтік бөлігі курстары мұғалімдерінің тиісті мамандық бойынша жоғары педагогикалық білімі болуы тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

орта деңгейдегі санаты жоқ маманның, оның ішінде, информатика, өзін-өзі тану, музыка, бейнелеу өнері, БӘД оқытушы-ұйымдастырушы, технология, дене шынықтыру, сызу, мамандандырылған білім беру ұйымдарының арнайы пәндер, жұмыс жоспарының вариативтік бөлігінің курстары мұғалімдерінің техникалық және кәсіптік педагогикалық білім болуы тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Тиісті біліктілік санатын алу үшін міндеттерді анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар пәнді оқыту әдістемесін өз бетінше әзірлей білуі, белсенді оқытудың тәсілдері мен әдістерін қолдана білуі, білім алушыларды диагностикалау жұмыстарын ұйымдастыра алуы, оқу-тәрбие процесінде тұрақты оң нәтижелермен қамтамасыз етуі, мектептің шығармашылық топтардың, әдістемелік бірлестіктердің, білім беру ұйымының шеңберінде озық тәжірибе мектептерінің жұмысына белсенді қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейіні бойынша жоғары педагогикалық білім және мұғалім лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе жұмыс өтілінсіз академиялық магистр дәрежесінің болуы;

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар пән бойынша оқу-әдістемелік талдау әдістерін білуі, оқытудың өзіндік жеке бағдарламаларын құра және іске асыра білуі, шығармашылық семинарларға, шығармашылық топтар жұмысына жетекшілік жасай алуы, өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибелерді қолдана білуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мұғалімдік лауазымда еңбек өтілі кемінде 4 жыл, немесе ғылыми немесе академиялық дәрежесінің болуы және мұғалімдік қызметте еңбек өтілі кемінде 2 жыл;

біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар жаңа оқу бағдарламаларын, жаңа педагогикалық технологияларды, оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін жасай білуі, оларды сынақтан өткізе алуы, өз пәні бойынша жаңа тәжірибелік тапсырмалар құрастыруы, білім берудегі өзекті мәселелерді шешуде шығармашылық топқа жетекшілік ете білуі қажет.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл немесе ғылыми немесе академиялық дәрежесінің болуы және мұғалімдік қызметте еңбек өтілі кемінде 3 жыл;

біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:

біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар белсенді оқытудың тәсілдері мен әдістерін қолдана білуі, білім алушылармен диагностикалау жұмыстарын ұйымдастыра алуы, оқу-тәрбие үрдісінде тұрақты оң нәтижелермен қамтамасыз етуі, шығармашылық топ, әдістемелік бірлестік жұмысына, білім беру ұйымының іс-тәжірибесінің таратылуына белсенді араласа білуі қажет.

Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік педагогикалық білім, мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі кемінде 3 жыл;

біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты маман:

екінші санатты біліктілігі орта деңгейлі мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар өздігінен пәнді оқыту әдістемесін әзірлей білуі, білім алушылармен диагностикалау жұмыстарын ұйымдастыра алуы; шығармашылық топ, әдістемелік бірлестік жұмысын, озат тәжірибелер мектебін басқара алуы, білім беру мәселесі бойынша педагогикалық басылымдарда жарияланымдары болуы керек.

Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік педагогикалық білім, мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі кемінде 4 жыл;

біліктілігі орта деңгейлі жоғары санатты маман:

бірінші санатты біліктілігі орта деңгейлі мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар пәнді оқытудың авторлық бағдарламасын құра білуі, жаңа педагогикалық технологиялар мен оқыту бағдарламаларын жасай білуі, оларды сынақтан өткізу бойынша жұмыс жүргізу, өз пәні бойынша тәжірибелік тапсырмалар құрастыру, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді шешу жөніндегі шығармашылық топтарды басқара білуі керек.

Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік педагогикалық білім, мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл;

Бастауыш әскери дайындықтың (БӘД) оқытушы-ұйымдастырушысы үшін қосымша: оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесін ұйымдастырады. Директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарымен, сынып жетекшілермен бірлесіп, оқу жылына арналған әскери-патриоттық жұмыстардың жоспарын әзірлейді, оның орындалуын қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымында бастауыш әскери дайындықтың материалдық базасын күшейтуге және дамытуға, жабдықтар мен керек-жарақтардың сақталуына, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы үшін шара қолданады. Жасөспірімдерді әскери оқу орындарына іріктеуге қатысады. Білім алушыларды алғашқы әскери есепке алу жұмыстарын ұйымдастырады және өткізеді. Сабақта және сабақтан тыс уақытта бастауыш әскери дайындық сабағын өткізеді, әскери істердің негіздерін оқып-үйрену бойынша үйірмеге жетекшілік жасайды, төтенше жағдайлардағы әрекеттер бойынша тәжірибелік сабақтар мен жаттығулар өткізеді. БӘД кабинетіне және арнайы мүліктерге арналған бөлмеге жауапты болады, азаматтық қорғаныс (АҚ) жоспарын жасайды, АҚ бойынша сабақтар дайындайды және өткізеді, шұғыл жағдайларға байланысты іс-шаралар дайындайды, қорғаныс жағдайларының дайындығын, АҚ бойынша шұғыл жағдайларда жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі турлы» Қазақстан Республикасы Заңын, Қазақстан Республикасы азаматын әскери есепке алудың мәселелері жөніндегі құқықтық нормативтік актілер.

БӘД оқытушы-ұйымдастырушы: жоғары педагогикалық немесе жоғары кәсіптік (әскери, запастағы офицер), тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі болуы қажет.

Шағын жинақталған білім беру ұйымдарындағы мұғалімдерге қойылатын қосымша біліктілік талаптары: жоғары педагогикалық білім немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім пән бойынша тиісті біліктілік курстарынан өту туралы сертификат болған жағдайда.

Ескерту: жұмыс оқу жоспарының бөлігінен вариативтік курс жүргізген кезде негізгі пән бойынша біліктілік санаты сақталады;

педагогикалық білімі жоқ тиісті бейін бойынша маман жұмыс оқу жоспарының вариативтік бөлігін оқытқан кезде біліктілігі орта деңгейдегі мамандықтарға теңестіріледі;

жоғары әскери (запастағы офицер) білімі бар БӘД оқытушы-ұйымдастырушысының біліктілік санаты жоғары педагогикалық білімі бар БӘД оқытушы-ұйымдастырушының біліктілік санатына теңестіріледі.

1995 жылға дейін орта мектептің ХI педагогикалық сыныбын бітірген тұлғалар біліктілігі орта деңгейлі маман болып есептеледі.
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының педагог-психологы
Лауазымдық міндеттері. Оқушылардың психологиялық және әлеуметтік жағдайын сақтауға және түзетуге бағытталған қызметті жүзеге асырады. Бала құқықтарын қорғау конвенциясына сәйкес тұлғаның құқықтарын қорғауына көмектеседі. Балалардың тұлғасын дамуына кедергі келтіретін факторларын айқындайды және әртүрлі психологиялық көмек (психикалық түзету, сауықтыру және кеңес беру) көрсету бойынша шараларды қабылдайды. Мектеп жасына дейінгі балаларға, ата-аналарға немесе оларды алмастыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға психологиялық бағыттағы проблемаларды шешуде көмек көрсетеді. Әртүрлі бейіндегі және мақсаттағы психологиялық диагностикасын жүргізеді.

Педагогикалық ұжымның, сонымен қатар ата-аналар немесе оларды алмастыратын тұлғаларының бағдары мақсатында зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша, мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғалық және әлеуметтік даму мәселелеріне психологиялық-педагогикалық қорытындылар жасайды. Белгіленген нысанда құжаттарды жүргізеді және оны мақсаты бойынша қолданады.

Оқушылардың жеке және жыныс-жас ерекшеліктерін ескерумен білім беру қызметінің дамытушы және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және дайындауға қатысады, өмірдегі әртүрлі жағдайларда бағдарлануына балалардың дайындығын дамытуына көмектеседі. Мектеп жасына дейінгі шығармашылық дарынды балаларға психологиялық қолдау көрсетеді, олардың дамуына көмектеседі.

Оқушылардың даму дәрежесін анықтайдыбалалар мен жас өспірімдердің әлеуметтік даму бұзушылықтарын диагностикалайды, оларға педагогикалық-психологиялық түзету жұмыстарын жүргізеді. Оқушылардың, тәрбиеленушілердің, педагог қызметкерлердіңәлеуметтік-психологиялық біліктілігін арттыруға бағытталған психологияны практикалық қолдану мәселелері бойыншабілім беру ұйымдарының қызметкерлеріне консультация береді. Педагогикалық, әдістемелік кеңес жұмыстарына, ата-аналар жиналысы, сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында қарастырылған басқа да шараларға қатысады. Компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігі бар. Өзінің кәсіби деңгейін арттырады. Тәрбие-білім беру үдерісінде балалардың өмірін, денсаулығы мен құқықтарын қорғауын қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғаныс техникасын сақтайды.

Білуге міндетті. Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», "Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", «Қазақстан Республикасы тіл туралы», "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" «Қазақстан Республикасы жемқорлыққа қарсы күрес», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Заңдарын және білім беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, жалпы психология, педагогикалық психология және жалпы педагогиканы, тұлғалық психология мен диференсалдық психология, балалар мен жас ерекшелік психологиясын, әлеуметтік психология, медициналық психология, балалар нейропсихологиясы, патопсихология, психосоматиканы, дефектология, психотерапия, психодиагностика, психологиялық кеңес және психопрофилактика негіздерін, қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық тренингтер, белсенді оқыту әдістерін, жеке және топтық кәсіби кеңес берудің қазіргі заманғы әдістерін, балалардың дамуында ақауы бар балаларды диагностикалау және түзетуді, еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы қорғану нормалары мен ережелерін және санитарлық қағидалар мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман: еңбек өтіліне қойылатын талаптарсыз тиісті бейіні бойынша жоғары кәсіптік білім.

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтау арқылы біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғарғы деңгейдегі екінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ педагог-психологке қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: қазіргі заманғы психологиялық әдістерді меңгеруі, мектепке дейінгі жастағы балалармен нақты психологиялық жұмыс жасаудағы басымдықтарды айқындай алуы, мектеп жасына дейінгі балалармен психологиялық-педагогикалық жұмыстың жаңа технологияларын дайындауға қатысуы, білім беру мекемелеріндегі жетекші психологиялық-педагогикалық тәжірибені игеру бойынша әдістемелік семинар жұмысына қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейіні бойынша жоғары кәсіптік білім және педагог-психолог қызметіндегі еңбек өтілі кемінде 2 жыл.

Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санаттағы маман:

біліктілігі екінші санаттағы жоғары деңгейлі педагог-психологқа қойылатын талаптарға сай болуы тиіс, сонымен қатар: мектеп жасына дейінгі балалармен әртүрлі психологиялық жұмыстарды атқаруы тиіс, үнемі өзінің біліктілігін арттыруы керек, жетекші тәжірибені игеру бойынша семинарларға жетекшілік етуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейіні бойынша жоғары кәсіптік білім және педагог-психолог лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 3 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санаттағы маман:

біліктілігі бірінші санаттағы жоғары деңгейлі педагог-психологқа қойылатын талаптарға сай болуы тиіс, сонымен қатар: мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасау бойынша жаңа психологиялық-педагогикалық бағдарламаларды дербес дайындауы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейіні бойынша жоғары кәсіптік білім және педагог-психолог лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 5 жыл.
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының дефектолог-мұғалімі, логопеді
Лауазымдық міндеттері. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жәнежасөспірімдермен түзету жұмыстарын жүзеге асырады. Тәрбиеленушілердің психикалық, физиологиялық бұзылыстарын тексеру жүргізеді, олардың құрылымы және көрініс дәрежесін анықтайды. Тәрбиешілер және басқа да мамандармен бірлесіп түзету, бұзылған қызметтерін қалпына келтіру және мүмкіндігі шектеулі тәрбиеленушілердің әлеуметтенуіне арналған топтық және жеке жұмыстарды жүзеге асырады.

Педагог қызметкерлерге, оқушылардың ана-аналарына немесе оларды алмастыратын тұлғаларға дамуында ауытқуы бар балаларға көмек көрсетуде пайдаланатын әдіс-тәсілдерді қолдану туралы кеңес береді.

Тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес оқытудың түрлі әдіс, тәсілдерін қолданады. Арнайы білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.

Компьютерлік сауаттылығы, ақпаратты-коммуникациялық құзырлығы бар. Өзінің кәсіби біліктілігін жүйелі түрде арттырады. Әдістемелік бірлестік және әдістемелік жұмыстардың басқа да түрлеріне қатысады. Қажетті құжаттарды жүргізеді. Қоғамда мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен толерантты қатынас орнатуға арналған ағарту жұмыстарын жүргізеді. Еңбекті қорғау нормалары мен тәртіптерін, қауіпсіздік техникасын және өрттен қорғауды орындайды. Оқу үрдісінде балалардың өмірлерін, денсаулықтарын және балалардың еркіндігін сақтауды қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Балалар құқықтары конвенциясы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзете қолдау», «Қазақстан Республикасында балалар құқығы», «Арнайы әлеуметтік стандарттар туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту болашағын және бағыттарын анықтайтын нормативті құқықтық актілерді, өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызметтің мемлекеттік стандартын, жас ерекшелік және арнайы педагогика мен психологияны, дефектологияның анатомиялық-физиологиялық және клиникалық негіздерін, тәрбиеленушілердің дамуындағы ауытқуларды түзетіп және алдын-алу әдіс-тәсілдерін, кәсіби және іс жүзіндегі әрекеттері мәселесі бойынша нормативті және әдістемелік құжаттарды, дамуында ауытқулары бар оқушылар мен тәрбиеленушілермен жұмыс жүргізуге арналған бағдарламалы-әдістемелік әдебиеттерді, дефектология ғылымының жаңа жетістіктерін, еңбек туралы заңнамаларды, еңбекті қорғау тәртібі мен нормаларын, қауіпсіздік техникасын және өртке қарсы қорғау, санитарлық қағиданы.

Лауазымға қойылатын талаптар: «Дефектология», «Логопедия» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім.

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтаумен қоса біліктілікке қойылатын талаптар:

санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейлі маман: «Дефектология» «Логопедия» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім, еңбек өтіліне талап қойылмайды.

екінші санатты жоғары деңгейлі маман:

санаты жоқ жоғары деңгейлі дефектолог-мұғалімге, логопедке қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы, сонымен қатар: оқытудың жаңа әдістерін тексеруден өткізуі, озық тәжірибелерді игеруі, оларды қолданып, тәрбиеленуші тұлғалардың жалпы мәдениетін, әлеуметтенуін қалыптастыруды сараптау икемінің болуы, білім беру ұйымының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» «Логопедия» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім, дефектолог-мұғалім (логопед) лауазымында жұмыс стажы кемінде 2 жыл.

бірінші санатты жоғары деңгейлі маман: біліктілік деңгейі жоғары екінші санатты дефектолог-мұғалімге, логопед-мұғалімге, екінші санатты жоғары деңгейлі логопедке қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы, сонымен қатар оқытуда тәрбиеленушілердің ауытқуларын барынша түзеуге бағытталған сараптау әдістерін меңгерген, шығармашылық семинарларды басқара білу, педагогикалық озық тәжірибені ендіру, дефектологияның заманауи әдістерін меңгерген, қолдануға құқылы сертификаттары бар, білім беру ұйымының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысу, өз кәсіби құзырлығы саласына қажетті теориялық және практикалық білімінің болуы керек.

лауазымға қойылатын талаптар: «Дефектология» «Логопедия» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі немесе мамандыққа сәйкес жоғары білімі, логопед-мұғалім қызметінде еңбек өтілі кемінде 3 жыл.

жоғарғы санатты жоғары деңгейлі маман:

бірінші санатты жоғары деңгейлі дефектолог-мұғалімге, логопед-мұғалімге, қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар ғылыми-зерттеу, тәжірибелік жұмыстардың әдістерін білуі, жаңа бағдарламаларды құрастырып, оларды енгізуге жұмыстар атқару керек, арнайы педагогика саласындағы өзекті мәселелерді қарастырудағы шығармашылық топтың жұмысын басқару, өз кәсіби құзырлығы саласына қажетті теориялық және практикалық білімінің болуы қажет.

лауазымға қойылатын талаптар: «Дефектология» «Логопедия» мамандығы

бойынша жоғары педагогикалық білімі немесе мамандыққа сәйкес жоғары білімі, логопед-мұғалім қызметінде еңбек өтілі кемінде 5 жыл.
Әлеуметтік педагог
Лауазымдық міндеттері: Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және олардың микроорталығын, өмір сүру жағдайын зерделейді мен мүдделілігі мен қажеттілігін, даудамайлық жағдайларды, тәртібіндегі ауытқуларды анықтайды, уақытында әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді.

Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістерін, түрлерін, міндеттерін анықтайды, баланың әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу тәсілдерін, балалардың, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке құқықтары мен еркіндіктерін іске асыруда әлеуметтік көмек және әлеуметтік қорғау бойынша шаралар қабылдайды. Білім алушылар, тәрбиешілер, балалар мен әкімшілік органдар, ведомстволар, әртүрлі әлеуметтік қызметтің мамандары, қоғам, жанұя, білім беру ұйымдары арасында байланыс орнатады. Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, әдістерін, баланың әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу жолдарын, анықтайды. Тұлғаның қоғамдағы өмірге бейімделуін қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдары мен тұрғылықты мекен жайы бойынша білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) білім алуы, тәрбиеленуі, дамуы және әлеуметтік қорғалуы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асырады. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедек балаларды, бала кезінен мүгедек балаларды мүліктік және мүліктік емес құқықтары бойынша патронат бойынша тұрғын үймен, жәрдем ақымен, зейнет ақымен қаматамасыз ету жұмыстарын үйлестіреді. Балалар мен мемлекет, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қызметтер арасында байланыс орнатады. Мұғалімдермен, ата-аналармен басқа заңды өкілдермен өзара қарым-қатынас жасайды. Білім беру ұйымындағы оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады. Компьютерлік сауатты, ақпараттық-коммуникациялық біліктілікке ие.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың және балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарын және басқа білім беру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, әлеуметтік саясат негіздерін, жалпы және әлеуметтік педагогиканы, педагогикалық, әлеуметтік, жас ерекшелік және баланың психологиясын, валеология және әлеуметтік гигиена негіздерін, әлеуметтік-педагогикалық және диагностикалық әдістерді, тәрбие жұмысы әдістері, педагогикалық ғылымның негізгі бағыттарын, әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жоспарлау және талдауды, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбекті қорғау ережелері мен нормалары, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі техникасын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім.

Тиісті санатты алуы үшін міндеттерді анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:

Жоғары деңгейлі санаты жоқ әлеуметтік педагогке қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: озық іс-тәжірибелерді зерттеп оны практикада қолдана білуі, оқу-тәрбие жұмысына талдау жасау дағдыларын, білім беру ұйымдарындағы әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, әлеуметтік педагог лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 3 жыл;

біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты әлеуметтік педагогке қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: тәрбие жұмысына талдау жасау әдістемесін, шығармашылық семинарларды басқара білуі, озық тәжірбиелерді енгізуі тиіс.

біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және әлеуметтік педагог лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 4 жыл;

біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғары санатты маман:

бірінші санатты әлеуметтік педагогқа қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ғылыми-әдістемелік, эксперименттік жұмыстарды білуі; әлеуметтік-педагогикалық бағдарламалардың, педагогикалық технологиялардың құрастыра білуі және олардың жұмысы бойынша апробация жүргізуі, әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерімен айналысатын шығармашылық топтың жұмысын басқаруы тиіс.

біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және әлеуметтік педагог лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 5 жыл.
Тәлімгер, аға тәлімгер
Лауазымдық міндеттері: Балалар қоғамдық ұйымдарының, бірлестіктерінің дамуына ықпал етеді. Балалар мен жасөспірімдер бірлестіктерінің, ұйымдарының қызметін жоспарлауда оларға көмектеседі, олардың қызметінің мазмұны мен нысандарын жаңартуға ықпал етеді. Ұжымдық-шығармашылық қызметті ұйымдастырады. Қолданыстағы ұйымдар мен бірлестіктер туралы балалар мен жасөспірімдерді кеңінен ақпараттандыру үшін жағдайлармен қамтамасыз етеді. Балалар мен жасөспірімдерге азаматтық және рухани ұстанымын танытуға, өзінің мүдделері мен қажеттіліктерін іске асыруға, бос уақыттарын пайдалы өткізуге мүмкіндік беретін қолайлы жағдайлар жасайды. Білім беру ұйымдарында мәдени-бұқаралық патриоттық жұмыстарды жүргізеді. Оған сеніп тапсырылған білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі туралы қамқорлық танытады. Каникул кезінде олардың демалысын ұйымдастырады. Балалармен және жасөспірімдермен озық жұмыс тәжірибелерін зерделейді және қолданады.

Балалар ұйымдары мен бірлестіктерінің алғашқы ұжымдары басшыларын іріктеу және дайындау жұмыстарын жүргізеді.

Тәрбиеленушілердің (білім алушылардың) отбасылық жай-күйін зерделейді және баспаналық-тұрмыстық жағдайын, жеке қабілеттілігін, балалардың қызығушылығы мен баланың жеке тұлға болып қалыптасуын психологтардың нұсқаулары бойынша (топтық және жекелей) дамыту-түзету жұмыстарын жоспарлайды және ұйымдастырады. Әлеуметтік-психологиялық оңалту, әлеуметтік және еңбекке бейімделу жағдайларын жасау үшін күнделікті жұмыстар жасайды.

Өзін-өзі басқару органдарымен және білім беру ұйымдарының педагог ұжымдарымен, қоғамдық ұйымдармен, оқушылар ата-аналарымен немесе оларды алмастырушылармен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Компьютерлік сауатты, ақпараттық-коммуникациялық білітілікке ие.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы» Заңдары және басқа білім беру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогика, психология, жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасының негіздерін, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі техникасын, санитарлық қағидалар мен нормаларды.

біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім;

біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік педагогикалық білім.

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ тәлімгерге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балалармен жеке және топпен жұмыс жасауды дербес ұйымдастыра білуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және тәлімгер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты тәлімгерге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балалармен диагностикалық жұмыс жасаудың ұйымдастыру нысандарын білуі, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеудің проблемалары бойынша зерттеу жұмыстарының дағдыларының болуы, өткізілетін тәрбие іс-шараларын талдау әдістерін білуі, өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибені қолдана білуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және аға тәлімгер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;

біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты тәлімгерге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ұйымдастыру-әдістемелік қызметті талдау технологияларын білуі қажет.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және тәлімгер лауазымы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ тәлімгерге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балалармен жеке жұмысты ұйымдастыру бойынша ұсынымдарды дербес әзірлей білуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім және тәлімгер лауазымы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты тәлімгерге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: тәрбие жұмысына талдау жасаудың әдістерін меңгеруі, диагностикалық жұмыстың ұйымдастырылған нысандарын меңгеруі; өз жұмысында педагогикалық озық тәжірибелерді пайдалана білуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті педагогикалық мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім және тәлімгер лауазымы бойынша жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;

біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстар әдістерін меңгеруі, өз жұмысында педагогикалық озық тәжірибелерді пайдалана білуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті педагогикалық мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім және тәрбиеші лауазымы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Білім беру ұйымының зертханашысы

(физика, химия, биология, информатика кабинеттері)
Лауазымдық міндеттері: Мұғалімдерге сабақтардың, сыныптан тыс сабақтарды жүргізуге көмектеседі. Күн сайын сабақтың басталу уақытына дейін оқушылардың жұмыс орнын, газдың және судың, электр жүйелері мен электр құрал-жабдықтарының жай-күйін тексереді, анықталған кемшіліктер немесе жөнделмеген ақаулар туралы мұғалімге баяндайды. Зертхананың жұмыс істеуін, мүлкінің сақталуын, оқу және зертхана кабинеттерінің тазалығы мен тәртібін, жанатын, улы заттарды, зертханалық жабдықтарды оқу процесінде пайдалану және сақтау кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Кабинетте зертханалық жабдықтардың барлық түрлерін пайдалану дағдыларын меңгереді, жарақаттанушыға дәрігерге дейінгі көмекті көрсетеді, өртке қарсы жұмыс жүргізеді, өртке қарсы пайдаланылатын құралдар мен мүліктердің жай-күйіне және сақталуына, желдетпе жүйесінің, газбен жабдықталудың жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады. Зертханалық және практикалық жұмыс жүргізудің қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз етеді. Эксперименттерді орындау барысында дайындық және көмекші операцияларды, бақылауды, өлшемдер нәтижелерін, жұмыс журналдарын толтыруды, талдаулар, зерттеулерді әдістемелік құжаттарына сәйкес жүйелейді және ресімдейді.

Информатика кабинетінің зертханашысы: сынып жұмысы басталғанға дейін сабақ өткізу үшін компьютерлік жабдықтарды дайындайды, оны бірінші тексеруді және пайдалануды жүзеге асырады, аяқталған соң жүйе жұмысының дұрыс аяқталуын және компьютерді өшіруді жүргізеді. Компьютер залдарында жұмыс тәртібінің орындалуына бақылау жасайды. Оқу кезінде, сондай-ақ өзіндік жұмыс жасау кезінде компьютерлік вирустарды тасымалдағыштарды сканерлеуді жүргізеді, тасымалдағыштар мен локальді желілер арасындағы ақпарат алмасу жұмыстарын орындайды.

Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.

Жоспарлы, күнделікті, апталық, жартыжылдық профилактикалық жұмыстарға қатысады. Компьютерлік жабдықтардың дұрыстығын бақылайды, оны тазартуды жүзеге асырады. Регламентке сәйкес жұмыс журналдарын жүргізеді. Пайдаланушыларға жүйеге ену кілт сөзі, оқытушылар берген оқу материалдарын орналастыру, бар инструментарияларды пайдалануы бойынша кеңестер береді. Жүйедегі жұмыс дұрыс жүргізілмеген жағдайда компьютерлердің істен шығуын тіркейді және басшылыққа хабарлайды. Оқу процесін ұйымдастыруға байланысты әртүрлі есепті және графикалық жұмыстарды орындайды. Информатика мұғалімінің жеке қызметтік тапсырмаларын орындайды.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары және басқа білім беру мәселесі жөніндегі нормативтік қүқықтық актілерді, тестілеу сынақтарын тексеру әдістерін, педагогика мен психология негіздерін, пән бойынша негізгі оқу-бағдарламалық құжаттарды, зертханалық және практикалық жұмыстарды жүргізудің техникасын, дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді, еңбек туралы заңнамаларды, қауіпсіздік техникасын, еңбекті қорғау және өртке қарсы ережелерді, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім.


Білім беру ұйымы жанындағы интернат меңгерушісі (басшысы)
Лауазымдық міндеттері. Интернаттың жұмыстарына басшылық етеді, тәрбиешілердің және басқа да қызметкерлердің жұмысын бірыңғай оқу-тәрбие процесі шегінде бақылауды жүзеге асырады, оқу-әдістемелік құжаттарды жасау жұмысын үйлестіреді. Сапалы білім мен тәрбие беру ісін бақылауға алады. Тәрбиешілерге әдістемелік көмек береді, педагогикалық тәжірибені таратуға, тәрбиешілердің біліктілігін арттыруға, жұмыскерлердің және оқушылардың шығармашылық бастамаларын дамытуға ықпал етеді. Тәрбиеленушілердің өмірін және денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдай тудырады.

Оқу-тәрбие (әдістемелік, мәдени, сыныптан тыс) жұмыстарын ұйымдастырады. Интернатта тұратын балаларға медициналық қызмет көрсету жағдайын, ішкі тәртіп ережелерін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, техника қауіпсіздігін, санитарлық және өртке қарсы ереженің сақталуын бақылайды, қажетті үй-тұрмыстық жағдаймен қамтамасыз етеді, балалардың дұрыс тамақтануын ұйымдастырады. Интернат, мектеп және ата-аналармен байланыста жұмыс жасауға бағыттайды. Интернат қызметі туралы қажетті есеп құжаттарын дайындауды және ұсынуды қамтамсыз етеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың және балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы» заңдарын, педагогиканың және психологияның және басқа да қосымша білім берудің даму перспективаларын және бағыттарын анықтайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогиканы, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым және тәжірибе, экономика жетістіктерін, қаржы-шаруашылық қызметті, еңбек туралы заңнаманың негіздерін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, техникалық қауіпсіздік пен өртке қарсы қорғану, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және педагог қызметінде еңбек өтілі кемінде 5 жыл.


Білім беру ұйымының оқу өндірістік (оқу) шеберханасының меңгерушісі
Лауазымдық міндеттері: Шеберхана қызметін басқарады, өндірістік оқыту бойынша оқу кестесінің сақталуын қамтамасыз етеді. Шеберхананы оқу процесі үшін қажетті жабдықтармен, материалдармен, аспаптармен, оқытудың техникалық құралдарымен, көрнекі құралдармен қамтамасыз етеді, сақтауға мүліктік материалдық құндылықтарды қабылдайды. Белгіленген тәртіппен олардың есебі мен есептілігін жүргізеді, жабдықтарды, аспаптар мен қарапайым құралдарды сабаққа дайындауды ұйымдастырады. Шеберхана мен қолда бар жабдықтарды, оқыту құралдарын дұрыс, әрі тиімді пайдалануды, арнайы киімдерді қолдану мен пайдалану ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді. Станоктарды, машиналарды, жабдықтарды, аспаптарды, қарапайым құралдарды баптау мен жөндеуді ұйымдастырады, өндірістік оқыту сабақтарында техника қауіпсіздігі бойынша нұсқама өткізуді оқу-өндірістік шеберлерімен бірлесіп бақылайды. Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғау талаптарын орындайды. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық біліктілікті меңгереді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, педагогика негіздерін, кәсіптік оқытудың әдістері, жұмыстың технологиялық процестерін, жабдықтарда жұмыс істеудің әдістері мен тәсілдерін, жаңаша техникалық жетістіктерін, санитария мен гигиена негіздерін, экономика және қаржы-шаруашылық қызметінің негіздерін, еңбек туралы заңнамалар негіздерін, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білім, тиісті бейіндегі ұйымдарда басшы лауазымында еңбек өтілі кемінде 3 жыл.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымының директоры
Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Білім беру ұйымының оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметті ұйымдастырады. Білім беру ұйымының педагогикалық кеңесімен бірлестікте жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процесінің күнтізбелік кестесін, ішкі тәртіп ережелерін және басқа да нормативтік актілерді әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Ұйым қызметінің ағымды және келешегін жоспарлауды ұйымдастырады. Кәсіптік – еңбек, оқыту – танымдық, және шынықтыру – сауықтару бағыттарындағы компоненттерден тұратын кәмелетке толмағандарды әлеуметтік бейімдеудің жекелеген бағдарламаларды әзірлеу және оның іске асырылуын қамтамасыз етеді.

Мемлекеттiк көмек пен қолдауды қажет ететiн балаларға жататын орын бере отырып өмip сүру, оқыту және тәрбиелеу үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету арқылы білім беру бағдарламаларын игеруге, тұлғаның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершілiк және салауатты өмiр сүру салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, дара тұлғаны дамыту үшiн жағдайларды жасау арқылы зияткерлікті байыту, азаматтық пен елжандылыққа, өз еліне - Қазақстан Республикасына сүйiспеншiлiкке, мемлекеттiк рәмiздердi құрметтеуге, халық дәстүрлерiн қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көрiнiстерге төзбеуге, Қазақстан Республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмiрiне қатысу қажеттiлiгiн, жеке адамның өз құқықтары мен мiндеттерiне саналы көзқарасын қалыптастыруда, әлемдiк және отандық мәдениеттiң жетiстiктерiне баурау, қазақ халқы мен басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрып дәстүрлерiн зерделеу, мемлекеттiк, орыс, шетел тiлдерiн білуге қолайлы жағдай жасайды. Тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды, медициналық психологиялық педагогикалық оңалтуды және әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету.



Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет