Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi



бет1/5
Дата04.03.2016
өлшемі0.68 Mb.
#41222
  1   2   3   4   5
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 Қаулысы

(2014.22.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасы Президентінiң «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:



1. Қоса берiлiп отырған:

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ереже;

2) ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 236 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

ҚР Үкіметінің 2011.07.07. № 778 Қаулысымен 2-1) тармақшамен толықтырылды



2-1) ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 236 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3) Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.

ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 984 Қаулысымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

3. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Жоғары аттестаттау комитетi Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетiне, оған министрлiктiң бақылау-қадағалау және реттеу функцияларын бере отырып, қайта құру жолымен;

2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Аэроғарыш комитетi Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Аэроғарыш комитетi болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

4. ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 984 Қаулысымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

ҚР Үкіметінің 2007.29.05 № 438 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

5. ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 984 Қаулысымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

Д. Ахметов

 

 

ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 984 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.13.03. № 236 Қаулысымен (бұр.ред.қара) ереже жаңа редакцияда



Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2004 жылғы 28 қазандағы

1111 қаулысымен



бекітілген

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы
ереже

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім, ғылым, балалардың құқықтарын қорғау және жастар саясаты салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мынадай ведомстволары бар:

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті;

2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті;



3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті.

4) ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1001 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілетті берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, Орынбор көшесі, № 8 үй.

10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

13. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне кәсіпкерлік субъектілерімен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

 

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің


миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен
міндеттері

 

14. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің миссиясы:

ұлттың зияткерлік әлеуетін дамыту, бәсекеге қабілеттілікті және орнықты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру.

15. Міндеттері:



1) білім, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру;

2) мемлекеттік жастар саясаты саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру;

3) білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;

4) ғылыми зерттеулер ұйымдастыруды жетілдіру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

5) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.

ҚР Үкіметінің 2013.14.09. № 958 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.08.11. № 1171 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.22.09. № 1001 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 16-тармақ өзгертілді



16. Функциялары:

орталық аппараттың функциялары:

1) білім беру саласында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ету;

1-1) білім беру саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;

2) білім беру сапасын басқаруды жүзеге асыру, білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің сапасын әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз ету;

3) мемлекеттік жастар саясатын жүргізу;

4) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізу;

5) ғылым және жастар саясаты саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз ету;

5-1) мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру жөнiндегi қызметтi ақпараттық және ғылыми қамтамасыз етудi ұйымдастыру;

5-2) мемлекеттiк жастар саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

5-3) мемлекеттiк жастар саясатын іске асыру үрдістерін талдауды және болжауды жүзеге асыру;

5-4) білім және тәрбие жүйесі ұйымдарына мемлекеттік жастар саясаты саласында қажетті консультативтік көмек көрсету;

6) баланың негізгі құқықтарын іске асыру жөніндегі әртүрлі бағдарламаларды әзірлеу;

6-1) баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

7) шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізу және білім, сондай-ақ ғылыми қызмет саласындағы халықаралық шарттар (келісімдер) мен бағдарламаларға қол қою;

8) аккредиттеу органдарына, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және оларды танудың тәртібін белгілеу, танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беретін оқу бағдарламаларының тізілімін қалыптастыру;

9) тиісті білім беру деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеуді ұйымдастыру, барлық білім беру деңгейлерінің үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын және үлгілік оқу жоспарларын бекіту;

10) медициналық, фармацевтикалық және әскери білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын келісу;

11) Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қызметін үйлестіру;

12) білім және ғылым саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

13) білім және ғылым саласындағы халықаралық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;

14) білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау және жариялау арқылы жұртшылық пен мемлекетті білім беру жүйесінің жай-күйі және оның қызметінің тиімділігі туралы объективті ақпаратпен қамтамасыз ету;

15) балалар музыка мектептерінің, балалар көркемсурет мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту;

16) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын әзірлеу;

17) мүдделі министрліктермен, өзге де орталық атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жасай отырып, кәсіптік оқу бағдарламаларының түрлері бойынша кадрлар даярлау үшін кәсіптер мен мамандықтар тізбесін айқындау және кәсіптер мен мамандықтардың жіктеуіштерін бекіту;

18) меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін айқындау;

19) орта білім беретін республикалық ұйымдарды, сондай-ақ халықаралық келісімдерге сәйкес шетелдік мектептерде оқитын отандастарды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету;

20) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту;

21) білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының және кәсіптік практикадан өткізуге арналған үлгілік шарттың нысандарын бекіту;

22) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылықты және олардың жүргізілуін үйлестіруді жүзеге асыру, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын, оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту және қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу;

23) Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

24) оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар дайындау, оларды сараптамадан, байқаудан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

25) білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін қалыптастыру және бекіту;

26) республикалық маңызы бар мектептен тыс іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;

27) жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

28) жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін қалыптастыру және бекіту;

29) ведомстволық бағыныстағы білім беру мекемелерінің жарғыларын бекіту;

30) педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу және бекіту;

31) мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық алмастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

32) жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы мен ғылыми қызметкерлерін лауазымдарға конкурстық алмастыру қағидаларын әзірлеу;

33) педагог қызметкерлерді аттестаттау қағидаларын бекіту;

34) педагог кадрларды қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

35) салалық көтермелеу жүйесін әзірлеу және бекіту;

36) білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастық ұйымдарының қағидаларын белгілеу және осы жұмысты үйлестіру;

37) шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу тәртібін әзірлеу, бекіту және белгілеу;

38) тетіктерді бекіту және инновациялық қызметті жүзеге асыратын және ғылыми зерттеулер нәтижелерін өндіріске енгізетін базалық жоғары оқу орындарын айқындау;

39) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

40) магистратурада және докторантурада мамандықтар бөлінісінде жоғары білімі бар мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуді бекіту;

41) білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау жүргізудің, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгілік қағидаларын бекіту;

42) кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтар) бойынша біліктілікті беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

43) білім және (немесе) біліктілік туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу мен беру және олармен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын, ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарын қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды әзірлеу мен бекіту және олардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;

44) білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептілік құжаттарының нысандарын әзірлеу және бекіту, білім туралы құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптарды айқындау, білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту;

45) сырттай, кешкі нысандарда және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін белгілеу және жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру;

46) білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын әзірлеу;

47) білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру тәртібін әзірлеу;

48) білім беруді басқару жүйесін ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

49) білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

50) мемлекеттік жастар саясаты саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

51) арнаулы білім беру ұйымдарының үлгілері мен түрлерінің тізбесін белгілеу, арнаулы білім алуға мұқтаж адамдар үшін білім беру ұйымдарында қажетті орын санын айқындау;

52) мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік жарақтандырылуы мен қамтамасыз етілуіне қойылатын ең төменгі міндетті талаптарды белгілеу;

53) барлық білім беру ұйымдары үшін арнаулы білім беру шарттарының бірыңғай қағидаттары мен нормативтерін айқындау;

54) мүмкіндігі шектеулі балалар оқитын арнаулы сыныптардың (топтардың) шекті толымдылығын айқындау;

55) білім алушыларды аттестаттау әдістемесін айқындау;

56) балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органдардың халықаралық ынтымақтастық ісіндегі қызметін үйлестіру;

57) ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

58) білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау тәртібін белгілеу;

59) мүшелерін сайлау тәртібін қоса алғанда, ғылыми ұйымның консультативтік-кеңесші органы туралы үлгі ережені бекіту;

60) диссертациялар қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту;

61) ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтарды алушыларға қойылатын біліктілік талаптарын және ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтарды беру тәртібін бекіту;

62) ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

63) баланың құқықтарын қорғау саласындағы басқа мүдделі уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру және бағыттау;

63-1) баланың құқықтарын қорғау саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;

64) ведомстволық бағынысты ұйымдарды бюджет қаражаты есебінен белгіленген тәртіппен қаржыландыруды жүзеге асыру;

65) техникалық және кәсіптік білім алу үшін жоғары техникалық мектептерге оқуға қабылдау шарттарын айқындау;

66) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқуға түскен адамдармен жасалатын үлгілік шартты бекіту;

67) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгерген білім алушыларды қорытынды аттестаттау ерекшеліктерін айқындау;

68) мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарды толтыруға қойылатын талаптарды айқындау;

69) білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын және олардың қызметінің, оның ішінде шағын жинақты мектептер қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту;

70) білім беру ұйымының ғылыми кеңесін сайлау тәртібін және алқалы басқарудың өзге де нысандарын қоса алғанда, жұмысты ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын бекіту;

71) ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласында мемлекеттік саясаттың жүргізілуін үйлестіруді жүзеге асыру;

72) ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1001

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет