Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


Жан-жақты мәдениетті тұлға



бет133/141
Дата05.05.2024
өлшемі480.73 Kb.
#500578
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   141
Иманбаева С.Т., Майгаранова Ш., т.б. Т рбие ж мысыны теориясы м (1)

Жан-жақты мәдениетті тұлға-деп өз мәдениетіне де, өзге мәдениетке де тәнті адам деп танимыз. Төл мәдениетті терең білу оған басқа мәдениеттерге қызығушылыққа іргетас қаласа, көп мәдениетті білу өз мәдениетін мақтан тұтуға негіз салады.
Адамгершілік тәрбиесі – тәлім-тәрбиенің ықпалды әсерімен моральдық сананы қалыптастырудың, этикалық білімділікті, адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы
Ақыл-ой тәрбиесі–адамның таным қабілетін дамытып, ержетіп есеюіне жол ашатын тәлім-тәрбиенің негізгі бір саласы. Оқушының оқып білім алудағы іс-әрекеттері оның сана-сезімі мен ой-өрісінің кеңею талабына сай бағытталады.
Әлеуметтік тәрбие– тәрбиені әлеуметтік заңдылықтарға байланысты зерттейтін ғылым. Тәрбие әрқашан белгілі әлеуметтік-экономикалық қоғамда, қоғамның өндірістік-объективтік жағдайына сай жүреді.
Дене тәрбиесі– жас ұрпаққа білім және тәрбие беруісінде олардың дене және рухани күштерін жан-жақты дамыту, жетілдіру, шынықтыру мен қатар, еңбекке баули отырып, Отан қорғауға даярлығын қалыптастыру, ерік-жігерін шыңдау тәрбие бағдарламасы
Еңбек тәрбиесі– қоғамда жасөспірімдер мен жастардың еңбекке қатынасын қалыптастыратын, белгілі мақсатқа бағыт-талған үрдіс. Е.т. – тәрбиенің біртұтас бөлігі. Е.т-нің міндеті – жасөспірімдерді еңбексүйгіштікке, еңбекті құрметтеуге, еңбек мәдениетіне үйрету және олардың еңбек етуге дағдыларын қалыптастыру
Ерлік тәрбиесі–ата бабаларымыздың жауынгерлік дәстүрі негізінде оқушылардың ерік-жігерін, табандылық, батылдық қасиеттерімен бірге, ұлттық сана, парыз, намысты қалыптастыра отырып, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Құқықтық тәрбие – бүкіл халық мүддесін, өз мүддесін қорғау, өндірістік және саяси белсенділігін арттыру, азаматтардың демократиялық құқықтығымен бостандығын қорғау.
Отбасы тәрбиесі–ата-аналар ықпалымен жүзеге асатын, қоғамдық тәрбиемен ұштасатын отбасындағы бала тәрбиесі. О.т. өміріндегі туысқандық қарым-қатынастар мен тұрмыс жайттары балаға үздіксіз ықпал етуші тәрбиелік күш болып табылады.
Өзіндік тәрбие–өзінде адамгершілік қасиеттерін баулып, теріс қылықтарды жоюға бағытталған, адамның жүйелі және саналы әрекеті. Ө.т. – жеке өз міндеттерін және ұжымталаптарына негізделген міндеттерді ерікті түрде орындау, қабілетін нығайту және дамытуды әрі моральдық сезімдерді, қажетті тәртіп дағдыларын, ерік қасиеттерін қалыптастыруды талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет