Тақырыбы: «Ұлттық өнер –тәрбие негізі» Мақсаты



бет1/5
Дата27.07.2023
өлшемі21.76 Kb.
#475831
  1   2   3   4   5
"Ұлттық өнер -тәрбие негізі" класс сағат 11-класс


Тақырыбы: «Ұлттық өнер –тәрбие негізі»
Мақсаты: Қазақ халқының мол қолөнер үлгілерімен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету. Оқушыларды әсемдікті тани білуге баули отырып, эстетикалық ой өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ою түрлері, зергерлік бұйымдар, «Тайқазан», «Алтын адам» суреттері және нақыл сөздер, бейнефильм.
«Өмірде екі байлық бар: білім, өнер». Өнер туралы сөз ететін болсақ, алдымен халқымыздың дәстүрлі қолөнері ойға оралады. Әрине бұл айтпаса да түсінікті. Халқымыздың қолөнері қолөнері ұлттық шығармаларымыздың ең жоғарғы формасы болып табылыды.
«Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық».
Барысы.
І. Кіріспе
Құрметті ұстаздар мен қонақтар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Ұлттық өнер – тәрбие негзі».
Қазақ елі тәуелсіздігін алғалы, халқымызның қолөнері қандай жетістіктерге жетіп отырғаны белгілі. Себебі, қазір біз ұмыт бола бастаған қолөнерді қайта жаңғырта бастадық.
Қолөнер – халқымыздың қасиеттімен ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан мұрасы.
«Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық» - деген халық даналығы. Әр халықтың өзіндік ұлттық өнері болады.
Өнер адамның дүнитанымына, сеніміне, адамгершілік-моральдық қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық сезіміне, алға қайған мақсатының айқындалуына әсер етеді.
«Жігітке жеті өнерде аз», «Аталық айтар ісің болсын» - деп, өнерді құдіретті күш, адамның жан серігі, ертеңгі жейтін тамығы, ішетін сусыны, рухани байлық деп бағалаған.
Видео: «ЭКСПО - 2017» халқамыздың ұлттық өнерін көрсететін алаң.
Ұрпақтан -ұрпаққа жеткен ұлттық қолөнерді қадірлеу, дамыту, оны келешек ұрпаққа табыстау басты парыз.
«ОЮ-ӨРНЕК – ӨРЕЛІ ӨНЕР» БӨЛІМІ
Оюы көптің өрнегі көп,
Өрнегі көптің ермегі көп. (Халық мақалы)
Ою-өрнек – тұрмыста бір бұйымның бетін әшекейлеу үшін қолданылатын нақыш өрнек. Заттың бетін өрнектеу үшін ісмерлер әртүрлі тәсілді қолданылады.
Ою-өрнек үлгісінде әр халықтың ерекшеліктері, халықтық келбеті айқын танылады. Халықтың бізге жеткен ою өрнек үлгілері – бай мұра, сарқылмас қазына.
Қазақ қолөнерінде ою -өрнек өте кеңінен қолданылады. Халық шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдарының ою өрнекпен безендірілмегені өте аз кездеседі.
Ою-өрнекті бекерден бекерге сала бермеген, әр өрнектің өзіндік мағынасы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет