3-сұрақ
Оқушыларды тәрбиелеудің мазмұны және тәрбиенің түрлері
Тәрбие, тәлім-тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады. Тәрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады.
Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау , ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
Мектептің бүкіл іс-әрекеті, қоғамдық өмірі осыған қызмет етуі керек.
Мақсат дегеніміз бір нәрсеге ұмтылу, іске асыру.Бұл тұрғыдан алғанда тәрбие мақсаты- жастарды өмірге әзірлеу мақсатымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесін ерте болжау.
Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттік саясаты мен экономикасына тәуелді.Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болады. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды. Алғашқы қауымдық құрылыста ересектер балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретті.
Оқушылардың жеке ерекшелігі-денсаулығы, ақыл-ойы, адамгершілік қалыптасуы, сыртқы әсерлерге жауабы, қабылдауы,т.б. Біреулері өзінің байсалдылығымен ескертулерді дұрыс қабылдаса, кейбіреулері керісінше әсер етуі мүмкін, сондықтан оқушылардың тәрбиелік дәрежесін дер кезінде анықтап отыру қажет. Тәрбие жұмысының барлығы білім мен сенімнің, сөз бен істің үздіксіздігі негізінде құрылады.
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік санасы жаңа қалыптасып келе жатқандықтан, олар негізінен мұғалімнің ықпалында болады. Жасөспірімдер жедел дамып келе жатқандықтан тәрбиесі бірқалыпты жағдайға ауысып, өзін-өзі тәрбиелеуге қажеттілігі артады.
Баланы ұжымда, ұжым арқылы тәрбиелеу- тәрбие жұмысындағы жетекші принциптердің бірі. Мұны екі түрлі көзқарас тұрғысынан қарау керек.
Бірі- ұжымдық тәрбие қоғамның негізгі қаруы. Бала берік ұйымдасқан,ынтымақты, әлеуметті, рухани таза ұжымда болуы қажет. Екіншісі-тәрбиеленушінің педагогикалық ықпалымен, көзқарасымен шектеліп қалмауы.
Тұлға өзін өмірде сирек кездесетін ерекше феномен деп қарайды.Бұл принцип мектеп мұғалімдерінің, отбасының және қоғамның арасында, отбасының және қоғамның арасындағы нарықтық еңбек жағдайында қалыптасады. Отбасындағы тәрбиеге көмек ретінде елімізде демеушілер мен қайырымдылық жасаушылар, әлеуметтік құқық қорғау бөлімдері мен қамқорлық қорғау кеңестерінің жұмысы дамытылуда. Мектеп пен -отбасындағы балалар тәрбиесінің ең маңызды міндеті- оларды қажетті өмір сүру процесіне дайындау.
Достарыңызбен бөлісу: |