5.3. Беттерді номерлеу
Курстық жұмыстың беттері араб сандарымен номерленеді. Сыртқы беті жұмыстың жалпы номерлеріне кіреді. Сыртқы бетіне, тапсырмаға, мазмұнына номер қойылмайды. Номерлеу «Мазмұнында» «Кіріспе» құрылымдық элементінен басталады. Номерлеу «Кіріспе» -ден 5 беттен басталып оң жақ жоғарыға қойылады.
5.4. Қосымша
Қосымша мәтіндегі реттік тәртіппен түсініктеме беруде, жұмысты жалғастыру ретінде толтырылады. Әрбір қосымша жаңа беттен ортадан жоғары жағында «Қосымша» сөзімен бейнеленеді. Қосымшаның өз аталуы, жеке қатардан ірі әріптермен жазылады.
Қосымша орыс алфавитінің үлкен әріптерімен З,И,О,Ч,Ы,Ъ,Ь әріптерін қоспағанда белгіленеді.
Қосымша сол төменгі жағында қандай алғашқы деректерден (источники) алынғаны туралы көрсетілуі тиіс.
5.5. Ғылыми –анықтамалық аппарат
Курстық жұмыстың ғылыми–анықтамалық аппараты екі өзара байланысты бөлімнен тұрады: қолданылған әдебиеттер тізімі және қатардағы түсініктемелер.
5.5.1. Қолданылған әдебиеттер тізіміне негізгі талаптар
Әдебиеттер мен түсініктемелерді толтыру мемлекеттік стандарттарда көрсетілген талаптарға сәйкес жүргізіледі.
Шет тіліндегі әдебиеттер тиісті тілдегі (соның ішінде қатардағы әріптестердің) орфографиялық мөлшерлердегі сақтаудың түпнұсқасы көрсетіледі.
Егер жұмыста бірқатар сөздерден тұратын мерзімдік басылымдардың аталуы қайталанатын болса, онда оны қысқаша қысқартуға болады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі екі интервал арқылы алфавиттік тәртіппен орналасады, алдымен латын тілдеріндегі әдебиеттер, содан соң –кириллица мен иероглификалық хаттағы тілдердегі әдебиеттер орналасады.
Қатардағы түсініктемелер бір интервал арқылы басылады. Тізімдер мен қатардағы түсініктемелер ара қашықтығы 2-4 интервалды құрайды.
Жұмыстардың аталуы латын шрифтімен жазылады.
5.5.2. Библиографикалық сипаттауды толтыру
Библиографиялық сипаттаудағы бірінші элементті толтыру автордың аты – жөні болып табылады. Бір автордың сипатталуы оның аты –жөні атау септігінде көрсетіледі.
Екі автордан тұратын басылымды сипаттау екі автордың аты –жөндері үтір арқылы бөлінеді.
Үш және одан да көп авторлардың басылымдарын сипаттауда барлық авторлардың аты –жөндері және «басқалары» сөздері қосылады.
Қажеттілігі болғанда үш аты –жөнідері, үтір арқылы бөлініп жазылады. Автордың басылымдарын сипаттауда барлық авторлардың аты жазылады.
Кітаптың аталуы оның сыртқы бетімен алынады. Негізгі аталуы мерзіміне қатысты, сонымен қатар конференциялар өткізу туралы мәліметтер және тағы басқалар аталуына грамматикалық байланысты емес болған жағдайда, аталуынан кейін жазылады.
Егер олар кітапта шеңбер жақшаларда болса, онда мерзімдер алдында үтір қойылмайды.
Төменде әр түрлі әдебиеттерден алғашқы деректердің библиографиялық сипаттауларының үлгілері көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |