Аягөз ауданының 2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы
әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары
Өнеркәсіп. 2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында аудан өнеркәсібінде қолданыстағы бағамен 6640,7 млн. теңгенің өнімдері өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңіне қатысты өсу қарқыны (5330,3 млн. теңге) 124,6%, нақты көлемінің индексі 112,0% құрады.
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 17162,5 млн. теңге, өсу қарқыны өткен жылдың сәйкес мерзіміне қатысты (16208,9 млн. теңге) 105,9%, нақты көлемінің индексі 104,1% құрайды.
Барлық шаруашылық категориялары бойынша 17997,6 тонна мал мен құс (тірі салмақпен) сойылып сатылып, өткен жылдың сәйкес кезеңіне (17334,8 тонна) 103,8% құрады. 52338,5 тонна сүт өндіріліп, 2014 жылдың сәйкес кезеңіне қатысты (50207,9 тонна) 104,2%, 4349,2 мын дана жұмыртқа өндіріліп, былтырғы жылдың сәйкес кезеңіне қатысты (4208,3 мың дана) 103,3% құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 2015 жылдың қаңтар-желтоқсанында 170226,7 млн. теңге, 2014 жылдың сәйкес кезеңінен (84346,0 млн. теңге) 196,5%.
Бөлшек сауда тауар айналымы 2015 жылдың қаңтар-желтоқсанында 11491,7 млн. теңге, өсу қарқыны 2014 жылдың сәйкес кезеңіне қатысты (10762,2 млн. теңге) 106,8%, нақты көлемінің индексі 101,3%.
Шағын кәсіпкерлік. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына тіркелген шағын кәсіпорындар саны 173 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары 117, белсенділері 88 бірлік, бұл 2014 жылдың 12 айына қатысты 95,7%.
Денсаулық сақтау. Алғаш анықталған науқастардың ішінде туберкулез ауруымен ауырғандар саны 27 немесе өткен жылға қатысты (43 адам) 62,8%.
Құқық бұзушылық. Құқық қорғау органдары бойынша ағымдағы жылдың 1 қаңтарына 638 қылмыстық іс тіркелген. Бұл 2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда (746 қылмыстық іс) 85,5%. Ашылу деңгейі 100,8%-ды құрап, өткен жылға қатысты (124,1%) 81,2% кеміді.
Еңбек нарығы. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына жұмыспен қамту бойынша өкілетті органдарда есепте тұрған жұмыссыздардың саны 160 адам. Ресми жұмыссыздықтың деңгейі 0,4%.
Жыл басынан бері 1372 адам жұмысқа орналастырылды. 2016 жылдың 1 қаңтарына 655 жаңа жұмыс орындары ашылып, 2015 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 5 жаңа жұмыс орынына, немесе 0,8% артты.
Еңбекақы. 2016 жылдың 1 қаңтарына жұмыскерлерге есептелген орташа айлық жалақы 91011 теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 6197 теңге, немесе 7,3%–ға артты.
Жергілікті бюджеттің өзіндік кірістері 2015 жылы 3191,0 млн. теңге құрады, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңіне қатысты (2515,6 млн. теңге) 126,8% немесе 675,4 млн.теңгеге артқан. Жоспар-тапсырмаға қатысты (2716,8 млн. теңге) 117,5% құрады.
Жергілікті бюджеттің игерілуі 5999,4 млн. теңгені құрады, бұл жоспардың 99,3%-ы, немесе 40,1 млн. теңгесі тиісті мерзімге игерілмеді.
Достарыңызбен бөлісу: |