12
4.
Генеологиялық әдіс – бұл гибридологиялық әдістің бір түрі болып
табылады.
Ұрпақтың шыққан тегін зерттеу, оның шежіресін білу арқылы
белгілердің тұқым қуалау қасиеттерін,
соның ішінде тұқым қуатын
ауруларды зерттеу үшін адамдар мен баяу өсіп дамитын жануарлардың
тұқым қуалау заңдарын зерттеу.
5.
Популяциялық әдіс – гибридологиялық әдістің бір түрі. Баяу өсіп
дамитын жануарлар мен адамдардың тұқым қуалайтын белгілерін зерттеу.
6.
Биохимиялық әдіс – гибридологиялық және цитогенетикалық
әдістермен
қатар жеке ағзаның даму, өсу барысындағы жасушалардағы
үдерістерді түбегейлі зерттеу және генетикалық материалдың химиялық
құрамын, олардағы пайда болған өзгерістерді бақылау.
7.
Феногенетикалық әдіс – гендермен
қоршаған ортаның ағзадағы
белгілерге тигізетін әртүрлі әсерін зерттейді. Сондықтан бұл әдісті әртүрлі
тұқымдас немесе түрлі қоршаған ортада дербес өскен ағзалардың тұқым
қуалау қасиетін анықтау мақсатында қолданады.