21
Анафаза (грек. «ана»
-жоғары, «фаза»
-пайда болу) – хроматин
жіпшелерінің болашақ жас жасушалардың
полюстеріне қарай созылып,
ахроматин ұршығын құрау кезеңі. Ахроматин ұршығының белдеуіндк
хромосомалар түрліше орналасып, ең алдымен аналық жұлдызын құрайды.
Сонан кейін аналық жұлдыздағы қосарланып орналасқан гомологиялық
хромосомалардың ұзынынан бөлінуі нәтижесінде
пайда болған жас
хромосомалар жасушаның полюстеріне қарай ығысады да, екі жас хромосома
жұлдыздары пайда болады. Осының нәтижесінде бір жасуша екіге бөлініп,
жас жасушалар түзіледі. Анафазада хромосомалардың
жасуша полюсіне
ығысуы бірден басталып, өте тез арада аяқталады.
Телофаза (грекше «тело»-аяқталуы) митоздың ақырғы сатысы.
Телофаза кезінде хромосомалардың қозғалуы аяқталады, митоздық аппарат
бұзылады, ядрошықтар пайда болады. жасушаның қарама
-қарсы полюсінде
жаңа пайда болған хромосомалардың сыртынан
ядролық қабық пайда
болады. Жаңа ядролардың қайта құрылуымен қатар әдетте жасуша денесі
бөлініп, цитотомия не цитокинез өтеді де, екі жасуша құрылады. Телофаза
кейде цитотомия мен аяқталмай екі ядролы жасуша құрылады (4
-сурет).
Интерфаза – жасушаның екіге бөлінуі аралығындағы тіршілік кезеңі.
Сонымен жасуша бөлінуінің көбірек кездесетін
әдісі митоз кезінде
әрбір жаңа пайда болған жасушадағы хромосомалардың жалпы саны аналық
жасушаның бөлінбей тұрғандағы хромосомалар сандарына тең болады.
Достарыңызбен бөлісу: