Ќазаќстан Республикасы Білім єылым министрлігі



бет26/57
Дата07.03.2022
өлшемі1.2 Mb.
#456043
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   57
стреоидтылар: бүйрек үсті безінің қыртыс қабатының, жыныс бездерінің гормондары және бүйректе жасалатын гормонкальцитрал.

  • Гормондар синтезделуі үздіксіз жүреді. Синтезделу қарқыны мен секреция (бөлініп шығу) қарқыны өзара байланысты.

    Жасушада секрециялану өссе синтезделу өседі және керісінше.
    Гормондар әсер етуінің түрлері, жолдары және механизмдері.
    Гормондардың организдегі әрекетінің бес түрі бар: метаболикалық, морфогенетикалық, кинетикалық, корреляцияланушы (түзуші) реактогендік.
    1. Нысана ұлпадан зат алмасу процесінің өзгерістеріне үш түрлі гормондық әсерлер іске асырады. Біріншіден, гормондар жасуша мен оның органоидтары мембранасының өткізгіштігін өзгертеді, яғни метаболиттердің тасмалдауына керек (молекулалар, ферменттер, иондар) жағдайлар өзгереді, нәтижесінде метаболизмнің барлық түрлері өзгереді. Екіншіден, олардың құрылымы мен конфигурациясының өзгеруінен, кофакторлармен байланыстың жеңілдеунен фермент молекулаларының ыдырау қарқыннының азайып-көбеюіне, проферменттер белсенділігінің келіп-күшеюіне көрінеді. Үшіншіден, гормондар жасуша ядросының генетикалық аппаратына тікелей немесе жанама жолдармен әсер ету арқылы ферменттер синтезін белсендетеді және тежейді.
    2. Морфогенетикалық әсер жасушаның генетикалық аппаратында және зат алмасуда жүретін өзгерістер нәтижесінде пішін түзілу, жіктелу (диффференцировка), құрылымдық элементтер өсуінен көрінеді.
    3. Кинетикалық әсер белгілі бір қызметтің, орган әрекетінің іске қосылуынан көрінеді. Мысалы: адренамен бауырдағы гликогеннің ыдырауына, қанға глюкозаның түсуіне себепші.
    4. Корреляциялаушы әсер-қызмет атқарып тұрған органның жұмыс қарқынын кемітуден немесе өсіруден көрінеді. Мыс: адренами бауырдағы глиногеннің ыдырауын жақсартады.
    5. Реактогендік әсер ұлпаның сол гармонға басқа гармондарға, нерв импульсін жеткізуші медиаторларға жауап беру қабілетінің (реактивтік) деңгейін өзгертуден көрінеді. Мысалы: кальций реттеуші гормондар нефронның дистальды бөлімінің вазопреесин әсеріне сезгіштігін төмендетеді, фолликулин прогестеронның жатырдың кілегей қабығына әсерін күшейтеді.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   57




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет