Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды дамыту институты



Дата16.07.2016
өлшемі67.9 Kb.
#203769
Источник: ИС Параграф WWW http://online.zakon.kz
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту институты

 

Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары

 

(біріншілік медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдар үшін)

 

Алматы 2007 ж



 

 

Шыбық буынының, білек сүйегінің жабық жарақаттары



 

Хаттама коды: Е-007

Кезеңдік ем мақсаты: ауру сезімінің азаюы, зақымданудың төмендеуі. Науқасты арнайы медициналық мекемедегі тасымалдауға дайындау..

АХЖ -10 бойынша коды (кодтары):

S50.0 Шынтақ жаншылуы.

S52 Білек сүйегінің сынуы.

S52.0 Шынтақ сүйектің жоғарғы бөлігінің сынуы.

S52.1 Шыбық сүйектің жоғарғы бөлігінің сынуы.

S52.2 Шынтақ сүйектің диафизінің сынуы.

S52.3 Шыбық сүйегінің диафизінің сынуы.

S52.4 Шынтақ және шыбық сүйегі диафизінің сынуы.

S52.5  Шыбық сүйектің төменгі бөлігінің сынуы.

S52.6 Шынтақ және шыбық сүйегінің төменгі бөлігінің бірлескен сынуы.

S52.7 Білек сүйегінің көптік сынуы.

S52.8 Білек сүйегінің басқа бөлімдерінің сынуы.

S52.9 Білек сүйегінің анықталмаған бөлігінің сынуы.

S53  Шынтақ буыны аппаратының, капсула байламының шығуы, зақымдануы, созылуы.

S53.0 Шыбық сүйегі басының орнынан таюы.

S53.1 Шынтақ буынының анықталмаған шығуы.

Анықтамасы. Шынтақ буынының жабық жарақаты - жаншылу, білек сүйегінің орнынан шынтақ буындарын құрайтын сүйектің сынуы (иық сүйектің айдаршық үсті сынуы, айдаршығының сынуы, шынтақ өсіндісінің, шынтақ тәж өсіндісінің сынуы, шыбық сүйегі басының сынуы).

Білек сүйектің сынуы - жарақат немесе патологиялық үрдіс нәтижесінде шыбық немесе шынтақ сүйек тінінің зақымдануы. Олардың бүтіндігінің бұзылуы.

Жіктелуі:

Жұмсақ тіндердің зақымдану ерекшелігіне қарай:

- Жабық .

- Ашық.

Қауіп-қатерлі факторлар: детренирленеген абайсыз кенеттен болған қозғалыстар.

Түсуі: жедел.

Диагностическа критерилері:

Травмогенез есепке алынады. Авто және мото тарвмалар кезінде тікелей соққылар. Әр түрлі қайғылы оқиғалар кезінде биіктіктен құлау. Әсер еткен күштің көлемі, әсер ету бағыты, күш түсу аймағы бағаланады.

Орнынан таю белгілері:

- шынтақ буынында қатты ауру сезімі;

- Ол буын ұштарының ығысу дәрежесіне сондай-ақ гемартрозбен жұмсақ тіндердің ісінуіне байланысты;

- Қолдың мәжбүрлік қалпы - білек ішке және сәл бүгілген;

- Білектің проксимальды ұшының, осінің бағыты, буыннан шалғай;

- Белсенді және пассивті қозғалыстарының шектелуі;

- Білекті пассивті түрде қозғалтуға мүмкіндік жасаған кезде «бұралмалы қарсыласу» байқалады;

- Білектің қысқаруы, буынның артқа таюы кезінде және ұзаруы буынның алдыға таюы кезінде байқалады;

- әдеттегіге қарағанда шынтақ өсіндісі артқа қарай орналасады. Иық үйектің айдаршықтарын қосатын сызықтан жоғары және артқа қарай орналасады;

- шынтақ бүккен кезде иық сүйектің эпифизі пальпацияланады;

Сынықтың абсолютті (тікелей) белгілері:

- сүйектің деформациясы;

- сүйектің крепитациясы;

- патологиялық қозғалуы;

- жарадан сүйек сынықтарының шығып тұруы;

- қол ұзындығының қысқаруы.

Сынықтың салыстырмалы (жанама) белгілері: ауру сезімі (пальпация кезінде локальды ауру сезімімен сәйкес келуі);

остік күштеме симптомы - қолға салмақ түсіргенде осі бойынша локальды ауру сезімінің күшеюі;

сыну аймағында ісінудің (гематома) болуы;

қол қызметінің бұзылуы (болмауы) .

Бір абсолютті белгінің болуы сынық диагнозын қоюға негіз бола алады.

Сүйектік крепитация және патологиялық қозғалыс симптомдарын тексеруді абайлап жасау керек. Айқын сынуларды тексерудің қажеті жоқ.

Сүйектің ығысуы, гематома және ісінулер, жүйке және қан тамырлар шоғырларын зақымдауы мүмкін. Сол себепті қол саусақтарының қозғалысын, сезімталдығын қан тамырлар пульсациясын тексеру қажет.

Негізгі және қосымша диагностикалық шаралар тізімі: жоқ.

Медициналық көмек көрсету тактикасы:

Дәрі-дәрмексіз ем:

- Зақымдалған қолды, зақымдалған аймақты жоғарғы және төменгі жағынан сүйемелдеу және қолмен  фиксациялау;

- Ашық сынулар кезінде - қан ағуды тоқтату (қысып тұратын таңғыш салу, қан тамырды басып тұру, жгут салу), стерильді таңғыш салу.

- Жарадан шығып тұрған сүйек сынықтарының орнына салуға болмайды;

- жарақат аймағына суық қою;

Транспорттық иммобилизация: пневматикалық, вакумдық шиналар, Крамер шинасы, қолды асып қою қолданады. Қолға ыңғайлы физиологиялық ыңғайлы қалып береді. Білектің сынуы кезінде шина иық сүйектің орта деңгейінен саусақ ұшына дейін, алақанға үлкен мақта түйінін салады. Шынтақ буынынң зақымдануында шина иықтан білезік,фаланг буындарына дейін жету қажет.

Дәрі-дәрмектік ем: ауру сезімін басу.

- Наркотикалық емес анальгетиктер - кеторолак 1 мл/30 мгбұлшық етке;

- Қатты ауру сезімі кезінде наркотикалық анальгетиктер - трамадол 50 - 100 мг к\т немесе морфин гидрохлориді 1% - 1,0 мл к/т немесе промедол 2% - 1,0 мл к/т;

Жедел госпитализацияға көрсеткіштер: травмопунктке мына науқастар жеткізіледі:

- Жалпы бұзылыстар және тіндерге шамалы қан құйылулар, жаншылулар;

- Байламдардың зақымдануы айқын гемартрозсыз;

- Білек сүйектің асқынусыз орнынан таюы;

- Шынтақ өсіндісінің сынықтары оперативті ем қажет етпейтін;

- Балалардағы білек сүйектерінің сүйек қабы астылық шектелген сынықтар;

- Шыбық сүйектің әдеттегі жерден сынуы.

Қалған жағдайда травматалогиялық бөлімшеге госпитализация.

Негізгі және қосымша дәрі-дәрмектер тізімі:

*Кеторолак инъекция үшін ертінді 30 мг/1 мл

*Морфин гидрохлориді 1% - 1,0

*Тримепиридин гидрохлориді (промедол) 2% - 1,0

*Трамадол 50 мг/1мл

Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған әдебиеттер:

Травматология и ортопедия. Под ред. Юмашева Г.С. Москва «Медицина 1990 г.

Рекомендации по оказанию скорой медицинской помощи в Российской Федерации. Под ред. А.Г. Мирошниченко, В.В. Руксина. Санкт-Петербург 2006 г.

Курс по неотложной медицине для Учебных центров в Евразии. АМСЗ 2003 г.

4. Биртанов Е.А., Новиков С.В., Акшалова Д.З. Разработка клинических руководств и протоколов диагностики и лечения с учетом современных требования. Методические рекомендации. Алматы, 2006, 44 с.

5. Приказ Министра Здравоохранения Республики Казахстан от 22 декабря 2004 года № 883 «Об утверждении Списка основных (жизненно важных) лекарственных средств».

6. Приказ Министра Здравоохранения Республики Казахстан от 30 ноября 2005 года № 542 «О внесении изменений и дополнений в приказ МЗ РК от 7 декабря 2004 года № 854 «Об утверждении Инструкции по формированию Списка основных (жизненно важных) лекарственных средств».

Әзірлеушілер тізімі:

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Жедел және шұғыл медициналық жәрдем, № 2 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі - м.ғ.д., профессор Тұрланов Қ.М. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Жедел және шұғыл медициналық жәрдем, № 2 ішкі аурулар кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к, доцент Воднев В.П.; м.ғ.к., доцент Дюсембаев Б.К.; м.ғ.к., доцент Ахметова Г.Д.; м.ғ.к., доцент Бедельбаева Г.Г.; Альмухамбетов М.К.; Ложкин А.А.; Маденов Н.Н.

Алматы мемлекеттік дәрігерлер біліміг жетілдіру институтының «Шұғыл медицина» кафедрасының меңгерушісі - м.ғ.к., доцент Рахымбаев Р.С. Алматы мемлекеттік дәрігерлер біліміг жетілдіру институтыеың «Шұғыл медицина» кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к., доцент Силачев Ю.Я.; Волкова Н.В.; Хайрулин Р.З.; Седенко В.А.

 

* - Негізгі (өмірге маңызды) дәрілік заттар тізіміне кіретін препараттар



 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет