Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды дамыту институты



Дата22.06.2016
өлшемі53.5 Kb.
#153522
Источник: ИС Параграф WWW http://online.zakon.kz
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту институты

 

Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары

 

(біріншілік медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдар үшін)

 

Алматы 2007 ж



 

 

Тоқпан жіліктің сынығы



 

Хаттама коды: Е-016

Кезек мақсаттары:

1) Жарақаттық шоктың алдын алуды ескерту, әсіресе қосарланған жарақаттарда

2) Ірі тамырлар жарақаттары мен зақымдануларында қан тоқтату

3) Иықтың нерв-тамырлар өрімдерін, сүйектің сынық ұштарымен зақымдалуының алдын алу шаралары

4) Жарақаттық инфекцияның дамуын ескерту

5) Асқынудың бар-жоғына қарамай, науқасты травматологиялық стационарға жеткізу

АХЖ-10 коды

S 42 Иық және иық белдеу деңгейіндегі сынықтар

S 42.2 Тоқпан жілігінің жоғарғы бөлігінің сынығы

S 42.3 Тоқпан жілігі денесінің (диафизі) сынығы

S 42.4 Тоқпан жілігінің төменгі бөлігінің сынығы

Анықтамасы:

Тоқпан жілігінің проксималды эпиметафиз, диафиз және дисталды эпиметафиз бөлігіндегі ашық және жабық сынықтары

Жіктемесі:

Тоқпан жіліктің проксималды бөлігінің сынықтары

3 Буынішлік:

1) тоқпан жілігі басының сынуы

2) анатомиялық мойнының сынығы

2 Буыннан тыс:

3) төмпешік астылық, төмпешік үстілік сынықтар

4) хирургиялық мойнының сынығы (аддукциялық, абдукциялық)

5) үлкен және кіші төмпешіктерінің изоляцияланған сынықтары.

Тоқпан жілік диафизінің сынықтары:

1-ші тип

2-ші тип

3-ші тип

Тоқпан жілігінің дистальды сынықтары:

1) айдаршық үстілік сынығы

2) айдаршықтың сынығы

Қауіп-қатерлі факторлар:

1) жарақаттық шоктың дамуы

2) геморрагиялық шоктың дамуы

3) майлы эмболияның дамуы

4) магистральды тамырлардың зақымдалуымен жүретін гематомалар немесе сыртқы қан ағулар болуы.

5) иықтың нерв талшықтарының зақымдалулары

Диагностика критерилері:

Буынішілік сынықтар (сирек кездеседі):

1) иық буынындағы ауыру сезімі

2) иық буыны қызметінің бұзылысы

3) буын ісінуі және гемартроз дамуы

4) белсенді қозғалыстың шектелуі, әсіресе әкету қызметі

5) пассивті қозғалыстар жедел ауырсынумен

6) тоқпан жіліктің басына саусақпен басу кезіндегі ауырсыну

7) осьтік күштеме(төменнен жоғары қарай шынтақ буынына басу) жедел ауырсыну.

Хирургиялық мойнының сынықтары: аддукциялық және абдукциялық (жиі кездеседі , әсіресе кәрі жаста):

Аддукциялық сынық бүгілген шынтақ буынымен құлау сатысында дамиды. Орталық жарықша алдыға және сыртқа ығысады.

Шеткі жарықша сыртқа және жоғары қарай жылжиды. Жарықшалар арасында ішке қарай ашылатын бұрыш дамиды.

Абдукциялық сыну қолдың жазылу, яғни түзелу кезінде құлау. Орталық жарықша ішке және төмен қарай ығысады. Шеткі жарықша орталықтан бұрыш құрып сыртқа қарай ашылады.

1) Иық буынының қызметінің ауыр бұзылыстарымен ауыру сезімі

2) Науқас сынған қолын сау қолымен шынтағынан ұстап тұрады.

3) Иық буынында белсенді қозғалыстар шектелген

4) Пассивті қозғалыстар болуы мүмкін, бірақ қатты ауырсынумен

5) Осьтік күштеме оң

6) Тоқпан жіліктің ротациялық қозғалыстары оның басынан изолияцияланып қозғалады.

Тоқпан жілік диафизінің сынығы.

Тікелей механизм: иықты ұру немесе иықпен қатты затқа ұрылу.

Жанама механизм: алақанмен немесе  шынтақ буынымен құлау: иық осьмен шектен тыс ротациялық бұралуы.

1-ші тип. Сыну сызығы кеуденің үлкен бұлшық етінің байланысқан жерінен жоғары өтеді. Орталық жарықша сыртқа және алдыға ығысқан, сыртқы ротациямен. Шеткі жарықша үлкен кеуде бұлшық етінің жиырылуымен ішке қараған және жоғарыға тартылған, ішке қарай бұралған.

2-ші тип. Сыну сызығы кеуденің үлкен бұлшық етінің байланысқан жерінен төмен, бірақ дельта тәріздіден жоғары орналасқан. Орталық жарықша кеуденің үлкен  бұлшық етінің жиырылуымен және аздап ішке қарай бұрылған. Шеткі жарықшалар дельта тәрізді бұлшық етінің жиырылуының нәтижесінде жоғары көтерілген және сыртқа ығысқан.

3-ші тип. Сынық сызығы дельта тәрізді бұлшық етінің байланысқан жерінен төмен орналасқан, орталық жарықшаны сыртқа және алдыға ығыстырады. Шеткі жарықшалар иық бұлшық етінің жиырылу нәтижесінде жоғары тартылған.

1. сыну аймағындағы ауыру сезім

2. иық қызметінің бұзылыстары

3. мүшенің деформациясы

4. қолдың қысқаруы

5. патологиялық қозғалғыштық

6. жарықшалардың крепитациясы

7. осьтік жүктеменің оң симпомы

Тоқпан сүйегінің дистальді сынықтары .

Айдаршық үстілік сынықтар

Бүгілген сынық - науқас шынтақ буынымен бүгілген кезінде құлауы.

Орталық жарықшақ артқа және ішке ығысады, ал перифериялық алдыға және сыртқы жарықшалар арасындағы бұрыш алдыға және ішке қарай ашылған.

Жазылқан сынық - шынтақ буынының жазылған күйінде құлауы.

Орталық жарықша алдыға және ішке ығысқан, ал перифериялық артқа және сыртқа қарай ығысқан. Жарықшаларды қосымша иық бұлшық еттер ұзына бойы ығыстырады.

1) иықтың дистальді және шынтақ буынында ауыру сезімі

2) шынтақ буыны қызметінің бұзылысы

3) белсенді және пассивті қозғалыстарда жарықшалар крепитациясы естіледі

4) шынтақ буынының деформациясы

5) шынтақ аймағында жұмсақ тіндердің айқын ісінуі.

Иықтың айдаршық сынығы.

Тоқпан жіліктің айдаршық үстілік сынығы.

Тікелей емес механизм: иықтың шамадан тыс ішке немесе сыртқа  қайырылуы (үзілген сынықтар).

Тікелей механизм: шынтақпен құлау немесе сол аймаққа соққы алу.

Жиі иықтың ішкі айдаршығы зақымдалады.

1) шынтақ буынында ауырсыну

2) пальпациялағанда ауру сезім, қозғалмалы сүйек фрагменті және крепитация

3) шынтақ буынында қозғалыстың аздап шектелуі

4) иықтың айқын ротациялық қозғалысының шектелуі

5) ішкі айдаршық үстілік сынығында қол басының бүгілуінің шектелуі

6) сыртқы айдаршық үстілік сынығында қол басының жазылуының шектелуі.

Тоқпан жілігінің блогімен айдаршық басының сынықтары.

Негізінен буынішілікке жатады, сирек кездеседі.

1. шынтақ буынының ауруымен қозғалысының шектелуі

2. гемартроз

3. шынтақ аймағындағы жұмсақ тіндер ісіні

4. осьтік күштеменің оң симптомы.

Айдаршықтың жиекті, Т-, У- тәрізді сынықтары. Буынішілік сынықтарының ауыр түріне жатады. Тоқпан жілік блогінің және айдаршық басының сынықтарының клиникасына ұқсас.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:

1) қол қызметінің бұзылыстары мәжбүрлі жағдайы, тіндердің ісінуі мен қан құюлуларын анықтау

2) тоқпан жілікпен шынтақ буынының диафизі- деформациялар қолдың қысқаруы, жарақат пен гемартрозды қарап анықтау.

3) пальпациялау арқылы сүйек осінің деформациясының, жарықшалар крепитациясын, патологиялық қозғалғыштығын, тін ісігімен қатты ауыратын жерін табу

4) пульсацияны тексеру арқылы сүйек жарықшаларымен иық және шыбық артерияларын зақымдалған не қысылғанын анықтау қажет

5) қолдың дистальді бөліктерінің сезімталдығын тексеру .

6) Айқын сүйектің сынықтары кезінде крепитация мен патологиялық қозғалыстарды анықтап тексеруге болмайды!

Жедел жәрдем көрсету тактикасы:

1) 20-30 мл 1% новокаин ерітіндісін (аллергиясы жоқ болса) сынған жерге (гематомаға) енгізу

2) гемартроз кезінде буынның пункциясы, қанды шығарып 10-20мл 1% новокаин ерітіндісін енгізу

3) қолтық асты ойығына жастықша қойылады да, қолды фиксациялап Крамер шинасымен, Дезо немесе орамал байламмен бекітіледі

4) психомоторлы қозу кезінде седативті препараттар қолданылады

5) басылмайтын ауыру сезімінде- наркотикалық аналгетиктер

6) сүйек жарықшағымен тері тесілген болса, асептикалық байлам салынады. Сосын барып қолды фиксациялайды

7) иық артериясынан профузды қан кету болғанда саусақтармен жоғарғы және төменгі жақтарын басады, кейін эластикалық жгут зақымдалған жерден жоғары қойылады.

Ешқашанда қанап жатқан тамырға дұрыстап көріп алмай, қысқыш салма, себебі ондай қимылдар тамырлардың, нерв талшықтарының және жұмсақ тіндердің қосымша езілулеріне алып келеді.

Сүйек жарықшалар репозициясын өзінше жасауға болмайды!

Сыртқа шығып тұрған сүйектерді салуға тиым салынады!

Негізгі дәрі-дәрмектер тізімі:

1) 1% прокаин ерітіндісі (синтокаин, аминокаин, новокаин).

2) диазепам (сибазон, реланиум, седуксин, фаустин).

3) наркотикалық аналгетиктер

4) 0,85% Na Cl ерітіндісі

5) декстран.

Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған әдебиеттер:

1. Руководство по травматологии и ортопедии. Под ред. Ю.Г. Шапошникова. Москва, «Медицина», 1976 год

2. Травматические вывихи и переломы. Б.К. Бабич. Киев, «Здоровье», 1968 год

3. Избранные лекции по травматологии. В.А. Поляков. Москва, «Медицина», 1980 год

4. Справочник по травматологии. А.Ф. Краснов и др. Москва, «Медицина». 1984 год

5. Peitzman et al. The Trauma Manual. Lippincott, Philadelphia, 1998

6. Feliciano, Mattox, Moore. Trauma. McGraw-Hill Company, 2004

7. Greaves, Porter, Ryan. Trauma Care Manual. London. 2001

8. Henderson. Emergency medicine. Texas. 2006

Әзірлеушілер тізімі:

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Жедел және шұғыл медициналық жәрдем, № 2 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі - м.ғ.д., профессор Тұрланов Қ.М. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Жедел және шұғыл медициналық жәрдем, № 2 ішкі аурулар кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к, доцент Воднев В.П.; м.ғ.к., доцент Дюсембаев Б.К.; м.ғ.к., доцент Ахметова Г.Д.; м.ғ.к., доцент Бедельбаева Г.Г.; Альмухамбетов М.К.; Ложкин А.А.; Маденов Н.Н.

Алматы мемлекеттік дәрігерлер біліміг жетілдіру институтыеың «Шұғыл медицина» кафедрасының меңгерушісі - м.ғ.к., доцент Рахымбаев Р.С. Алматы мемлекеттік дәрігерлер біліміг жетілдіру институтыеың «Шұғыл медицина» кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к., доцент Силачев Ю.Я.; Волкова Н.В.; Хайрулин Р.З.; Седенко В.А.

 

* - Негізгі (өмірге маңызды) дәрілік заттар тізіміне кіретін препараттар



 

 

 



 

 

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет