Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік



бет2/6
Дата26.06.2016
өлшемі0.82 Mb.
#159715
1   2   3   4   5   6

Білуі тиіс: эскалаторлардың жұмыс істеу және пайдалану принципін, олардың электр-радиомен жарақтандырылуын, медициналық пункттің, эскалатор машинисінің, жөндеу және авариялық қызмет қызметкерлерінің жұмыс орындарын; зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету ережесін; ауысымды қабылдау және тапсыруды; метрополитен схемасын, дүкендердің бөлімдері мен секцияларының және әуе -теміржол вокзалдарындағы ұйымдардың орналасуын.

Дезинфектор
17. Дезинфектор 3 –разряд
Жұмыс сипаттамасы. Киімді, үйде қажетті заттарды, жабдықтарды, машиналарды, шикізатты, жартылай шикізатты, көлік құралдарын, аумақты, өндіріс орындарын, ғимараттарды, құрылғыларды және физикалық, химиялық, биологиялық және аралас әдістермен жұқпасыздандыру (ауру туғызатын микроорганизмдерді немесе жұқпалы ауруларды, инфекцияны таратушыларды жою немесе әлсірету) және дезодорациялау (зиянды жәндіктердің көбеюінің алдын алу және оларды жою), дератизациялау және дезодорациялау (егеуқұйрықтарды, тышқандар мен дала кеміргіштерін жою). Өңделетін заттарды дезинфекция камераларына жақындату, оларды тиеу және түсіру.

Білуі тиіс: жұқпасыздандыру, дезинсекциялау, дезодорациялау және дератизациялау үшін қолданылатын заттардың қолданылу нысанын, турлерін және қасиеттерін; дезинфекция камераларына тиеуді және түсірудің тәсілдерін, жұқпасыздандыру, дезинсекциялау, дезодорациялау және дератизациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде жеке басының және дератизациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде жеке басының және қоғамдық қауіпсіздік шараларын; улы химикаттармен жұмыс қауіпсіздігі ережесін; жеке қорғаныс заттарын пайдалану ережесін.

18. Дезинфектор 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Химиялық улы заттармен және интексицидтармен арнаулы машиналардың және жабдықтардың көмегімен дезинсекциялау ( зиянды жәндіктердің көбеюінің алдын алу және оларды жою), дератизациялау және дезодорациялау (егеуқұйрықтарды, тышқандар мен дала кеміргіштерін жою). Арнаулы машиналар мен жабдықтарды дайындау және қызмет көрсету, жұқпасыздандыру, дезинсекциялау, дезодорациялау және дератизациялау үшін қолданылатын улы химикаттар мен басқа жем дайындауға қажетті тағамдарды нұсқаулық талаптарына сәйкес қабылдау, есебін жүргізу, сақтау, босату. Қорғаныс құралдарының: противогаздардың, арнаулы киімнің, құралдардың және сапасы мен уландыратын заттардың әсерінен ақаусыздығын тексеру.

Білуі тиіс: жұқпасыздандыру, дезинсекциялау, дезодорациялау және дератизациялау үшін қолданылатын заттардың қолданылу нысанын, турлерін және қасиеттерін; дезинфекциялау машиналары мен улы химикаттарды себуге арналған аппараттардың құрылымын және жұмыс істеу принципін; жұқпасыздандырылатын заттардың сипатына қарай дезинфекциялық камералардың құрылымын және жұмыс кестесін; қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды гидравликалық сынау әдістерін; улану белгілерін және бұл реттегі алғашқы көмек көрсету ережесін; улы химикаттармен жұмыс қауіпсіздігі ережесін; жұқпасыздандыру және дезодорация кезінде экспозиция жүргізу мерзімдерін.

19. Дезинфектор 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жұқпасыздандыру іс-шараларын жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және атқару, олардың көлемін, әдістемесін және жекелеген нысандарды жұқпасыздандыру заттарын анықтау. Дезинфекциялық ерітінділердің дайындалуын және қолданылуын, радиоаппаратураның, құрал-жабдықтардың қолданылуын, орындалған жұқпасыздандырудың сапасын, жұқпасыздандырушылардың дезинфекциялық жұмыстарды орындау кезінде жеке басының және қоғамдық қауіпсіздік ережесі мен еңбекті қорғау ережесінің сақталуын бақылайды. Барлық дезинфекциялау жұмыстарының орындалуына арналған құжаттамаларды жүргізеді.

Білуі тиіс: дезинфекциялық жұмыстардың тәртібі мен ережесін анықтайтын нормативтік және құқықтық құжаттарды; қолдануға рұқсат берілген дезинфекциялық, стерилді заттарды; оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарды; дезинфекциялау жабдықтарын қолдану жағдайларын; жеке қорғаныс заттарын пайдалану және улану кезінде алғашқы көмек көрсету ережесін.

Киім көрсетуші
20. Киім көрсетуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Техникалық, көркемдік кеңестерде, көрсету залдарындағы сеанстарда, көрмелерде, ұйымдардағы көпшілік лекцияларында көрсетілімдерде киім үлгілерін көрсету. Үлгілерді дайындау кезінде өндірістік өлшеп көру. Суретші - салушыларға, сондай-ақ фото - кино түсірулер үшін бір қалыпта тұру.

Білуі тиіс: киім үлгілерін сипатына қарай көрсету ережесін; костюмдер тарихы мен Қазақстан Республикасындағы және одан тыс жерлердегі сән бағытын.


21. Киім көрсетуші 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Техникалық, көркемдік кеңестерде, әдістемелік мәжілістерде, сән конгрестерінде, демонстрация залдарының сеанстарында, көрмелерде, мекемелердегі көпшілікке оқылатын лекцияларда және өзге де көрсетудің сценарийлік жоспарын өңдеу. Үлгі жасаушы сүретшілерге, сондай-ақ фото-кинотүсірулер үшін бір қалыпта тұру.

Білуі тиіс: сипатына қарай киім үлгілерін көрсету ережелерін білу; костюм тарихын және Қазақстан Республикасындағы одан тыс жерлердегі сән бағытын білу.


22. Азық пен шикізат дайындаушы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Халықтан ауылшаруашылық және өзге де азық пен шикізат сатып алу. Пайдаланылған шикізатты жинауды және оны азық дайындау орындарына тапсыруды ұйымдастыру. Табиғатта өсетін емдік шөп шикізатын жинау және тапсыру. Мал бордақылайтын шаруашылықтарға азық – түлік қалдықтарын жинау және тапсыру. Дайындалатын азық пен шикізаттың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмысын жүргізу. Белгіленген тәртіппен қабылдау түбіртектерін немесе ведомостілерді рәсімдеу.

Білуі тиіс: азық-түлік пен шикізат сатып алу ережелерін; азық-түлік пен шикізаттың сапалылығы белгілерін; пайдаланылған шикізатты жинау мен оны мекемелерге тапсыру тәртібін; табиғатта өсетін емдік шөп шикізатты және азық-түлік қалдықтарын жинау мен тапсырудың ережелерін, тәртібін.

23. Суарғыш – жуғыш машиналарды толтырушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Суарғыш-жуғыш машиналардың цистерналарына су толтыру. Тығынды краны бар суарма құбырды суарғыш – жуғыш машинаның цистернасына, өрт колонкасына (стендерге) және су құбыры құдығының қақпағын ашу және жабу. Суарма құбырды, стенділерді және гидрантты дұрыс күйде ұстау. Суарма құбырдың, стенділердің және өртке қарсы гидранттың ұсақ ақауларын жөндей білу.

Білуі тиіс: гидранттардың, стенділердің құрылымы және олардағы ұсақ кемшіліктерді жою ережелерін.

Пеш жағушы

24. Пеш жағушы 1- разряд


Жұмыс сипаттамасы. Пештерді қатты және газды отынмен жағу және тұрғын үйлердегі, мәдени-тұрмыстық, оқу, қызметтік және өзге де мекемелердегі пештерге қызмет көрсету. Пештің ошақтарына отын салу, көсеу және оларға ұсақ жөндеу жасау. Пештер мен мұржалардың дұрыс күйде болуын байқау, пеш ошақтарын күл мен шлакты арнайы бөлінген жерге шығару. Жылытатын жайларда тиісті температураны ұстап сақтау. Ағаш кесу және жару, көмірді ұсақтау, отынды әзірлеп пештерге жеткізіп отыру. Отынға тапсырыстар жасау.

Білуі тиіс: жылыту пештерін қатты және газды отынмен жағу ережелерін; отынның түрлерін және оларды жағу ережелерін; мұржалардың орналасуын; пештерді көсеу мен тазарту әдістерін; отынды жұмсау нормаларын; өрт сөндіру құралдарының қолдану ережелерін; отынға тапсырыс жасау ережелерін.

25. Пеш жағушы 2- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пештерді қатты және газды отынмен жағу және тұрғын үйлердегі, мәдени-тұрмыстық, оқу, қызметтік және өзге де мекемелердегі пештерге қызмет көрсету. Ағаш кесу және жару,қысқы уақытта қатқан көмірді жару, ұсақтау,көмірдің әртүрлі сорттарын араластыру, отынды дайындау және пештерге жеткізу, көмір қабатының биіктігін бір қалыпты ұстап пештің шойын торына шағын порциялармен көмек лақтыру. Пештер мен мұржалардың дұрыс күйде болуын бақылау, пеш ошақтарын күл мен шлактан тазарту. Пештің шойын торынын күл мен шлакты арнайы бөлінген жерге шығару. Жылытатын тұрғын жайларда тиісті температураны ұстап сақтау. Ағаш кесу және жару, көмірді ұсақтау, отынды әзірлеп пештерге жеткізіп отыру. Отынға тапсырыстар жасау.

Білуі тиіс: жылыту пештерін қатты және газды отынмен жағу ережелерін; отын түрлерін және оларды жағу ережелерін; мұржалардың орналасуын;пеш ошақтарын көсеу мен тазарту әдістерін; отынды жұмсау нормаларын; өрт сөндіргішті және де өртке қарсы құралдарын қолдану ережелерін; отынға тапсырыс беру ережелерін.

Билет кассирі
26. Билет кассирі 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Көлікке (әуе, теңіз, өзен, теміржол, автокөлік, қалалық электрлі көлік және), театрларға, кинотеатрларға, цирктерге, клубтарға, парктерге, стадиондарға және өзге де сауық – думан мекемелеріне билеттер, абонементтер, отырғызу талондарын, жолақы және тасымалдау құжаттарын қолдан және билет басып шығаратын машиналар мен автоматтарды, автоматтандырылған сату және броньдау жүйелерінің терминалдық аппаратурасын қолдану арқылы рәсімдеу және сату. Билеттерді (абонементтерді) және өзге де жолақы және тасымалдау құжаттарын рәсімдеу, алдын ала сату және тапсырыстар бойынша сату. Белгіленген тәртіппен ақшаларды, құжаттар бланкілерін және өзге де материалдық бағалы заттарды алу, сақтау және тапсыру. Жол жүруден, ұшудан бас тартқан азаматтардан жолақы және өзге де құжаттарды қабылдау және олар төлеген ақшаны белгіленген тәртіппен қайтару.

Білуі тиіс: жолаушылар мен жүктерді тиісті көлік түрімен тасымалдау ережелерін: тарифтер мен белгіленген үстемақылар мен алымдарды қолдануды; көліктің бір түрін екіншісіне ауыстырғанда жол жүру бағасын қайта есептеу тәртібін; жолақы құжаттардың түрлері; жеңілдікті билеттерді беру ережелері; вагондардағы, кемелердегі, автобустардағы, ойын – сауық залдардағы орындардың орналасу схемаларын; тиісті көлік желілері схемаларын; көліктің негізі жүріс маршруттарын және қозғалыс кестелерін; ақшаларды құжаттар бланкілерін және өзге де материалдық құндылықтарды алу, сақтау және тапсыру нұсқаулықтарын.

27. Билет кассирі 3- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Халықаралық, аралас, тікелей (каботажды), жергілікті және қала маңайларына қатынайтын көлік түрлеріне, экскурсиялық – серуендік және туристік бағыттарға, круиздік рейстерге алдын ала жасалған тапсырыстар, ұжымдық тапсырыстар бойынша, «тікелей плацкартпен» және кері қайту жолына жолақы және тасымалдау құжаттарын рәсімдеу. Кассалар арасында орындарды бөлу және поезд, автобус, ұшақ аттанғаннан кейін қалаған бос орындар туралы мәліметтерді тапсырады. Театрларда, кинотеатрларда, цирктерде, клубтарда, парктерде, стадиондарда және өзге де ойын – сауық мекемелерінде кассалар (кассирлер) бойынша билеттер мен абонементтерді үлестіру. Белгіленген жүйелікке сәйкес билеттерді сату жөніндегі кассалық есептерді тапсыру. Тарифтік және қосалқы нұсқамаларға бекітілген өзгерістер енгізу. Қолданыстағы құрал – жабдыққа қызмет көрсетуге, реттеуге және жөндеуге қатысу.

Білуі тиіс: кассалық және банк операцияларының есеп жүргізу және есеп беруді жүргізу ережелерін; ішкі және халықаралық тасымалдағы жолақы құжаттарының түрлерін; арнайы аймақтарға жол жүруге арналған билеттерді рәсімдеу және сату тәртібі; қолданыстағы құрал – жабдықтың қызметін, оның құрылымын және пайдалану ережелерін; ішкі және халықаралық тасымалдағы жолақы құжаттарының түрлерін; арнайы аймақтарға жол жүруге арналған билеттерді рәсімдеу және сату тәртібі; қолданыстағы құрал – жабдықтың қызметін, оның құрылымын және пайдалану ережелерін; поездарда, автобустарда, ұшақтардағы бос орындарды есепке алу және олар туралы мәліметтерді тарату ережелерін; белгіленген есеп пен оны жасаудың тәртібін.

Кастелянша
28. Кастелянша 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пайдалануда болған киімді; ішкиімді сұрыптау, белгі қою, оларды жууға, жөндеуге және жуылғаннан кейін үтіктеуге тапсыру. Пайдалануға жарамсыз болып қалған арнайы және санитарлық киімді, аяқ киімді, ішкиімді және өзге де заттарды есептен шығару жөніндегі актілерді жасауға қатысу.

Білуі тиіс: арнайы және санитарлық киімді, аяқ киімді, ішкиімді кию, ауыстыру мерзімдерін және оларға белгі қою ережелерін.

29. Кастелянша 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Арнайы киімді, арнайы аяқ киімді, санитарлық киімді, ішкиімді, ауыстырмалы инвентарьді (заттардың тыстары, портьералар) және сақтандыру құралдарын алу, тексеру және беру. Арнайы киімді, ішкиімді есепке алу және олардың дұрыс пайдалануын бақылау. Белгіленген құжаттаманы жүргізу тәртібін.

Білуі тиіс: тозған арнайы киімді, аяқ киімді, ішкиімді, сақтандыру құралдарын алу, беру, сақтау және есептен шығару тәртібін; белгіленген құжаттаманы жүргізу тәртібін.

30. Қоймашы 1- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі материалдық құндылықтарды: отынды, шикізатты, жартылай фабрикаттарды, дайын өнімді, бөлшектерді, аспаптарды, заттарды қоймаға қабылдау, өлшеу, сақтау және оларды қоймадан беру. Қабылданатын бағалы заттардың ілеспе құжаттарға сәйкестігін тексеру. Материалдық құндылықтарды түрлеріне, сапасына, мақсатына және өзге де белгілеріне қарай жинақтап (сұрыптау) оларды сақтау орындарына қолымен немесе штабелерлер және өзге де механизмдердің көмегімен тасымалдау. Бүлінуден және шығынданудан қорғану мақсатымен материалдар мен өнімнің сақталуын ұйымдастыру. Материалдық құндылықтардың бүтіндігін қамтамасыз ету.

Білуі тиіс: сақтауды материалдық құндылықтардың номенклатурасын, сортаментін және ассортиментін; олардың қасиеттері мен мақсатын; жұмыс аспаптардың, құралдардың жұмысқа жарамдылығын тексеру әдістерін; заттарды, өнімдерді және шикізатты көліктен түсіргенде, қоймаға тиегенде және сақтағанда бүлінуден қорғау; материалдарды сақтаудың және қызметтік бөлмелердің өрт қауіпсіздігі ережелерін; улы, өртену және жарылу қауіпті бар материалдарды, отын мен жағар майларды сақтау және тасымалдау барысында еңбекті қорғау ережелерін.

31.Қоймашы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жүкті тиеу, түсіру және қойма ішінде орналастыру жұмыстарын басқару. Тұтынушылардың сұранысы бойынша материалдық құндылықтар партияларын іріктеп жинақтау. Бүлінген құралдарды, аспаптарды іріктеп, олар бойынша ақаулар ведомосін, жөндеуге тапсыру және есептен шығару актілерін құрастыру. Тиісті құжаттарды рәсімдеп тұрғындардың автокөліктерін уақытша сақтауға қабылдау. Қоймада сақталудағы материалдық бағалы заттарды есепке алу және олардың жылжуы бойынша есептік құжаттаманы жүргізу. Мүлікті түгендеуге қатысу.

Білуі тиіс: қойма шаруашылығын жүргізу ережелерін; қоймадағы материалдық құндылықтарды есепке алу, сақтау, жылжыту ережелерін және олардың ілеспе құжаттарын рәсімдеу ережелерін; түрлі материалдық құндылықтарды іріктеп жинақтау ережелерін; қоймадағы өлшегіш аспаптарды, құрылғыларды, механизмдерді қолдану ережелерін және олардың жұмысқа жарамдығын тексеру әдістерін; автотұрақтарда тірегіш автокөлік құралдарын қолдану ережелерін; түгендеу жүргізу ережелерін; материалдарды сақтау мен жылжыту және қызметтік жайларды ұстау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін.

32. Кондуктор 3- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жол жүру және жүк тасымалдау үшін ақы жинау. Жол жүруге және жүк тасымалдауға бекітілген үлгідегі жол жүру билеттерін беру. Жолаушыларда ұзақ мерзімді пайдаланылатын жол жүру билеттерінің немесе жеңілдікпен жол жүруге құқық беретін құжаттардың болуын тексеру. Аялдама атауларын хабарлау. Жолаушылардың автобустарды, трамвайларды, троллейбустарды пайдалану ережелерін сақтауларына бақылау жасау. Жылжымалы составтың ішін тиісті санитарлық күйде ұстау. Жол жүруге және жүк тасымалдау билеттерінің, оның ішінде ұзақ мерзімді пайдаланылатын билеттерді жұмсаудың ағымдығы есебін жүргізу. Аялдама пункттерінде белгіленген тәртіппен кіретін және шығатын жолаушылардың мерзімді есебін жүргізу (жолаушылар ағынын зерттеу күндері). Қажет болғанда жолаушыларға автобус, трамвай, троллейбус салонынан шығарда, кірерде көмек көрсету. Сатылған билеттерден түскен түсімді есептеу және оны белгіленген тәртіппен тапсыру.

Білуі тиіс: жолаушыларды, жүкті жолаушылар көлігінің тиісті түрімен тасымалдау ережелерін:жол жүру ережелерінің автобустардың, трамвайлардың және троллейбустардың тоқтау тәртібіне қатысты бөлігін; автобустарды, трамвайларды, троллейбустарды пайдалану тәртібін; жолаушыларды отырғызу және шығару ережелерін; автобустарды, трамвайларды, троллейбустарды техникалық пайдалану ережелерінің тиісті көлік құралының салонын санитарлық күйде ұстауға қатысты бөлігін; жол жүру құжаттарының түрлерін; көлікте тегін жүру құқығына ие немесе жол жүру ақысы бойынша жеңілдіктер пайдаланатын жолаушылар тізімін;жолаушылар зерттеу кезінде аялдама пункттерінде кіретін және шығатын жолаушыларды есепке алу жөніндегі құжаттарды толтыру тәртібін; билеттерді есепке алу құжаттарын, оның ішінде жол жүруге және жүк тасымалдауға билеттерді жұмсаудың ағымдағы есебі бойынша, түсімді тапсыру бойынша құжаттарын жүргізу тәртібін; тиісті қаланың (кенттің) ішкі бағыттарында жолаушылар мен жүк тасымалдаудың тарифтік ақысын; билетсіз жүру мен ақысыз жүк тасымалдау үшін тағайындалатын айыппұлдың мөлшерін, көлік кәсіпорыны қызмет көрсететін автобустардың, трамвайлардың,троллейбустардың жүру бағыттарының схемасын; көлік кәсіпорны қызмет көрсететін бағыттардағы аялдамалардың, оның ішінде көлікті ауыстыруға мүмкіндік бар жерлердің де атауларын; міндеттерін атқару барысында өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін; автобустың, трамвайдың, троллейбустың құрылымы бойынша ескерілген қосымша шығатын жерлерді ашу тәртібін.

Жол жүру және тасымалдауға билеттер беру үшін қолданылатын тиісті портативті бақылау кассалық аппараттарды және қолданыстағы портативті бақылау – кассалық аппараттарды пайдалану ережелерін білу – 4-разряд.

33. Былғары және үлбір – тері шикізатты консервілеуші 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Мемлекеттік стандарттарға немесе техникалық шарттарға сәйкес былғары және үлбір-тері шикізатты өңдеу. Теріні зақымдай құлақтардан балшықтарды, үймелерді, шеміршектерді, құйрықтардан сүйекті, тері асты қабығын, шелмай мен ет кескіндерін айыру. Шаштағы майды ағаш үгінділерімен, еріткіш заттармен және өзге де материалдармен тазарту. Шикізатты консервілеу. Жайылмаған терілерді суға салып жұмсарту және оларды тиісті қалыпқа келтіру.

Білуі тиіс: шикізаттың алғашқы өңделуін; былғары және үлбір – тері шикізатқа мемлекеттік стандарттарды және техникалық шарттарды; малдәрігерлік ережелер мен былғары және үлбір тері шикізатты алғаш рет өңдеу кезіндегі жеке гигиена ережелерін. Терілерді керу, кептіру және олардың үзілген жерлерін қаптау жұмыстарын атқарғанда - 4 разряд.

Жылқышы
34. Жылқышы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Аттарды, қашырларды, атан өгіздерді және өзге де жүк тартатын малды күту. Атқораларды жинау және зарасыздандыру. Малды азықтандыру, суару және тазарту. Малды жолға шығуға дайындау, ат жегу, аттарды доғарту. Ат жұмыс алдында арбакештер мен жылқы айдаушыларға тапсыру және жұмыстан кейін олардан қабылдау. Көктемгі- жазғы мезгілде жүк тартатын малды бағу. Ат қораларды жинау, қи шығару.

Білуі тиіс: жүк тартатын малды күту тәртібін; малды жегу және доғарту әдістерін; аттарды қайта тағалау мезгілін; әбзел заттарын зақымданудан сақтау және оларды ұстау әдістерін.

35. Жылқышы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Азық дайындау және малды азықтандыру мен суару режимін белгілеу. Малдарды малдәрігерлік тексерулерге және емдеуге қатысу. Мал ауырғанда алғашқы көмек көрсету және мал дәрігерінің нұсқауы бойынша мал азығының рационын құрастыру. Жемшөпті қабылдау, беру және есепке алу. Ж.үк тартатын малдың жұмысын есепке алу. Қайыс бұйымдарды және әбзел заттарын сақтау және жөндеу, атқораны жинау, қи шығару.

Білуі тиіс: Малды азықтандыру рацион және мал азығының түрлерін; малдәрігерлік минимумды; азықты механизмдер арқылы дайындау мен жеткізу әдістерін: жемді, құралдарды, әбзелді және жүк жетектейтін малдың жұмысын есепке алады.

36. Кубшы 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бөшкелерге су толтыру және электр желісіне қосу. Судың қайнауын бақылау және бөшкелерді уақытында электр желісінен ажырату. Тұрып қалған суды төгіп отыру. Бөшкелердің зақымданғаны анықталғанда электромонтерді немесе слесарьді шақыру. Су қайнатуға арналған ашық су қазандықтарына қызмет көрсету. Санитария және гигиена ережелерін ұстану.

Білуі тиіс: пайдаланудағы құрал-жабдықтың құрылғысын және қолдану ережелерін; отын түрлерін және олардың жылыту күшін.

37. Курьер 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғары тұрған қызметкердің нұсқауы бойынша іс қағаздары, пакеттерді, хаттарды, кітаптарды тиісті орынға жеткізу және оларды өзге мекемелерден қабылдап алып келу. Жіберілетін және алынатын іс қағаздарды тарату кітабына жазу. Жұмыскерді қызметтің немесе бөлімшенің басшыларына шығарып салу.

38. Ат айдаушы 1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жолда адам тасымалдауға арналған жеңіл арбаға жегілген атты айдау. Атты әбзелдеу және доғару. Жолда аттарды күту, азықтандыру, суару. Қызмет көрсететін экипажын және әбзелді таза және дұрыс күйде ұстау, оларды тазалау, жуу, майлау, шамамен жөндеу.

Білуі тиіс: аттармен айналысу және күту ережелерін; малдәрігерлік минимум, жол жүру ережелерін және көшелердің орналасуын.

39. Лифтер 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Лифттерді басқару және оның дұрыс жұмыс істеуін бақылау. Лифті іске қосарда қосымша телефонның және авариялық сигнал беру жұмыстарын, жарықтық және дыбыстық сигнал беру дұрыстығын, «Тоқта» кнопкасын, барлық аялдама орындарындағы автоматты бекітілуді тексеру. Лифтің пайдалануын бақылау. Жолаушыларды немесе жүктерді шығарып салу кезінде және жолаушылардың немесе жүктерді артқанда және түсіргенде төмен түсуін бақылау. Нақтылы жүк көтерімділігін бақылау. Лифтің ақауын табу кезінде оны тоқтату, майда ақауларын жою немесе кезекші электр механикке хабарлау. Лифт кабиналарындағы, барлық аялдама пункттеріндегі аббаттардағы алаңқайларды таза ұстау. Ауысым кезіндегі қабылдау және өткізу туралы журнал толтырып отыру.

Білуі тиіс: лифтің құрылысын және пайдалану ережесін; қауіпсіздік құралдарын белгілеу және орналасуын; есік және жасырын контактілер, ұстағыштар, конусты сөндіргіштерді; басқару аппаратындағы сигналды белгілеу, лифтті жолаушыларға немесе жүкке пайдаланудың типтік ережесі мен нұсқаулықтарын; нақтылы жүк көтергіштігін; лифті іске қосу ережесін.

40. Таңбашы 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түрлі жүктерді, заттарды, деталдарды, жартылай фабрикаттарды, дайын өнімдерді таңбалау, буып-түйілген зат түрінде желімдеу, штемпельдеу, пломбалау, этикеткаларды желімдеу, биркаларды қолмен немесе арнаулы таңбалаушы станокты, прессаны және автоматтарды қолданып ілу. Заттың, ыдыстың жоғары бетіне белгілі бір бояуда қолмен, трафаретпен, пистолеттің және бүріккіш құралдың көмегімен жазылып таңбаланған биркаларды келтіру; таңбаланған жазуларды кептіру немесе лакпен жабындау жолымен бекіту. Өнімдерді таңбалау үшін трафареттер, темір белгілер жасау; этикеткаларды және бандеролдарға адрестер жазуларды енгізуді штампельдеу. Ойын – сауық көрсететін орындарға қатысуға билеттер дайындау үшін қол штампасын жасау. Бояулар және желімдеу құрамын дайындау, желімдерді іріктеп алу және олардың жарамдылығын анықтау. Желімдеудің сапасын тексеру және ақауды жөндеу. Трафареттерді жуу және тазалау. Таңбалаушы станоктар мен пресстерді реттеу және жөндеу. Өнімдерді таңбалауға құжаттарды дайындау.

Білуі тиіс: өнімдерді таңбалаудың мемлекеттік стандарттары мен техникалық жағдайын; таңбалаудың әдістері мен ережесін, шифрды мен шартты белгілерін; жазу үшін шрифтын; бояу мен желімдеу құрамдарын жасау әдістерін; таңбалау үшін қолданылатын тетіктер мен жабдықтар жұмыстарының принциптерін және құрылғысын; таңбалауға тиісті өнімдердің номенклатурасын, түрін, сортын, маркасын, салмағын және өлшемін; белгі қою құрал-саймандарын белгілеу; желімдеудің жағылу ақауының себептерін және оны жою әдістерін; өнімдерді таңбалауға құжаттар дайындау тәртібін.

Құтқарушы – матрос
41. Құтқарушы – матрос 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Құтқарушы постқа кезекшілікке тұру, су апатына ұшыраған адамдарға тез арада көмек көрсету. Көмек көрсетуге жүзу құралдары мен құтқару инвентарларының дайындығын қамтамасыз ету. Кезекшілікті қабылдау және тапсыру, вахта журналын және бақытсыз оқиғалар актісі кітабын жүргізу.

Білуі тиіс: суға батушыға жақындау тәсілдерін, оны судан шығару, тұншығудан босату, буксирлеу тәсілін және алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсету; құтқару құралдарын пайдалану ережесін, құтқару шлюпкасын басқару, аквалангы қолдану принциптерін.

42. Құтқарушы – матрос 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Құтқарушы постқа кезекшілікке тұру, су апатына ұшыраған адамдарға тез арада көмек көрсету. Көмек көрсетуге жүзу құралдары мен құтқару инвентарларының дайындығын қамтамасыз ету. Әр түрлі жүзу құралдарын және құтқару құралдарын басқару. Кезекшілікті қабылдау және тапсыру, вахта журналын және жазатайым оқиғалар актісі кітабын жүргізу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет