№ исх: 8-5-47/2450-И/ВН от: 07.12.2015
|
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің міндетін
атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі
№ 649 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын
құжаттарын дайындау үшін формулярды ресімдеу, толтыру,
есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидалары
1. Жалпы ережелер.
1. Осы Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарын дайындау үшін формулярды ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды әзірлеу үшін формулярды ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) формуляр – нөмірі мен штрихты коды бар қатаң есептегі баспаханалық бланк, ол Қазақстан Республикасының құжаттандырылған халқының орталықтандырылған ақпараттық деректер базасына (бұдан әрі – деректер базасы) енгізілетін ақпаратты тасымалдағыш болып табылады және одан әрі берілген құжаттармен жеке тұлғаны сәйкестендіру мақсатында пайдаланылады.
2) электрондық формуляр – Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарын әзірлеу үшін нөмірі мен штрихты коды бар бланк, «Халықты құжаттандыру және тіркеу» тіркеу пункті» (бұдан әрі – ХҚТ ТП) ақпараттық жүйесі арқылы ресімделеді және толтырылады.
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарын әзірлеу үшін формулярлар бланкісін ресімдеу, толтыру, есепке алу, жұмсау тәртібі
3. Формулярды ресімдеуді және толтыруды азамат оның жеке басын сәйкестендіру және жеке қолын қою үшін жеке жүгінген кезде халықты құжаттандыруға және тіркеуге уәкілетті қызметкер (бұдан әрі – уәкілетті қызметкер) жүзеге асырады.
4. Формулярды жоғалтуына, жарамдық мерзімінің аяқталуына, некеге тұру, бұзу бойынша тегін ауыстыруына, одан әрі пайдалануға жарамсыз болып қалуына, құжаттарының түрлерінің өзгеруіне, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі негізінде бірінші рет Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алуына байланысты паспортын және (немесе) жеке куәлігін ауыстырған жағдайда құжатталушы адамның тұрақты тіркелу орны, сондай-ақ оның нақты тұрғылықты орны бойынша уәкілетті қызметкер толтырады.
Тұрақты тұрғылықты орны болмаған жағдайда, уәкілетті қызметкер формулярды Қазақстан Республикасы азаматтарына ішкі істер органдары растаған нақты болу орны бойынша (белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған оңалту және бейімдеу орталығы, еңбекпен түзеу мекемелері, уақытша ұстау изоляторлары, белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған қабылдау-тарату орындары) толтырады.
Бланкіде формуляр мынадай жағдайларда:
-
тергеу қамауындағыларға және бас бостандығынан айыру орындарда
жазасын өтеп жатқан адамдарға;
2) өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, бағдарлау қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматтарына 1414 бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жеріне шыға отырып;
3) 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспортын ауыстыруына және
оларды жоғалтуы бойынша қалпына келтіруіне байланысты өтініш білдірген азаматтарға, сондай-ақ туу туралы куәліктің негізінде Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды алғаш рет уақтылы алуға өтініш білдірген азаматтарға;
4) «ХҚТ ТП» тіркеу пункттері болмаған жағдайда;
5) ХҚТ ТП-мен байланысу арналары бұзылған немесе оның құрал- жабдықтары істен шыққан жағдайларда;
6) республикадан тыс жерлерде тұрақты тұрып жатқан және оның аумағында уақытша жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментіне (бұдан әрі – ІІМ КҚПД) құжаттандыру мәселелері бойынша өтініш білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарына толтырылады (формулярларды толтыруды және дайын құжаттарды беруді ІІМ КҚПД жүргізеді).
5. Формулярлардың бланкілері № 2 нысанды жеке куәліктерді, паспорттарды дайындауға арналған формулярларды есепке алу кітаптарындағы реттік нөмірлері бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (бұдан әрі – 2-нысандағы кітап) есепке алынады және жұмсалады.
6. Формуляр қара, қара-көк немесе күлгін түсті сиялы шарикті қаламмен толтырылады. Формулярдағы деректерді түзету туралы жазба формулярдың сыртқы бетіндегі бос орынға «№..... жолдағы түзету дұрыс (дұрыс деректерді көрсете отырып)» деп жүргізіледі, уәкілетті қызметкердің қолымен және паспорттық елтаңбалы мөрмен расталады.
7. Қағаз формулярларды толтырған кезде азаматтардан өлшемі 3,5х4,5 сантиметр болатын түрлі-түсті екi фотосурет талап етіледі, фотосурет азаматтың құжат ресiмдеу кезiндегi жасына сәйкес болуы тиіс.
Фотосуреттер бір негативтен тығыз фотоқағазға басып шығару әдісімен, қатаң жарық жерде алдынан түсірілген, адамның бейтарап және аузын жауып түскен, беті фотосуреттің жалпы ауданының 75 % жуығын алатындай етіп орындалады. Компьютерлiк сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшiрме әдiсiмен дайындалған суреттерді пайдалануға жол берілмейді.
Фотосурет:
формулярдың алдыңғы бетiнде арнайы бөлiнген орынға;
формулярдың сыртқы бетiнде 18-жолдың қасына жапсырылып, паспорттық елтаңбалы мөрмен куәландырылады. Мөр бедерi анық, еркiн оқылатын болуы тиіс, бұл ретте мөрдің нөмiрi бланкiге (фотосуретке емес) қойылуы тиіс;
8. Формулярда азаматтың қолы өз қолымен қара, көк немесе күлгін түсті сиялы шарикті қаламмен қойылады. Сия және капилляр (гельді) қаламдарды пайдалануға жол берілмейді.
Формулярларды толтыру кезінде:
16 жасқа толмаған балаларға;
сауатсыздығы, мүгедектігі бойынша әрекетке қабілетсіз адамдарға;
ерекше жағдайларда, азамат (тергеу-қамауға алынғандар, тергеудегi адамдар) жеке қолын қоюдан бас тартқан жағдайларда қол қоймауларына болады.
Көрсетілген жағдайларда қол қоюға арналған баған бос қалдырылады, растайтын құжаттың көшірмесі (мүгедектігі бойынша зейнеткерлік куәлігі, денсаулық жағдайы туралы анықтама, құқық қорғау органының хаттамасы) алынады.
9. Формулярды толтыру кезінде тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (бұдан әрі – Т.А.Ә. (ол болған кезде) және басқа да деректер, жергілікті жердің атауы, құжаттарды берген орган формулярды толтыру үшін негіз болып табылатын құжаттардағы жазбаларға сәйкес жазылады, бұл ретте Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан елді мекендердің атауы қолданыстағы әкімшілік-аумақтық бөлініске сәйкес жазылады.
10. Паспорт ресімдеу кезінде азамат ұсынған құжаттар (шақыру-шақырту, неке туралы куәлік, ғылыми еңбектер, монограммалар және т.б.) бойынша оның тегі мен аты оған қажетті ағылшынша жазумен басылады. Ішкі істер органдарына азамат жоғарыда көрсетілген құжаттарға сәйкес тегі мен атының ағылшын тілінде жазылуын көрсете отырып, еркін нысанда жазбаша өтініш береді. Аумақтық ішкі істер органы басшысының бұрыштамасы бар өтініш - «транскрипция» формулярдың сыртқы бетіне жабсырылып, ІІМ КҚПД-ге құжат дайындау үшін жолданады.
Азаматтың тегі мен аты қажетті транскрипцияда формулярдағы 2, 3-жолдардың астында көрсетіледі. Азамат өтінішінің тіркеу нөмірі мен күні формулярдың сыртқы бетінде көрсетіледі және паспорттық елтаңбалық мөрмен расталады.
11. Барлық кодтар, сондай-ақ тiркелген жерiнiң мекенжайлары және олар бойынша қабылданған қысқартулар кодтар мен қысқартулардың анықтамалықтарына сәйкес осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетiледi.
6, 10, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19-жолдардағы мерзімдер сандармен мынадай ретпен қойылады: жылы, айы, күнi.
12. Формулярды толтыру кезінде:
«ПАСПОРТ, ЖЕКЕ КУӘЛІК БЕРІЛЕДІ» деген нөмірі жоқ жол тапсырыс берілген құжаттың түріне сәйкес жеке куәлік және паспорт үшін латынша «N» бас әрпін қою арқылы толтырылады. Егер азамат тек жеке куәлік немесе тек паспорт алатын болса, екінші жолда сызықша қойылады.
«ПАСПОРТ, ЖЕКЕ КУӘЛІК БЕРІЛЕДІ» деген 1-жолда формулярды толтырудың бір немесе бірнеше себептерінің коды (7 кодқа дейін) көрсетіледі, мысалы, тегін өзгерту «04», жеке куәліктің жоғалуы «09», заңды мекенжайын ауыстыру «10» және т. б.
1-ақпараттық жолдағы кодтар мынадай тәртiпте көрсетiледi:
«00» коды формулярды 16 жасқа дейінгі балаларға паспортты беруге толтыру кезінде көрсетіледі, бұл ретте 9, 10, 11-жолдарда туу туралы куәлігінің деректері жазылады, формулярдың сыртқы бетіндегі бос орынға бар болса баланың тұрғылықты жері бойынша тіркеуде болуына тексеру жүргізілген жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) көрсетіледі.
Балалардың жеке басын сәйкестендіру үшін жеке өздерінің болуы міндетті.
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты жоқ және туу туралы куәліктерінде ЖСН-ы көрсетілмеген 16 жасқа толмаған адамдарға оны генерациялау ХҚТ ТП ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі.
Балаларға ЖСН генерациялау үшін ата-аналарының (заңды өкілдерінің) біреуі туу туралы куәлігін және Қазақстан Республикасының азаматтығын растау үшін ата-анасының (заңды өкілдерінің) біреуінің жеке куәлігін ұсынады. Баланың тұрғылықты жері бойынша тіркеуде болуын қызметкер ХҚТ ТП арқылы тексереді.
Балалардың анықтамалық деректері туу туралы куәлігіне сәйкес жазылады, берген күні, нөмірі және оны берген органның атауы көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |