Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2012 жылғы 29 қарашадағы
№ 389 бұйрығына 14-қосымша
«Адвокаттық қызметпен айналысуға
аттестаттаудан өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
1. «Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – қызмет) Әділет министрлігінің аумақтық әділет органдары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі – қызмет беруші), сондай-ақ «электрондық үкіметтің»: www.e.gov.kz веб-порталы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - ЭҮП) арқылы көрсетеді.
2. Қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен (бұдан әрі - Стандарт) бекітілген «Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі - қызмет) негізінде көрсетіледі.
3. Қызметті автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған.
4. Қызмет көрсету түрі: транзакциялық.
5. Осы Регламентте пайдаланылатын ұғымдар:
1) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді пайдалану арқылы сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ақпарат ұсынуға арналған жүйе (бұдан әрі - АЖ);
2) «электрондық үкімет» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырланған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметке қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;
3) «Е-лицензиялау» веб–порталы – берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, қалпына келтірілген және қолданысы тоқтатылған лицензиялар, сондай-ақ қызметтің лицензияланатын түрін жүзеге асыратын, лицензиар беретін лицензиялардың сәйкестендіру нөмірлерін орталықтан қалыптастыратын лицензиаттың филиалдары мен өкілдіктері (объектілері, пункттері, учаскелері) туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» АЖ);
4) «электрондық үкімет» шлюзі – электрондық қызметтерді іске асыру шеңберінде «электрондық үкімет» ақпараттық жүйесін ықпалдастыруға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ЭҮШ);
5) «электрондық үкімет» төлем шлюзі – екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелері мен жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар мен жеке және заңды тұлғаларға төлемдерді жүзеге асыру кезінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелері арасында өзара байланысты қамтамасыз етуге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ЭҮТШ);
6) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасы – ақпараттарды жинақтауға, сақтауға және өңдеуге, Қазақстан Республикасында жеке тұлғалардың бірыңғай сәйкестендіру нөмірлерін енгізу мақсатында жеке сәйкестендіру нөмірінің Ұлттық тізілімін құру және олар туралы мемлекеттік басқару органдарына және басқа да субъектілерге өз өкілеттігі шегінде, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс және өзекті деректер беруге бағытталған автоматтандырылған ақпараттар жүйесі (бұдан әрі – ЖТ МДБ);
7) алушы – электрондық мемлекеттік қызметті көрсететін жеке және заңды тұлға;
8) жеке сәйкестендірілген нөмір – жеке тұлғалар, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылған бірегей нөмір (бұдан әрі – ЖСН);
9) пайдаланушы – оған қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінуші және оны пайдаланушы субъекті (алушы, қызмет көрсетуші);
10) транзакциялық қызмет көрсету – пайдаланушыларға электрондық цифрлы қол қоюды қолдана отырып, ақпаратты өзара алмасуды қажет ететін электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну жөніндегі қызмет;
11) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның мазмұнының тиістілігі мен өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық ресурстар жинағы;
12) электрондық құжат – электрондық цифрлық нысанда ұсынылған және ЭЦҚ арқылы расталған ақпараты бар құжат;
13) электрондық мемлекеттік қызмет – аппараттық технологияларды қолдана отырып, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
14) электрондық лицензия - ақпараттық технологияларды қолдана отырып, электрондық құжат нысанында ресімделетін және берілетін, қағаз тасығыштағы лицензиямен тең келетін лицензия;
15) Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе – бұл нотариаттық қызметті автоматтандыруға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен және әділет органдары мен нотариаттық палаталардың өзара іс-қимылы (бұдан әрі - БНАЖ);
16) Құрылымдық функционалдық бірліктер (бұдан әрі-ҚФБ) – мемлекеттік органдардың, мекемелердің немесе өзге де ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі және қызмет көрсету үдерісінде қатысатын ақпараттық жүйе.
2. Қызмет берушінің электрондық мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қызмет тәртібі
6. ЭҮП арқылы қызмет берушінің қадамдық іс-қимылы мен шешімі (электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық іс-қимылдың № 1 диаграммасы) осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген:
1) алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын ЭҮП өзінің тіркеу куәлігінің көмегі арқылы ЭҮП-ке тіркеуді жүзеге асырады (ЭҮП-ке тіркелмеген тұтынушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-процесс – алушының компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦП тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін ЭҮП-да алушының паролін енгізу процесі (авторизациялау процесі);
3) 1- шарт - тіркелген алушы туралы деректердің түпнұсқалылығын логин (ЖСН) және пароль арқылы ЭҮП-те тексеру;
4) 2-процесс - ЭҮП-те алушылар деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты авторизацияда бас тарту туралы хабарды қалыптастыру;
5) 3-процесс – осы Регламентте көрсетілген қызметті алушының «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып (деректерді енгізу) нысанды алушының толтыруы, сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде тіркеуі;
6) 4-процесс – ЭҮТШ-де қызметтерді төлеу, сосын ол ақпарат «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-не түседі;
7) 2-шарт – қызмет көрсеткені үшін төлегені туралы фактіні Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да тексеру;
8) 5-процесс – қызмет көрсеткені үшін «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де төлемнің болмауына байланысты, сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
9) алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
10) 3- шарт ЭҮП-да ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімін, тізімде кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру нөмірлерінің сұрау салуда көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;
11) 7-процесс – алушының ЭЦҚ түпнұсқалылығын растамауға байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 8- процесс – алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерін) куәландыру (қол қою);
13) 9-процесс – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де электрондық құжатты (алушының сұрау салуын) тіркеу және сұрау салуды «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да салуды өңдеу;
14) 4- шарт – қызмет берушінің лицензия беру үшін алушының біліктілік талаптарға және негіздемелерге сәйкестігін тексеруі;
15) 10-процесс – тұтынушының «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-дағы деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
16) 11-процесс – тұтынушының «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электрондық лицензияны) алуы. Электрондық құжат қызмет беруші уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ қолдана отырып, қалыптастырылады.
7. Қызмет берушінің қадамдық іс-қимылы мен шешімі (қызмет көрсету кезіндегі функционалдық іс-қимылдың № 2 диаграммасы):
1) 1-процесс – қызмет беруші қызметкерінің қызмет көрсету үшін қызмет берушінің АРМ-ына ЖСН және паролін (авторизациялау процесін) енгізу;
2) 2-процесс – қызмет беруші қызметкерінің осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және қызмет беруші қызметкерінің алушының деректерін енгізуі;
3) 3-процесс – ЭҮШ арқылы ЖТ МДҚ-на алушының деректері туралы сұрау салуды жіберуі;
4) 1-шарт – ЖТ МДҚ-да алушының деректерінің болуын тексеру;
5) 4-процесс – ЖТ МДҚ-да алушының деректерінің болмауына байланысты деректерді алудың мүмкін еместігі туралы хабарлама қалыптастыру;
6) 5-процесс – қызмет беруші қызметкерінің сұрау салу нысанын, оның ішінде қағаз нысанында құжаттарының бар екендігі туралы белгісін толтыруы және алушы ұсынған құжаттарды сканерлеуі, оларды сұрау салудың нысанына бекітуі және қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) ЭЦҚ арқылы куәландыруы;
7) 6- процесс – қызмет берушінің АРМ-да электрондық құжатты тіркеу;
8) 2- шарт – қызмет берушінің Стандартта және қызмет көрсету үшін негіздемелерде көрсетілген қоса берілген құжаттардың сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);
9) 7-процесс – алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
10) 8-процесс – алушының қызмет нәтижесін (Комиссияның адвокаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау туралы немесе аттестаттамау туралы шешімі) алуы.
8. Тұтынушыларға мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылатын электрондық мемлекеттік қызметтерге сұрау салулар мен жауаптарды толтырудың экрандық нысандары осы Регламенттің 4-қосымшасында келтірілген.
9. Сұрау салу өңделген соң мынадай түрде алушыға сұрау салуды өңдеудің нәтижелерін көрсету мүмкіндігі беріледі:
«ашу» кнопкасын басқан соң – сұрау салудың нәтижесі дисплей экранына шығарылады;
«сақтау» кнопкасын басқан соң – сұрау салудың нәтижесі алушы берген Adobe Acrobat форматында магнит тасығышта сақталады.
10. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде қажетті ақпаратты және кеңес беруді ЭҮП саll–орталығының (1414) телефоны бойынша алуға болады.
3. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
11. Қызмет көрсету процесіне қатысатын ҚФБ:
1) ЭҮП;
2) ЭҮШ
3) ЭҮТШ;
4) «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ;
5) ЖТ МДҚ;
6) БНАЖ;
7) қызмет беруші.
12. Іс-әрекеттер кезектілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы (процестер, функциялар, операциялар) әрбір іс-қимылдың орындалу мерзімін көрсете отырып, осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
13. Іс-әрекеттердің логикалық кезектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін диаграмма олардың сипаттамасына сәйкес осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
14. Қызмет көрсету нәтижелерін алушылар осы Регламенттің 3-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшейді.
15. Алушыларға қызмет көрсету үдерісінде қойылатын талаптар:
1) құпиялылық (ақпаратты заңсыз алудан қорғау);
2) тұтастық (ақпаратты заңсыз өзгертуден қорғау);
3) қол жетімділік (ақпараттар мен ресурстарды заңсыз ұстап қалудан қорғау).
16. Қызмет көрсетудің техникалық жағдайлары:
1) Интернетке шығу;
2) электрондық лицензия берілетін адамның ЖСН-нің болуы;
3) ЭҮП-да авторизациялау;
4) пайдаланушының ЭЦҚ болуы;
5) екінші деңгейлі банкте банкілік карточкасының немесе ағымдағы шотының болуы.
___________________
«Адвокаттық қызметпен айналысуға
аттестаттаудан өткізу және лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
электрондық мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде
функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы
Қызмет көрсетуші арқылы электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде
функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы
Шартты белгілері:
«Адвокаттық қызметпен айналысуға
аттестаттаудан өткізу және лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
электрондық мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша
1-кесте. ЭҮП арқылы ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы
1
|
Іс-әрекет № (жұмыс барысы, ағыны)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
2
|
ҚФБ атауы
|
Алушы
|
ЭҮП
|
Алушы
|
ЭҮТШ
|
ЭҮП
|
Алушы
|
ЭҮП
|
Алушы
|
«Е-лицензиялау» АЖ
|
«Е-лицензиялау» АЖ
|
«Е-лицензиялау» АЖ
|
3
|
Іс-әрекет атауы (үдеріс, рәсім, операциялар) және олардың сипаттамасы
|
Алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін компьютердің интернет-браузеріне бекіту
|
Алушының деректеріндегі бұзушылықтармен байланысты бас тарту хабарламасын қалыптастырады
|
Қажетті құжаттарды электрондық түрде бекітумен сауал деректерін қалыптастырады және қызметті таңдайды;
|
Қызмет төлемақысын жасау
|
Төлемақының жоқтығына байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады
|
Куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ таңдауы
|
Алушының ЭЦҚ шынайылығының расталмауымен байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады
|
ЭЦҚ көмегімен сауалды куәландыру (қол қою)
|
Электрондық құжатты өтінішті (алушының сұрау салуын және сұрау салуды ) өңдеу
|
Алушының деректеріндегі бұзушылықтардың болуымен байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру
|
Электрондық құжат
|
4
|
Аяқтау нысаны (деректер, құжаттар, ұйымдастыру- реттеу шешімі)
|
Сәтті қалыптастыру және сұрау салу туралы хабарламаны көрсету.
|
Сұратылып отырған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру
|
Сәтті қалыптастыру және сұрау салу туралы хабарламаны көрсету.
|
Әрекеттің сәтті аяқталғаны туралы хабарламаны көрсету.
|
Сұратылып отырған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру
|
Сұрау салуды бағыттандыру
|
Сұратылып отырған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру.
|
Сұрау салуды бағыттандыру
|
Өтініштің нөмірін бере отырып сұрау салуды тіркеу.
|
Сұратылып отырған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру.
|
Электрондық лицензия
|
5
|
Орындау мерзімі
|
10–15 сек
|
20 сек
|
1,5 мин
|
1,5 мин
|
20 сек
|
10–15 сек
|
10–15 сек
|
1,5 мин
|
1,5 мин
|
20 сек
|
15 жұмыс күні
|
6
|
Келесі іс-әрекет нөмірі
|
2– алушы деректерінде бұзушылықтар болғанда; 3–авторландыру табысты өткенде
|
–
|
4
|
5 – төлемақысын жасамағанда; 6 – төлемақысын жасағанда
|
–
|
7 – ЭЦҚ-да қателік болғанда; 9 – ЭЦҚ-да қате болмағанда
|
-
|
-
|
10 - алушының біліктілік талаптарына және лицензия беру негіздеріне сәйкестігін қызмет берушінің тексеруі
|
-
|
–
|
2-кесте. Қызмет көрсетуші арқылы ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы
1
|
Іс-әрекет № (жұмыс барысы, ағыны)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
2
|
ҚФБ атауы
|
Қызмет көрсетуші
|
«Е-лицензиялау» МДБ АЖ
|
Қызмет көрсетуші
|
ЖТ МДҚ/ ЗТ МДҚ
|
«Е-лицензиялау» МДБ АЖ
|
Қызмет
көрсетуші
|
«Е-лицензиялау» МДБ АЖ
|
«Е-лицензиялау» МДБ АЖ
|
«Е-лицензиялау» МДБ АЖ
|
3
|
Іс-әрекет атауы (үдеріс, рәсім, операциялар) және олардың сипаттамасы
|
«Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да авторизацияланады
|
Деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру
|
Қызмет көрсетуші қызметкерінің қызметті таңдауы
|
ЖТ МДҚ/ ЗТ МДҚ алушының деректерін тексеруге сұрау салуды жіберу
|
Деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру
|
Құжаттарды бекітуге байланысты сұрау салу нысандарын толтыру
|
«Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да электрондық құжатты тіркеу және «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қызметтерді өңдеу
|
«Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру
|
Электрондық құжат (электрондық лицензия)
|
4
|
Аяқтау нысаны (деректер, құжаттар, ұйымдастыру- реттеу шешімі)
|
Сұрау салудың сәтті қалыптасқаны туралы хабарламаны көрсету.
|
Сұратылып отырған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру.
|
Сұрау салудың сәтті қалыптасқаны туралы хабарламаны көрсету
|
Сұрау салуды бағыттандыру.
|
Сұратылып отырған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру.
|
Сұрау салудың сәтті қалыптасқаны туралы хабарламаны көрсету
|
Өтініштің нөмірін бере отырып, жүйеде сұрау салуды тіркеу.
|
Сұратылып отырған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру.
|
Электрондық лицензия.
|
5
|
Орындалу мерзімі
|
10–15 сек
|
20 сек
|
1,5 мин
|
1,5 мин
|
20 сек
|
10–15 сек
|
10–15 сек
|
20 сек
|
15 жұмыс күні
|
6
|
Келесі іс-әрекет нөмірі
|
1 – Қызмет көрсетуші қызметкерін логині мен паролінің деректерінің түпнұсқалы екендігін «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де тексеру
|
–
|
4
|
5– егер алушының деректерінде бұзушылықтар болса; 6–егер авторизациялау сәтті өтсе
|
-
|
-
|
8– егер «Е-лицензиялау» МДБ АҚ-де сұрау салу бойынша деректер болмаса, 9 –
егер сұрау салу бойынша деректер табылса
|
-
|
-
|
«Адвокаттық қызметпен айналысуға
аттестаттаудан өткізу және лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
электрондық мемлекеттік қызмет регламентіне
3-қосымша
Нысан
Электрондық мемлекеттік қызметтердің «сапа» және
«қолжетімділік» көрсеткіштерін анықтауға сауалнама нысандары
____________________________________________________
(қызметтің атауы)
1. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сапасына және нәтижесіне қанағаттанасыз ба?
1) қанағаттанған жоқпын;
2) ішінара қанағаттанамын;
3) қанағаттанамын.
2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпараттың сапасына қанағаттанасыз ба?
1) қанағаттанған жоқпын;
2) ішінара қанағаттанамын;
3) қанағаттанамын.
«Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламентіне 4-қосымша
Электрондық мемлекеттік қызметтерге сұрау салу және жауап толтырудың экрандық нысандары
1. ЭҮП авторизациялау
_______________________
-
Авторизациялау қателігі
-
Қызметті таңдау
_______________________
-
Өтініш беру
_______________________
3.3. Өтініш нысандарын толтыру
3.4. Құжаттарды қоса тіркеу
_______________________
-
Қызметті төлеу
5. Төлегені туралы ақпарат
_______________________
6. Кіріс және шығыс нысандары
4-қосымша. Шығыс құжаттары
Дәлелді бас тарту
ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ
[ЖТ атауы
[БО атауы], Сіздің (өтініш берген күні) өтінішіңізді (өтініш нөмірі) қарап шығып, мыналарды хабарлаймыз.
[Бас тарту себебі].
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының ТАӘ]
_______________________
Лицензия нысаны
МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ
[заңды тұлғаның атауы, деректері /жеке
тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты] берілді
[«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
қызмет түрінің атауы (қолданысы) айналысуға
Лицензиялаудың
ерекше шарттары
Басшы
(Уәкілетті тұлға) [лицензияны берген органның басшысының (уәкілетті тұлғаның) тегі мен аты-жөні)
Лицензияны берген күні [күні]
Лицензияның нөмірі [нөмірі]
Қала [қаласы]
[Қол қоюшының лауазымы] [қол қоюшының Т.А.Ә.]
_______________________
Достарыңызбен бөлісу: |