№
р/н
|
Виза
ның санаты
|
Виза алушылар
|
Талап етілетін құжаттардың тізімі
|
ҚР-дың аумағында болу мерзімі
|
Визаның жарамдылық мерзімі
|
1.
|
А1
|
Дипломатиялық виза.
«А1» санатындағы виза:
1) шет мемлекеттердің, үкіметтердің басшыларына және олардың отбасы мүшелеріне;
2) дипломатиялық паспорттары бар - шет мемлекеттер үкіметтерінің, парламенттерінің мүшелеріне және олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ дипломатиялық паспорттары бар – ресми шетелдік делегациялардың мүшелеріне және оларды алып жүретін адамдарға беріледі.
|
шақырылатын шетел азаматына (азаматтар) қатысты толық мәлімет көрсетілген вербалды нота негізінде
|
әр келген кезде 90 күнге дейін
|
5 жыл (көп мәртелі)
|
2.
|
А2
|
Дипломатиялық виза.
«А2» санатындағы виза:
1) дипломатиялық паспорттары бар, Қазақстан Республикасына қызмет бабымен жіберілетін адамдарға;
2) 2) дипломатиялық агенттерге теңестірілген мәртебесі бар, халықаралық ұйымдардың паспорттары бар адамдарға;
3) курьерлік парағы болған жағдайда дипломатиялық паспорттары бар - дипломатиялық поштаны тасымалдайтын курьерлерге;
4) Қазақстан Республикасының құрметті консулдарына және олардың отбасы мүшелеріне беріледі.
|
шақырылатын шетел азаматына (азаматтар) қатысты толық мәлімет көрсетілген вербалды нота негізінде
|
әр келген кезде 90 күнге дейін
|
5 жыл (көп мәртелі)
|
3.
|
В1
|
Қызметтік виза.
«В1» санатындағы виза:
1) ресми шетелдік делегациялардың мүшелеріне және оларды алып жүретін адамдарға;
2) мемлекеттік органдардың шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына жіберілетін адамдарға беріледі.
|
шақырылатын шетел азаматына (азаматтар) қатысты толық мәлімет көрсетілген вербалды нота негізінде
|
әр келген кезде 90 күнге дейін
|
5 жыл (көп мәртелі)
|
4.
|
В2
|
Қызметтік виза.
«В2» санатындағы виза :
1) дипломатиялық агенттерге теңестірілген мәртебесі жоқ халықаралық ұйымдардың паспорттары бар адамдарға, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда жұмыс істейтін ұлттық паспорттары бар адамдарға;
2) Қазақстан Республикасына қызмет бабымен жіберілетін қызметтік паспорттары бар адамдарға;
3) егер дипломатиялық паспорты болмай, курьерлік парағы болған жағдайда дипломатиялық поштаны тасымалдайтын дипломатиялық курьерлерге;
4) Қазақстан Республикасына қызмет бабымен жіберілетін шетелдік мемлекеттердің әскери қызметшілеріне;
5) шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің, Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдар мен олардың өкілдіктерінің шақыруымен Қазақстан Республикасына іссапармен жіберілетін адамдарға;
6) Қазақстан Республикасында аккредиттелген және ҚР СІМ басшылығының нұсқауы негізінде Қазақстан Республикасына жіберілген шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне беріледі.
|
шақырылатын шетел азаматына (азаматтар) қатысты толық мәлімет көрсетілген вербалды нота негізінде
|
әр келген кезде 90 күнге дейін
|
5 жыл (көп мәртелі)
|
5.
|
D1
|
Іскерлік виза.
«D1» санатындағы виза Қазақстан Республикасына:
1) конференцияға, симпозиумге, форумдарға, көрмелерге, концерттерге, мәдени, ғылыми, спорттық және басқа да іс-шараларға қатысу;
2) лекциялар оқу және жоғары оқу орындарында сабақ беру мақсатымен бара жатқан шетелдіктерге беріледі.
|
АҚШ азаматының жеке арызы негізінде
|
әр келген кезде 30 күннен аспауы керек
|
5 жыл (көп мәртелі)
|
6.
|
D2
|
Іскерлік виза.
«D2» санатындағы виза Қазақстан Республикасына
1) іссапар;
2) жабдықты монтаждау және техникалық жөндеу қызметін көрсету;
3) Қазақстан Республикасының білім беру мекемелеріндегі оқуды қоспағанда, жастар, студенттік және мектепшілік алмасу бағдарламасына қатысу мақсатымен бара жатқан шетелдіктерге беріледі.
|
АҚШ азаматының жеке арызы негізінде
|
180 күннің ішінде 60 күннен аспауы керек
|
5 жыл (көп мәртелі)
|
7.
|
D3
|
Іскерлік виза.
«D3» санатындағы виза Қазақстан Республикасына
1) гуманитарлық көмекті алып жүру;
2) келіссөздер жүргізу, келісімшарттар жасау, консультациялық немесе аудиторлық қызметтер көрсету мақсатымен бара жатқан шетелдіктерге беріледі.
|
АҚШ азаматының жеке арызы негізінде
|
әр келген кезде 30 күннен аспауы керек, бірақ 180 күнде 60 күннен аспауы керек
|
5 жыл (көп мәртелі)
|
8.
|
F1
|
Туристік виза.
«F1» санатындағы виза Қазақстан Республикасына турист ретінде жіберілетін шетелдіктерге беріледі.
|
АҚШ азаматының жеке арызы негізінде
|
әр келген кезде 30 күннен аспауы керек
|
5 жыл (көп мәртелі)
|
9.
|
G1
|
Жеке виза.
«G1» санатындағы виза Қазақстан Республикасына жеке жұмыстарымен жіберілетін шетелдіктерге беріледі.
|
АҚШ азаматының жеке арызы негізінде
|
1 жылда әр келген кезде 90 күннен аспауы керек
|
5 жыл (көп мәртелі)
|
10.
|
G2
|
Жеке виза.
«G2» санатындағы визалар:
1) емделу, медициналық тексеруге немесе консультациялар алу үшін Қазақстан Республикасына келушілерге;
2) стационарлық жағдайда емдеу қажеттілігі туындаған кезде Қазақстан Республикасында жүрген шетелдіктерге;
3) Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын жақын туыстарының стационарлық жағдайда емделіп жатқан шетелдікке немесе Қазақстан Республикасының азаматына қарау мақсатында Қазақстан Республикасына жіберілген немесе Қазақстан Республикасында жүрген шетелдіктерге беріледі. Туыстық дәрежесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталады;
4) жағдайларды растайтын құжаттары бар болған кезде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көрсетілген адамдарды алып жүруші шетелдіктерге беріледі.
|
Орталықтың визалық қолдауы негізінде
|
әр келген кезде 90 күннен аспауы керек
|
5 жыл (көп мәртелі)
|
11.
|
«G4»
|
Жеке виза.
«G4» санатындағы визалар Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және уақытша шетелге шығатын кәмелетке толмаған шетелдікке беріледі.
|
кәмелетке толмаған АҚШ азаматы әке-шешелерінің арыздары негізінде.
|
60 күнге
|
5 жыл (көп мәртелі)
|
12.
|
L1
|
Білім алуға арналған виза.
«L1» санатындағы визалар:
1) Қазақстан Республикасына орта, техникалық және кәсіби, ортадан кейінгі, жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім берудің оқу бағдарламаларын, соның ішінде білім алушылармен алмасу және дайындық курстарынан өту ұйымдастырылған бағдарламаларды іске асыратын білім беру мекемелеріне оқуға, оқуға түсу үшін жіберілетін шетелдіктерге;
2) Қазақстан Республикасына уақытша келген және Қазақстан Республикасының оқу орындарына түскен этникалық қазақтарға (ұлттық тиістілігін растайтын құжаттары бар болған кезде) беріледі.
|
Орталықтың визалық қолдауы негізінде
|
1 жылға дейін
|
5 жыл (көп мәртелі)
|
12.
|
L2
|
Білім алуға арналған виза.
«L2» санатындағы виза Қазақстан Республикасына оқу тәжірибесінен немесе тағылымдамадан өту үшін жіберілген шетелдіктерге беріледі.
|
Орталықтың визалық қолдауы негізінде
|
Әр келгенде 90 күнге
|
5 жыл (көп мәртелі)
|