Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрімен
келісілген_______________
|
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2008 жылғы «20» маусым № 112 бұйрығымен бекітілген
|
Бюджет саясаты және жоспарлау департаменті туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Бюджет саясаты және жоспарлау департаменті (бұдан әрі – Департамент) мемлекеттің бюджет саясатын әзірлеуді, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі туралы Ережеде және осы Ережеде белгіленген міндеттердің, функциялардың және құқықтардың тиісті үшжылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттің және орта мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерінің жобаларын қалыптастыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Министрлік туралы ережені, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Департаменттің құрылымдық бөлімшелері:
1) Бюджеттік жоспарлау басқармасы;
2) Бюджет саясаты басқармасы.
2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
4. Департаменттің негізгі міндеттері:
бюджеттік жоспарлау және болжамдауды жүзеге асыру;
бюджеттік жоспарлау және бюджеттік заңнама жүйесін жетілдіруге қатысу;
оның ішінде, Бюджеттік жоспарлау басқармасы:
алдағы үшжылдық кезеңге арналған республикалық бюджет жобасын әзірлеу процесін ұйымдастыру және үйлестіру;
алдағы үшжылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттің шығыстар лимитін қалыптастыру;
Республикалық бюджет комиссиясының отырыстарын өткізуді ұйымдастыру;
Бюджет саясаты басқармасы:
фискалдық саясаттың бесжылдық кезеңге арналған негізгі бағыттарын әзірлеу;
алдағы бесжылдық кезеңге арналған мемлекеттің ақша-кредит саясатымен өзара іс-қимыл жасай отырып, мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен жоспарланған нәтижелерін негізге ала отырып, бюджет саясатын әзірлеу және іске асыру;
шоғырланған бюджеттің бесжылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін әзірлеу болып табылады.
5. Қойылған міндеттерді шешу үшін Департамент мынадай функцияларды атқарады:
Қазақстан Республиксының бюджет жүйесін жетілдіру және реформалау жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің және министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша материалдардың және қоытындылардың уақтылы дайындалуын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және азаматтардың хаттарын, ұсыныстарын және өтініштерін уақтылы қарауды қамтамасыз етеді;
кіріс және шығыс ақпараттары бойынша материалдардың және қорытындылардың уақтылы дайындалуын, жоғары тұрған басшылық берген өзге де тапсырмалардың орындалуын жүзеге асырады;
қажет болған жағдайда Департаменттің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға қатысады;
қажет болған жағдайда Департаменттің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық жүйелерді жетілдіруге қатысады;
мемлекеттік қаржы мен бюджеттік процестерді реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және қарауға қатысады;
Департамент құзіреті шегінде бұқаралық ақпараттар құралдарына және Министрліктің Web-сайтында Министрліктің қызметін жариялайды;
құжаттардың есебін және сақталуын, оларды Министрліктің мұрағатына сақтауға бергенге дейінгі жағдайы мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
оның ішінде, Бюджеттік жоспралау басқармасы:
алдағы үшжылдық кезеңге арналған республикалық бюджет туралы, алдағы үшжылдық кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларын және Қазақстан Республикасының Үкіметі сәйкес шешімдерінің тиісті жобаларын әзірлейді;
жылдық қаржыландыру жобасын әзірлейді;
республикалық бюджетті нақтылау (түзету) бойынша ұсыныстар енгізеді;
Республикалық бюджет комиссиясының қызметін қамтамасыз етеді;
Респубдикалық бюджет комиссиясына қарауға берілетін материалдарды дайындауды, Республикалық бюджет комиссиясы отырыстарының хаттамаларын ресімдеуді жүзеге асырады;
тиісті үшжылдық кезеңге арналған бюджет жобасы бойынша талдамалық және анықтамалық материалдар, баяндамалар дайындауды жүзеге асырады;
төтенше мемлекеттік бюджетті әзірдейді.
Бюджет саясаты басқармасы:
алдағы бесжылдық кезеңге арналған мемлекеттің бюджет саясатын әзірлеу және іске асыру процесін үйлестіруді жүзеге асырады, мақсаттары мен басымдықтарын айқындайды;
бесжылдық кезеңге арналған бюджет саясатының негізгі бағыттарын қалыптастырады, Макроэкономикалық болжам және фискалдық саясыттың негізгі бағыттарын әзірлеуге қатысады;
өткен және ағымдағы қаржы жылдары мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуын талдауды жүзеге асырады;
бесжылдық кезеңге арналған шоғырландырылған, мемлекеттік және республикалық бюджеттердің көрсеткіштерін болжамдауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ағымдағы және орта мерзімді кезеңде жүргізген бюджет саясаты туралы талдамалық және анықтамалық материалдарды, баяндамаларды, ақпараттарды, қорытындыларды, таныстыру материалдарын дайындауды қамтамасыз етеді;
бюджеттік жоспарлау және бюджет саясаты саласы бойынша халықаралық делигациялармен кездесулерге талдамалық ақпараттар дайындауды жүзеге асырады;
стратегиялық бағдарламалық құжаттарды, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламаларын және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік бағдарламалардың стратегиялық даму жоспарларын әзірлеуге және қарауға қатысады.
6. Департамент өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіпте:
Департамент міндеттерін, оның қызметін орындауды ұйымдастыру бойынша Министірлік басшылығына ұсыныстар жасауға, осы ұсыныстардың қаралуы туралы ақпараттар алуға;
басшылық тапсырмасы бойынша басқа мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, оның ішінде халықаралық ұйымдармен, жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасауда министрлік атынан өкілдік етуге;
қолданыстағы заңнаманы, ережелерді, нұсқаулық бюджет және бюджет саясатының мәселелері бойынша Министрліктің бұйрықтарын қолдану бойынша түсініктемелер береді;
Министрліктің басқа бөлімшелерінен Департаментке жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға қажетті ақпаратты белгіленген тәртіпте сұратуға және алуға;
Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министірлік басшылығының тапсырмаларын орындау үшін Министірліктің басқа бөлімшелерінен қажетті материалдар алуға;
Министірліктің басқа да бөлімшелерінің, ведомствалық бағынысты ұйымдарының келісімімен Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларға сәйкес материалдарды дайындауға мамандарды тартуға;
Департаменттің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің қызметкерлерімен кеңестер шақырып өткізуге;
Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті материалдарды, болжамдық және есептік көрсеткіштерді мемлекеттік органдардан белгіленген тәртіпте алуға;
Департамент дайындаған заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қорытынды жасау үшін Министрліктің барлық бөлімшелеріне және тиісті мемлекеттік органдарға жіберуге;
техникалық көмек пен шетелдік ұйымдармен ынтымақтастықты қоса алғанда қолданыстағы жүйелер мен нысандар арқылы Департамент қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Министрліктің құзыреті шегінде Департаментке жүктелген функциялар мен міндеттерді іске асыру үшін өзге де іс-шараларды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру
7. Департаменті Министрдің келісімі бойынша Жауапты хатшы лауазымға қабылдайтын және лауазымнан босататын Директор басқарады.
8. Департамент Директорының Министрдің келісімі бойынша Жауапты хатшы лауазымға қабылдайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
9. Басқарманы Министрдің келісімі бойынша Жауапты хатшы лауазымға қабылдайтын және лауазымнан босататын басшы басқарады.
10. Департамент құзіретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттарға Директор, ол болмаған жағдайда оны ауыстыратын тұлға қол қояды.
11. Департамент қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері олардың біліктілік талаптарымен және фунционалдық міндеттемелермен анықталады және белгіленген тәртіпте бекітілетін лауазымдық нұсқаулықтарда бекітіледі.
12. Департамент Директоры:
Департамент қызметіне жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және олардың өз функцияларын жүзеге асыруларына дербес жауапты болады;
Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерімен қарым-қатынаста Департаменттің мүддесін білдіреді;
басшылықтың тапсырмалары мен нұсқауларының орындалу мерзімдері мен сапасының сақталуын, орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді;
Министрліктің лауазымды тұлғаларымен Департамент құзыретіне қатысты мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
қызметкерлердің белгіленген саны мен еңбекке ақы төлеу қоры шегінде Департаменттің құрылымы және штаттық кестесі туралы ұсыныстар енгізеді;
Департамент директорының орынбасары мен Басқарма бастықтарының лауазымдық міндеттерінің көлемін белгілейді;
белгіленген мерзімде жұмыс уақытын пайдалану есебінің табелін қаржы қызметіне ұсынуды қамтамасыз етеді;
Департаменттің шұғыл кеңестерін өткізуді ұйымдастырады;
белгіленген тәртіпте Министрліктің басшылығына Департамент құзыретінің мәселелері бойынша, Департамент қызметкерлерін лауазымға тағайындау және қызметтен босату туралы, оларды көтермелеу және тәртіптік жазалар қолдану туралы ұсыныстар енгізеді;
белгіленген тәртіпте Министрлік алқасының отырыстарына, сондай-ақ Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша Министр, вице-министрлер, Жауапты хатшы өткізетін кеңестерге қатысады;
Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, Министр хатшылығының қызметін бағалауға қатысады;
13. Департамент директорының орынбасары:
Департамент қызметкерлерінің қызметін жедел басқаруды, үйлестіруді және ұйымдартыруды жүзеге асырады;
басшылық тапсырмалары мен нұсқауларын орындау мерзімдерінің сақталуын, орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді;
белгіленген тәртіпте Депратамент құзіретіне кіретін мәселелер бойынша қызметкерлерді лауазымға тағайындау және қызметінен босату туралы, көтермелеу және оларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстарды Департамент басшылығына енгізеді;
басшыға қол қоюға ұсынылатын бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, қаулылардың, өкімдердің және басқа да құжаттардың заңнамалақ талаптарға сәйкестігін тексереді;
Департаменттің қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
Департамент құзыреті шегінде Министірлік қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарында және Министрліктің WEB-сайтында жариялануына жауапты болады;
материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсарту, Департаментті ғылыми, заңнамалық-анықтамалық материалдармен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Департаменттің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша сыртқы өзара іс-қимылдарды жүзеге асырады.
14. Басқарма бастығы:
Министрліктің лауазымды тұлғаларымен Басқарма құзыретіне қатысты мәселелер бойынша өзара іс-қимылдарды жүзеге асырады;
Басқарманың құзіретінің мәселелері бойынша ұсыныстарды белгіленген тәртіпте Департамент басшылығына енгізеді;
Басқарманың Іс номенклатурасын жүргізуді қамтамасыз етеді;
Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және олардың өз функцияларын жүзеге асыруларына жауапты болады;
15. Департаменттің жұмысын ұйымдастыру, бақылау және қамтамасыз ету қызметкердің әрқайсысының өздері орындайтын тапсырмалардың мерзімдері мен сапасына тікелей жауапкершілік қағидалары негізінде құрылады.
16. Департамент қызметкерлері:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларының талаптарын сақтауға;
Департаменттің жұмысын нақты ұйымдастыруды және оны жетілдіруді қамтамасыз етуге;
өздері орындайтын тапсырмалардың мерзімдері мен сапасына жеке жауапкершілікте болуға, қызметтік міндеттерін адал атқаруға;
еңбек және орындаушылық тәртібін, мемлекеттік және қызметтік құпияны сақтауға;
жүйелі түрде өзінің біліктілігін арттыруға;
қызметтік этика ережесін қатаң сақтауға міндетті.
4. Департамент қызметкерлерінің өзара алмасушылық схемасы
Өзара алмасушылық
|
Лауазымдықтың №
|
Лауазымдықтың №
|
С-2-12-1-1
|
С-3-12-0-1-1
|
С-3-12-0-1-1
|
С-2-12-1-1
|
С-4-12-1-0
|
С-3-12-0-1-1
|
С-4-12-2-0
|
С-3-12-0-1-1
|
С-5-12-1-1
|
С-5-12-1-3, С-6-12-1-4
|
С-5-12-1-2
|
С-6-12-1-7
|
С-5-12-1-3
|
С-5-12-1-1
|
С-5-12-2-1
|
С-5-12-2-2
|
С-5-12-2-2
|
С-5-12-2-1
|
С-6-12-1-4
|
С-6-12-1-5, С-6-12-1-6
|
С-6-12-1-5
|
С-6-12-1-4, С-6-12-1-6
|
С-6-12-1-6
|
С-6-12-1-4, С-6-12-1-5
|
С-6-12-1-7
|
С-6-12-1-10
|
С-6-12-1-8
|
С-6-12-1-6, С-6-12-1-9
|
С-6-12-1-9
|
С-6-12-1-8
|
С-6-12-1-10
|
С-6-12-1-7
|
С-6-12-1-11
|
|
С-6-12-1-12
|
С-6-12-1-8
|
С-6-12-2-3
|
С-6-12-2-5, С-6-12-2-8
|
С-6-12-2-4
|
С-6-12-2-7, С-6-12-2-5
|
С-6-12-2-5
|
С-6-12-2-4, С-6-12-2-8
|
С-6-12-2-6
|
С-6-12-2-4, С-6-12-2-5
|
С-6-12-2-7
|
С-6-12-2-4, С-6-12-2-9
|
С-6-12-2-8
|
С-6-12-2-5, С-6-12-2-3
|
С-6-12-2-9
|
С-6-12-2-7, С-6-12-2-4
|
Достарыңызбен бөлісу: |