Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Д. Серікбаев атындағы



бет5/8
Дата25.04.2023
өлшемі1.73 Mb.
#472701
1   2   3   4   5   6   7   8
Қалмахан Есдаулет отчет

Жерге орналастыру жобасының мәтіндік бөлімінде:
1) жер учаскесіне құқық беру туралы азаматтың немесе заңды тұлғаның
өтініші;
2) жер учаскесі шекараларының жобасымен қоса жер учаскесін таңдау актісі;
3) сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша
пайдалану мүмкіндігі туралы жер комиссиясының қорытындысы;
4) жаңа жер учаскесін қалыптастыру немесе оны ретке келтіру кезінде
қабылданатын жобалық шешімдердерді негіздеу үшін қажетті
материалдар қамтылады.
Қолданыстағы жер учаскелері үшін жерге орналастыру жобасының
мәтіндік бөлігіне жылжымайтын мүлік объектісіне құқықты белгілейтін
құжаттардың көшірмелері және тапсырыс берушінің жеке басын куәландыратын
құжаттың көшірмесі қосылады.
Жерге орналастыру жобасы және басқа құжаттама жер қатынастары
жөніндегі уәкілетті орган бекіткенге дейін нысан бойынша титул парағымен
келесі реттілікпен ресімделеді:
Мәтіндік бөлімде:
1) нысан бойынша жерге орналастыру жобасының тізімі;
2) нысан бойынша жобаның түзету парағы;
3) нысан бойынша тапсырыс берушіден қабылданған құжаттар тізбесі;
4) нысан бойынша жерге орналастыру жобасын әзірлеуге өтініш;
5) комиссияның қарауы және қорытынды дайындауы үшін жер учаскесі
шекараларының схемалары мен таңдау актілері;
6) комиссияның оң қорытындысы;
7) азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе заңды
тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама;
8) жер учаскесіне құқық беру туралы жергілікті атқарушы органның
шешімімен бекітілген шығындардың орнын толтыру актісімен қоса ауыл
шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндірістері шығындарының
есебінен тұрады.
Жерге орналастыру жобасының техникалық бөлімін дайындау
Жерге орналастыру жобасының техникалық бөлімі нысан бойынша
ресімделеді және:
1) нысан бойынша жерге орналастыру жобасына түсіндірме жазбадан;
2) жер учаскесінің жерге орналастыру схемасынан, жобалық схемалықсызбадан;
3) жер учаскесінің жоспарынан;
4) жер учаскесінің жұмыс сызбасынан;
5) нысан бойынша өлшемдер журналынан;
6) нысан бойынша абристен;
7) жаһандық позициялау жүйесі (GPS-Global Positioning System) бойынша
нобайлар пайдаланылған кезде;
8) нысан бойынша теодолиттік жүрістерді қиыстыру ведомосі немесе жер
учаскесі шекаралары жақтарының ұзындықтры мен координаталарының
жиынтық ведомосінен;
9) ауыртпалықтар мен сервитуттар (болған жағдайда) көрсетілген
құжаттардан тұрады.
Жобаның жоспарлау-картографиялық материалдарына елді мекендерде
М: 1:500, 1:2000, 1:5000 масштабында, басқа санаттағы жерлерде жұмысқа
ыңғайлы масштабта құрылатын схема қосылады, оған жобалық шешімдерді
қабылдау және негіздеу үшін қажетті ақпарат енгізілген (қалданыстағы жер
учаскелерінің шекаралары, олардың кадастрлық нөмірлері, күзет, санитариялыққорғау және жерлерді ерекше шарттармен пайдаланатын өзге аймақтардың шекаралары).
Жергілікті жерде жобалық элементтердің орналасқан жерін анықтау үшін
қажетті барлық жобалық элементтер (шектесу мен бағыттарды сипаттау
нүктелері, жер учаскелерінің шекаралары, сызықтардың өлшемі, тірек нүктелері мен олардың нөмірлері) жерге орналастыру жобасының сызбасында қызыл түспен, бөгде жер пайдаланушылар көк түспен белгіленеді.
Схемада жер экспликациясы (елді мекендердің жерлерінен басқа), шартты
белгілер, шектесу және бөгде тұлғаның пайдалануындағы жерлердің
сипаттамасы қамтылады.
Схеманың мөртабанында жерге орналастыру жобасының атауы, жерге
орналастыру объектісі, масштабы, парақтар саны және жұмысты орындаушы
көрсетіледі. Схемада жерге орналастыру жобасының сызбасын бекіту және
келісу деректемелерін орналастыруға арналған орын болу керек.

4 Жерге орналастыру жобасын геодезиялық қамтамасыз ету


4.1 Камералдық жұмыстар
Жер учаскесінің жалпы ауданы 1,8662 га құрайды, бекітілген ауданы-1,8662 га.
Жер учаскесінің экспликациясын жасайды (2-кесте).

Кесте 2
Жер учаскесінің экспликациясы, га.



Аралық жерлер

Бөтен жер пайдаланушылар

Бекітілген аудан

Барлық ауыл шаруашылығы алқаптары

Оның ішінді

басқалар

Оның ішінде

егістік

шабындық

жайылым

Тас жолдар

1,8662

1

1,8662

1,8662

0

0

0,8662

1

1




























Әрі қарай, біз жерге орналастыру жобасын әзірлеу бойынша жерге орналастыру жұмыстарын орындау ережелеріне сәйкес ресімдейміз.
Жер учаскесінің сызбасын, жоспарын құрамыз. Жобаның схемасы жерге орналастыру жобасын әзірлеу жөніндегі жерге орналастыру жұмыстарын орындау қағидаларының нысаны бойынша да жасалады (2-сурет).



Сурет 2. Жер учаскесінің сызбасы


Бұдан әрі жерге орналастыру жобасын әзірлеу бойынша жерге орналастыру жұмыстарын орындау қағидаларының нысанына сәйкес жер учаскесінің жоспары жасалады (3-сурет).

Сурет 3. Жер учаскесінің планы
Сондай-ақ, шаруа қожалығын жүргізу үшін берілген жер учаскесінің шекарасын ауыстырудың (қалпына келтірудің) жұмыс схемасы жасалады. Сабақтас құқықтардың сипаттамасы, жер учаскесінің шекаралары, желілердің іс-шаралары, конфигурациясы көрсетіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет